Воскресенье , 6 июля 2025

Жасанды сайлау науқаны – ҚОҒАМДЫ МАЗАҚ ЕТУ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №16 (287) от 23 апре­ля 2015 г.

 

Нүк­те

 

Енді үш күн­нен кей­ін елде­гі кезексіз сай­лау да кезек­ті мәресіне жете­ді. Бұл «қызық сай­лау» науқа­ны жөнін­де сөз қоры­тын­ды­ла­уды бел­гілі сая­сат­та­ну­шы Дос Көшім мыр­за­дан сұраған едік.

 

 

Қаза­қстанға әділ сай­лау неге арман бол­ды? Қоғам мұны әр сай­лау бары­сын­да талқы­лай­ды. Бірақ біздің қоғам шын мәнін­де әділ сай­ла­удың қан­дай болуы тиіс екенін біле бер­мей­тін сияқты. «Әділ сай­лау осы­лай бола­ды» деп көр­сетіп, үйретіп жатқан да ешкім жоқ. Біздің қоғам­ның ұғы­мын­да сай­лау деген – сай­лау учас­кесіне барып, бюл­ле­тень­ді тастау ғана. Бар түсінік осы­мен аяқталады.

Халы­қа­ра­лық дең­гей­де әділ сай­ла­удың ең басты шар­тта­ры әлдеқа­шан жасалған. Және олар­дың бәрін бір әңгі­ме­де айтып жет­кі­зу мүм­кін емес, бірақ мен біздің Қаза­қстанға қаты­сты-ау деген бір­не­ше шар­ттар­ды атап өткім келеді.

Әділ сай­лау өткі­зудің ең басты және маңы­зды шар­ты – сай­ла­удың бел­гі­лен­ген мерзім­де, бел­гілі бір кезең сай­ын өткізілуі. Соғыс бол­сын, жер сіл­кініп, дария теріс ақсын – сай­лау өзінің бел­гі­лен­ген мерзі­мін­де болуы шарт. Екін­ші бір шар­ты – сай­ла­уды өткі­зетін уақыт­ты бел­гіле­ген­де, сол елдің табиға­ты мен ауа рай­ы­ның ерекшелі­гін еске­ру керек. Мұны да мен ойлап тапқан жоқ­пын, бұл да – халы­қа­ра­лық стан­дарт. Мәсе­лен, Қаза­қстан­да ми қай­на­тар ыстық мез­гіл­де, не бол­ма­са, қыстың ақ қар, көк мұзын­да сай­лау өткізу­ге бол­май­ды. Ауа рай­ы­ның аса қиын кезең­дерін­де сай­лау науқа­нын жүр­гі­зудің де көп­те­ген қиын­шы­лы­қтарға ұры­на­ты­ны бел­гілі. Мыса­лы, қар қалың түс­кен аймақтар­да жол­дар жабы­лып, сай­ла­у­шы­лар­мен кез­де­су, үгіт жұмыста­рын жүр­гі­зу мүм­кін емес.

Үшін­ші, сай­лау науқа­нын­да елдің кли­ма­ты ғана емес, оның тер­ри­то­ри­я­лық ерекшелі­гі, оның ішін­де жол қаты­на­ста­ры, инфрақұры­лым мүм­кін­ді­гі де ескеріледі. Бұл енді сай­ла­у­ға халы­қтың тегіс қаты­суын қам­та­ма­сыз ету үшін және кан­ди­дат­тар бел­гі­лен­ген мерзім ішін­де өздеріне тиесілі аймақтар­ды ара­лап, сай­ла­у­шы­лар­мен кез­де­су­лер өткі­зуді жүр­гі­зуі үшін жасалған шарт. Айта­лық, тер­ри­то­ри­я­лық ерекшелік­тер­ді ескер­ген кез­де үгіт-наси­хат науқа­нын өткі­зу үшін Люк­сем­бург еліне он күн жет­кілік­ті болуы мүм­кін, ал Қаза­қстан үшін бұл мерзім­нің үш ай болуы әбден мүмкін.

Өкініш­ке орай, қара­пай­ым қажет­тілік­тен туын­даған бұл шар­ттар біздің елде орын­да­ла бер­мей­ді. Егер, қате­ле­с­пе­сем, кезек­ті бір сай­ла­уда пре­зи­дент­тік­ке түс­кен Серік­бол­сын Әбділ­дин­нің бел­гі­лен­ген мерзім­нің азды­ғы­нан, тек 8 облы­сты ғана ара­лап, демек, өзінің сай­ла­у­шы­лар­мен толық кез­де­се алмай қалға­нын есті­генім бар.

Тағы бір жазыл­маған шарт – пре­зи­дент­тік­ке түсіп жатқан үміт­кер­лер­дің өз мін­дет­терін толық орын­да­у­ла­ры деп біле­мін. Яғни, олар шын мәнін­де бір-бірі­мен мықты бәсе­ке­лес болу­ла­ры керек. Бірақ біз­де ертең болға­лы тұрған сай­ла­уда, бәсе­ке­ле­стер бар да, бәсе­ке­ле­стік жоқ.

Бірін­ші­ден, пре­зи­дент­тік­ке үміт­кер­лік­ке түсіп жатқан екі аза­мат­тың еке­уін де халы­ққа таны­мал сая­сат­кер­лер деп айта алмаймыз.

Әрине, бұл біздің заңы­мы­зды бұзу болып табыл­май­ды, деген­мен пре­зи­дент­тік­ке тала­су – сая­сат­кер­лер­дің мін­деті екенін­де. Екін­ші­ден, екі үміт­кер­дің сай­ла­у­ал­ды бағ­дар­ла­ма­сы, үгіт-наси­хат­та­ры­ның бағыт­та­ры – пре­зи­дент­тік сай­ла­удың тақы­ры­бы­нан (мем­ле­кет­тің ішкі-сыр­тқы сая­са­ты­ның бағыт­та­ры, эко­но­ми­ка, әле­умет­тік сала­лар) мүл­дем алыс… Менің­ше, эко­ло­гия мәсе­лесін көтер­ген аза­мат жеңетін бол­са, онда елде тек қана эко­ло­гия мини­стр­лік­тері құры­ла­тын болар? Екін­ші кан­ди­дат­тың өз сай­ла­у­шы­ла­ры­мен кез­дескен­де айтып жүр­ген тақы­ры­бы – Баты­стың тағам­да­рын сынау. Сірә, біре­улер оларға осын­дай «жеңіл-жел­пі» тақы­рып ұсы­нып, осы шең­бер­ден шық­паң­дар деп ақыл бер­ген болар…

Мұның күл­кілі тұсы да осын­да. Егер мен сай­ла­у­шы ретін­де олар­мен кез­де­сетін бол­сам, оларға: «Сіз­дер не үшін сай­ла­у­ға түсесіз­дер?» – деп сұрағым келеді. Олар­дың: «Пре­зи­дент болу үшін түсіп жатыр­мын», – деуі де ғажап емес. Мен сон­да оларға: «Не үшін пре­зи­дент болғы­ңыз келеді?» – деген сұрақ қой­ған болар едім…

Яғни, пре­зи­дент­тік­ке кан­ди­дат болған адам бұры­нғы пре­зи­дент­тің ішкі-сыр­тқы сая­са­ты­на, елде­гі эко­но­ми­ка­лық және әле­умет­тік жағ­дай­ға қаты­сты жүр­гізіп оты­рған сая­са­ты­на көңіл­дері тол­маған­ды­қтан, өздері халы­ққа, мем­ле­кет­тің дамуы­на одан да күшті үлес қоса­тын­ды­ғын біле, сене оты­рып сай­ла­у­ға қаты­су керек қой? Алай­да, олар тара­пы­нан бүгін­гі сая­си жүй­е­ге деген ондай көңіл тол­мау­шы­лы­қты, сыни көзқа­рас­ты көріп оты­рған жоқпыз.

Ондай жағ­дай­да сай­ла­у­ға түсіп не «жын­да­ры» бар? Әрине, эко­ло­гия да, Баты­стың дәм-тұзы да жақ­сы тақы­рып шығар, бірақ осы тақы­рып­тар­мен пре­зи­дент­тік сай­ла­уда жеңіп шыға­мын деу – бос сөз! Мүм­кін, олар жеңіп шығу үшін емес, сай­ла­уда бәсе­ке­ле­стер бол­ды деген­ді көр­се­ту үшін түсіп жатқан болар. Егер ондай бол­са, бұл – қоғам­ды, халы­қты алдау болып және сай­лау инсти­ту­тын мазақ ету болып сана­ла­ды. «Үміт­кер» деген сөзді есті­ген­де, біз бір­ден бүгін­гі пре­зи­дент­ке бәсе­ке­лес адам­дар тура­лы ойлай­мыз. Сай­ла­удың клас­си­ка­лық жүй­есі бой­ын­ша, үміт­кер­лер­дің ішін­де қазір­гі пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың жағ­дайы қиын­дау болуға тиіс. Бәсе­ке­ле­стер оның басы­на қара бұлт үйіріп, ол жүр­гізіп оты­рған ішкі-сыр­тқы сая­сат­ты, елде­гі эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ды, әле­умет­тік хал-аху­ал­ды тізіп, сынға алуы керек. Бол­ма­са сай­ла­у­ға түсіп қажеті не?

Тағы да қай­та­лап айта­мын, пре­зи­дент­тік­ке кан­ди­дат бола­тын адам­ның бағ­дар­ла­ма­сын­да – ішкі-сыр­тқы сая­сат, эко­но­ми­ка­лық жағ­дай, әле­умет­тік хал-аху­ал қарас­ты­ры­луы тиіс. (Бұл жер­де эко­но­ми­ка­лық және әле­умет­тік жағ­дай­ды қосақта­мау керек. Себебі эко­но­ми­ка­сы бай бол­са да, халқы – кедей, үкі­меті кедей бол­са да, халқы­ның әл-ауқа­ты жақ­сы мем­ле­кет­тер бола­ды). Ал бүгін­гі кан­ди­дат­та­ры­мыз не істеп отыр?

Менің ойым­ша, мұн­дай «аты бар да, заты жоқ» үміт­кер­лер бола­шақта бол­мауы үшін, «Сай­лау тура­лы заңға» – егер кан­ди­дат өзінің бәсе­ке­ле­стік мін­детін дұрыс атқа­ра алма­са, ол жаза­ла­нуы тиіс деген өзгеріс енгі­зу керек деп ойлай­мын. Мүм­кін, мұн­дай «қызық сай­лау» өткіз­ген­ше, Қаза­қстан­дағы Сай­лау инсти­туын толық жабу керек шығар.

Демо­кра­ти­я­лық елдер­де­гі сай­лау – бүкіл­ха­лы­қтық мере­ке. Ал біз­де­гі сай­ла­у­лар соңғы уақыт­та ойы­нға айна­ла баста­ды. Оны бәрі­міз көріп, біліп отыр­мыз. Менің­ше, нақты сая­сат­кер­лер сай­ла­удың ойын­шы­ққа айна­ла­рын біл­ген­дік­тен, тіз­гін­дерін тар­тып оты­рған сияқты. Бол­ма­са, Қаза­қстан бой­ын­ша пре­зи­дент­тік­ке үміт­кер болуға лай­ық деп жүз­де­ген адам­ның есі­мін ата­уға бола­ды. Және ондай адам­дар сай­ла­у­ға түсер бол­са, Назар­ба­ев та бүгін­гі­дей ыңғай­сыз жағ­дай­да қал­маған болар еді. Ол нақты бәсе­ке­ле­стік­те, өзінің сая­си күш-қуа­тын таны­туға мүм­кін­дік алар еді.

Біз­де өтетін осы сай­лау, өкініш­ке орай, оны мұн­дай мүм­кін­дік­тен қағып отыр. Ал жасан­ды сай­лау науқа­ны аза­мат­тық қоғам үшін ешқан­дай құн­ды­лық бере алмай­ды. Бірін­ші­ден, қазақ қоға­мын­да сай­лау инсти­ту­ты­на деген сенім­сіздік қалып­та­са­ды. Бұл – билік­ке, пре­зи­дент­ке деген сенім­сіздік­ке жалғасады.

Екін­ші­ден, демо­кра­ти­я­ның бір инсти­ту­ты болып сана­ла­тын (қазір де жетісіп тұрға­ны шама­лы) көп­пар­ти­я­лы­лық жүй­енің дамуы бәсең­дей­ді. Бұры­нғы Ком­пар­тия сияқты бір­пар­ти­я­лы­лық жүй­есі өз үстем­ді­гін­де қала береді. Үшін­ші­ден, әділ сай­ла­удан күдерін үзген халы­қтың бір бөлі­гі билік­ке демо­кра­ти­я­лық жол­мен жете алмай­ды екен­біз деп, басқа жол­ды іздей­ді. Демек, «басқа» жол – қоғам­ның ради­ка­ла­нуы деген сөз…

Жазып алған –

Гүл­ми­ра ТОЙБОЛДЫ,

«

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн