Пятница , 4 июля 2025

Жанболат жақтастары ПЕТИЦИЯ ТАПСЫРДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №17 (381) от 4 мая 2017 г.

 

Бет қат­та­лып жатқанда


 

Кеше Алма­ты­да ақпан айы­нан бері қамауда оты­рған «Сая­си қалам. Три­бу­на» газетінің бас редак­то­ры мін­детін атқа­ру­шы Жан­бо­лат Мамай­ды қорғау коми­теті СИ‑8 абақты­сы­ның бас­шы­лы­ғы­на оны қорғау тура­лы пети­ци­я­ны тап­сыр­ды. Дүни­е­жүзілік бас­пасөз еркін­ді­гі күні абақты алды­на жиналған Мамай­ды қорғау коми­тетінің мүше­лерінің ара­сын­да жур­на­ли­стер Гүл­жан Ерға­ли­е­ва, Инга Иман­бай, Рыс­бек Сәр­сен­бай, Ерлан Қали­ев, Мар­жан Аспан­ди­я­ро­ва, Андрей Сви­ри­дов, Евге­ний Жовтис, Асхат Бер­сәлі­мов бар.

 

Коми­тет мүше­лері тап­сы­рған пети­ци­я­сын­да Жан­бо­лат Мамай­ға қол­дау біл­діріп, оны қоры­қ­па­уға, бекем болуға, мой­ы­мауға шақырды.

Гүл­жан Ерға­ли­е­ва «Азатты­ққа» бер­ген ком­мен­та­рий­ін­де бел­сен­ділер­дің абақты­ға Дүни­е­жүзілік бас­пасөз еркін­ді­гі күні «себеп­сіз қамауда оты­рған» Жан­бо­лат Мамай­ға қол­дау көр­се­ту­ге кел­генін айтты.

Жан­бо­лат Мамай­дың адво­ка­ты Жанар Балға­ба­е­ва Жан­бо­лат­ты соңғы рет 27 сәуір­де, оны қамау мерзі­мін ұзар­ту тура­лы сот оты­ры­сын­да көр­генін айт­ты. Балға­ба­е­ва­ның айтуын­ша, осы апта­ның соңын­да Алма­ты соты Мамай­дың тер­ге­ушілер­дің өзіне қаты­сты іс-әре­кетіне шағы­мын қарамақ.

Еске сала кетей­ік, оппо­зи­ци­я­лық «Три­бу­на. Сая­си қалам» газетінің редак­то­ры мін­детін атқа­ру­шы 28 жастағы Жан­бо­лат Мамай­ды бұры­нғы бан­кир Мұх­тар Әбі­ля­зо­втің ұйым­да­сты­руы­мен «БТА Банк­тен» ұрланған ақша­ның бір бөлі­гінің ізін «Три­бу­на. Сая­си қалам» газеті арқы­лы қар­жы­лық опе­ра­ци­я­лар жасап жасы­рған» деген күдік­пен тер­геп жатыр.

Ақпан­ның 11-інде сот шеші­мі­мен екі айға қамалған Мамай өзіне тағы­лған айып­ты мой­ын­да­май­ды. 2009 жыл­дан бері Еуро­па­да жүр­ген оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер Мұх­тар Әбі­ля­зов айып­та­уды «абсурд» деп атап, Мамай­мен ешқа­шан кез­дес­пе­генін мәлімдеген.

27 сәуір­де сот Мамай­ды қамау мерзі­мін 10 мау­сы­мға дей­ін ұзартқан.

Мамай­ды қорғау коми­теті жур­на­лист абақты­да өзін соққы­ға жыққа­ны тура­лы хабар­лаған соң құрылған.

Azattyq.org

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн