Суббота , 5 июля 2025

Жасан, бұның ЖАРАМАДЫ!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №39 (310) от 12 нояб­ря 2015 г.

 

Жаңғы­рық

 

 

Бір ғасы­рға жуық уақыт­тан бері қара­пай­ым жұрт­шы­лы­қтың жоғын жоқтап, мұңын мұң­даған, шын­ды­қты шырыл­да­тып жазып, елдің сенім­ді тая­ны­шы, жұба­ны­шы мен руха­ни қорға­ны­шы­на айналған «Жас Алаш» газеті­мен Жасан Зекей­ұ­лы атты бір «дөкей­дің» сот­та­сып жатқа­ны­на біраз уақыт бол­ды. Өзі талап-ары­зда жазған­дай, «мәр­те­бесі жоға­ры», «үлкен лау­а­зым­ды», «Елін сүй­ген – Елі сүй­ген», «бел­гілі дәрі­гер», «білік­ті ғалым», «Алтын қол­ды дәрі­гер», «меди­ци­на ғылы­мы­ның док­то­ры», тағы да басқа аты­нан ат үркетін­дей, тіз­бе­лей бер­сең – бір параққа сый­май­тын «атақ- даңқта­ры» бар Жаса­ның, шынын­да,  «дөкей» десе дөкей-ақ екен!

 

Бірақ менің көңілі­ме қон­бай тұрға­ны – Жасан­ның өз қаны, өз кін­ді­гі­нен тараған бала-шаға­сы­нан айры­лы­сып, «аза­мат» басы­мен отта­сып-сот­та­сып жүр­гені. Әдет­те халық дәрі­гер­лер­ді «адам жаны­ның ара­ша­шы­сы», «ақ желеңді абзал жан» деп әспет­теп, төбе­міз­ге көтеріп жүре­міз ғой. Ал енді өз қағы­нан жерініп, өзінің жан-жары­ның жаны­на жазыл­мас жарақат салуы – адам жаны­ның ара­ша­шы­сы – дәрі­гер­ге лай­ық іс пе?!

Ал исі қаза­қтың руха­ни сүй­ені­ші, сүй­ік­ті газеті­міз «Жас Ала­штан» мораль­дық құн дау­лап оты­рған Жасан­ның бұл қылы­ғы­на не дер­сің?! Сон­да оның: «Тап­талған ар-намысым­ның, бұзы­лып кет­кен беделім­нің құны төрт жүз мил­ли­он тең­ге» дегеніне күлесіз бе, жылай­сыз ба?! Жоқ әлде, «Жас Ала­шы­мы­зды» жабу мақ­са­тын­да, оны айтақтап оты­рған билік­тің әдет­те­гі­дей қитұрқы­лы­ғы ма бұл?

Бір айта кетер­лі­гі, «Жас Алаш» бір жақты бол­май, әділ­дік қағи­да­сы­мен, «БАҚ тура­лы» Заң тала­бы бой­ын­ша Гүлия Әли­ханқы­зы­ның мақа­ла­сы­нан кей­ін, Жасан Зекей­дің де «Жап­тым жала, жақтым күйе» атты қар­сы мақа­ла­сын дер кезін­де газет бетін­де жари­я­лаған болатын.

Жасанға тағы бір түсін­бей­тінім – «Газет­те жари­я­ланған менің ар-намысы­ма тиіп, беделім­ді түсір­ген мақа­ла­дан кей­ін, Алма­ты қала­сы Каб­лу­ко­ва көше­сін­де­гі ауру­ха­на­да емдел­дім» деп, сол меке­менің аны­қта­ма­сын талап-ары­зға тігуі. Жасан – жай­са­ның  2015 жыл­дың 13 мамы­рын­да, «Ака­де­мик» отба­сы­мен сот­та­сып жүр» атты мақа­ла­ның шыға­ты­нын сәу­е­гей­лік­пен «алдын ала сезіп», жари­я­ла­ну­дан  бір айдай бұрын, яғни 6 сәуір­де  «жаны күй­зеліс­ке ұшы­ра­удан» атал­мыш ауру­ха­наға түсіп, 23 сәуір ара­лы­ғын­да емделіп шығыпты.

Япы­рай, дәрі­гер­лік­тен басқа бой­ын­да «көріп­кел­дік» қаси­еті де мол» Жасан­ды «әулие» деу керек екен!

Бар­лық фак­тілер­ді тіз­бе­леп, алтын газет­тің бетін қор қылып қай­тей­ін: билік­тің «Нұр Отан» пар­ти­я­сын, пре­зи­дент Н.Назарбаевтың сай­ла­удағы сенім­ді өкілі болуын, тағы да басқа, рас-өтірі­гі бел­гісіз құжат, деректер­ді бет­пер­де етіп, саудаға салып жүр­ген «жоға­ры мәр­те­белі» Жасан­ның  бұл тір­лі­гі жара­ма­ды. Мүм­кін, сүй­ік­ті «Жас Ала­шы­мы­здың» жүз мың­даған оқыр­ман­да­ры­ның таба-наза­сы­на ұшы­ра­мас үшін, Жасан Зекей­ұ­лы рай­ы­нан қай­тып, бұл дау-дамай­ды ымы­ра, түсіністік пен ағай­ын­дық жол­мен шешер…

Егер қатқыл жазған мақа­лам тағы да оның «ар-намысы­на» тиіп, «жүй­кесін жұқарт­са», талап етіп оты­рған 400 мил­ли­онға қоса, сот арқы­лы менің де мой­ным­нан, көп емес, 100 мил­ли­он тең­ге өндір­тіп алар. Несі бар, елу мың тең­ге зей­не­тақым, жет­піс деген жасым бар. Аллам жүз жас ғұмыр бер­се, қалған отыз жыл­да 100 мил­ли­он бол­ма­са да, соның оннан бір бөлі­гін «али­мент» етіп төлеп отырармын…

Ғаб­дул-Сәбит ЮСУПОВ,

Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның мүшесі

 

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн