ЖАРТЫЛАЙ ТӘУЕЛСІЗДІК күні құтты болсын!

Қызық құттықтау

 

 

Орталық Азия елдерінің мысалында қатынас құралы тәуелсіз болмаса, ұлт та, мемлекет те тәуелсіз болмайтындығын өмір көрсетіп отыр. Қазақстанда қазақ тілі мен орыс тілінің қолданылуы аттылы мен жаяудың жарысы тәрізді. Қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесінің берілуі тұлпарды бөтен тілден алып, өзінің заңды иесі – қазақ тіліне мінгізуді білдіретін. Іс жүзінде қазақтыкі қазір «ат сенікі» дегенге мәз болып, өзі әлі жаяу салпақтаған адамға ұқсайды. Сондықтан Қазақстан де-юре тәуелсіз болғанымен, де-факто тәуелсіз деп айта алмаймын. Жартылай Тәуелсіздік күнімен!

Марат Тоқашбаевтың «Фейсбук» парақшасынан

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн