Понедельник , 7 июля 2025

Жаңа жылда ЖЕР ДАУЫ бастала ма?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 01 (272) от 08 янва­ря 2015 г.

 

Мәсе­ленің мәні

 

Жаңа жыл қар­саңын­да Аста­на­да пар­ла­мент сена­ты­ның аграр­лық мәсе­ле­лер, табиғат­ты пай­да­ла­ну және ауыл тер­ри­то­ри­я­ла­рын дамы­ту жөнін­де­гі коми­тетін­де кеңей­тіл­ген мәжіліс өтті.

Онда сөз сөй­ле­ген ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стрі Асы­л­жан Мамыт­бе­ков мыр­за, күпір­лік бол­ма­сын, сөз­бе-сөз кел­тірей­ік, бүй деп сал­ды: «…Уве­ли­че­ние нало­га при­ве­дет к тому, что те зем­ле­поль­зо­ва­те­ли, кото­рые неэф­фек­тив­но исполь­зу­ют зем­ли, им ста­но­вит­ся невы­год­но дер­жать эти земель­ные ресур­сы, и они нач­нут их осва­и­вать либо же вер­нут госу­дар­ству, либо же нач­нут искать парт­не­ров, с кото­ры­ми мож­но это осваивать…».

Бұ кісі неге бұлай деді?

Сөйт­сек, қаңтар­да баста­ла­тын көп­те­ген «жаңа­лы­қтарға» (мора­то­рий мерзі­мінің бітуі, аза­мат­тар­дың «про­пис­ка­ла­ры» тура­лы Кодекс деген сияқты) тағы бір жаңа­лық – жер салы­ғы­ның күрт көтерілуі деген жаңа­лық қосы­ла­тын болып­ты. Қаңтар­дың бірі­нен бастап. Бақ­сақ, біздің жер жөнін­де­гі қол­да­ны­стағы заңы­мы­зға «атақты қала­у­лы­ла­ры­мыз» өзгер­ту­лер мен толы­қты­ру­лар енгізіп тастапты.

Ой жүгір­тіп көр­сек, мини­стр­дің сөзін­де әжептәуір жан бар сияқты. Айтуын­ша, бұдан былай қарай, яғни бірін­ші қаңтар­дан бастап жер салы­ғы бес есе­ге көтеріледі екен. Ал енді жер­ді жеке мен­ші­гіне сатып алып, ал бірақ ол жер­ді не игер­мей, не иге­ру үшін басқа біре­у­ге бер­мей, «сән үшін сарғай­тып» қой­ған кей­бір «кер жалқа­у­ларға» салы­қты он есе­ге дей­ін көте­ру­ге жер­гілік­ті атқа­ру­шы билік­ке құқық берілген.

Ауыл­дағы адам­дар­дың көп­шілі­гінің жер­лері болған­мен, олар оны «іске жарат­пай», заң­да көр­сетіл­ген ап-аз салы­қты төлеп қой­ып оты­ра беретін тәрізді. Асы­л­жан мыр­за­ның сөзі­нен бір түсін­гені­міз осы. Тағы бір түсін­гені­міз – кей­біре­улер өздерінің жеке биз­не­стерін ашпақ бол­са неме­се ағым­дағы биз­не­стерін кеңейт­пек бол­са, жер­гілік­ті атқа­ру­шы билік оларға «грамм-грамм» көмек көр­се­те алмай­ды екен, өйт­кені олар­да «мә, айна­лай­ын, ала ғой» деп бере қоя­тын­дай шұрай­лы жер ресур­ста­ры жоқ. Бәрі саты­лып кет­кен. Ал енді адам аяғы жете бер­мей­тін, биз­неске тиім­сіз айда­ла­дағы жер­лер­ді тегін бер­сең де, ешкім алмайды.

Міне, ауыл адам­да­рын алқым­нан ала­тын алдағы жыл­дың тағы бір жаңа­лы­ғы осы – жер салы­ғы­ның бес есе­ге көбе­юі. Жерін пай­да­лан­бай жатқан кей­біре­улер үшін салық мөл­шерінің он есе­ге дей­ін көтерілуі. Ал енді пай­да­ла­ныл­май жатқан жер деген мәсе­ле­ге нақты дерек тұрғы­сы­нан келетін бол­сақ, ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стрінің орын­ба­са­ры Қай­ыр­бек Өскен­ба­ев­тың айтуы­на қараған­да, елі­міз бой­ын­ша қажет­ке жарай­ды-ау деген жер­лер­дің бес мил­ли­он гек­тарға жуы­ғын «шаң басып» жатқан бол­са, пай­да­ла­ныл­май жатқан 1,7 мил­ли­он гек­тар жер мем­ле­кет мен­ші­гіне қай­та­ры­лып­ты. 2,1 мил­ли­он гек­тар жер жай­лап-жай­лап игері­ле бастапты.

Ал енді Асе­кеңніңнің айтқан­да­рын ұзы­нқұлақтан естіп үлгер­ген кей­біре­улер әлден-ақ әртүр­лі әңгі­ме­лер айта баста­ды. Біре­улер айта­ды – «бұл дегеніңіз жеке мешік­ке қол сұғу ғой, тапа-тал түсте тонау ғой» деп. Тағы біре­улер айта­ды – «салы­қтың күрт көтерілуі табысы шама­лы шаруа қожа­лы­қта­рын есең­гіретіп жібе­реді ғой» деп. Енді біре­улер айта­ды – «шұрай­лы жер­лер­дің бар­лы­ғын бел­гілі бір сыбай­лас жемқор топ­тар алып алған, сон­ды­қтан мини­стр­дің айтып оты­рған­да­ры өте дұрыс, ал ауыл­дағы қара­пай­ым қаза­қтар­да жер бол­са да, оны иге­ру­ге бөлін­ген суб­си­ди­я­ны орта жол­да тағы сол сыбай­лас жемқор­лар алып қояды» деп.

Мұның дұры­сы қай­сы, бұры­сы қай­сы – біз әзір­ге біле алма­дық. Сіз қалай ойлай­сыз? Жеріңіз­ден айрыл­май­сыз ба?

Марат МАДАЛИМОВ,

Абай.kz

 

Республиканский еженедельник онлайн