Суббота , 5 июля 2025

ЖАҢАӨЗЕН ҚЫРҒЫНЫНА қатыстылар тізімі жасалады

Баста­ма

 

 

Поль­ша­дағы «Ашық диа­лог» қоры (Open Dialog Foundation) Еуро­па Одағы (ЕО) мен халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­ққа «Жаңаө­зен тізі­мін» жасау жай­лы үндеу жасады.

 

Ұйым 2011 жылы Жаңаө­зен­де­гі шеру­шілер оққа ұшқан оқиғаға, мұнай­шы­лар­ды азапта­уға, мұнай­шы­лар­ды қол­даған бел­сен­ділер­ді және жур­на­ли­стер мен оппо­зи­ци­о­нер­лер­ді қуда­ла­у­ға қаты­сы бар шене­унік, про­ку­рор, сот, поли­цей, сая­сат­кер­лер­ге қар­сы санк­ция жари­я­ла­уды ұсынған.

«Ашық диа­лог» бұл тізім­ге Жаңаө­зен оқиға­сы­нан кей­ін Қаза­қстан билі­гінің ими­джін ақта­мақ болған еуро­па­лық сая­сат­кер­лер­ді де қосу­ды үндейді.

Ұйым ЕО Қаза­қстан­мен кеңей­тіл­ген әріп­те­стік тура­лы келісім жасар­да, бұл одақтың Аста­наға айтқан ұсы­ны­ста­ры (сая­си тұтқын­дар­ды боса­ту, Жаңаө­зен оқиға­сын халы­қа­ра­лық тұрғы­да әділ тек­се­ру, сөз бен жиын еркін­ді­гін қорғау) сөз­сіз орын­да­луын шарт қылуы керек екенін айтады.

Маңғы­стау облы­сын­дағы «Өзен­мұ­най­газ» және «Қара­жан­бас­мұ­най» ком­па­ни­я­ла­ры мұнай­шы­ла­ры­ның айлы­қты көбей­туді, еңбек жағ­дай­ын жақ­сар­ту­ды талап етіп, 2011 жылы мамыр­да бастаған ере­уілі «Жаңаө­зен оқиға­сы­на» ұласқан. 2011 жылы жел­тоқ­сан­ның 16-сы күні Жаңаө­зен­нің орта­лық алаңын­да Қаза­қстан тәу­ел­сізді­гінің 20 жыл­ды­ғы­на арналған мере­келік шара кезін­де бүлік шығып, бұл оқиға­дан 17 адам (ресми есеп) қаза тауып, жүз­де­ген адам жара­ланған. Жаңаө­зен­де­гі оқиға­ның ертеңін­де Шет­пе темір­жол стан­ци­я­сын­да жаңаө­зен­дік­тер­ді жақтаған тұрғын­дар мен поли­цей­лер ара­сын­да қақты­ғыс болып, тағы бір адам оққа ұшқан.

Azattyq.org

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн