Суббота , 5 июля 2025

ЖАҢАӨЗЕНДІКТЕР солтүстікке көшуге ПЕЙІЛ БІЛДІРМЕДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №21 (385) от 1 июня 2017 г.

 

Апта апты­ғы

Бұл екі арада


 

Жұмыс­сыз жаңаө­зен­дік­тер жұмыс бар облы­старға қоныс ауда­руға шақы­рған бағ­дар­ла­маға қол­дау біл­дір­меді. Олар «бізді Жаңаө­зен­нен кеті­ру үшін беретін уәдесі» деп, билік­тің бұл жос­па­ры­нан қауіптенеді.

 

Мамыр­дың 26-сы мен 27-сі күн­дері Маңғы­стау облы­сын­да тұрғын­дар­ды шығыс және сол­түстік өңір­лер­ге (Шығыс Қаза­қстан, Сол­түстік Қаза­қстан, Пав­ло­дар және Қоста­най облы­ста­ры­на) қоныс ауда­руға шақы­рған еңбек жәр­мең­кесі өтті. Жаңаө­зен қала­сын­да өткен кез­де­су­де жиналған жұрт­шы­лы­қтың біра­зы залға кіре алма­ды. Қала­лық жұмыспен қам­ту­ды үйле­сті­ру және әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­лар бөлі­мінің басты­ғы Бал­зи­раш Мар­ка­шо­ва «іште орын жоқ, сіз шақы­рыл­маған­сыз» деген уәж­бен «Азаттық» тіл­шісін де кір­гі­зу­ден бас тартты.

Жиын­ның ресми бөлі­гі аяқталған кез­де сыр­тқа шыққан Жаңаө­зен қала­сы­ның әкі­мі Елу­бай Әбі­ло­вті жұрт қор­шап алып, сұрақтың асты­нан алды. Тұрғын­дар жан-жақтан әкім­ге: «Жаңаө­зен­де жұмыс­сыз адам­дар көп. Неге өзі­міз­ге жұмыс жет­пей жатқан­да басқа жақтан адам алы­на­ды?», «Неге 30–40 мың тең­ге төле­нетін таза­лау жұмыста­ры ғана беріледі?» деген сау­ал­дар қой­ды. Қала әкі­мі «Жазы­лып, мына­лар­дан сұраңыз» деп, өзге өңір­ден кел­ген өкіл­дер­ге сілтеді.

Жұмыс орын­да­рын басқа облы­стар­дан ұсы­нып жатқа­нын есті­ген қала тұрғын­да­ры ғима­рат сыр­ты­на шығып, нара­зы пікір­лерін біл­дір­ді. Солар­дың бірі – қала­дағы күзет қыз­метінің бірін­де қара­уыл болып істей­тін Мұх­тар Оразбаев.

«Шақы­рған облы­стар­да кар­топ егуді ұсы­нып отыр. «Үй, бәрін бере­міз» дей­ді. Сен­бей­міз. Себебі басын­да бізді Жаңаө­зен­нен кеті­ру үшін көп уәде беріледі. Ал кей­ін аштан өліп жатыр­сың ба – онда жұмысы бол­май­ды. Бұл жер­де жұмыс тауып бере алмай оты­рған­да, ол жер­де тауып бере ме? Кар­топ өсір­ген­мен, оны Қаза­қстан­да дұрыс сата алмай­ды, елде шыға­тын дақыл­дар бола тұра, үкі­мет басқа жақтан ала­ды, салған егін­ді сата алмай, тағы қол жая­мыз… Ком­му­нал­дық қыз­мет құны да өсіп бара­ды. Еттің баға­сы 2 мың тең­ге­ге жақын­да­ды. Мен еш уақыт­та қан­дай да бір жер­де жалақы өскенін есті­ген емес­пін. Тер­ро­риз­мнің де, аты­стың да туын­да­уы­ның себебі – осы жұмыс­сыздық», – дей­ді Мұх­тар Оразбаев.

Оның сөзін қостаған өзге тұрғын­дар «аймақтағы жалақы­сы тәуір жұмысқа тамыр-таны­сы бар­лар ғана кіретінін», өздері «аса үлкен табыс сұрап отыр­маған­да­рын, 100–150 мың тең­генің айлы­ғын місе тұта­тын­да­рын» айт­ты. Олар­дың бірі жұмыс күшіне тап­шы сол­түстік және шығыс аймаққа көшу­ге шақы­рған бұл жиы­нға қаты­сты сау­алға: «Көшпей­мін. Әке-шешем­нің жүр­ген жері ғой, Маңғы­ста­удан еш жаққа бар­май­мын?!» – деп жау­ап берді.

Сәния ТОЙКЕН,

Azattyq.org

 

 

КҮРЕ ЖОЛ БОЙЫНАН НЕСІБЕ КҮТКЕНДЕР

Мынау Атырау–Астрахань трас­са­сы­ның бой­ын­да жол­дан алыс ауыл­дар­дан келіп, мал­да­ры­ның сүт, қай­мақ, шұбат­та­рын мұнай­дың үстін­де оты­рып сатып, қай­ыр­шы­лық күн көріп оты­рған қазақ әйел­дері. Трас­са­ның өзі соғы­ста бом­ба­лап кет­кен­дей, адам көр­гісіз. Биша­ра әйел­дер бет­терін тұм­ша­лап алып, аптап ысты­қта, қақаған қыста осы­лай өлме­стің күнін кешу­де. Бұн­дай қай­ыр­шы­лық Кеңес үкі­меті кезін­де де болған жоқ. Ширек ғасыр бойы сорып келе жатқан мұнай­дың жер­гілік­ті халық еш пай­да­сын көр­ме­уде. Мұнай­лы өлке халқы­ның жағ­дай осы.

Мақсұт Төлен­ба­ев­тың ФБ-парақшасынан

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн