Жақсы жаңалық Қызылорда драма театры ЛОНДОНҒА БАРАДЫ

Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театры Лондонға гастрольге барады, деп хабарлады облыстық әкімшіліктен. Облыстық мәдениет басқармасының жетекшісі Ержан Әбдірахмановтың айтуынша, былтыр үш тілділік саясатын қолдау мақсатында Астанада халықаралық фестиваль өткізілген. «Фестивальда Қызылорда облыстық музыкалық-драмтеатры жазушы-драматург Дулат Исабековтың «Транзиттік жолаушы» спектаклін ұсынған. Қызылордалық актерлер өздерінің шабытты өнерімен ду шапалаққа ие болып, Лондонға гастрольге шақырылды», – деді Е. Әбдірахманов Қызылорда облыстық коммуникация орталығындағы брифингте.

ҚазТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн