Пятница , 4 июля 2025

ЖАУАПСЫЗ СҰРАҚТАР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №36 (400) от 05 октяб­ря 2017 г.

 

Желі­де­гі жазбалар


 

(Әзіл-шыны ара­лас)

 

– Уә, Үкі­мет – Бақыт­жан Сағынтаев!

Сұрақ бер­сек өзіңе несі айып?!

Күн­нен- күн­ге халқы­ң­ды кедейлетіп,

Ал өздерің жүр­сің­дер қалай байып?

– Уә, Сенат – Тоқа­ев Қасым-Жомарт!

Жау­ап бер­ші, сіз­ге де қой­дық сұрақ.

Қым­бат­татқан бар­лы­ғын Үкіметтің,

Ала­сы­ң­дар «құлағын» қашан «бұрап»?

– Уә, Мәжіліс – төраға Нығматуллин!

Сіз­ге айт­пай, кім­ге айтар халқың мұңын?!.

Айлы­ғы­ң­ды көбей­тіп елден бұрын,

Неге отыр­сың қары­сып жақ пен тілің?

– «Нұр­лы жол­ды» бастаған НҰР-ағамыз!

Тіле­уіңді Алла­дан сұрағанбыз!

Бар бай­лы­қты «әркім­ге» сатып кетсек,

Не тастай­мыз ұрпаққа мұраға біз?

Елба­сы­мыз, Нар­тұлға НҰР-ағамыз!

(Ешбір қоғам дамы­м­ас бұралаңсыз.)

Ширек ғасыр халқы­ң­ды сіз­ге сенген,

Енді қашан «ұшпаққа» шығарасыз?

 

Аймұ­хан­бет

Бей­сем­бе­ков

 

 

ЖАҢА МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ҚАШАН САЛЫНАДЫ?

 

Энер­ге­ти­ка мини­стрі Қанат Бозым­ба­ев­тың 3 қазан­да мәлім­де­уін­ше, АИ-92 мар­ка­лы бен­зин­нің 30 пай­ы­зы көр­ші Ресей­ден тасы­мал­да­на­ды екен. Аталған жанар-жағар­май­ға кететін бар­лық шығын­дар­ды санаған­да, бір литр­дің баға­сы 150–151 тең­ге­ге шыға­тын көрі­неді. Сон­да баға­ның былай­ша шары­қта­уы­на кім кінәлі? Ресей­ді, тасы­мал шығын­да­рын, құжат­тар­ды рәсім­де­уді кінәлі етудің еш жөні жоқ. Өз жері­міз­де мұнай өндіріледі. Өндіріл­ген сол мұнай­ды өз жері­міз­де неге толы­қтай өңде­у­ге болмайды?

 

Жерін­де мұнай шыға­рыл­май­тын Қырғыз­стан­да, Қара-бал­та­да 2016 жылы құны 340 мил­ли­он дол­лар тұра­тын мұнай өңдеу зауы­ты салын­ды. Ол тек қырғыз елін­де ғана емес, бүкіл Орта­лық Ази­ядағы аса ірі мұнай өңдеу зауы­ты болып тұр. Қазір ешкім­ге жалын­бай-ақ қажет­ті мұнай өнім­дерін өздері шыға­рып отыр.

Ал Қаза­қстан­да кеңес зама­ны­нан қалған Аты­рау, Пав­ло­дар, Шым­кент мұнай өңдеу зауыт­та­ры жыл­да кезек-кезек жөн­де­у­ге тоқтай­ды. Ескі зауыт­тар­ды жамап-жасқай бер­ген­нен үкі­мет мезі болған жоқ па? Әлде дай­ын бен­зин­ді тек Ресей­ден сатып алуға жасалған құпия шарт бар ма? Әйт­пе­се тәу­ел­сіздік­тің 26 жылын­да Қаза­қстан­да бір МӨЗ салуға шама­сы жет­пе­ді деген не сұмдық?

ЭКСПО сияқты ими­дж­дік жобаға 3–4 млрд дол­лар табы­лған­да, үкі­мет МӨЗ салуға 350 млн дол­лар таба алмай отыр ма? Мем­ле­кет бас­шы­сы көр­ме­ге кет­кен шығын­дар толы­қтай қай­та­рыл­ды деп еді ғой. Сол қай­тқан қара­жат­тан МӨЗ салын­сын! Жыл сай­ын бен­зин баға­сын көте­ре беру жақ­сы­лы­ққа соқтырмайды.

Қара­пай­ым халық үкі­мет­тен жанар-жағар май­дың, азық-түлік­тің, ком­му­нал­дық шығын­дар­дың баға­сы артуы­на себеп сұра­май­ды, оны төмен­де­ту­ге бай­ла­ны­сты нақты шара­лар­ды жүзе­ге асы­ру­ды талап етеді!

 

Марат

ТОҚАШБАЕВ

 

 

ЖЕМҚОР ШЕНЕУНІК

өлсе де авто­бу­сқа мінбейді

 

Алма­ты­ның авто­бу­ста­ры мен мет­ро­сын­да: «Жемқор­лы­ққа жол жоқ! Пәлен­ше де түген­ше…» деп, миды қаты­рған ролик­тер қап­тап кетіп­ті. Құт­ты бір жемқор­дың бәрі авто­бус пен мет­ро­да жүретіндей.

 

Жар­на­ма­ның тиім­ділі­гі керек пе, онда ондай ролик­тер­ді әкім­дік­тер­ге, мини­стр­лік­тер мен коми­тет­тер­ге, «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның ғима­ра­ты­на, поли­ция мен про­ку­ра­ту­раға, сотқа, ұшақтар­да, шене­унік­тер­дің қыз­мет­тік көлік­теріне орнат­сын! Сон­да әр шене­унік минут сай­ын тәу­бесін еске алып оты­ра­ды. Жемқор шене­унік авто­бу­сқа өлсе де мін­бей­ді ғой, көкелер-ау!

Тоқтар ЖАҚАШ

 

 

БАҚ ЗАҢЫНСЫЗ ДА

таң атып, күн батады

 

БАҚ тура­лы заңға енгізілетін өзгерістер­дің жоба­сын­да ресми ақпа­рат алу үшін редак­ция үкі­мет­тік орган­дарға хат жазып, оның жау­а­бын 14 күн күтуі керек екен. Ақпа­рат­тық тех­но­ло­гия дамы­ған мына заман­да кез кел­ген ақпа­рат­ты жер-жаһанға тара­туға 14 минут­тың өзі жетіп жатыр. Неше жер­ден тың ақпа­рат саналған кере­мет жаңа­лы­ғы­ң­ның өзі 14 сағат­тың ішін­де баяғы­да ескіріп қала­ды. Одан кей­ін оны мың мәр­те ала­у­лат­саң да, еш маңы­зы болмайды.

 

Сон­да біздің құзыр­лы мини­стр­лік­тің ұсы­нып оты­рған «14 күні» ақпа­рат­тық мәлі­мет­тің сапа­сын арт­тыр­май­ды, керісін­ше, іске алғы­сыз етіп құнын жояды. Қаза­қы ұғы­мға сал­сақ, «ақсақ қой түстен кей­ін» емес, екі апта­дан соң «маңы­рай­ын» деп тұр ғой. Ондай ақпа­рат кім­ге қажет?!

Елде­гі ақпа­рат құрал­да­ры­ның мен­шік ныса­ны­на қара­ма­стан, ең басты дерек көзі – ресми ақпа­рат. Онсыз жаңа­лы­қтар­дың да, тал­дау мақа­ла­лар­дың да маңы­зы арт­пай­ды. Негізін­де, ресми ақпа­рат­ты БАҚ қыз­мет­кер­леріне жедел ұсы­нуға үкі­мет­тік орган­дар­дың өздері мүд­делі болуға тиіс еді. Себебі қоғам­да түр­лі алып-қашпа әңгі­ме, өсек-аяң, түр­лі дүр­бе­лең кең етек жай­ып кет­пес үшін, жур­на­лист ресми дереккөз­дер­ге негіз­деп қана шынайы ақпа­рат тара­та ала­ды. Жұрт мәсе­ленің мәнісін, оқиға­ның жай-жап­са­рын ресми дерек арқы­лы ғана біліп, шын­ды­ққа көз жет­кі­зе алуға тиіс.

Олай бол­са, ҚР Ақпа­рат және ком­му­ни­ка­ци­я­лар мини­стр­лі­гінің өзі өзге ресми ұйым­дарға бас­пасөз­ге арналған деректер­ді дер кезін­де жедел беріп тұру­ды мін­дет­те­уі керек еді.

Ал өйтудің орны­на бұры­нғы 3 күн­ді бақан­дай 14 күн­ге ұзар­ту­ла­ры жур­на­ли­сти­ка­ның жедел­дік прин­ци­пін біл­ме­ушілік пе, әлде бас­пасөз ісі­нен мүл­дем бей­ха­бар­лық па? Ол жағын мүл­де түсіне алмадық.

Сөз соңын­да айта­рым, әлем­нің алды­ңғы қатар­лы дамы­ған 30 елдің көбін­де БАҚ тура­лы заң деген дүние аты­мен жоқ. Сон­да да бүлініп жатқан ештеңе тағы көрін­бей­ді. Керісін­ше, қары­штап дамып жатыр.

Себебі жур­на­лист пен БАҚ қыз­меті әрбір елде­гі Кон­сти­ту­ция және өзге заң­дар­мен үйле­стіріліп, мей­лін­ше шек­те­леді. Заң­нан тыс ештеңе жасал­май­ды. Жала жап­са, Қыл­мыстық кодекс бар, жалған ақпа­рат тарат­са, Аза­мат­тық кодекс бар, т.с.с.

Қысқа­сы, БАҚ заңын­сыз да таңы­мыз атып, күні­міз бата­ды. Ал қоғам бас­пасөз­сіз, шынайы ақпа­рат­сыз өмір сүре алмайды.

Қуан­дық ШАМАХАЙ

 

 

 

ОН МИЛЛИОН ОҚУЛЫҚ –

ақша жымқы­ру­дың тәсілі

 

1‑сыныпта 9 оқулық, 10 дәп­тер бар. Айтай­ын дегенім – оқулы­ққа қосым­ша берілетін дәп­тері тура­лы. Ол дәп­тер­дің көле­мі А4 фор­мат­та. Әде­мі безен­діріл­ген, қаға­зы да сапа­лы. Оны бас­па­ха­на­да басып, кітап фор­ма­сы­на кел­тіру­ге аз ақша жұм­сал­маға­ны көрініп тұр. Оқу­шы әр сабақ сай­ын тап­сыр­ма­ны орын­дау бары­сын­да дәп­тер бетіне жазып, сызып, бояп оты­ра­ды. Демек, ол дәп­тер келесі жылға жара­май­ды. Оны оқу жылы аяқталған соң, қоқы­сқа лақты­рып таста­уға тура келеді.

 

0‑сыныпта да осын­дай оқулы­қтар мен осын­дай дәп­тер-кітап­тар бар. Келер жыл­дан бастап дәл осын­дай оқулы­қтар­мен, дәп­тер-кітап­тар­мен 2‑, 3‑, 4‑сыныптар да қам­тыл­мақ. Был­тыр елі­міз­де 350 мың­дай оқу­шы 1‑сыныпқа барып­ты. Демек, 350 000 оқу­шы × 10 дәп­тер = 3 500 000 (үш мил­ли­он бес жүз мың) дана дәп­тер-кітап басы­лған деген сөз. Бұған 0‑сынып пен келер жыл­дан бастап қосы­ла­тын 2–3‑4-сыныптарды қосы­ңыз. Сон­да бір жыл ғана пай­да­ла­нып, келесі жылы лақты­ры­ла­тын дәп­тер-кітап­тар­дың саны он мил­ли­он­нан аса­ды. Бұл тек дәп­тер-кітап тура­лы. Оған оқулы­қты да қосып қойыңыз.

Сон­да бұл не қылған шығын? Бай шетел­дер­де солай екен деп, біздікі не далақтау? Оқу­шы­ны үнем­ділік­ке үйре­тудің орны­на бұл не шашылу?

Аңдап қара­саң, бұның өзі мем­ле­кет­тің ақша­сын қал­таға басу­дың бір тама­ша тәсіліне ұқсай­ды. Мыса­лы, қолын­да билі­гі бар адам он мил­ли­он тара­лы­мы бар кітап­ты біре­удің атын­да тұрған өз бас­па­ха­на­сын­да басты­ра­ры анық. Бол­ма­са, таны­сы­ның бас­па­ха­на­сын­да басты­рып, пай­да­сын бөлі­сері де бел­гілі. Бұн­дай оқулы­қтар мен дәп­тер-кітап­тар мек­теп­ке осын­дай мақ­сат­та ендіріліп жат­па­са неғылсын.

Нұр­лы­бек САМАТҰЛЫ

 

 

Сту­дент­тер кар­топ қазып,

ФЛЕШМОБ БИЛЕП ЖҮР

 

Аста­на­дағы Аграр­лық уни­вер­си­тет­ке биыл наға­шым­ның қызы оқуға түс­кен. Ауыл­дан алыс ұзап көр­ме­ген қыздың жағ­дай­ын сұрап, жиі хабар­ла­сып тұрамын.

 

Сол қарын­дасқа бүгін күн ұзын қоңы­рау шалып, жау­ап алмаға­сын, жаңа кеш­кілік жатақ­ха­на­сы­на іздеп бар­дым. Қарын­да­сым суық өтіп, қал­жы­рап өлу­ге қалыпты.

Олай деуім­нің себебі: әр дема­лы­ста бір­не­ше факуль­тет­тің сту­дент­терін Қос­шы­ға кар­топ қазуға апа­ра­тын көрі­неді. Мына қара суы­қта қалың жұмыс киім­дері жоқ, ашқұр­сақ бай­ғұстар таңғы сегіз­ден кеш­кі сегіз­ге дей­ін кар­топ қазып, суық өткен. Айтуын­ша, бөл­месін­де­гі бала­лар­дың бәрі тырай­ып ауы­рып жатыр.

Одан бөлек, күн сай­ын жатақ­ха­на­ның бар­лық сту­дент­терін 19.00– 22.00 сағат ара­сын­да, одан 23.00– 03.00 ара­сын­да флеш­моб биге репи­ти­ци­яға мәж­бүр­леп шыға­ра­ды екен. Түн­гі сағат үшке дей­ін биле­ту дегені сұм­дық енді. Сабағын сұра­сам, сабаққа мүл­дем дай­ын­дал­май­мыз, өйт­кені уақыт жоқ дейді.

«Қит етсең, жатақ­ха­на­дан шыға­сың» деп қорқы­ту­дан зәре­зап болған ауыл­дан кел­ген жастар шағым­да­нуға да қорқа­ды. Осы жайт бой­ын­ша қан­дай орган­дарға шағым түсіру­ге неме­се кім­дер­ге айтуға болады?

 

Әлі­би МАНАШ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн