Воскресенье , 6 июля 2025

Жағымпаздық – АУРУ ШЫҒАР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №17 (288) от 29 апре­ля 2015 г.

 

Тура­би­лер тұғыры

 

Дина Төле­ко­ва:

Аста­на­да так­си ұста­дым… Жүр­гі­зу­ші сөз­шең, ақкөңіл жігіт аға­сы екен. Асты-үсті бір­дей сары наплён­кі­мен қап­талған жасан­ды тістері жал­ты­рай, өзі арқы­рай әңгі­ме айтып келеді:

– Сай­ла­у­ға барам, аман­дық болса!

– Кім­ге дауыс бересіз?

– Осын­дай сұрақ бола ма екен? Шалға, әрине! Басқа ешкім жоқ қой…

– Ол кісі­ге не үшін дауыс бересіз?

– Мына­ның бәрін (қолы­мен көшені нұсқап) кім жасап жатыр? Шал емес пе?

– Жалғыз өзі ме?

– Ойбай-ау, енді басқа кім? Бәрі шал­дың арқасы.

– Өміріңіз­ге риза секіл­дісіз. Табысы­ңыз күшті-ау, ә?

– Шым­кент­тен кел­гені­ме екі жыл бол­ды. Отба­сым әлі сон­да. Өзім оқра­на­да жұмыс істей­мін. Айлы­ғым быы­ы­ы­лай жете­ді! 100 мың алам! Пәтер жал­да­уға ақшам кет­пей­ді. Жұмыста қонам. Солай жағ­дай жасап қой­ған. Тамағым тегін. Аллаға шүкір дей­мін де…

– Аман болы­ңыз! Сай­ла­у­ға барып, осы «ғажап» өміріңіз үшін шалға дауыс беріңіз! Тек бай­қаңыз, басқаға дауыс беріп қоймаңыз!

Әрине, соңғы екі сөй­лем­ді іштей айт­тым… Күңкіл­де­мей, күбір­ле­мей, дауы­стап айтқым-ақ кел­ді, айта алма­дым… Ақжарқын жан­ның өзі жасап алған «жұмағын» бұзғым кел­меді… Ескі «Лада» гүр етті… Сұлу қала, сұрқия тір­лік… Жүре­гі құрғыр дір етті…

 

Нурид­дин Бидосов:

ЭКС­ПО-ға 777 күн қал­ды, елдің орта­лы­ғын су басып, Сыр елін­де өткен­де – үй, бүгін Алма­ты­да көпір құла­ды. Дол­лар ұша­ды дей ме?.. Общым, құла­май­тын­дай киіз үйге көшіп, ен дала­да атқа мін­сең, раз­вяз­ка­ның қажеті де жоқ. Су қау­пі төн­се, бір-екі сағат­та көшіп кетесің. Эко­ло­ги­я­лық таза өнім­ді тұты­на­сың. Күн, жел мен су қуа­тын уот нағыз сол кез­де пай­да­ла­на­сың. Тезек-жидек тересің. Айда­ла­да дол­лар­дың да қажеті шамалы…

Жемқор­лар жей бер­се, парақор­лар пай­да­сын ойла­са, еліне жаны ашы­май­тын ел аға­ла­ры үн қат­па­са, даму­дың емес, лағу­дың жолы­на түсе­міз бе?!.

 

Марат Тоқаш­ба­ев:

Қазақ халқы Қаза­қстан топы­рағын­да АЭС салуға қар­сы. Бұл өте қауіп­ті. Оның үстіне В.Школьник құры­лы­сты ресей­лік­тер­ге тап­сы­рған­ды жөн көреді. Ал Ресей­ің бұры­нғы білім-білі­гі­нен баяғы­да айы­ры­лған. Осы заманғы тех­но­ло­ги­я­лар­дың шаңы­на іле­се алмай қал­ды. Дәл қазір Қазақ елі үшін энер­ги­я­ның «жасыл» көз­дерін дамы­тқан әлдеқай­да орын­ды. Құдай­ға шүкір, Алла таға­ла қазақ жерін жел­ден де, Күн сәу­лесі­нен де кен­де қыл­маған. Алды­мы­здағы 4 мамыр­да Алма­ты­да Ұлт­тық бас­пасөз клу­бын­да «Халық АЭС-қа қар­сы» тақы­ры­бын­да бас­пасөз мәс­ли­ха­ты өтпек. Мақ­сат – АЭС-қа қар­сы қол жинау. Қаза­қстан­ды атом мола­сы­на айнал­ды­рып алмай­ық! Үнде­у­ге қол қойыңыздар!

 

Қуан­дық Шамахайұлы:

«Ұлы­ның үнін есті, үйіне бар­ма», «Тама­ша­ны алы­стан ғана тама­ша­лау керек» деген афо­ризмдер­дің рас­ты­ғы­на көз жет­кі­зесің кей­де. Атағы жер жарған кей­бір адам­дар­мен тым жақын ара­ла­сып, тани бастаған­да, сенің қасы­ң­да жіп есе алмай­тын әлсізді­гін, жалған пиар­дың арқа­сын­да ғана жар­на­ма­сы кере­мет деме­сең, іс жүзін­де жай бір пен­де екенін көр­ген­де, көңілің су сеп­кен­дей басы­ла­ды. Ал екі­жүзділі­гін, тіп­ті жоға­ры­ға жағым­паз­данған­да тіз­гін-шыл­быр­дан айы­ры­лып қала­ты­нын көз­бен көр­сең, өтірік­ті шын­дай ғып көпір­генін өз құлағы­ң­мен есті­сең, тіп­ті түңілесің. Бірақ солар­дың бәрі қазір­гі қоғам­да өлер­дей мақта­ла­ды. Ол екі­жүзді аяр жағым­паз­дар­дың түрін де көр­ме­ген­дер дақ­пыр­тқа еріп, ауы­зда­ры­ның суы құры­ған­ша мақтап, дәріп­те­ген­дерін көр­ген­де, Ұлы Абай­дың «қаза­қтың өлгенін­де жама­ны жоқ…» дегені еске түседі.

(Пікір­лер интер­нет­тің әле­умет­тік желілері­нен алынды)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн