Суббота , 5 июля 2025

Жадо: КҮЙЕУІМЕ ТОҚАЛ АЛУҒАРҰҚСАТТЫ ӨЗІМ БЕРДІМ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №42 (359) от 17 нояб­ря 2016 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 


 

Сән әле­мін­де өзін­дік қол­таң­ба­сын қал­ды­рып үлгер­ген таны­мал қаза­қстан­дық дизай­нер Жадо­ны (Жады­ра Сахи­ева) жұрт бай, бақу­ат­ты әйел ретін­де тани­ды. Оның өмір­де жолы болған, ата-ана­сы­ның, одан кей­ін күй­е­уінің тұр­мыстық жағ­дайы жақ­сы болған­ды­қтан, халық Жадо­ны өмір­де еш қиын­шы­лық көр­ме­ген ерке қыздар сана­ты­на жатқы­за­ды. Шын­ды­ғын­да мүл­дем олай емес болып шықты.

Бұл жөнін­де таны­мал дизай­нер теле­ди­дарға бер­ген сұх­ба­тын­да сыр шерт­ті. Назар­ла­ры­ңы­зға атал­мыш сұх­бат­тан үзін­ді ұсынамыз.

 

– Жадо, қазір­гі уақыт­та дизай­нер ретін­де таны­мал­сың. Бірақ кезін­де қою­шы-хорео­граф болға­ны­ң­ды көре­рмен­дер­дің бірі біл­се, бірі біл­мей­ді. Сол тура­лы айтып берсең…

– Жады­ра Сахи­ева­дан – Жадо жасаған ол – би. Билеп жүріп, костюм тігіп, дизай­нер бол­дым. Білесіз­дер, 90-жыл­дар­да өте қиын бол­ды: мен 10 жастан бастап, кіш­кен­тай бүл­дір­шін­дер­ге би үйрет­тім. 11–12 жасым­да 700 балаға сабақ бер­дім. 12 жасым­да әке-шеше­ме пәтер сыйладым…

– Арты­ң­нан жүгір­ген жігіт­тер көп бол­ды ма? Нелік­тен күй­е­уіңді таңдадың?

– Бол­ды. Ал күй­е­уім бала­лар­ды қат­ты жақ­сы көр­ді. Мен қат­ты­мын, сол себеп­ті маған осын­дай ер аза­мат керек деп шештім. Одан бөлек, ол кісінің мені ешқа­шан таста­май­ты­нын біл­дім. Бала­ны сүй­ген ер аза­мат, қан­ша әйел алып жат­са да, қан­ша қыды­рып жат­са да, ол өз шаңы­рағы­на қай­тып келеді. Біз­де де өмір­де қиын­ды­қтар болды.

– Кет­кен кез­дері бол­ды ма?

– Кет­пе­ді. Бірақ еркек болған­нан кей­ін… Өзім де: «Жаным-ау, жүр­сеңіз де, біл­дірт­пей жүріңіз», – деп айта­ты­н­мын… Маған звон­дап, қыздар келіп, мені­мен төбе­ле­с­кен күн­дер де бол­ды. Екіқа­бат күй­ім­де төбе­ле­стім. Менің­ше, ондай жағ­дай бар­лық отба­сы­ның басы­нан өте­ді. Бірақ ол кісі­ге ешқа­шан ұры­сқан жоқ­пын. Әрқа­шан да ұрпағы көбей­сін деп ойлай­ты­н­мын. Өйт­кені ол тек­ті ер азамат.

– Сон­да басқа әйел­дер­де сенің күй­е­уің­нен бала бар ма?

– Бар. Мен рұқ­сат бер­дім. Жанұя­сы бар, олар­мен де ара­ла­сып тұрамыз.

– Тоқа­лы бар ма?

– Бар.

– Сен рұқ­са­ты­ң­ды бердің?

– Иә. Осы уақы­тқа дей­ін жол­да­сым тура­лы айтып көр­меп­пін. Өзінің басқа қала­да жанұя­сы бар. Ол кісіні өте жақ­сы көре­мін, сыйлаймын…

– Бәл­кім сен күй­е­уіңе сон­ша­лы­қты ғашық бол­маған шығарсың?

– Жоқ, мен ол кісіні жақ­сы көре­мін, сый­лай­мын, ғашы­қ­пын. Мен ол кісіні жақ­сы көр­ген­дік­тен де осын­дай­ға барып отырмын.

– Ер аза­мат­тар­дың басқа әйел­дер­ге баруы­ның, тоқал алуы­ның себебі неде?

– Біз қаза­қтың бала­ла­ры көбе­юі керек деп айта­мыз. Осы­лай айта тұра, біздің ер аза­мат­та­ры­мыз басқа ұлт­тың қызда­рын алып жата­ды. Неме­се қыздар басқа ұлт­тың ер аза­мат­та­ры­мен өмір сүріп жатыр. Сол кез­де қызға­нар едім. Неге басқа ұлт­тың әйелі оған бала туып береді?

Қаза­қтар­дың көбей­гені дұрыс, бірақ тек қаза­қтың ер аза­мат­та­ры­нан. Егер қолым­нан 7–8 бала дүни­е­ге әке­лу кел­ген­де, әрине, мүм­кін рұқ­сат бер­мес едім. Ден­са­улы­ғы­ма бай­ла­ны­сты көп бала­лы бола алмай­мын. Енде­ше неге басқа әйел­дер дүни­е­ге бала алып кел­мес­ке? Алып келсін.

– Қан­ша бала­сы бар?

– Екеу…

 

Stan.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн