Понедельник , 7 июля 2025

Жанардың шабыты ШАБАН ЕМЕС ЕДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №10 (281) от 12 мар­та 2015 г.

 

Ойдан-қыр­дан

Жау­а­бы кімнен?

 

Жуыр­да таны­мал әнші Жанар Дұға­ло­ва ел пре­зи­ден­ті­мен «Көк­тем шуағы» атты кез­де­су аясын­да өзін халы­қа­ра­лық сай­ы­стар­да елба­сы­ның тіле­гі шабыт­тан­ды­ра­ты­нын айтты.

 

Соны­мен бір­ге Жанар: «Сіз­бен кез­де­су көп­шілік үшін арман, ал мен өмірім­де екін­ші рет жүз­десіп оты­рға­ны­ма мақта­на­мын. Осы­дан 16 жыл бұрын Эсто­ни­ядан халы­қа­ра­лық сай­ы­ста бас жүл­де алып кел­ген­де, сіз­бен кез­де­су бақы­ты бұй­ы­рған. Ол кез­де 12 жастағы жет­кін­шек­пін. Мені жеңісім­мен құт­ты­қтап, әрі қарай да елі­міз­ге қыз­мет етуді тіледіңіз. Сол бір ауыз сөзіңізді әрі ақыл, әрі тілек, әрі бата ретін­де қабыл­да­дым. Сон­ды­қтан болар, халы­қа­ра­лық сай­ы­стар­да бақ сынаған сай­ын, мені сол тіле­гіңіз шабыт­тан­ды­ра­ды», – деген еді.

Шама­сы, осы­ны Жанар­дың өзі айтай­ын деп, айт­паған болар: «де» деген­дер дегіз­ген шығар. Әйт­пе­се өнер ата­у­лы бір ада­мға емес, қалың халы­ққа қыз­мет қыла­тын құдірет екенін ескер­сек, таны­мы тәуір талант­ты қыздың жағы­на сөй­ле­у­ге құмар болуы мүм­кін емес.

Кім біл­сін, әлде осы біздің өнер адам­да­ры түгел жағым­паз­ды­қтың жар­ты­кеш күл­ше­сіне дән­деп кет­ті ме екен?.. Өзіне қол соға­тын мың-мың халқы­на арнаған өнері бір адам­ның ғана шапаға­ты­нан шабыт алуы мүм­кін бе? Қисы­нға кел­мей­тін қызық жәйт: ондай шабыт шабан болады…

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн