Суббота , 5 июля 2025

Жанардың директоры УӘДЕ БЕРДІ

 

 

Дүкен­ге кел­ген тұты­ну­шы­ның тау­ар­ды өз еркіне сай таң­дап алуға қан­дай құқы­ғы бол­са, газет­ті жаз­ды­рып неме­се сатып ала­тын оқыр­ман қауым­ның да сон­дай құқы­ғы бар. Газет үшін ақша­сын төле­ген оқыр­ман тұты­ну­шы­лық құқы­ғы негізін­де газет­тен өз таң­да­уы­на орай­лы ақпа­рат талап ете алады.

 

Міне, біздің газет оқыр­ман­да­ры­ның біра­зы сон­дай таң­дау еркін пай­да­ла­нып, бел­гілі жұл­ды­здар Айнұр Тұр­сын­ба­е­ва­дан, Айгерім Сей­фол­ла­дан, Жанар Дұға­ло­ва­дан, Кам­шат Жол­ды­ба­е­ва­дан, тағы басқа ел аузын­да жүр­ген тұлға­лар­дан сұх­бат алу­ды сұрай­тын еді.

Оқыр­ман қауым­ның сон­дай сұра­ны­сын­да жүр­ген таны­мал әнші Жанар Дұға­ло­ва тая­у­да «Әнші бала­пан» бай­қа­уы­ның 25 жыл­дық мерей­той­ы­на құт­ты­қтап келіп, сахна­да ән сал­ды. Сол кеш­те әншінің арт-дирек­то­ры Мая-бикеш біздің газет үшін Жанар Дұға­ло­ва­ның сұх­бат беру­ге даяр екенін мәлім­деді. Ал әр күні, әр саға­ты, әр қада­мы жос­пар­лы әншінің арт-дирек­то­ры неме­се про­дю­сері ол – жұл­ды­зды тұлға­ның ими­джін жаса­у­шы маман, бұл тұрғы­да ол өз ісінің қожайыны.

Енде­ше біз «қожай­ын» бер­ген уәдені Жанар­дың өз сөзі деп қабыл­дап, алдағы уақыт­та одан сұх­бат алуға сенім­ді­міз. Осы жари­я­ла­ным­ды сол уәденің кепіл­ді­гі деп қабылдайық…

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн