ЖАНАШЫР БОЛАЙЫҚ!

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №11 (282) от 19 марта 2015 г.

 

Жарылқапқа

 

Ендігі елге белгілі болғандай, Қазақстанға кеңінен танымал «Жұлдыздар отбасы» және «Аңыз адам» журналдарының бас редакторы, белгілі журналист, қайраткер азамат Жарылқап Қалыбай Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткер ретінде өзін-өзі ұсынды. Осы орайда ол кеше ғана интернет желісіне: «Ел ішінде ұлтыма, мемлекетіме қалай қызмет етсем деп жүрген ұлтжанды, мемлекетшіл, ойлы азаматтар өте көп. Менің бұл сайлау додасына қатысудағы басты мақсатым – осы мүмкіндікті пайдаланып, қарапайым халықтың мұң-мұқтажы мен талап-тілегін, сол ойлы азаматтардың бүгінгі қоғамдағы қордаланып қалған проблемаларға көзқарасы мен оны шешу жолдарын, болашақта Қазақстан қандай ел болуы керек екенін, келе жатқан дағдарысқа қалай қарсы тұрамыз, одан шығу жолдары қандай деген ұсыныс-пікірлерін билікке жеткізу…» деп жазған еді.

Бұл – елін сүйген азаматтың жұртқа құпиясы жоқ ашық ниеті. Бірақ бүгінгі елде қалыптасқан жындысүрей заңдылықтар оны бұл сайлауда жеңімпаз етпесі – тағы да ашық ақиқат.

Бірақ «шешінген судан тайынбас» деген нартәуекелге бел буған азаматқа нағыз тәуелсіз Қазақстан басқаша болуы керек, әділеттілік пен халықтық билік салтанат құруы тиіс деген ағайындар жәрдем жасауын сұраймын. Жарылқап үшін 23 наурызға дейін Қазақстан аумағындағы сайлаушылардың 93 мың қолын жинау қажет. Ал сол жындысүрей заң белгілеген мерзім өте тар, уақыт өте тығыз. Сондықтан әр облыстың, ауданның, ауылдың ұлтжанды азаматтарын қапылыс кезеңде қол жинауға көмек етуге шақырамын.

Ермұрат БАПИ

 

Жарылқап Қалыбайдың сайлау алды штабына хабарласыңыздар:

[email protected], [email protected],

[email protected],

[email protected]

Телефондар:

8 702 682 35 31

8 701 757 74 66

8 705 133 25 25

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн