Суббота , 5 июля 2025

Жанат БАҚЫТ:Телекөрермен мен оқырманға ОБАЛ ЖАСАП ЖАТЫРМЫЗ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №4 (368) от 2 фев­ра­ля 2017 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 


 

Алға­шқы еңбек жолын дик­тор­лы­қтан бастаған бел­гілі теле­жүр­гі­зу­ші Жанат Бақыт биз­неске кет­ті. Он екі жыл бойы теле­экран­да жүр­ген ол кенет­тен жұмысын таста­уға неге бел буды? Биз­не­сте­гі Жанат ханым­ның кәсібі қалай жүріп жатыр?

 

– Жанат ханым, сіз халы­ққа көгіл­дір экран арқы­лы таны­мал едіңіз, енді «биз­нес-вумен» болып кет­тіңіз. Сән үйіңіздің жұмысы қалай жүруде?

– Шүкір, жаман емес. Эфир­ге қаза­қ­ша киініп шыққа­ным­да, көп адам қызы­ғып: «Біз де кигі­міз келеді, қай­дан сатып алсақ екен?» деп жиі сұрай­тын. Сол кез­де маған неге Қаза­қстан­ның әр қала­сын­дағы дизай­нер­лер­дің басын қосып, дүкен ашпасқа деген ой кел­ді. Жал­пы, кез кел­ген биз­нес – тәу­е­кел­ді талап ете­ді: кәсібің өрге дома­лай ма, әлде құл­ды­рай ма? Қомақты қар­жы салып, жаңа кәсіп­ті бастаған­ның өзін­де тоқтап қалуы мүм­кін. Ал керісін­ше, аз ақша­мен бас­та­саң, «жүріп кетуі» ғажап емес.

Сол себеп­ті мен биз­не­сті несие алмай, қары­зға кір­мей бастап көруді ойла­стыр­дым. Басқы кез­де қала­ның шет жағы­нан арзан­дау дүкен­ді жалға алдым. Ішін өзім әде­мілеп жаб­ды­қта­дым. Үйден басы артық жиҺаз апар­дым да, «біс­сі­міл­лә» деп бастап кет­тім. Баста­ма­сы жаман бол­ма­ды, сатып алушы­лар күн санап көбейе бер­ді. Сөй­тіп, екі айдан кей­ін халық көп жүреді-ау деген қала­ның орта­лы­ғы­нан бутик аштым. Ара­да бес ай өткен соң, одан да жақ­сы жер­ге көштім. Шүкір, аяқтан тұрып келеміз.

– Бір­не­ше жыл қыз­мет істе­ген теле­ви­зия сала­сы­нан кетуіңіздің бір­не­ше себебін естіп те жүр­міз. Деген­мен, жаны­ңыз сүй­ген кәсіп­ті бір­ден басқа салаға айыр­ба­стау сіз үшін оңай бол­маған шығар?

– Дұрыс па, бұрыс па, біл­мей­мін – өз басым кез кел­ген шару­а­ны қолы­ма алған­да, артқа қарай­ла­май, тәу­е­кел­мен кірісіп кетем. Кеше­гі күн – тарих. Тіп­ті қан­ша өкін­сең де, ол күн қай­та айна­лып кел­мей­ді. Сол сияқты бола­шақта мені не күтіп тұрға­ны­нан хабар­сыз­бын: бүгін – жұл­дыз­сың, ертең ешкім бол­май қалуың да мүм­кін. Сон­ды­қтан он екі жыл бойы қыз­мет еткен жур­на­ли­сти­ка сала­сын жеке кәсіп­ке айыр­ба­стау мен үшін қиын болмады.

– Осы орай­да арнайы бай­қау ұйым­да­сты­рып, асты­ңы­здағы темір тұл­па­ры­ңы­зды жеңім­пазға сый­ға тарт­ты­ңыз. Бұл тұты­ну­шы тар­ту­дың ғана ама­лы бол­ды ма?

– Кез кел­ген адам біре­у­ге емес, өзіне жұмыс істе­гісі келеді. Себебі біре­у­ге «бағы­ны­шты» адам ерте ме, кеш пе, орнын боса­та­ры сөз­сіз. Жеке кәсіп­пен айна­лы­су өзі­ме ұнай­ды. Бұл жер­де өзің үшін жұмыс істей­сің, жан­та­ла­сып еңбек етесің. Қал­таң­да ақшаң да бола­ды. Ал жалқа­улы­ққа салы­нып, бір жер­де жүре бер­сек, көк тиын да болмайды.

Иә, дүкені­міз жаңа­дан ашы­лып жатқан­нан кей­ін, оған жар­на­ма қажет бол­ды. Сол себеп­ті көлі­гім­ді «құр­бан» ету­ге тура кел­ді. Әрі осы кон­курс арқы­лы әділ­дік­тің, адал­ды­қтың не екенін көр­гім кел­ді: алты мың тең­ге­ге тау­ар алып, көлік ұтып алған адам қан­дай сезім­де бола­ды? Соны көр­гім кел­ді. Бәрі таза, шынайы, тіке­лей эфир­де өтті. Бай­қа­удың енді қай­та­ла­ну, қай­та­лан­ба­уы – алдағы уақыт­тың еншісін­де. Егер таны­мал авто­са­лон­дар ұсы­ныс біл­дір­се, неге келіспеске?

– «Он екі жыл­дың қалай зу етіп өткенін бай­қа­май қал­дым. Не өспе­дім, не өшпе­дім» деп­сіз бір сөзіңізде…

– Көп жыл­дар жур­на­ли­сти­ка­да жүр­се де, экранға шыға алмаған жан­дар бар. Ал мен он сегіз жасым­да бір­ден көгіл­дір экранға топ ете қал­дым. Мұн­дай­ды кім қала­май­ды дей­сіз? Әде­мі киініп, бетіңді бояп, дай­ын мәтін­ді оқып кетесің. Бірақ жаңа­лы­қтың жет­піс пай­ы­зын, яғни қара жұмысын жур­на­ли­стер атқа­ра­ды. Олар бол­ма­са, жаңа­лы­қтар да шық­пай­ды. Мен қазір­гі кез­де дик­тор­лы­қ­пен бір­ге тіл­шінің жұмысын да бір­ге қатар атқар­маға­ны­ма өкі­не­мін. Егер алдағы уақыт­та теле­ви­зия сала­сы­на ора­лып жат­сам, бұл қателік­ті мін­дет­ті түр­де түзе­те­мін. Бола­шақтан зор үміт күтемін.

– Вок­зал­да тау­ар тасып, киім арқа­лап жүрудің шаруа­сы теле­ди­дарға қараған­да әлдеқай­да ауыр шығар?

– Негізі, қай сала­ны да оңай дүние деп айта алмай­мын. Дик­тор­ды ел «жыл­ты­рап оты­рып, дай­ын мәтін­ді оқи сала­ды, бұл бәрінің қолы­нан келетін іс» деп айтып жата­ды. Шын­ды­ғын­да олай емес, тіке­лей эфир − ол үлкен жау­ап­кер­шілік­ті талап ете­ді. Өйт­кені ол жер­де ешнәр­сені өзгер­ту­ге кел­мей­ді. Қалай эфир­ге шықтың, солай бір орны­ң­да қозғал­ма­стан оты­рас­ың. Бір қате кет­пе­уі керек. Себебі көгіл­дір экран­ның алдын­да сізді мил­ли­он­даған көре­рмен көреді. Тех­ни­ка болған соң, теле­суф­лер жұмыс істе­мей қала­ды неме­се эфир­ге кетуі тиіс шұғыл ақпа­рат кеп түсіп жата­ды. Сюжет­тер дай­ын бол­май қала­ды. Осын­дай­да дик­тор оңай жол тауып, сол келеңсіз сәт­тен шығып кетуі керек.

Ал жаңа биз­не­сте қақаған қыс пен аптап ысты­қта бол­сын, вок­зал­да ауыр сөм­ке көтеріп, басқа қала­дағы дүкен­дері­ме тау­ар жөнел­те­мін – бұл да жеңіл тір­лік емес. Кей­де таңғы сағат төрт­те пой­ы­здан зат күтіп аламын.

– Жүк тасып жүр­геніңіз­ге намыстан­бай­сыз ба?

– Бұған мен несіне намыста­нуым керек? Мен еңбек етіп жүр­мін. Бұл маң­дай терім­мен келіп жатқан адал еңбе­гім. «Мен теле­жұл­дыз Жанат Бақыт едім ғой…» деп, бос қия­лға беріліп, инста-парақ­шам­ды әде­мі сурет­тер­ге тол­ты­рған­нан не пай­да? «Қан­дай кере­мет­сіз, күштісіз» деген пікір­лер­ге сеніп, аяқты аспанға көтеріп жат­сам – не болға­ным? Әлде біреу аузы­ма тамақ сала ма? Жоқ!

Қазір­гі уақыт­та құр­ды­мға кет­сең, кеше­гі жақ­сы досым, ажы­ра­мас әріп­тесім деген­дер таны­май кете­ді. Тіп­тен үстің­нен басып-жан­шып өте­ді. Өйт­кені өмір­дің заңы сондай!

Шыны керек, биз­не­сте аса қажет есеп-қиса­пқа онша ебім жоқ. Мате­ма­ти­ка пәнін суқа­ным сүй­мей­тін. Мил­ли­он­нан әрі шата­са­тын едім. Алай­да соның бәрін жедел мең­геріп шыға кел­дім. Бірақ жеке парақ­ша­ма: «Экранға ора­лы­ңыз­шы, сағын­дық сізді» деген секіл­ді xалы­қтың жылы лебізді хат­та­ры келіп тұра­ды. Бірақ әзір­ге теле­ди­дар­дан дема­лып, кәсібім­ді аяқтан тұрғыз­сам деймін…

– Жанат ханым, енді сіз қара­пай­ым көре­рмен ретін­де қазір­гі теле­ар­на­ларға қан­дай баға бересіз? Сырт­тан бақы­лаған маман ретін­де теле­жур­на­ли­сти­ка­ның даму жағ­дайы қай дең­гей­де деп айтар едіңіз?

– Былай қара­саң, күн сай­ын жаңа тех­ни­ка, тех­но­ло­гия дамып жатыр. Өзі­міз дамы­ған елу елдің қата­ры­на кіре­міз деп тыпыр­лап жүр­міз тағы. Бірақ маған теле­ви­зия сала­сы­ның даму тен­ден­ци­я­сы құр­ды­мға кетіп бара жатқан­дай көрі­неді. Әлде интер­нет­тің дамуы әсер етті ме екен деп те ойлай­мын. Осы күні халық бұры­нғы­дай теле­ди­дар көрмейді.

Себебі жаңа­лы­қтың бола­тын саға­тын күтіп оты­рған­нан гөрі ақпа­рат­ты ғалам­тор­дан оқи салу тиімді.

Көре­рмен мен оқыр­манға обал жасап жатырмыз.Сайттарымыздың түрі анау: әншілер бір-бірінің сүй­ік­тісін тар­тып алға­нын жаза­ды. Осы­ны жер­ден жеті қоян тапқан­дай, жар салып айта­ды. Мұны оқы­ған өске­лең ұрпақ қан­дай тәр­бие алмақ? Өз басым бар­лық теле­ар­на­лар­дың іші­нен сана­у­лы ғана бағ­дар­ла­ма көремін.

– Теле­ди­дар мен ради­о­ның сапа­сын рей­тинг­пен баға­лау үрдісі шықты ғой: деген­мен, ұлт­тық-таным­дық бағ­дар­ла­ма­ның рей­тин­гі шоу-думан­нан әлдеқай­да төмен бола­ты­ны бел­гілі. Енде­ше біз осы рей­тинг деген бәленің кесірі­нен халы­ққа руха­ни наси­хат, тәлім-тәр­бие беру жағы­нан кен­де қалып жатқан жоқ­пыз ба?

– Иә, теле­ар­на­лар­да рей­тинг деген бәле шықты. Соның сал­да­ры­нан ада­мға ой сала­тын руха­ни-таным­дық бағ­дар­ла­ма­лар тез жабы­лып қала­ды да, оның қасын­да «жұл­ды­здар­дың» ішкен-жегенін баян­дай­тын «өсек­ші» бағ­дар­ла­ма­лар­дың ғұмы­ры ұзақ бола­ды. Өйт­кені оның рей­тин­гісі жоға­ры. Ғалам­тор­ды ашсаң да, сол ақпа­рат, жаңа­лық оқиын десең де, баяғы жұл­ды­здар­ды әңгі­ме қылып жата­ды. Тіп­ті кез кел­ген теле­ар­на­ны қос­саң да, солар жай­лы көр­се­те­ді. Былай­ша айтқан­да, теле­ди­дар­да көретін түк жоқ! Және интер­нет дамы­ға­лы да жап­пай сау­ат­сыздық белең алды. Сай­тқа жари­я­ланған мақа­ла не бол­ма­са жаңа­лы­қты оқы­ңыз­шы: қате деген өріп жүр. Бұл масқа­ра! Ол жер­де қара­пай­ым жалғау мен шыла­уды ажы­ра­та алмай­тын жур­на­ли­стер отыр.

– Жал­пы жур­на­ли­сти­ка­да «Теле­ви­зия сала­сын­да көтеріл­гің кел­се, «кры­шаң» мықты болу керек» деген сөз бар. Осы сөз­ге сіз қалай қарайсыз?

– Өкініш­ке орай, бұл сөздің рас­ты­ғы­на талай рет көзім жет­кен… Бірақ білесіз бе – мәң­гілік ештеңе бол­май­ды. Бұған қазір­гі сәт­те айна­ла­мы­зда орын алып жатқан оқиға­лар негіз бола ала­ды. Ол «кры­ша» бүгін бар, ертең жоқ. Жал­пы, кез кел­ген биік­ке ешқан­дай «кры­ша­сыз», өз білі­мің­мен, мықты­лы­ғы­ң­мен көтеріл­сең, ешқа­шан құр­ды­мға кетпейсің.

– Бір сұх­ба­ты­ңы­здан «үйде­гі қатып қалған заң­ды­лық бой­ын­ша, кеш­кі сағат жеті­де тамақ дай­ын болу керек» деген­ді оқы­дым. Бұл отаға­сы­ның қатал­ды­ғы­нан туған тәр­тіп пе?

– «Ері тұрып, әйелі сөй­ле­ген­нен без» дей­ді. Қан­ша бедел­ді, таны­мал, көрік­ті бол­са да, әйел адам ерінің алдын­да ығы­сып оты­руы керек. Бұл «қорқу» емес, мұн­дай қаси­ет ер аза­матқа деген құр­мет­ті біл­діреді. Мәсе­лен, анам марқұм әкем­нің көзін­ше тіп­ті теле­фон­мен сөй­ле­с­пей­тін. Өз ене­мнен де осы қаси­ет­ті бай­қай­мын. Ал күй­е­уі­ме кел­сем, биыл еке­уміздің таны­сқа­ны­мы­зға 18 жыл боп­ты. Бір аза­мат­тың үлкен отау иесі бола­тын уақы­ты. Ол мені сегіз жыл күт­кен. Ара­сын­да рен­жі­су, түсін­бей қалу деген секіл­ді жағ­дай­лар да бол­ды. Бірақ бар­лық «қиын­ды­қтар­ды» ақы­лға жеңдіріп, ақы­ры бас қостық. Еке­уміз қыз-жігіт болып кез­десіп жүр­ген­де, кафе­де тамақ ішу тұр­мақ, кей­де жаяу да жүр­ген кез­дері­міз болған. Өйт­кені авто­бу­сқа беретін ақша­мы­зға бал­мұз­дақ алып қоя­тын­быз. Сөй­тіп үйге жая­у­ла­тып қай­та­тын­быз. Жол­дың ұза­қты­ғы­нан, аяғым­ды тәпіш­ке қажап кет­се де, сыр біл­дір­мей­тін­мін. «Ақшаң жоқ, үйің, көлі­гің жоқ» демедім. Бірақ кей­ін көлік­ті де, үйді де қол ұста­сып, бір­ге жүріп алдық.Екеуміз де адал еңбек­пен кел­ген нан­ның қадірін өте жақ­сы біле­міз. Көп жағ­дай­да шеші­мін тап­паған нәр­се бол­са, жол­да­сым­нан ақыл сұраймын.

Сырт көз­ге қараған­да, күй­е­уі әйелі­нен ақыл сұраған емес, керісін­ше, әйелі одан именіп отыр­са, жақ­сы көрі­неді ғой.Бір-бірімізді қас-қабақтан біле­міз. Отба­сын­да сый­ла­стық бол­са, оның тіре­уі мықты бола­ды екен. Ал әйелі таң­нан кеш­ке дей­ін қыды­рып, ері жұмыстан кел­ген­де тамағы дай­ын бол­ма­са, үйде қай­дан бере­ке бола­ды? Сол себеп­тен біз ара­мы­зда реніш туын­да­мас үшін, үйде осын­дай заң­ды­лы­қты қалыптастырдық.

– Аяу­лы жар, үлгілі келін, ардақты ана болу­дың да өз сыры бар ғой. Сіз­дер­дің бақыт­ты отба­сы болу­ла­ры­ңы­здың сыры неде деп айтар едіңіз?

– Ерлі-зай­ып­ты­лар рен­жіс­кен­де, біре­уі аузын суға тол­ты­рып оты­руы керек. Аузы­на ақ ит кіріп, көк ит шыға­тын әйел­дер бар. Ерінің намысы­на тиетін сөз айта­ды. Сөз­ден жеңіл­ген ер адам соңын­да қол көтереді.Соңында бір-біріне деген көңілі суи бастай­ды. «Алтын басты әйел­ден, бақыр басты еркек артық» – қан­ша жер­ден ынжық, не тен­тек бол­са да, ол − еркек. Сый­ла­у­ың керек. Сол ер-аза­матқа әуелі қол көте­ретін, не қолын­дағы затты лақты­ра­тын әйел­дер бар. Үйі жиыл­май қоқып жата­тын, тамағы была­мық болып, затта­ры шашы­лып, әр жер­де жата­тын салақ әйел­ден еркек құты­лған­ша асық бола­ды. Үйіне кел­гісі кел­мей­ді, сол себеп­тен еркек­тер жылу­ды басқа­дан іздей­ді. Ал үйі мұн­та­здай таза, киі­мі үтік­те­улі, кеш­кі 7‑де тамағы дай­ын, «ақша бер­сей, қаты­ны­ң­мын ғой, бала­ны саған не үшін тудым!» деп қылқыл­дай бер­мей­тін, ата-енесі кел­се «аһ», «уқ» деп жақтыр­май, ала көз­деніп жүр­мей, сый­лай­тын, өзінің сым­ба­ты­на да қарап, үне­мі әде­мі боп жүретін, балаға дұрыс тәлім-тәр­бие бер­ген әйел­ден еркек өлсе де айы­рыл­май­ды! Біздің еш рен­жіс­пей өмір сүріп жатқа­ны­мыз осы қағи­да­лар­ды қатаң ұстанған­нан болар.

– Теле­жүрі­зу­шілер ара­сын­да эфир­ге қаза­қ­ша киініп шығу­дың үрдісін өзіңіз баста­ды­ңыз. Алдағы уақыт­та арна­лар­дан бағ­дар­ла­ма жүр­гізу­ге ұсы­ныс түсіп жат­са, қай­тер едіңіз?

– Біл­мей­мін… Сту­дент кезім­де бірін­ші кур­стан бастап еңбек­ке ара­ла­стым, осы жасы­ма дей­ін, тәу­ба, ешкім­ге алақан жай­ып көр­меп­пін. Қазір­гі күні әкем­нің газетін басқа­рып отыр­мын. Және бағ­дар­ла­ма жүр­гізу­ге ұсы­ны­стар да түсіп жатыр, егер табиға­ты­ма сай кел­се, көгіл­дір экранға ора­луым ғажап емес.

Сұх­бат­тасқан –

Анар ДӘУКЕН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн