Суббота , 5 июля 2025

ЖАҒЫМПАЗДЫҚ АНАТОМИЯСЫ: кімдер Елбасынан құтыла алмай жүр?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №25 (389) от 29 июня 2017 г.

 

Желі­де­гі жазбалар

 


 

Қаза­қстан үкі­метінің қаулы­сы­мен Аста­на халы­қа­ра­лық әуе­жай­ы­ның аты «Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев әуе­жайы» болып өзгер­тіл­ді. Жол түсіп, Аста­на­да жүр­ген­дік­тен, жер­гілік­ті тұрғын­дар, так­си­стер тара­пы­нан бұл жаңа­лы­қтың кекесін­мен қабыл­данға­нын бай­қа­дым. Іс жүзін­де Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы өзін асы­ра мадақтаған­ды ұнат­пай­ды. Ондай әре­кет­тер­ге той­та­рыс беріп те жүр. Алай­да жағым­паз­дық тый­ы­лар емес. Шене­унік­тер, депу­тат­тар мұн­дай жағым­паз­дық әре­кет­тері­мен елба­сы­ның халық ара­сын­дағы беделіне орас­ан зор нұқ­сан кел­тіретінін неге ойла­май­ты­ны­на таң­мын. Бәрінікі сол сәт­те тек жақ­сы атты болу.

 

Көз алды­мы­зда жағым­паз­ды­қтың қан­ша­ма шара­сы өтіп жатыр. Бұрын 10 мау­сым­да ата­лып өтілетін «Аста­на күні» 2006 жылы елба­сы­ның туған күніне бай­ла­ны­сты­ры­лып, 6 шіл­де­ге көшіріл­ді. Содан кей­ін-ақ пар­ла­мент сена­ты мен мәжілісін­де пре­зи­дент­ке жағы­ну­шы­лар­дың жары­сы бастал­ды да кет­ті. 2010 жылы 13 мамыр­да пар­ла­мент пре­зи­дент­ке арнап жеке мәр­те­бе бекіт­ті. Кон­сти­ту­ци­я­лық заңға енгізіл­ген түзе­ту­лер бой­ын­ша, Тұңғыш Пре­зи­дент Ұлт көш­бас­шы деп ата­ла­тын бол­ды. «Назар­ба­ев уни­вер­си­теті», «Назар­ба­ев зият­кер­лік мек­теп­тері» деген ата­у­ларға тоқтал­май-ақ қоялық.

2011 жылы 10 жел­тоқ­сан­да пар­ла­мент сена­ты «Бірін­ші Пре­зи­дент күні» деген мере­ке тағай­ын­дап, оны атап өтуді 1 жел­тоқ­санға бел­гіледі. Содан бері елі­міз­де бір пре­зи­дент­ке қаты­сты жылы­на екі мере­ке бар. Өткен жылы Қуа­ныш Сұл­та­нов деген депу­тат елор­даға «Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев» атын беру тура­лы ұсы­ныс жасап, айды аспанға бір-ақ шығарған. Осы бет­пен кете бер­сек, елба­сы­ның 80 жыл­ды­ғы­на дей­ін Аста­на­ның атын өзгер­тіп тына­тын­да­ры­на еш күмән жоқ.

Бірақ демо­кра­ти­я­лық бағы­тқа таң­дау жасаған Қаза­қстан үшін, праг­ма­тик Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев үшін біре­улер­дің осын­дай көл­гір­су­лері, аспан­датқан мадақта­у­ла­ры қажет пе?! Мем­ле­кет­тің игілі­гі үшін еңбек ету – пре­зи­дент­тің кон­сти­ту­ци­я­лық мін­деті. Әрі ол бұл қыз­мет­ті тегін емес, жалақы алып атқа­ра­ды. Пре­зи­дент­тің қыз­меті шене­унік­тер­дің жағым­паз әре­кет­тері­мен емес, халы­қтың шынайы жақ­сы көруі­мен, сүй­іспен­шілі­гі­мен баға­ла­на­ды. Ал күні үшін жүр­ген шене­унік­тер мен депу­тат­тар­дың ара­сы­нан «пре­зи­дент үшін жаным құр­бан» дей­тін ешкім­ді кездестірмеппін.

Бәрін біл­гіш «Уики­пе­дия» «Жағым­паз­дық – адам мінезін­де­гі ұнам­сыз сипат; оның айна­ла­сын­дағы адам­дар мен қыз­мет­те­стеріне, өзі­нен қыз­мет жағ­дай­ын­да жоға­ры тұра­тын адам­дарға жақ­сы көрі­ну үшін шек­тен тыс қоше­мет­шіл болуы» деп аны­қта­ма беріпті.

Қан­дай адам жағым­паз болады?

Жағым­паз­дық екі жол­мен өрбиді. Бірі жоға­ры орын­дар­дың тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша, амал­сыз жағым­паз­дық әре­кет­ке бару, екін­ші – өзінің ада­ми табиға­ты бой­ын­ша. Еке­уін­де де түп­кі мақ­сат – жеке бастың мүд­десі. Өкініш­ке қарай, адам бала­сы жақ­сы сөз­ге, қол­даған пікір­ге, мақта­уға мұқтаж. Бұл жұрт­тың бәріне қатысты.

«Бәре­кел­ді – құл­ды өлтіреді» дей­ді қазақ. Ал билік иесін тоқта­у­сыз мадақтау жеке басқа табы­нуға соқты­ра­ты­ны тарих­тан мәлім.

Әдет­те билік иесі сан­сыз мадақтан басы айна­лып, айна­ла­сын­дағы құбы­лы­стар­ды дұрыс бағам­да­удан алы­стай­ды. Сол мадақ ақы­ры оның түбіне жетеді.

Мадақты айта­тын кім­дер? Әрине, жағым­паз­дар! Жағым­паз­дар көбі­не­се өз қабілетіне өзі сен­бей­тін­дер, оңай жол­мен билік-ман­са­пқа қол жет­кі­зуді неме­се одан айы­ры­лып қал­мауды мақ­сат тұтқандар.

Біздің елі­міз­де қалып­тасқан жағым­паз­дық мек­тебі кеңе­стік кезең­нен бастал­ды. Тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да өрши түсті.

Кей­бір адам­дар өз еркі­нен тыс «жағым­паз­дық қақ­па­ны­на» түсіп қала­ты­ны бар. Өйт­кені жоғарғы билік саты­сы­нан неме­се бір шынайы жағым­паз­дың баста­ма­сы­мен ауыл­дық әуе­жай­ға ауыл әкі­мінің атын қою тура­лы ұсы­ныс түс­се, ешкім­нің оны терісте­у­ге жүре­гі дау­а­ла­май­ды, өйт­кені қар­сы пікір айт­са бол­ды, әкім­нің жауы­на айна­лып шыға келеді. Содан барып бас изеп мақұл­дау, «қол шапа­лақтап» қол­дау етек ала­ды. Жұрт алдын­да амал­сыздан қоштау сөзін айтқан­дар ас үйде өмір­дің басқа­ша ақиқат­та­рын алға тартады.

Сон­ды­қтан пре­зи­дент өзінің шене­унік­тер алдын­дағы беделін емес, халы­қтың алдын­дағы беделін сақтау үшін елба­сы атын көрін­ген жер­ге қысты­ра беру­ге үзіл­ді-кесіл­ді тый­ым салуы қажет.

Бірқа­тар сая­сат­кер­лер қай­та-қай­та алға тар­та бер­ген Шарль де Голл аты әуе­жай­ға ол өлген соң, төрт жыл­дан кей­ін – 1974 жылы, Нью-Йорк­те­гі Кен­не­ди атын­дағы аэро­порт – ол атып өлтіріл­ген соң, бір айдан кей­ін – 1963 жылы, 1981–1989 жыл­да­ры пре­зи­дент­тік қыз­меті кезін­де Совет Одағын таратқа­ны үшін АҚШ-тың экс-пре­зи­ден­ті Рональд Рей­ган атын әуе­жай­ға беру – ол қыз­меті­нен кет­кен соң 9 жыл­дан кей­ін, 1998 жылы жүзе­ге асы­ры­лған. Стам­бұл­дағы аэро­пор­тқа Ататүрік (1938 жылы қай­тыс болған) ата­уы 1980 жылы беріл­ген. Сон­да біздің шене­унік­тер елба­сы­дан құты­ла алмай жүр ме?

Көзі тірі кезін­де, пре­зи­дент­тік қыз­меті тұсын­да қалаға неме­се әуе­жай­ға атын бер­гіздір­ту – мем­ле­кет бас­шы­сы­ның ими­джіне көлең­ке түсіреді. Мұның тұта­стай алған­да Қаза­қстан үшін де теріс сал­да­ры бар. Сон­ды­қтан елба­сы жағым­паз­ды­ққа соққы беріп, Аста­на әуе­жай­ы­ның атын бұры­нғы қал­пын­да қал­ды­ру тура­лы өкі­мі­мен өз беделін сақтап қала­ды деп сенеміз.

Марат ТОҚАШБАЕВ

 

 

ШАРДАН ШАТАҚ ШЫҚТЫ

 


 

ЭКС­ПО-дағы шар­да жары­лған әйнек блок­та­ры бесеу емес, одан әлдеқай­да көп және бар­лық этаж бой­ын­ша кез­де­седі деп жатыр. Және жары­луы да қызық – оны әлдебір күш іштен сыр­тқа қарай теуіп шығарған­дай дей­ді мақа­ла авторы.

 

Құры­лы­стан азды-көп­ті хаба­ры бар маман ретін­де айт­сам, бұл тегін емес – ол шар кон­струк­ци­я­сын­да қан­дай да бір қателік­ке жол беріл­ген деген­ді біл­діреді. Соның сал­да­ры­нан шар­дың қабы­рға­сын­да кер­неу күші бар, әзір­ге металл кон­струк­ци­я­ның мықты­лы­ғы ғана жағ­дай­ды құтқа­рып тұр, бірақ бір күні бәрі де бір­ден опы­ры­лып түсуі ғажап емес деген­ді білдіреді.

Кезін­де темір-бетон обо­лоч­ка кон­струк­ци­я­лар­ды оқы­ған едік: онда, ұмыт­па­сам, жұмыр­тқа – ең опти­маль­ды, табиғи қабыр­шық (обо­лоч­ка), қабы­ғы­ның жұқа­лы­ғы­на қараған­да, салы­стыр­ма­лы түр­де әлдеқай­да көп «нагруз­ка­ны» көте­реді деп оқы­ған­быз. Бірақ онда әңгі­ме сыр­тқы сал­маққа, яғни қар­дың, жел­дің, кон­струк­ци­я­ның өз сал­мағы, т.б. тура­лы болып еді, іштен сыр­тқа қарай тебетін күш­тер тура­лы оқы­мап­пыз. Егер эта­жа­ра­лық кон­струк­ци­я­лар сыр­тқы қабат қабы­рға­сы­на күш түсіретін бол­са, «кар­точ­ный домик» сияқты болып жүрмесін…

Маман­дарға дұры­стап тек­сер­тіп алмай, шарға кіруді тоқта­та тұрған дұрыс-ау… Сақ болы­ңы­здар, көр­ме қызықтаушылар!

Қуа­ныш ЕДІЛХАНТЕГІ

 

 

ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ «ҚҰПИЯСЫ»

 

«Қытай­дағы қан­даста­ры­мыз жер­гілік­ті үкі­мет тара­пы­нан сая­си қысым көріп жатыр» деген мағы­на­дағы түр­лі мәтін­дер мен аудио және бей­не­жа­з­ба­лар соңғы кез­де әле­умет­тік желілер­ді жарып жібе­ре жаз­да­ды. «Аттан» деген атпен әле­умет­тік «Ват­цап» желісін­де ашы­лған топ күн­делік­ті даб­ыл қағып, ондаған аза­мат түр­лі көзқа­рас­та­рын біл­діріп, мәсе­ле­ге Қазақ өкі­метінің наза­рын аудар­туға, үнін Дүни­е­жүзі қаза­қта­ры­ның V құры­л­тай­ы­ның өкіл­дері арқы­лы елба­сы­на жет­кізу­ге тырысты.

 

Содан секем алды ма, әлде кез­дей­соқтық па – құзыр­лы орган­дар Құры­л­тай­ға қаты­суға тиіс ел ара­сы­на таны­мал бірқа­тар тұлға­лар­ды тізім­нен сызып тастап, әсі­ре сақтық жаса­ды. Бірақ олар­дың әре­кеті­нен айтар­лы­қтай нәти­же шық­па­ды. Құры­л­тай­да сөз алған Батыс Еуро­па­дан кел­ген өкіл Өмір­хан Алтын бұл шулы мәсе­лені күт­пе­ген жер­ден ортаға сал­ды. Ел пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев атал­мыш мәсе­ленің қазір­ге дей­ін өзіне бей­мәлім болға­нын айта келе, мәсе­ленің мәнін біліп, аны­қта­уды СІМ-не тап­сыр­ма ретін­де жүк­тей­тінін мәлім­де­ген болатын.

Ресми орган­дар­дың әсі­ре сақты­қ­пен жасы­ра­тын­дай, қуы­ста­на­тын­дай дәнеңесі де жоқ екен. Елба­сы бұл мәсе­ле­ге бай­ып­пен қара­ды. Соған қараған­да, Нұре­кеңнің айна­ла­сын­дағы­лар «аш пәле­ден – қаш пәле» дей ме, әлде совет кезі­нен қалып­тасқан ескі көзқа­рас­та­ры ырық бер­мей ме – ол жағын біл­медік. Бірақ, қалай десек те, мем­ле­кет бас­шы­сы­на шынайы ақпа­рат­ты дер кезін­де жет­кіз­бей, жылы жауып қоя салып жүр­ген­дері – басы ашық әңгіме.

Қуан­дық ШАМАХАЙ

 

 

 

Айт­пақ­шы

 

Дүни­е­жүзі қаза­қта­ры қауым­да­сты­ғы­ның құры­л­тай­ын­да бас­шы­ның сөй­ле­ген сөзіне риза­лы­қ­пен, таң­да­ны­спен қарап оты­рған қалың қауым­ның құлағы­на алтын сырға: Бұл өте дарын­ды, әккі сая­сат­кер адам. Оны бүкіл әлем көріп, мой­ын­дап оты­рға­ны рас. Билік­ке жету, билі­гін нығай­ту, әрі қарай ұстап оты­ру үшін мың тәсіл керек бол­са, сол мың тәсіл­ді мең­гер­ген адам. Ең бірін­ші тәсілі – әр жер­де, әр уақыт­та, әр топқа есті­гісі кел­ген сөзін ғана және өте сенім­ді түр­мен, «жүрек­жар­ды» сыр­дай қылып айту тәсілі.

Әуе­жай оның атын­да қала­ды. Қала бер­сін. Тарих­та да қал­ды. Бірақ істе­ген істерін өліп кетіп, қай­та тіріліп кел­се де, енді өзі түзей алмайды.

Ақан Жүсіп­тің ФБ-парақшасынан

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн