ЖАУЫНГЕРДІҢ СҮЙЕГІ СЕМЕЙГЕ ЖЕРЛЕНЕДІ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №4 (368) от 2 февраля 2017 г.

 

Апта аптығы

 


 

 

Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған, Эстонияда табылған қазақстандық жауынгердің сүйегін оның отаны – Семейде жерлейді, деп хабарлады Delfi порталы.

 

«Жексенбі күні Кохтла-Ярведе эстондық іздеушілер тапқан, 1944 жылы қаза болған қазақстандық жауынгердің (Николай Сорокин – ҚазТАГ) сүйегі осы елдің дипломаттарына табыс етілді және ол отанына жіберіліп, онда лайықты әскери құрметпен жерленетін болады», – делінген жарияланымда.

Іздестіру барысында Н. Сорокиннің туыстары табылып, олар жауынгер сүйегінің отанына – Семейге жерленгенін қалайтындығын білдірді. Н. Сорокинмен қоштасу рәсімі екі қалада – Астана мен Семейде өтеді. Бүгін, 2 ақпанда жауынгердің сүйегі Семей зиратына жерленеді.

Жарияланымда айтылғандай, 2016 жылы 22 сәуірде Вирус уезіндегі Сиргала Ида кентінің маңында іздестіру жұмыстары барысында Қызыл Армия жауынгерінің сүйегі табылды. Ол 1944 жылы Эстонияны азат ету ұрысында қаза болған. Мұрағат анықтамасында 76 мм зеңбіректің қатардағы көздеушісі болған Н.Сорокин «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Н. Сорокин – Қазақ ССР, Семей қаласының тумасы, Қызыл әскер қатарына 1941 жылы 23 тамызда шақырылған. Ленинградты қорғау, оның қоршауын бұзып өту ұрыстарына қатысқаны үшін «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталыпты.

ҚазТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн