Среда , 27 августа 2025

«ЖАС ҚАЛАМ» – ТӨЛЕУБЕКТІҢ ӘНІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №2 (366) от 19 янва­ря 2017 г.

 

Бір әннің тарихы

 


 

«Кез­дес­сең ұрла­на қараймын,

Аса­удай тулай­ды жас жүрек…» –

деп баста­ла­тын «Жас қалам» әнінің күл­лі Қаза­қстанға алғаш тарай бастаға­ны­на биыл 60 жыл болған екен. Аз уақыт емес. Әннің өзі сөзі­мен үйлесім тапқан­нан ба екен, қазақ жаста­ры­ның сүй­ік­ті әніне айналған. Алай­да осы­нау туын­ды­ны дүни­е­ге әкел­ген махаб­бат жыр­шы­сы­ның кім екен­ді­гі, әннің кім­ге арналған­ды­ғы жай­лы талас пен тар­тыс көп.

 


 

Шығы­стағы Мақан­шы деп ата­ла­тын шағын ауыл­дан шыққан «Жас қалам» әнінің сөзін (мәтінін) жазған кім екен­ді­гі тура­лы бас­пасөз бет­терін­де сан мәр­те жари­я­лан­ды. Кей­ін­гі жыл­дар­дағы жари­я­ла­ным­дарға көз жүгірт­сек, өлең авто­ры Төле­убек Жақы­п­бай­ұ­лы­мен (сурет­те) 9–10-сыныпта бір­ге оқы­ған Мар­лес Сәм­бет­ба­ев­тың «Жас қалам» – Қора­бай­дың емес, Төле­убек­тің әні» («Жас Алаш», 6 сәуір, 2010 ж.), Кәдір­бек Кәкі­мұлы­ның «Махаб­бат сере­на­да­сы – «Жас қалам­ды» алғаш кім орын­даған?» (ШҚО, «Дидар» газеті, 20 жел­тоқ­сан, 2013 ж.), «Алға­шқы махаб­батқа тар­ту – «Жас қалам» қалай туды?» («Дидар», 7 мау­сым, 2014 ж.), «Бір әннің тағ­ды­ры» («Еге­мен Қаза­қстан», 22 мамыр, 2010 ж.) атты мақа­ла­лар оқыр­ман­ды әртүр­лі ойға жете­лей­тіні рас. Сон­дай-ақ бұл әннің шығу тарихы жай­лы бел­гілі ақын­дар Ора­за­қын Асқар мен Қажы­тай Іли­ясұ­лы да қалам тербеген.

Біз де әннің шығу мез­гілі тура­лы, сөзінің жазы­лу тарихы хақын­да бір­ша­ма зерт­теп көр­дік. Төле­убек Жақы­п­бай­ұ­лы­мен жас шағын­да бір­ге жүр­ген, осы әннің шығуы­на куә­гер­лер – ақын Жабай­ыл Бей­сен мен Мар­лес Сәм­бет­ба­ев (төмен­гі сурет­те) ақсақал­дар­мен сұхбаттастық:

«Біз Төле­убек ақы­н­мен Шәу­е­шек гим­на­зи­я­сын­да бір­ге оқы­дық, – дей­ді «Ауы­лым» әнінің сөзін жазған, жасы 80-нен асқан ақын Жабай­ыл Бей­сен, – Төле­убек Жақы­п­бай­ұ­лы жоға­ры оқу орны­на түсу үшін Шәу­е­шек гим­на­зи­я­сы­ның 10-сыны­бы­на кел­ді. Аман­жан Жақы­пов деген тағы бір ақын досы­мыз үше­умізді табыст­ы­рған поэ­зия десем де бола­ды. Бір­ге жүріп, бір­ге тұр­дық. Төкең аса талант­ты, бірақ мінезі шалт, жақ­паған ада­мы­м­ен шар­тпа-шұрт айты­са кететін шатақ адам еді марқұм. Кей­ін­нен «жазған өлең­дері ұлта­раз­ды­қты қоз­дыр­ды» деген желе­умен оқу­дан шығып, үш аймақта ешқан­дай оқуға алын­ба­сын деген тұжы­рым алған біз­дер әділет­тік іздеп, Үрім­жі қала­сы­на бар­дық. Төле­убек еке­уміз Шың­жаң инсти­ту­ты­ның сурет факуль­тетіне тап­сыр­дық. Жатқан жері­міз – Үрім­жі­де­гі Янхань көше­сінің бас жағын­дағы жазу­шы Қажы­ғұ­мар Шаб­да­но­втың үйі. Қаже­кең «Шұғы­ла» жур­на­лы­ның басты­ғы­нан кей­ін­гі орын­ба­са­ры. Біздің өлең­дері­мізді кезексіз басып, қала­мақы­ға қарық қылып тастай­ды. Алай­да бұл тір­лі­гі­міз де шолақ бол­ды, жер­гілік­ті билік құры­ғы­нан көп ұзай алма­дық, екі-үш айдан кей­ін арты­мы­здан қағаз келіп, оқу­дан тағы шығарылдық.

Төле­убек­тің менен 5–6 жас үлкен­ді­гі бар, ал менің сол тұста 20-ға да тол­маған жас кезім ғой. Арын­дап өлең жаза­мыз. Кеш­кілік жазған өлең­дері­мізді оқи­мыз, серу­ен құрып, бір уақ қыздарға қырын­дай­мыз. Менің жарым болған Бәу­кен марқұм­ның мек­теп­те бір­ге оқы­ған сабақ­та­сы Әйтен деген қызға (кей­бір жари­я­ла­ным­дар­да өлең Роза­лия деген қызға арналған деген жаң­сақ пікір бар) Төкең қат­ты ғашық болып, өлең арна­ды. Шың­жаң инсти­ту­ты­ның химия факуль­тетінің 2‑курс сту­ден­ті Әйтен шынын­да өзі­нен көп ере­сек­теу Төле­убек­ті маңы­на жуы­та қой­ма­ды. Бұған Төкең қат­ты қай­ғы­рып, махаб­бат жырын жаз­ды. Жас жігіт­тің жүре­гі­нен шыққан махаб­бат сере­на­да­сы былай болатын:

Кез­дес­сең ұрла­на қараймын,

Аса­удай тулай­ды жас жүрек.

Мен сені жаны­ма балаймын,

Сен үшін мен­де бар бір тілек…

– деп басталып, –

…Ұты­лып мез­гіл­ден қал­сам кеш,

Бай­ла­мын тағ­дыр­дың өзің шеш.

Ләй­лі­ден айы­ры­лған Мәжнүндей

Дәл қазір мен­де жоқ ақыл-ес.

– деп жалға­сып кете береді. Ал осы шумақтың баста­пқы екі жолы кей­ін Мақан­шы­ға кел­ген соң «Есім­де сол күн­гі сауық кеш, Ләз­заттың тағ­ды­рын өзің шеш» болып өзгер­ді. Бұған сол тұстағы орта­ның да өз әсері болға­ны анық. Деген­мен, қан­ша жүрек лүпілін біл­дір­гені­мен, Әйтен оған жылы қабақ таны­та қой­ма­ды. Шынын айтқан­да, жүріп жүр­ген жігіті бар қыз Төле­убек­ті кәрісін­ді. Үше­уміз қысты­ң­гүні қар жауып тұрған сәт­те жая­у­лап қыды­рып жүр­сек, Әйтен Төкең­нен қашып, менің ана жағы­ма, мына жағы­ма бір шығып, әбден есі шыға­тын. Содан барып өлеңдегі:

…Оны зор, мені қор санасаң,

Мей­ірім­сіз соққы­ң­нан күйредім, –

деген жол­дар туды. Шын­ды­ғын­да, сол кез­де Әйтен­нің сүй­ген ғашы­ғы Алтай жағы­ның тума­сы, өзі­мен бір топ­та, химия факуль­тетін­де оқи­тын жігіт бола­тын. Төкеңнің мінезі албырт: қуан­са да, қай­ғыр­са да, лып етіп бетіне шыға­ды, ішін­де ешнәр­се жасыр­май­ды. Сон­ды­қтан да басы­нан өткен махаб­бат хика­я­сын айту­дан жалы­қ­пай­ды. «Сең соққан балы­қтай болып қал­дым. Әйтен­ге деген махаб­ба­тым күн­нен-күн­ге өршіп бара­ды. Осы­ны қалай деп, қан­дай сөз­дер­мен жет­кіз­сем?» деп, сау­ал тастай­ды. Сол тұста Қуан­дық Шаңғыт­ба­ев­тың ауда­руы­мен қаза­қ­ша «Ләй­лі-Мәж­нүн» хика­я­сы жарық көріп, кітап қол­дан-қолға өтіп тұрған кезі бола­тын. «Шын қинал­саң, Ләй­лі­ден айы­ры­лған Мәж­нүн­дей болған екен­сің, Төке…» деген менің сөзім­нен кей­ін алтын тапқан адам­дай қуан­ды. «Міне, міне! Ләй­лі­ден айы­ры­лған Мәж­нүн!» деп жаза­мын» деп, қала­мы­на жар­масқан. Кей­ін мәтін­де сол сөз­дер өлең жол­да­ры болып өрілді…».

 

Өлең Төле­убек Жақы­п­бай­ұлы­ны­кі – оған сөз жоқ. Мұны бүгін­де жасы 80-ді алқым­дап қалған, Үржар ауда­ны­ның Кел­ді­мұрат ауы­лын­да тұра­тын Мар­лес Сәм­бет­ба­ев аға­мыз да қуат­тап отыр. Жар­бұлақтағы сегіз жыл­дық мек­теп­тен соң, Мақан­шы мек­тебін­де Төле­убек Жақы­п­ба­ев­пен бір­ге оқы­ға­нын айтады:

«Қазір ақпа­рат құрал­да­рын­да бұл әнді Қора­бай Есе­нов жазған деген пікір қалып­та­сып қалып­ты. Бұл өте жаң­сақ пікір. Төкең сол тұста жиыр­ма­ның жуан ішін­де­гі сақа жігіт бол­са да, 9–10-сыныптарды біз­бен оқы­ды. Төле­убек пен Уақап деген жігіт еке­уі интер­нат­та бір­ге тұр­ды. Кеш­кілік Мақан­шы көше­сіне шығып қыды­рып, ән сала­мыз. Оры­стың «Сорва­ла я цве­ток поле­вой» деп баста­ла­тын әнін жамы­рай айта­мыз. Бір күні артқы жағы­мы­зда өзі­мен-өзі келе жатқан Төле­убек: «Әй, осы сен­дер неге «сары­ба­ла, сары­ба­ла» (сорва­ла) деп орыс­ша айта­сы­ң­дар?! Осы­ған мен қаза­қ­ша мәтін жазып бер­сем, айта­сы­ң­дар ма?» – деді. «Әрине! Айта­мыз, Төке! Жазып беріңіз…» – деп шу ете қал­дық. «Ертең осы жер­де кез­де­сей­ік. Әннің қаза­қ­ша­сы дай­ын бола­ды», – деді Төлеубек.

Шынын­да да, ертесіне ол әкел­ген мәтін­ді біз көшіріп алып, жат­тай баста­дық. Міне, бүкіл қазақ жаста­ры­ның махаб­бат жыры­на айналған әннің мәтіні осы­лай туған еді. Қазір ойлап отыр­сам, ол осы­ған дей­ін жүре­гін жара­лаған жанға арнаған дай­ын мәтін­ді ұсы­нған екен. Әннің сөзін жазған – Төле­убек. Бұған еш талас бол­мауы керек. Осы­ның бәріне куә – Жабай­ыл Бей­сен еке­уміздің көзі­міз тірі. Сон­ды­қтан, құр­мет­ті ағай­ын, бұған еш талас бол­мауы керек деймін…».

Осы­лай­ша махаб­бат әні Мақан­шы­да шырқа­ла бастады.

Ал бел­гілі сати­рик, ақын Қажы­тай Іли­ясұ­лы марқұм көзінің тірісін­де атал­мыш ән тура­лы пікірін айтып кет­кен болатын:

«1956 жылы бұл әнді Алма­ты­да Төле­убек­тің сөзі­мен жазу­шы Шәр­ба­ну Құма­ро­ва бастаған, Қаб­деш Жұма­ді­лов қостаған сту­дент­тер қауы­мы шырқап жүр­ген­де, Қора­бай Есе­нов сегіз жастағы бала екен. 1958 жылы «Жас қалам» әні Қытай қаза­қта­ры­на тараған­да, Қора­бай он жаста ғой. Тіп­ті ондағы қазақ интел­ли­гент­тері ғана емес, қаза­қ­ша білетін маңғұл­дар мен дүң­ген, сібе­лер де айта­тын. Сол жыл­да­ры Қашқа­рия, Хотан жағы­нан кел­ген ұйғыр қыздар да «Сән маңға ысты­қсәң башқа­дан» деп әуенін созған­да, бір-бірі­міз­ге қарап күлетін­біз. Өз басым «Жас қалам­ды» Үрім­жі­де, Шәу­е­шек­те болған сауық кеш­тер­де, той-тома­лақта үне­мі айтып жүрдім…».

 

Ия, әннің қысқа­ша шығу тарихы осы­лай болған деп, мақа­лаға осы­мен нүк­те қой­са да болар еді. Алай­да 2010 жылғы 22 мамыр күні Ғалым Тыны­ба­ев аға­мы­здың «Еге­мен Қаза­қстан» газетіне шыққан «Бір әннің тарихы» деген мақа­ла­сы назар аударт­пай қой­ма­ды. «Жылаған­ның алды­нан бақы­рған шыға­ды» деген­дей, Ғалым аға­мыз Төле­убек Жақы­п­бай­ұ­лы сөзін жазған бұл әннің музы­ка­сын Төле­убек­ке «беріп», мәтінін өзі «жазған» болып шығып­ты. Мақа­ла­да ол Үрім­жі­де «Шұғы­ла» жур­на­лы­ның редак­ци­я­сы­на Төле­убек­тің өлеңді алып кел­генін, оны Қажы­ғұ­мар Шаб­да­но­втың «Арай­лым» деген атпен жари­я­лаға­нын айта­ды. Алай­да 1955 жылы өлең мәтіні жари­я­ланған «Шұғы­ла­ның» қай саны екен­ді­гін айту­ды «ұмы­тып­ты».

Тағы бір­не­ше сау­ал­дар­дың басы қыл­ти­яды. Бұл әннің сөзін шыны­мен Ғалым Тыны­ба­ев жаз­са, ұзақ жыл­дар­дан бері көк­парға түсіп келе жатқан әннің тағ­ды­ры оны неге алаң­дат­паған? Ғале­кең осы уақы­тқа дей­ін неге үнде­мей кел­ген? Мұның өзі бақи­лық болған Төле­убек Жақы­п­бай­ұлы­ның ару­ағы алдын­да ұят нәр­се екен демес­ке лажың жоқ.

Осы­лай­ша көзінің тірісін­де екі қоғам­дық фор­ма­ци­я­ның әділет­сізді­гі­нен қаға­жу көріп, шөмі­ш­тен қағы­лған талант иесінің тағ­ды­ры жер қой­ны­на енген соң да өз баға­сын ала алма­ды. Иесіз қалған әсем әуен мен өлең жол­да­ры өнер­ден хаба­ры бар кей­бір жан­дар­дың қызы­ғу­шы­лы­ғын туды­рға­ны рас. Айт­пай­ын десең, сөздің ата­сы өледі.

Ал осы уақы­тқа дей­ін тын­бай айтып келе жатқан әнші Қора­бай Есе­нов «Жас қалам» әнін өзіне мен­шік­те­се, Ғалым Тыны­ба­ев аға­мыз да қол­дан тарих жасап, әннің сөзін өзі жазға­нын (?) айта­ды. Әннің Қора­бай Есе­нов­ке таңы­луы жай­ын­да Қажы­тай аға­мыз дұрыс тал­дау жасапты.

«…Мен Төле­убек мәтінінің ат жоқ, жөн жоқ Қора­бай­ға таңы­лу себебін зерт­те­дім, – деп­ті бүгін­де өзі де марқұм болған Қажағаң. – Ми ашы­та­тын онша бір қиын­дық жоқ екен, біре­уді-біреу терең ұғын­ба­удан болған шаруа көрі­неді. Өйт­кені Төле­убек, Қаб­де­ш­тер 1962 жылы Каз­ГУ-дегі оқуын қай­та жалға­сты­рған­да, кәдім­гі Төлен Әбді­ков, Иген Хасе­нов, Дүй­сен­бек Қанат­ба­ев­тар­мен бір­ге оқы­ған ғой. Ара­да бірер жыл өткен соң, Төле­убек сырт­тай­ғы бөлім­ге ауы­сып, Жам­был облы­стық газетіне жұмысқа тұра­ды да, Қаб­деш жоға­ры­дағы аза­мат­тар­мен бір­ге оқуын 1965 жылы күн­діз­гі бөлім­де оқып бітіреді. Қаб­деш – «Қазақ әде­би­еті» газетіне, Иген Хасе­нов – Рес­пуб­ли­ка­лық халық твор­че­ст­во­сы үйіне, Дүй­сен­бек Қанат­ба­ев – Қазақ радио-теле­ви­де­ни­есіне қыз­мет­ке бөлі­неді. Иген Хасе­нов екі-үш ай қыз­мет істеп, орны­ға бастаған кезін­де, Жаңарқа­дан гита­ра­сын көтеріп, ауыл­да­сы Қора­бай Есе­нов келеді. Тыныс-тір­шілі­гі бір жер­де өткен екі өнер­паз шүй­ір­ке­лесіп, Қора­бай Есе­нов «Жас қалам» деген әнді айта­ды. Шынын айтқан­да, ән кім­дікі, сөз кім­дікі екенін олар да біл­мей­ді. Бірақ қолы қысқа сту­дент­тік өмір­ден енді ғана құты­лған­ды­қтан, Қора­бай­ға тиын-тебен бол­сын деген ниет­пен құжатқа (репар­тиш­каға) өзінің аты-жөнін жаза сала­ды. Болған-біт­кені – осы. «Жас қалам» әні сол дақ­пырт­пен қырық жыл бойы Қора­бай қан­жы­ға­сын­да келе жатыр».

 

Осы­дан 60 жыл бұрын жұрт ара­сын­да кеңі­нен тарап, айты­ла бастаған әннің тарихы осы­лай. Сөйт­кен қай­ран талант иесі 1977 жылы мамыр айын­да әлдекім­дер­дің қолы­нан қаза тап­ты. Бұл тура­лы оның доста­ры­ның бірі Қажы­тай Ілиясұлы:

«…Төле­убек кіта­бы­ның қол­жа­з­ба­сын бас­паға өткізіп, берілетін қала­мақы­ны тоспай, Қаб­деш еке­уміз бас­пасөз коми­тетінің бас редак­ци­я­сын­да қыз­мет істеп жүр­ген кезі­міз­де, тура түсте сыр­тқы есік­тің алдын­да айқа­са кет­ті. Жанын­да жас мөл­шері өзі тұс­тас Свет Ора­за­ев деген ақын бар. «Осы­лай да осы­лай, Шым­кент, Таш­кент жаққа бара­мын. Соған ақшам сәл жетіңкіре­мей тұр. Қал­та­ла­ры­ң­ды қараң­дар! Маған қалай да бүгін керек», – деді қада­лып. Менің қал­там­да отыз сегіз сом бар екен. Шеті­нен үйге қай­та­тын тиы­ным­ды алып, қолы­на ұста­та бер­дім. Қаб­де­штің қал­та­сы­нан сек­сен бір­деңе сом шықты. Айтуы­на қараған­да, бір айдың ішін­де қай­тып келетін бол­ды. Кей­ін біл­сек, сол бетін­де Төкең Шым­кент­ке бара алмай, Алма­ты­дағы Еме­лев көше­сі мен Гоголь көше­сінің қиы­лы­сын­да мәң­гі­ге көз жұмған екен. Бас­па­мен шар­тқа оты­рған­да, марқұм менің мекен-жай­ым мен үй теле­фо­ным­ды жаз­ды­рған көрі­неді. «Қала­мақы­сын алсын» деп бас­па­дағы­лар үйі­ме хабар­лаған­да, Төле­убек­ті іздеп, шарқ ұрға­ны­мыз бар. Қаб­де­ш­тен бастап, бара­ды-ау деген үйлер­ге түгел теле­фон­дап шықтым. Ешкім біл­мей­ді. Сөйт­сек, о дүни­е­ге әлдеқа­шан атта­нып кет­кен екен ғой марқұм!» – деген еді («Қай­ран, Төкем-ай» эссесі).

 

Әннің Қора­бай Есе­нов­ке қалай таңы­лға­ны жай­лы оның өзі­мен хабар­ласқа­ны­мы­зда былай деді:

– Жал­пы, менің ешқан­дай да музы­ка­лық білі­мім жоқ адам­мын. Цели­но­град­тың Ауыл шару­а­шы­лық инсти­ту­тын­да оқып жүр­ген кезім­де Нико­лай Литов­чен­ко деген сту­дент­пен жатақ­ха­на­да бір­ге тұр­дық. Әскер­ге барып кел­ген сақа жігіт гита­ра­ның құлағын­да ойнай­ды екен. Менің сұра­уым бой­ын­ша әлгі Коля бірер аккорд­тар­ды үйрет­ті. Сол күні-ақ 7 ішек­ті аспап­тың құлақ күй­ін бұра­уды үйреніп алдым. Бұрын мұн­дай аспап­ты көп қолы­ма ұстап көр­ме­ген маған гита­ра кере­мет ұнады…

Екін­ші кур­ста оқып жүр­ген кезім­де бір жігіт «Жас қалам» деген әннің мәтінін әкеліп бер­ді. Өзі ептеп ыңыл­дап әуенін де айт­ты. Содан гита­рам­ды тыңқыл­да­тып оты­рып, жаңағы әнді салып көр­дім, орыс­ша әннің де әуеніне келетін­дей. Өзім­нің «Қошта­су» деген әнім бар ғой – соған да ұқсай­тын­дай… Соны­мен, сол күн­нен бастап бұл ән менің репер­ту­а­ры­ма енді. Шынын айту керек, «Жас қалам» әні менікі емес. Бір­де бір әйел келіп, бұл ән өзінің марқұм күй­е­уінікі екенін, әнді менің мен­шік­те­ме­уім­ді айт­ты. Мен азар да безер болып, әнді менің мүл­де мен­шік­теу ойым­да жоқ екенін айтып, менің әнім емес деп, нота­ри­ус арқы­лы қол қой­ып бер­дім. Ол кім, кім­нің мұра­гері – білмеймін…»

– дей­ді бел­гілі әнші, ком­по­зи­тор Қора­бай Есенов.

Ал ақын, дра­ма­тург, жазу­шы, сати­рик Төле­убек Жақы­п­бай­ұлы­ның артын­да халық сүй­іп айта­тын бұл әннен басқа бір­не­ше пове­стері, дра­ма­тур­ги­я­сы, поэ­ма­ла­ры мен ерте­гілері, сати­ра­ла­ры мен әңгі­ме­лері қал­ды. «Шытыр­ман­нан шыңға», «Мен қалай түзел­дім», «Қыран тура­лы хикая», «Лашын», «Сая­хат», т.б. туын­ды­ла­ры тағ­ды­ры тауқы­мет­ті Төле­убек­тей ақын­ның, Төле­убек­тей жазу­шы­ның қарым-қабілетін аны­қтап, оның есі­мін ешқа­шан өші­ре алмайды.

Берік­хан ТАЙЖІГІТ,

ҚР Жур­на­ли­стер одағы­ның мүшесі

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн