Среда , 27 августа 2025

Жармахан ТҰЯҚБАЙ: Саяси қойылымның қосымша кейіпкері БОЛУ ҚАЖЕТ ПЕ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №08 (279) от 26 фев­ра­ля 2015 г.

ДАТ!

 

«Ассам­блея» деген аты бар қоғам­дық ұйым кезек­тен тыс пре­зи­дент сай­ла­у­ын өткі­зу жөнін­де ұсы­ныс жасап, іле-шала ол баста­ма­ны елде­гі бар­лық билік­шіл­дер дүр­кірей қол­дап жатқа­ны мәлім. Ал елде­гі демо­кра­ти­я­лық оппо­зи­ция алаңын­да жүр­ген бір­лі-жарым сая­си күш­тер сай­ла­у­ға қаты­сты кесім­ді шешім­дерін жари­я­лай қой­ған жоқ. Осы сай­лау төңіре­гін­де­гі және тағы да басқа елдің көңілін алаң­да­тып тұрған мәсе­ле­лер­ге бай­ла­ны­сты мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері, Жал­пы­ұлт­тық социал‑демократиялық пар­ти­я­сы­ның төраға­сы Жар­ма­хан Тұяқ­бай мыр­за­мен тіл­дескен едік.

 

–Соны­мен, Жар­ма­хан Айт­бай­ұ­лы, тағы да мерзі­мі­нен бұрын пре­зи­дент­тік сай­лау өтетін бол­ды. Бұл жағ­дай­ды сіз қан­дай қажет­тілік­тен туған сая­си мұқтаж­дық деп ойлайсыз?

– Қаза­қта «Қазан­шы­ның еркі бар, қай­дан құлақ шығар­са да» деген мақал билік­тің осы баста­ма­сы­на бай­ла­ны­сты дөп айты­лған­дай. Бүгін­гі билік жүй­есі сая­си алаң­да жүр­ген бала­ма күш­тер­ді қуда­лап, тәу­ел­сіз БАҚ‑ты сотқа сүй­реп, ала­бө­тен пікірі бар аза­мат­тар­ды, шын­ды­ққа ұмты­лған сая­си күш­тер­ді талқан­дап бол­ды. Қар­сы тұра­тын­дай әле­уеті мықты ұйым­ның қата­ры сиреді. Билік осы мұра­ты­на жет­кен соң, ойы­на кел­генін жасап жатыр.

Ал сіз айтқан «сая­си мұқтаж­дық» мәсе­лесіне келер бол­сақ, осын­дай «өзім­білем­дік» фак­тор­лар­дың әсері эко­но­ми­ка­ны тұй­ы­ққа тіреп, оның нәти­же­сі әле­умет­тік дағ­да­ры­сқа алып кел­ді. Жағ­дай­дың күр­де­ле­нуі келесі жылы шегіне жете­ді. Сон­ды­қтан бүгін­гі биле­уші топ ерте­рек сай­лау өткізіп, өзінің билі­гін сақтап қалу үшін, сай­лау өткі­зудің оңтай­лы кезеңін пай­да­ланғы­сы келіп отыр. Пре­зи­дент сай­ла­у­ын мерзі­мі­нен бұрын өткі­зу жөнін­де баста­ма көте­ру­шілер­дің уәжін еске­рер бол­сақ, шынын­да да, эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс күр­де­леніп бара жатыр. Шикі­зат өндірісіне ғана тәу­ел­ді болып қалған Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­на әлем­дік нары­қтағы мұнай­дың арзан­да­уы кері әсерін тигізді. Инфля­ция күшей­іп, ұлт­тық валю­та баға­мы­ның күн санап құл­ды­рай­тын қау­пі бар. Ұлт­тық банк тең­генің құн­сызда­нуы­на тек алтын-валю­та қоры­нан 2–3 млрд. дол­лар қар­жы жұм­сау арқы­лы ғана жасан­ды түр­де жол бер­мей отыр. Бірақ бұл тәжри­бе көп­ке бар­май­ды. Ерте ме, кеш пе, қар­жы­лық-эко­но­ми­ка­лық көр­сет­кі­ш­тер төмен­дей­ді, халы­қтың әле­умет­тік жағ­дайы нашар­лай береді. Нәти­же­сін­де ел ішін­де нара­зы­лық күшей­іп, ол толқу­ларға ұла­суы мүм­кін. Ол кез­де сай­лау өткі­зудің өздеріне қауіп­ті екенін билік­те­гілер жақ­сы түсініп отыр.

Соны­мен бір­ге Ресей мен Укра­и­на­ның ара­сын­дағы жағ­дай, Ресей­ге салы­нған Батыс елдерінің санк­ци­я­ла­ры Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ мүшелі­гін­де­гі Қаза­қстанға тигі­зетін кері әсері де күн­нен-күн­ге күшейе түседі. Бұл фак­тор да бұқа­ра­ның билік­ке деген рені­шін асы­ра түседі. Міне, мұқтаж­дық осын­дай тығы­ры­қты жағ­дай­лар­дан туын­дап отыр.

 

– Егер сай­лау өзінің Кон­сти­ту­ци­я­лық мерзі­мін­де келер жылы өткен бол­са, бүгін­гі бір қолға жиналған билік­тік құзіреті­мен Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың келесі пре­зи­дент­тік мерзім­ді заң­да­сты­рып алуға мұр­ша­сы бол­мас па еді?

– Пре­зи­дент­тің мұр­ша­сы­на бай­ла­ны­сты мәсе­ле­ге билік­тің өзі де дүдә­мал сияқты. Сай­лау өткізу­ге деген асы­ғы­стық – соның дәлелі. Демек, келер жылға дей­ін жағ­дай насы­рға шап­са, сай­лау түгілі, билік­ті ұстап қалу­дың өзі уай­ым болар қау­пі бар. Экономикалық‑әлеуметтік сая­сат­тың дұрыс жүр­гізіл­ме­уінің кесірі билік­ке кез кел­ген уақыт­та, кез кел­ген жағ­дай­да қатер әке­летіні жазыл­маған заңдылық.

 

– Интер­нет желілерін­де сіздің сай­ла­у­ға үміт­кер ретін­де түсетін ниетіңіз жөнін­де пікір­лер қылаң беріп қалды…

– Ондай пікір­лер­ді негіз­сіз болжам­дар деп санай­мын. Өзін сал­мақты сая­сат­кер­мін деп санай­тын адам ең алды­мен сая­си шешім­нің бағыт‑бағдарын сарап­тай­ды. Екі етек­ті елден бұрын түріп алып, шаба жөне­лу – сана­лы ада­мға жарас­пас жағдай.

Екін­ші­ден, бұл сай­ла­у­ға түсу керек пе, жоқ па – сол жағын тал­дап көрелік. Жоға­ры­да елде­гі сая­си аху­ал­дың сын көтер­мей­тін­дей жағ­дай­ға жет­кенін айт­тым. Осын­дай сәт­те біздің елде­гі «сай­лау» тәжіри­бесі қан­дай бола­ры­на әбден көз жетіп болған: сай­ла­у­шы­лар­дың дауы­сы есеп­тел­мей­ді, оның «нәти­же­сі» билік­тің тап­сы­ры­сы­на сай жаса­ла­ды. Өткен сай­ла­уда Назар­ба­ев 95 пай­ыз дауыс «алса», енді алдағы сай­ла­уда бүгін­гі әкім­шілік басқа­ру жүй­есі қожай­ы­нға жағы­ну үшін, сол меже­ден асып түсетініне күмән кел­ті­ру қиын. Билік өзінің осы әпер­бақан әре­кетіне тоқтау сала­тын күштің жоғы­на сенім­ді. Қалған-құтқан аз ғана пай­ы­здан үлес алып қалай­ын деп дал­бақтау – «атың шық­па­са, жер өртенің» кебін кигіз­бей ме?!

Үшін­ші­ден, сай­ла­у­ға түсу – қар­жы­лық мүм­кін­дік­ті, соңы­ң­нан еретін топ­тасқан сая­си күшті қажет ете­ді. Сая­си науқан­да ел ара­лап, наси­хат жұмыста­рын жүр­гі­зу – тегін жүретін шаруа емес. Сон­ды­қтан біз үшін сара­лай­тын, сарап­тай­тын мәсе­ле жетіп артылады.

Сай­ла­у­ға қаты­сты­ңыз делік: оның нәти­же­сін­де сіз­ге бір неме­се одан да төмен пай­ыз дауыс жазы­ла­ты­ны­на күмәніңіз бол­ма­сын. Сон­да билік сіз­ге «бұй­ыр­тқан» бол­ма­шы көр­сет­кіш абы­рой­ы­ңы­зды көте­ре ме, әлде түсі­ре ме? Оппо­зи­ци­я­лық күш­тер өзін әле­ует­ті күш санай­тын бол­са, халы­қтың алдын­дағы беделін де ойла­нуы керек. Сая­си қой­ы­лым­ның қосым­ша кей­іп­кері болып, сол сай­ла­у­ға шынай­ы­лық көрініс жаса­уға қаты­су қажет пе? Халы­қтың оппо­зи­ци­яға ең басты өкпе­сі – «бер­ген дауы­сы­мы­зды қорғап қала алма­ды­ң­дар» деген реніш­ке сая­ды. Тіп­ті бүгін­де ел‑жұрт оппо­зи­ци­ядан да шар­шаған­дай күй­ге жет­ті. Осы жағ­дай­да «билік бізді алда­ды, сай­ла­уды бұр­ма­ла­ды» деп, тағы да елдің алдын­да бей­ша­ра күй­ге түсуі­міз керек пе? Қолы­мы­зды бір сіл­теп, сай­ла­у­ға қаты­спай­мыз десек, ұты­ла­тын тұсы­мыз да жетер­лік. Қысқа­сы, әріп­те­стер­мен ақыл­да­сар жағ­дай­лар көп.

 

– Сай­ла­уда ұтыл­мас үшін не істеу керек дер едіңіз?

– Билік­тің бүгін­гі жүй­есі жағ­дай­ын­да ұтыл­мау мүм­кін емес. Әйт­пе­се біз де қоғам­ды сая­си рефор­ма­ла­удың, елде­гі әле­умет­тік әділет­сіздік­ті, сая­си жүген­сіздік­ті, эко­но­ми­ка­лық қателік­тер­ді тоқта­ту бағы­ты­на қаты­сты ұсы­на­тын іс‑әрекет бағ­дар­ла­ма­сын ұсы­нып жүр­гені­міз қашан. Жасы­ра­ты­ны жоқ, дәл осы бағ­дар­ла­ма билік­ті жақтай­тын күш­тер­дің қолын­да да бар, алай­да біздің ой-ниеті­міз елдің құлағы­на жет­пей­ді. Себебі біз үшін ақпа­рат арна­ла­ры жабық. Сай­лау науқа­ны – елге шын­ды­қты айта­тын, билік­ке қар­сы­лас сая­си күш­тер­дің ұсы­нған бағ­дар­ла­ма­сын жет­кізу­ге мүм­кін­дік беретін алаң. Сол тұрғы­дан алған­да, жең­сек те, жеңіл­сек те, халы­қ­пен бетпе‑бет кез­десіп, қалып­та­сып оты­рған сая­си әле­умет­тік, эко­но­ми­ка­лық аху­ал­дың шын­ды­ғын айтып, өзі­міздің көзқа­ра­сы­мы­зды ұсы­нар едік. Сол үшін де демо­кра­ти­я­лық сая­си күш­тер сай­ла­у­ға баруы дұрыс деген уәж­ге де құлақ асу керек дер едім. Дәл қазір сай­ла­у­ға қаты­су­дың пай­да­лы жағы осы ғана болып тұр…

 

– Мэлс Еле­усі­зов, Аман­тай қажы сияқты дағ­ды­лы үміт­кер­лер­дің қата­ры­на қосы­луға ниет таны­тып жатқан жеке­ле­ген сая­сат­кер­лер­дің тал­пы­ны­сын қалай бағалайсыз?

– Елі­міздің Ата заңы бой­ын­ша, Қаза­қстан­ның осы жер­де туған, осы елде тұра­тын аза­ма­ты сай­ла­у­ға қаты­суға кон­сти­ту­ци­я­лық құқы бар. Ал ол құқы­қты жүзе­ге асы­ру мүм­кін­дік­тері – басқа әңгіме.

 

– Ал ЖСДП пар­ти­я­сы­нан үміт­кер ұсы­ну мәсе­лесі күн тәр­тібін­де бар тақы­рып па?

– Жұрт­шы­лық жатқа біледі: бұған дей­ін­гі сай­ла­у­лар – пар­ла­мент­тік бол­сын, пре­зи­дент­тік сай­лау бол­сын – әділ өткен жоқ. Ол жай­ын­дағы баға­мы­зды талай рет мәлім­де­ген­біз. Сай­лау әділ өту үшін, қазір­гі қалып­тасқан сая­си жүй­ені, оның жұмыс істеу тәсілін түбе­гей­лі өзгер­тетін сая­си рефор­ма жаса­луы тиіс. Ал олай бол­ма­са, он рет, жүз рет сай­лау өткізіл­гені­мен, «баяғы жар­тас – сол жар­тас» қал­пын­да қала береді. Сон­ды­қтан біздің пар­ти­я­ның алдын­да «мұн­дай сай­ла­у­ға қаты­су­дың мәні бар ма?» деген күмәні көп сұрақ тұрға­нын жаңа айттым.

Сай­лау жөнін­де сая­си шешім шыққан күні пар­тия ішін­де осы мәсе­лені талқы­лап, ақыл­да­сып, ортақ мәміле­ге келер­міз. Сай­ла­у­ға қан­дай тұлға­ның қаты­са­ты­ны басты мәсе­ле емес: нәти­же­сі қан­дай бола­ты­ны бел­гілі. Ең басты­сы – егер сай­ла­у­ға бара­тын бол­сақ, өз көзқа­ра­сы­мы­зды, бүгін­гі билік­ке беретін баға­мы­зды халы­ққа жет­кі­зу мәселесі.

 

– Бұл сай­лау ақыр соңы өтетін болған­ды­қтан, сіз­дер қоғам­дағы басқа да қалған-құтқан сая­си күш­тер­мен бірі­гіп, сай­ла­у­ға қаты­сты біре­гей ұста­ным жасау жөнін­де мәмі­ле қарас­ты­ру­ды қалай қабыл­дар едіңіз­дер? Сай­лау науқа­ны бары­сын­да қан­дай сая­си күш­тер­ді тізе қосуға шақы­руға бола­ды деп ойлайсыз?

– Егер пар­тия сай­ла­у­ға бару керек деген шешім жасай­тын бол­са, онда өткен жылы құры­лған Аза­мат­тық жина­лы­стың құры­л­тай­шы­ла­рын шақы­рып, олар­мен кеңе­се оты­рып, ортақ үміт­кер­ді ұсы­нуға тыры­са­мыз. Ол аза­мат пар­ти­я­ның мүше­сі бола ма, әлде аза­мат­тық қоғам­ның өкілін таң­дай­мыз ба – ол уақыт­тың еншісін­де­гі мәселе.

 

– Ал интер­нет-бло­гер­лері сай­лау өткізу­ге 7 мил­ли­ард ақша бөліп, эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс жағ­дай­ын­да шығын­дан­бау үшін, Назар­ба­ев­тың өкілет­ті­гін келесі пре­зи­дент­тік мерзім­ге соза салай­ық деген пікір­лер­мен таныс боларсыз…

– Шынын­да да, Назар­ба­ев­тың өкілет­тілі­гін ұзар­ту басты мақ­сат бол­са – онсыз да ел тығы­ры­ққа тіреліп оты­рған кезең­де бюд­жет­тің қар­жы­сын жел­ге шашпай, сай­лау өткіз­бей, елді ала‑шапқынға сал­май, рефе­рен­дум өткі­зе салған дұрыс дер едім.

 

– Егер сай­ла­у­ға қаты­сты ақпа­рат ағы­нын аңдып жүр­ген бол­саңыз, жеке­ле­ген тәу­ел­сіз сая­сат­кер­лер мен азат ойлы аза­мат­тар­дың өзі гео­са­я­си күр­делі кезең­де Назар­ба­ев­тың туы асты­на жина­лай­ық деген пікір айту­да. Шама­сы, олар бұл ойла­рын Укра­и­на­дағы ресей­лік соғы­стың сал­да­ры­нан айтып жүр­ген­ге ұқсай­ды. Ондай пікір­лер­ге қалай қарайсыз?

– Сол пікірілер бұрыс деп, кесіп айтуға бол­мас. Иә, гео­са­я­си жағ­дай өте ауыр кезең­де тұр­мыз. Елдің бола­шақ тағ­ды­ры­на алаң­да­у­шы­лық зорай­ды. Тәу­ел­сізді­гі­міз­ден айы­ры­лып қал­май­мыз ба деген үрей басым. Сая­си күш ретін­де билік­ке ұмты­лып, елге өзгеріс әке­ле­міз деп тал­пы­нға­ны­мы­з­бен, елдің басы­на күн туып жатқан кезең­де бар­лық сая­си амби­ци­я­мы­зды ысы­рып қоюға тура келетін жағ­дай тууы әбден мүм­кін. Жанып жатқан оттан жан‑жаққа шоқ тасып, елді өрт­ке шар­пу­дың қажеті қанша?

Біздің оппо­зи­ци­я­лық іс‑әрекетіміздің арты қоғам­ды аран­да­тып, халы­қты қанға бөк­тіру­ге соқтыр­мауы тиіс. Кей­бір аза­мат­тар Ресей­ге қарап елең­деп, мой­нын сол жаққа бұрғы­сы келіп тұра­ды, соның сал­да­ры­нан елі­міздің тұта­сты­ғы­на зия­ны­мыз тиіп жат­са, бұл сұм­дық жағ­дай емес пе?! Сон­ды­қтан ондай пікір айтқан аза­мат­тарға түсіністік­пен қарай­мын: амал­дың жоқты­ғы­нан елінің бола­шағы үшін билік­тің баста­ма­сын қол­дай­тын ой айтқан­да­ры­на түсіністік­пен қарау керек.

 

– Қазір­гі терең дағ­да­ры­стағы эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­да пре­зи­дент­тік сай­лау өткі­зу – елдің қамын ойлаған шешім емес екен­ді­гі бел­гілі жәйт­ке айнал­ды. Ең алды­мен қаза­қстан­дық тең­генің тағ­ды­ры, эко­но­ми­ка­ның зәрулі­гі тара­зы басын тар­тып тұрған сәт­те бірін­ші кезек­те бүгін­гі билік қан­дай қадам­дар жаса­уы қажет еді деп ойлайсыз?

– Бірін­ші кезек­те билік елде­гі жағ­дай­ды тұрақты ете­мін десе, халы­қтың сені­міне ие болуы керек. Ресей билі­гі – дұрыс па, бұрыс па – әйте­уір халқын өзіне қара­тып отыр. Әсі­ре ұлт­шыл­ды­қты жан­дан­ды­рып, мем­ле­кет­тің қамын ойлай­тын кей­іп таныт­ты. Ал біздің елде бір ғана адам­ның аузы­на қарап, жеке­да­ра билік­ке бас ұрған­нан гөрі, сая­си жүй­ені өзгер­тіп, халық сені­міне ие бола­тын, елдің алдын­да жау­ап беретін, өзінің жау­ап­кер­шілі­гін түсі­нетін өкі­мет болуы тиіс.

Дағ­да­ры­сқа қар­сы жаса­лып жатқан кез кел­ген бағ­дар­ла­ма­ның іске аспай­тын себебі – ұрлық, сыбай­лас жемқор­лық адам айтқы­сыз көлем­де етек жай­ған. Оны түп-тамы­ры­мен құр­ту үшін, ең басты­сы – билік жүй­есін өзгер­ту керек. Асы­ғыс сай­лау өткізіп, про­бле­ма­ны кей­ін­ге сырып қой­ып, елдің наза­рын басқа жаққа ауда­ру – дұрыс таң­далған сая­си тәсіл емес. Сая­си-эко­но­ми­ка­лық рефор­ма­ны іске асы­руға мұр­сат берілуі керек. Билік­те­гілер­дің өзі «ертең дағ­да­рыс бола­ды» деп жар сауда. Бүгін сай­лау өткіз­се, сол қиын­ды­қтан ертең өтіп кете ме екен? Сая­си науқанға әбден еті «өліп» кет­кен қара халық бүгін­де бірін­ші кезек­те күн­көріс қамы­на алаң.

 

– Үкі­мет­тің жуы­қта өткен кеңей­тіл­ген оты­ры­сын­да ел эко­но­ми­ка­сы қатаң үнем жағ­дай­ы­на көшетін­ді­гі айтыл­ды. Бірақ солай бола тұр­са да, үкі­мет ғалам­дық жоба­лар­дан бас тарт­пай­ты­нын біл­дір­ді. Осын­дай қара­ма-қай­шы­лы­қтың табиға­тын қалай қабыл­дай­сыз? Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев нақты жағ­дай­ды баға­ла­удан қал­ды деп айта ала­мыз ба?

– Тәу­ел­сіздік алған алға­шқы онжыл­ды­қта елі­мізді әлем­ге таны­ту басты мақ­сат бол­ды. Бүгін­де Қаза­қстан­ды біл­мей­тін мем­ле­кет жоқ шығар. Бірақ ширек ғасыр өтсе де, билік сол мақ­сат­ты күн тәр­тібі­нен түсір­ме­уде. Жалған ұран­мен жала­у­ла­тып келе жатыр­мыз. Осы жал­бағай жар­на­ма­ның құны елге өте қым­бат түсіп жатқа­нын ескеріп жатқан ешкім жоқ!

Сон­ды­қтан «қар­жы­ны үнем­деу керек» десе, неге елге қажет­сіз, кірісі жоқ, шығы­ны көп жоба­лар­дан бас тарт­пай­ды? Бұл орын­ды сұрақ. Бірақ Назар­ба­ев нақты жағ­дай­ды баға­ла­удан қал­ды, деп айта алмай­мын. Елдің жағ­дай­ын да өте жақ­сы біледі, алдағы уақыт­та бола­тын дағ­да­ры­сты да есеп­теп отыр, Ұлт­тық қорға қар­жы­ны жинақтау да, оны қар­жы жетім­сізді­гі туған кез­де жұм­са­уға бағыт­талға­ны бел­гілі. Бірақ сол қар­жы халы­қты әле­умет­тік құл­ды­ра­удан аман алып қалу­дан бұрын елде­гі жеке-дара билік­ті дәріп­те­у­ге, неме­се пай­да­сыз жоба­ларға жұм­са­лып, оған қоса сыбай­лас жемқор­лар мен ұры­лар­ды бай­ы­тып жатқа­ны қынжылтады.

 

– Қаза­қстан қоға­мы бір адам­ның билі­гіне лаж­сыз кіріп­тар болған бүгін­гі сая­си жағ­дай­дың баға­сын қалай бел­гілер едіңіз? Осын­дай жағ­дай­да қоғам үшін Назар­ба­ев­тың өмір жасы­мен өлше­нетін сая­си билік дәуіріне мой­ын­сұ­ну­дан басқа амал жоқты­ғын мой­ын­дай­сыз ба?

– Тәу­ел­сіздік алған­нан бер­гі сая­си күш­тер­дің ара сал­мағын пай­ым­дап, күшіне әбден мін­ген жеке-дара билік жүй­есі­мен салы­сты­рар бол­сақ, елде­гі қалып­тасқан үрей мен қорқы­ны­штың бір ада­мға бай­ла­нып қалға­нын, расын­да да, мой­ын­да­уы­мыз керек. Билік­ке бала­ма бола­тын жол­дар­дың өзі азай­ып бара­ды. Бес-он жыл бұрын билік­ке бәсе­ке­лес бола­тын сая­си күш­тер, жеке тұлға­лар бар еді. Билік жүй­есі бар­лық ама­лай­ла­сын асы­рып, тоқта­у­сыз істей­тін алып маши­наға айнал­ды: жолын­дағы кедер­гінің бәрін жан­шып, тап­тап өту­де. Мәң­гілік ештеңе жоқ: алда‑жалда осы маши­на тоқтап қал­са, елі­міз­де қан­дай жағ­дай орын алуы мүм­кін? Ширек ғасыр­дың ішін­де елдің бет­ке ұстар аза­мат­та­ры қуғы­нға түсті, сот­тал­ды, атыл­ды, мерт бол­ды, тірі қалға­ны қана­ты қай­ы­ры­лған құс сияқты бір орнын­да тыпыр­лап қал­ды. Демо­кра­ти­я­лық оппо­зи­ци­я­ны былай қой­ған­да, бүгін­гі билік жүй­есінің ішін­де Назар­ба­ев­тың жолын жалға­сты­ра ала­тын тұлға жоқ. Себебі Назар­ба­ев­тың айна­ла­сын­да жүр­ген кез кел­ген жоға­ры лау­а­зым иесі өзін «пре­зи­дент­тің көмек­шісі­мін» дей­ді. Жау­ап­кер­шілік­ті мой­ны­на ала­тын, алды­на қой­ған мақ­са­тын іске асы­ра­тын «сая­си тұлға­мын» дей­тін бір адам жоқ. Бүгін­гі айна­ла­сын тып-тый­пыл ететін авто­ри­тар­лық билік жүй­есі елді осын­дай жағ­дай­ға жет­кізді. Осы­ны амал­сыз мой­ын­да­уы­мыз керек.

Бірақ бұл мой­ын­сұнған­дық емес. Ондай дәр­мен­сіздік бол­са, сая­си іспен айна­лы­су­дың қажеті қан­ша?! Осы жүйе тығы­ры­ққа тірей­тін жол екен­ді­гін, елдің келе­ше­гіне қауіп төніп тұрған­ды­ғын айтуы­мыз керек. Өзгерістің бола­ты­ны анық: тек Укра­и­на­дағы жағ­дай орын алма­са екен, бей­біт елдің қаны төгіл­ме­се екен деп тілей­міз. Ал бүгін­гі билік­тің бар­лық іс-әре­кеті сон­дай жағ­дай­ға әдейі әке­ле жатқан сияқты көрі­неді. Өзім­нен кей­ін топан су қап­та­са да мей­лі деу – дана бас­шы­лы­ққа жат­пай­ды. Сон­ды­қтан да біз пре­зи­дент­тің ел билі­гі бір өзінің қолын­да тұрған­да, түбе­гей­лі рефор­ма­лар­ды баста­уын талап етуді тоқтатқан емес­піз. Ертең бәрі кеш болуы мүмкін!

 

– Қоғам­ның сая­си салғырт­ты­ғы, аза­мат­тық бел­сен­ділік еден­нің дең­гей­іне жет­кені, адам­дар­дың дәр­мен­сізді­гі – осы­ның бәрі халы­қтың бола­шақ ерік-жігер меше­улі­гіне соқты­ра­тын қорқы­ны­шты құбы­лыс деп баға­лай ала­сыз ба?

– Әрине, қорқы­ны­шты! Елдің үміті шексіз емес: бір күні үзіледі. Азан­нан кеш­ке дей­ін билік бір сарын­ды ақпа­рат тара­тып, бала­ма түр­де ой-пікір айтыл­май жатқа­ны­на, оған халы­қтың еті үйреніп кет­ті. Қалың бұқа­ра күн­көрі­стен ары аса алмауда, үлкен сая­сат­ты ойла­у­ға мұр­ша­сы да жоқ. Осы­ның бәрі елдің ерік-жігерін сая­си апа­ти­яға әкеліп тіреді. Елдің руха­ни жігері жан­шы­лып, құл­дық пси­хо­ло­ги­ядан шыға алмай, тізесі бүгіліп қал­ды. Осы­ның түбі жақ­сы­лы­ққа апар­май­ды, әділет­сіздік­ке қар­сы нара­зы­лық сти­хи­я­лы түр­де кез кел­ген қала­да бұрқ ете қалуы мүм­кін. Бұл енді, расын­да да, қорқы­ны­шты құбы­лыс бола­ры айдан анық.

 

– Жар­ма­хан аға, ашық айтқан ой-пікіріңіз­ге рах­мет! Бәрі­міз де елдің қажетіне жарайық!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн