Суббота , 5 июля 2025

ЖАЗЫҚСЫЗ ҚУДАЛАУДЫ ТОҚТАТУ – Сіздің қолыңызда, президент мырза!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №22 (386) от 8 июня 2017 г.

 

Пре­зи­дент­ке ашық хат

 


 

Пре­зи­дент мыр­за! Біз елі­міз­де­гі жақ­сы­лы­қтарға қуа­на­тын және оның гүл-ден­генін, демо­кра­ти­я­лық бағыт­та өркен­де­генін қалай­тын азаматтармыз.

Тая­у­да Сіз сая­си қуғын-сүр­гін және тота­ли­та­ризм құр­бан­да­ры­ның рухы­на тағ­зым етіп, «АЛЖИР» мемо­ри­ал­ды-мұра­жай кешенін­де­гі ескерт­кіш тақтаға гүл шоғын қой­ды­ңыз. 103 мың­нан астам адам­ның тұтқын­да­лып, оның 25 мың­нан да көбінің ату жаза­сы­на кесіл­генін, Қаза­қстан­дағы 11 лагерь­дің қабы­рға­сын­да адам­дар қинау мен азаптау сал­да­ры­нан қаза болға­нын айт­ты­ңыз. «Сая­си қай­рат­кер­лер­мен қатар олар­дың жұбай­ла­ры мен бала­ла­ры да қуғын-сүр­гін­ге ұшы­ра­ды… Халқы­мыз осы қай­ғы­лы оқиға­лар­ды есте сақта­уға тиіс. Мұн­дай қасірет қай­та­лан­бас үшін, оны бола­шақ ұрпақ білуі керек. Бүгін­де біз құқы­қтық жаңа мем­ле­кет құр­дық. Қаза­қстан­да аза­мат­тар­дың құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­ры қорғалған. Біздің елі­міз­де сая­си қуда­ла­у­ға орын жоқ» дедіңіз. Біз мұны қалай түсі­нері­мізді біл­медік. Ақиқат­тан аттап кету­ге бол­май­ды. Мұн­дай-да көп­те­ген сұрақ туындайды.

Рес­пуб­ли­ка­мы­здың авто­ри­тар­лық билік жүй­есінің қуда­ла­уы мен қысы­мын көр-ген, жазы­қ­сыз жаза­ла­нып түр­ме­ге қамалған аза­мат­та­ры­ңы­зды есеп­ке ал-маға­ны­ңыз ба? Әлде басқа­ша ойлай­тын­дар­ды, Сіз құрған мем­ле­кет­тік басқа­ру жүй­есін­де­гі келеңсіздік­тер­ді, жемқор­лы­қты, сая­си қателік­тер­ді, төңіре­гіңіз­де­гілер­дің той­ым­сызды­ғы мен озбыр­лы­ғын сынаған­дар­ды, талап қой­ып, нара­зы­лық біл­дір­ген­дер­ді қыл­мыс­кер сана­ты­на қосқа­ны­ңыз ба? Оппо-зици­ядағы қай­рат­кер­лі­гі үшін опат болған таны­мал тұлға­лар –З.Нұрқаділов, А. Сәр­сен­бай­ұ­лы, әле­умет­тік нара­зы­лы­қта­ры жеті айға жалғасқан, по-лици­я­лар­дың жап­пай оқ атуы­нан қаза тапқан, жара­ланған, сот­талған Жаңаө­зен мұнай­шы­ла­ры – бүгін­гі заман­дағы қуғын-сүр­гін­нің құр­бан­да­ры. Қоғам солай деп есептейді.

«Біздің елі­міз­де сая­си қуда­ла­у­ға орын жоқ» бол­са, күні кеше ғана «әле­умет­тік араз­ды­қты қоз­дыр­ды», «рұх­сат етіл­ме­ген митин­гіні ұйым­да­стыр­ды», «әдейі жалған ақпа­рат тарат­ты» деген жөн­сіз айып­та­у­лар­мен Макс Боқа­ев пен Талғат Аяно­вты неге бес жылға сот­та­ды? Сіз айтқан­дай, «аза­мат­тар­дың құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­ры қорғалған» жағ­дай­да, олар Кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­ла­рын пай­да-ланып, митин­гі­ге қаты­сқа­ны үшін сот­тал­мас еді. Жер кодексін­де­гі халық нара­зы­лы­ғын туғы­зған, кей­ін өзіңіз мора­то­рий жари­я­лаған жер­ді шетел­дік­тер­ге жалға беру, сатуға шыға­ру бап­та­ры пар­ла­мент­ке қай­та қара­уға жіберіл­ді. Жер­ді қорғай­тын пат­ри­от­тар­дың бар­шы­лық екеніне жұрт алдын­да сүй­сініс біл­дір­ген­дей бол­ды­ңыз, бірақ сол пат­ри­от­тар­ды қыл­мыс­кер секіл­ді түр­ме­ге қамауға жол бер­діңіз, қорға­уды ойла­ма­ды­ңыз. Халық баты­ры атанған екі аза­мат­ты Еуро­па одағы, АҚШ, Кана­да және бірқа­тар халы­қа­ра­лық құқық қорғау ұйым­да­ры бостан-дыққа шыға­ру­ды талап етті.

 

Пре­зи­дент мыр­за! Жас та бол­са қоғам қай­рат­кері ретін­де таны­лып үлгер­ген жур­на­лист Жан­бо­лат Мамай­ды Сіз жақ­сы білесіз. «Сая­си қалам. Три­бу­на» га-зетінің бас редак­то­ры Ж.Мамай 2017 жылы 10 ақпан­да қамауға алын­ды. Сыбай-лас жемқор­лы­ққа қар­сы ұлт­тық бюро­сы кінәсіздік пре­зумп­ци­я­сы ұста­ны­мы­на, сот­тың айып­тау үкі­мінің күшіне енуіне қара­ма­стан, оны шетел­де эми­гра­ци­яда жүр­ген сая­сат­кер әрі бан­кир М.Әбілязовтың «көмек­шісі» деп ата­ды. Заң­сыз жол-мен алы­нған ақша қара­жа­тын неме­се өзге мүлік­ті заң­да­сты­ру әре­кетін жаса­ды, БТА бан­кі­нен ұрланған ақша қара­жа­ты­ның бір бөлі­гінің ізін жасыр­ды деген айып­та­у­мен қыл­мыстық іс қозға­ды. Қамауға алы­нған оны түр­ме­де ұрып-соғып, қысым көр­се­ту жағ­дай­ла­ры орын алған, бопса­ла­у­шы­лар Ж.Мамайдан сая­сат­тан бас тар­ту­ды және ақша беруді талап еткен.

Жан­бо­лат қоға­мға ешқан­дай қауіп төн­дір­ме­се де, ауыр қыл­мыс жаса­ма­са да, тер­ге­у­ге, сотқа ешқан­дай кедер­гі кел­ті­ру, ықпал ету мүм­кін­ді­гіне ие бол­ма­са да, оны қамауда ұстап отыр. Отба­сын­да жас бала­сы және қарт ата-ана­сы бар оның заң талап­та­рын сақтап, ешқай­да кет­пей­тін­ді­гіне қоға­мға бел­гілі аза­мат­тар кепіл болып, қамаудан боса­ту­ды өтін­ді. Бірақ мил­ли­он­дар мен мил­ли­ард­тар­ды жымқы­рған, пара алған, адам өлтір­ген қыл­мыс жаса­у­шы­лар­ды тер­геу кезін­де бостан­ды­ққа жібер­гіш сот­тар сая­сатқа ара­ласқан күдік­ті Ж.Мамайға үй қамаққа алу, ешқай­да кет­пеу жөнін­де­гі қол­хат­пен боса­ту шара­ла­рын қолданбады.

 

Пре­зи­дент мыр­за! Жан­бо­лат Мамай Сіздің мем­ле­кет­тік қыз­метіңіз­ге, жүр­гіз­ген сая­са­ты­ңы­зға бай­ла­ны­сты айна­лаңы­здағы адам­дар тура­лы, қоғам­дағы ке-леңсіздік­тер­ге қаты­сты көп­те­ген сын мақа­ла­лар жаз­ды. Сіздің есі­міңізді Аста­на қала­сы­на, әуе­жай­ға беру, Еңбек Ері атағы­на ұсы­ну сияқты баста­ма­ларға қашан­да қар­сы пікір біл­діріп, орын­ды уәж айтып, жұрт­шы­лы­қтан қол­дау тапқан мақа­ла­ла-рын жари­я­ла­ды. Олар­мен өзіңізді таны­сты­рға­ны­на біз сенім­ді­міз. Ж. Мамай­ды Сіз жақ­сы білесіз дей­тіні­міз содан. Қалың оқыр­ман қауым «пре­зи­дент өзін сы-наға­ны үшін неме­ресін­дей Жан­бо­лат­тың соңы­на түс­кені несі?» дей­тін пікір­де жүр.

Міне, осын­дай батыл, тура­шыл, мем­ле­кет­шіл, пат­ри­от аза­мат­тың басы­на қара бұлт үйіріл­ді. Бұл – қазақ қоға­мын алаң­да­та­тын, нара­зы­лы­қтарға жол аша­тын жағ­дай. Бұл – біздің елі­міз­де сая­си қуғын-сүр­гін бар ма, жоқ па деген сұрақтың тіке­лей жау­а­бын көрсетеді.

Жан­бо­лат Мамай­ды сая­си аста­ры бар қыл­мыстық және жазы­қ­сыз қуда­ла­уды тоқтатқы­зу – Сіздің қолы­ңы­зда! Макс Боқа­ев пен Талғат Аяно­втың да тағ­ды­ры­на сер­гек қара­уы­ңы­зды сұраймыз.

Жур­на­лист, қоғам қай­рат­кері Жан­бо­лат Мамай­ды қорғау коми­тетінің мүше­лері және «Қаз­по­шта» ғима­ра­ты алдын­дағы қол қою акци­я­сы­на қатысушылар:

Жур­на­ли­стер – Ерға­ли­е­ва Гүл­жан, Сәр­сен­бай Рыс­бек, Есер­ге­пов Рама­зан, Дәрім­бет Нази­ра, Сви­ри­дов Андрей, Тау­ки­на Роз­ла­на, Нұр­мұ­хан­бе­тов Мирас, Гри­шин Андрей, Шор­ман­ханұ­лы Аза­мат; қоғам қай­рат­кер­лері – Қоса­нов Әмір­жан, Архан­гель­ский Геор-гий; ғалым – Жүке­шев Қанағат; құқық қорға­у­шы­лар – Жовтис Евге­ний, Аспан­ди­я­ро­ва Мар­жан, Төреғо­жи­на Бақыт­жан, Аге­ле­уов Ғалым, Қали­ев Ерлан; еңбек арда­гер­лері – Аута­ки­нов Дүй­сен­бай, Дүй­сен­ба­ев Қал­мұ­хам­бет, Дүй­сен­ба­е­ва Рай­са, Алдаб­а­ев Ержан; Қаза­қстан аза­мат­та­ры – Сай­дов Борис, Құда­ров Сүй­есін, Ками­ло­ва Динар, Оспа­нов Дастан, Әбіл­бе­ко­ва Гүл­нар, Оспа­нов Арлан, Алпы­с­ба­ев Ерға­зы, Жұма­но­ва Шол­пан, Сер­жан Гүл­за­да, Бер­са­ли­мов Асхат, Бек­кү­жи­ев Мамай, Тоқ­па­та­е­ва Міна­жат және басқа­лар. Әле­умет­тік желі­де­гі қазір­ге дей­ін­гі қол­да­у­шы­лар саны 330-дан асты. Қол­да­у­шы­лар тізі­мі жалға­са береді.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн