Пятница , 4 июля 2025

ЖАЙЫНА ЖАТҚАН БОРАТТЫ АСТАНА СОТЫ ОЯТТЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №43 (407) от 23 нояб­ря 2017 г.

 

 


 

 

Аме­ри­ка­лық әртіс Саша Барон Коэн өткен апта­да Аста­на­да «I Love Astana» бел­гісі алдын­да «Борат­тың шомы­лу киі­мі­мен» сурет­ке түс­кені үшін әкім­шілік жаза алған тури­стер­дің айып­пұлын төле­гісі келеді, деп хабар­ла­ды «Азаттық». Бұл тура­лы Коэн өзінің Facebook-тегі парақ­ша­сын­да жазған екен.

 

«Менің чех доста­ры­ма. Сен екеніңді дәлел­де (оқиға­ның қалай болға­нын сипаттап, дәлел кел­тір), – сосын айып­пұл­ды мен төлей­мін», – деп жазып­ты әртіс өз парақшасында.

Бұдан бұрын хабар­ланған­дай, Чехи­ядан кел­ген алты турист әкім­шілік тәр­тіп бұзға­ны үшін ұста­лып, олар­дың әрқай­сы­на 22,5 мың тең­ге ($68) айып­пұл салы­нған еді. Олар өткен апта­да Аста­на­да «I Love Astana» бел­гісі маңын­да кино кей­іп­кері Борат Сағ­ди­ев­тің шомы­лу киі­мі­мен жүр­ген жерін­де ұста­лып, Аста­на қала­лық әкім­шілік сотқа тар­ты­лған-ды. Қала­ны қар басқан суы­ққа қара­ма­стан, олар осын­дай киім­мен сурет­ке түсіп, өз елдеріне естен кет­пес ескерт­кіш ала кет­пек болған сыңай­лы. Енді, міне, тыныш жатқан Борат­ты Аста­на соты қай­та­дан оятып, Қаза­қстан­ның аты­шу­лы ими­джі әлем­дік таб­ло­ид­тар­да тағы да «жарқ» ете түсті.

Еске сала кетей­ік, Саша Барон Коэн түс­кен «Борат» филь­мі 2006 жылы жары­ққа шығып, ол тіп­ті «Оскар» сый­лы­ғы­ның номи­на­ци­я­сы­на да ұсы­ны­лған еді. Онда қазақ жур­на­лисі Борат Сағ­ди­ев­тің Аме­ри­каға қалай сая­хат­таға­ны бей­не­ле­неді. Қаза­қстан билі­гі коме­ди­яға нара­зы­лық біл­діріп, фильм­ді елде көр­се­ту­ге тый­ым сал­ды. Бірақ «Борат» филь­мі сол жылы әлем­дік про­кат­тан жар­ты мил­ли­ард дол­ларға жуық ақша жинаған еді.

Ермұрат БАПИ


Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн