Суббота , 12 июля 2025

Жарылқап Қалыбай ҮМІТКЕРЛІКТЕН неге бас тартты?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №12 (283) от 26 мар­та 2015 г.

 

ДАТ!

 

Кеше ҚР пре­зи­ден­ті сай­ла­у­ы­на қаты­суға өзін-өзі ұсы­нған соңғы үміт­кер Жары­лқап Қалы­бай сай­ла­у­ға қаты­су­дан бас тар­та­ты­ны жөнін­де Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­на мәлім­де­ме жаса­ды. Газет­тің беті қат­та­лып жатқан кешқұ­рым кез­ге дей­ін ОСК-дан Жары­лқап мыр­за­ның мәлім­де­месіне орай, ОСК төраға­сы Қуан­дық Тұрғанқұ­ло­втан жау­ап болмады.

Біз төмен­де Жары­лқап Қалы­бай­дың атал­мыш мәлім­де­месі мен оған жана­шыр болған аза­мат­тар­дың ой-пікір­лерін жари­я­лап отырмыз.

 

Құр­мет­ті Қуан­дық Тұрғанқұлұлы!

Менің бұл сай­ла­удың әділ және шынайы өтетініне деген үмітім ақтал­ма­ды. Себебі пре­зи­дент­тік сай­лау тура­лы демо­кра­ти­я­лық нор­ма­лар мүл­де сақталған жоқ.

«Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы сай­лау тура­лы» заң бой­ын­ша пре­зи­дент­тік үміт­кер­ге қол жинау үшін он күн берілуі керек еді. Алай­да маған қол жина­уға тек бес күн ғана беріл­ді және оның тең жар­ты­сы мере­ке және дема­лыс күн­деріне сәй­кес кел­ді. Қаза­қстан аумағы­ның кеңді­гіне және жер шалғай­лы­ғы­на бай­ла­ны­сты ол уақыт­тың өзі қол қою парақ­ша­ла­рын облы­старға жет­кізу­ге ғана кет­ті. Ал парақ­ша­лар жер­гілік­ті жер­лер­ге жет­кен кез­де бүкіл меке­ме-ұйым қыз­мет­кер­лері мен сту­дент­тері бес күн­дік дема­лы­ста бол­ды. Ал менің қол жинау уақы­тын қосым­ша бес күн­ге ұзар­ту тура­лы ресми өтіні­шім­ді қанағаттандырмадыңыз.

Соған қара­ма­стан бір-екі күн­де жиналған қол­дар­ды жер­гілік­ті сай­лау комис­си­я­ла­ры қабыл­да­удан бас тар­тып, кей­бірін­де жиналған қол­дың басым бөлі­гін жарам­сыз деп тап­ты. Сол себеп­ті жиналған қол­дар­дың негіз­гі бөлі­гін өз қолы­ма жинап алу тура­лы және олар­ды сай­лау комис­си­я­сы­на тап­сыр­мау жөнін­де шешім қабылдадым.

Аталған мәсе­ле­лер­ді негіз­ге ала оты­рып, мен, Жары­лқап Қалы­бай, бүгін­нен бастап 2015 жыл­дың 26 сәуірін­де өтетін Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға үміт­кер ретін­де қаты­су­дан өз еркім­мен бас тар­та­ты­ным­ды мәлімдеймін.

ҚР пре­зи­дент­ті­гі­нен үміткер

Жары­лқап Қалыбай

25 наурыз, 2015 жыл

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн