Понедельник , 7 июля 2025

Жалға берілетін пәтерлер… ЖАЛҒАН ЕМЕС ПЕ?

 

Өткен жыл­дың соңы­на қарай ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стрі Ербо­лат Доса­ев мыр­за «басын­да бас­па­на­сы жоқ қаза­қстан­ды­қтар пәтер­лер­ді ұзақ мерзім­ге жалға ала ала­ды» деп ресми түр­де мәлім­де­ген еді. «Бұл не қылған бат­пан құй­рық, айда­ла­да жатқан құй­рық» деген­дей, көп­шілі­гі­мізді аң-таң қылған министр мәлім­де­месіне орай біз аздаған ақпа­рат­тар жина­сты­рып көр­дік. Сөйт­сек, мәсе­ленің мәнісі мына­да екен: ұзақ мерзім­ге жалға берілетін жап-жаңа пәтер­лер­ді кезе­гі кел­ген бас­па­на­сыз тұрғын алға­шқы жар­на­сыз-ақ жалға ала ала­тын көрі­неді. Ең төмен­гі сый­ақы дең­гей­і­мен. Биы­лғы жылы салы­на­тын, бірақ әлі ірге­та­сы да қалан­баған осы­нау көп­пә­тер­лі үйлер негізі­нен үлкен қала­ларға жақын маң­дар­да, моноқа­ла­лар­да, тіп­ті ауыл­дық жер­лер­де де салын­бақ­шы. Хош, дұрыс-ақ дей­ік. Ал сон­да мұны кім қаржыландырады?

Сөй­леп көрей­ік: ай сай­ы­нғы жалға беру құны Ұлт­тық қор­дан бөлі­нетін қар­жы есебі­нен төмен­детіліп, Аста­на мен Алма­ты қала­ла­рын­дағы, аймақтар­дағы айлық жалға беру құны 56 мың мен 23 мың тең­генің ара­лы­ғын­да бол­мақ. Арзан ба? Әлбет­те, арзан. Жалға беру мерзі­мі он жылға дей­ін созы­ла­тын осы­нау пәтер­лер ең алды­мен бюд­жет­те­гілер мен мем­ле­кет­тік қыз­мет­те­гілер­ге беріл­мек. Ал енді заң­ды түр­де­гі кезе­гі кел­ме­се, мұн­дай пәтер­лер жас отба­сы­лар­дың қолы­на тие бер­ме­уі әбден мүм­кін. Қолы­мы­здағы нақты мәлі­мет­тер­ге қараған­да, жалға берілетін осы­нау арзан пәтер­лер­ді үкі­мет те емес, басқа да емес – тек «Қаза­қстан­ның ипо­те­ка­лық ком­па­ни­я­сы» акци­о­нер­лік қоға­мы ғана бөлетін көрі­неді. Тағы бір ресми мәлі­мет­тер­ге жүгі­нетін бол­сақ, ата­лып оты­рған арзан үйлер­ді заң­ды тұлға­лар­дың өтіні­ш­тері бой­ын­ша да салуға бола­ды екен – әлбет­те, егер заң­ды тұлға мен ипо­те­ка­лық ком­па­ния ара­сын­да келісім-шарт жаса­ла­тын бол­са. Мұн­дай жағ­дай­да дай­ын болған пәтер­лер­ді жұмыс беру­ші ең алды­мен өз жұмыс­шы­ла­ры мен қыз­мет­кер­леріне бөлетіні бел­гілі, демек, бұл жер­де кезек-пезек деген­деріңіз ешқан­дай роль ойна­май қала­ды деген сөз. Бұл енді таза шын­дық. Қазір­ге бел­гілі болға­ны – «НҰҚ «Бәй­те­рек» акци­о­нер­лік қоға­мы­на бөлі­нетін 250 млрд тең­генің 145 млрд тең­гесі Ұлт­тық қор­дан, 29,2 млрд тең­гесі рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен, ал қалға­ны басқа да әртүр­лі көз­дер­ден бөлін­бек. Нақты қан­дай көз­дер­ден – әзір­ге белгісіз.

Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гінің алдын ала есеп­те­улеріне қараған­да, ең төмен­гі баға­мен жалға берілетін мұн­дай тұрғын үйлер­дің биыл 487 мың шар­шы мет­рі пай­да­ла­ны­луға беріл­мек. Бұл аз ба, көп пе – мұны біз біле алма­дық, өйт­кені аталған үйлер­дің әлі фун­да­мен­ті де құй­ы­лған жоқ. Мини­стр­лік­тің мұны­сы бір жағы­нан… «қашпаған сиыр­дың уызы­на таласқан­дар­ды» еске түсіретін сияқты.

Марат МАДАЛИМОВ,

Abai.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн