Пятница , 4 июля 2025

ЖЕҢІС МЕЙРАМЫҚАНДАЙ МЕЙРАМ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №17 (381) от 4 мая 2017 г.

 

Түй­сік таразысы

 


 

1941–1945 жыл­да­ры негізі­нен КСРО мен Гер­ма­ния ара­сын­да төрт жылға созы­лған қан­ды қырғын­ды Кремль бас­шы­ла­ры, Ресей тарих­шы­ла­ры мен сая­сат­кер­лері «Ұлы Отан соғы­сы» деген атпен халы­қтың сана­сы­на сіңіріп, қалып­та­сты­рып жібер­ді. Алу­ан түр­лі қулық-сұм­ды­қ­пен, сай­қал да жымысқы­лық әдіспен, қала бер­ді зор­лық-зомбы­лы­қ­пен сана­сы­на сіңіріл­ген соқыр сезім­ге, өтірік үгіт-наси­хатқа әбден беріл­ген адам­ның сана­сын оның бәрі­нен тазар­ту өте қиын. Ол – сабын­дап жуып тастай сала­тын тән кірі емес, ол – жан­ның кірі, жанға да, қанға да әбден сіңіп қалған руха­ни кесел, сырқат.

 

Біз, яғни қаза­қтар, «1941–1945 жыл­дар­дағы Ұлы Отан соғы­сы» деген сөз тір­кесінің аржағын­да нен­дей астар жатыр, осы сөзді Мәс­кеу бас­шы­ла­ры неге біз­ге әлі де қай­та­лап айтқы­зуға құмар деп, сәл де бол­са терең­деу ойла­у­ға әлі де қабілет­сіз сияқты­мыз. Өйт­кені біз­де соңғы 25 жыл­да қаза­қтың ой-сана­сын баяғы кеңе­стік-ресей­лік сұрқия үгіт-наси­хат­тан тазар­ту шара­ла­ры жүр­гізіл­ген жоқ.

Рас, сол соғы­ста ерлік­пен шай­қасқан әке­лері­міз бен ата­ла­ры­мыз, бірен-саран бол­са да, әже­лері­міз бен апа­ла­ры­мыз бол­ды. Бірақ сол соғы­сқа солар­дың бәрі шыны­мен өз еркі­мен бар­ды ма, олар шыны­мен «Мәс­кеу үшін!», «Ста­лин үшін!» деп жанын қиды ма, ал бұл соғы­сқа бар­май­мын деген­дер мен қашып кет­кен­дер­ге Мәс­кеу қан­дай жаза қол­дан­ды? Осы соғыс кім үшін, қай елді аман алып қалу үшін бол­ды – соны ақы­лға салай­ық десең бол­ды, өзіңе дүр­се қоя беретін­дер әлі де аз емес.

Ал оры­стар «Жеңістің 70 жыл­ды­ғы» деп және олар­дың айтқа­нын қай­та­лап айту қаны­на сің­ген қаза­қтар оларға қосы­ла шауып, дуыл­датқан мей­ра­мға был­тыр біз­бен бір туған өзбек, қырғыз, түр­кі­мен, әзір­бай­жан, тәжік те, оры­спен кін­ді­гі бір бело­рус та барған жоқ. Ал рейхс­та­гқа Кан­та­рия деген гру­зин ұлы ту тік­се де, гру­зин Ста­лині бас қол­бас­шы бол­са да, Гру­зия бұл «Жеңіс күнін» атап өту­ден баяғы­да бас тарт­ты. Укра­и­на да қара­сын көр­сет­пе­стен қал­ды. Тек қазе­кем ғана…

9 Мамыр күн­гі бұл мей­рам Гер­ма­ни­яда қара­лы күн ретін­де атап өтіледі. Енде­ше тұтас бір ұлт­тың қара­лы күнін екін­ші бір ел қыру­ар қар­жы жұм­сап, ұлан-асыр той­ға айнал­ды­руы дұрыс дей ала­сыз ба? Әшей­ін­де қай­ғы да, қуа­ныш та бүкіл адам­за­тқа ортақ дей­тіні­міз қай­да? Әлем­нің үлкен-үлкен ойшыл­да­ры Жеңіс той­ын той­лау деген­ді үлкен қателік деп біледі ғой! Неге десеңіз, сол жол­да екі жақтан да мил­ли­он­даған бей­күнә адам­дар­дың қаны төгіл­ді. Ресей­дің, яғни Мәс­ке­удің коло­ни­я­сын­да болған қазақ, өзбек, қырғыз, әзір­бай­жан, түр­кі­мен, тәжік, татар, башқұрт және басқа­ла­ры әскер­ге күш­теп, зор­лы­қ­пен алын­ды. Бар­май­мын деген­дер атыл­ды. Оны өтірік дей алмайсыз.

Ал жүз мың­дап қыры­лған бей­күнә бай­ғұстар­дың бірі – қазақ ер-аза­мат­та­ры сол 1941–1945 жыл­дар­дағы соғы­сқа қалай барға­ны­на, кей­біре­улері не үшін жанын пида еткеніне тоқта­лып көрей­ік. Бұл жер­де сонау Ақпан, Қазан төң­керістері кезін­де қаза­қты оры­стың ақ гвар­ди­я­шы­ла­ры мен қызыл гвар­ди­я­шы­ла­ры кезек­пен шыбын­дай қырға­нын, одан кей­ін­гі кон­фис­ка­ци­я­лау, қол­дан жасалған ашар­шы­лы­қтар­дан қаза­қтар мил­ли­он­дап қыры­лып, тірі қалға­ны жер ауда­ры­лға­нын, ұжым­шар­лан­ды­ру­дың алу­ан қор­лық-зор­лы­ғын көріп, сана­сы сәб­діреп қалға­нын айтып жат­пай-ақ қоя­лық. Осы зоба­лаң­дар­дан кей­ін 1930 жыл­дар қаза­қтың тағ­ды­ры­на жана­шыр, қаза­ққа оңы мен солын, пай­да­лы­сы мен залал­дыс­ын айтып жол көр­сетіп оты­ра­тын, «қазақ үшін» десең, кеудесін­де­гі жұды­ры­қтай жұмыр етін жұлып беру­ге даяр көзі ашық, ойлы аза­мат­та­ры түгел атып-асы­лған, тірісі түр­ме­ге тығы­лып, итжек­кен­ге айдалған, сол арқы­лы қаза­қтың ұлт­тық намысы да, ұлт­тық сана­сы да тап­талған жыл­дар бол­ды. Көзі ашық, елді оятар сөз айтар­лық сон­дай аза­мат­та­ры­нан айры­лған қазақ сөй­тіп, сая­си сау­а­ты төмен, оң-солын, дұры­сы мен бұры­сын өзі шеше алмай­тын қорқақ, жасық, әрі жер бетін­де ең күшті халық орыс деп ойлай­тын жас сәби сияқты хал­ге түсті.

Оның үстіне сол дәуір­де Мәс­кеу басқарған Кеңес үкі­меті бай және жар­лы, ескі­шіл және жаңа­шыл, дін­дар соқыр және көзі ашық аза­мат деп, бір қаза­қты екі­ге, үшке бөлу, қызды – анаға, ұлды – әке­ге қар­сы қою сияқты сай­қал сая­сат­ты өте шебер жүр­гізді. Осы­ның бәрін бастан өткер­ген қазақ әбден есең­гіреп, жүн­жі­ген, қорқақ, өмір­ге көзқа­ра­сы әртүр­лі топқа бөлін­ген, ұлт­тық намыстан айры­ла бастаған, оры­сты Құдай­дан кем көр­мей­тін күй­мен «Отан соғы­сы» деп ата­ла­тын қанқа­сап қырғы­нға барып түсті.

 

Айт­пақ­шы, Мәс­ке­удің әлгі сай­қал сая­сат­та­ры аз болған­дай, сол соғы­стың алдын­да ғана бірі Жапо­ни­я­ның, бірі Аме­ри­ка­ның «тың­шы­сы», «халық жауы» деген сияқты «таза­ла­у­ы­нан» өткен қазақ сәл қар­сы­лық көр­сет­пек түгілі, бір ауыз қар­сы сөз айт­са, басы­на қара күн туа­ты­нын білетін үрге­дек, үрей­шіл күй­ге түс­кен еді. Осы­лай­ша өз елін­де «қай­да бар­сам да бір өлім» күй­ге ұшы­рап, амал­сыздан «Отан үшін», «Москва үшін», «Ста­лин үшін!» деп, жаң­быр­дай жауған оққа қар­сы жүгір­ген шара­сыз бай­ғұстар аз болған жоқ.

Иә, бір­сы­пы­ра қазе­кем әлі де «Ұлы Отан соғы­сы» деп жүр­ген сол соғыс кезін­де боль­ше­вик­тік-ком­му­ни­стік идео­ло­гия жүр­гіз­ген үгіт-наси­хат өте жой­қын бол­ды. Сол жой­қын наси­хат пен үгіт қаза­қтар­дың сана­сы­на жер бетін­де­гі жұмаққа жол көр­се­тетін жалғыз да жарық жұл­дыз – Мәс­кеу деген надан­дық наным­ды, соқыр сезім­ді мықтап орнықтырды.

Сол жыл­да­ры адам бала­сы­ның ақыл-ойы жет­пей­тін өтірік­тер айту­да алды­на жан сал­май­тын газет­тер көп­теп шыға­рыл­ды. Адам нанғы­сыз өтірік ерлік­тер, ертек­тер­де ғана болуы мүм­кін көз­сіз батыр­лы­қтар тура­лы мақа­ла­лар­дан көз сүрі­нетін бол­ды. Кеудесін оққа тосу­шы­лар, пуле­мет­тің оқ шашып тұрған аузын төсі­мен жауып қақал­тып тастай­тын­дар, өзі қанға бөгіп құлап бара жатып, «Москва үшін жан пида», «Ста­лин үшін алға», «Отан үшін» деп айғай­лап құлай­тын­дар тура­лы лепір­ме мате­ри­ал­дар жиі-жиі жари­я­ла­нып жат­ты. Әр рес­пуб­ли­ка­дан Мәс­ке­уді, Ленин­град­ты, Ста­лин­ді, орыс халқын мақтап жыр­лай­тын қарт ақын­дар қол­дан жасалды.

Осы күні Алма­ты­да «28 пан­фи­лов­шы­лар пар­кі» деп ата­ла­тын саябақта ескерт­кі­ші тұрған пан­фи­лов­шы­лар­дың «ерлі­гі» ойдан шыға­ры­лған өтірік екені бас­пасөз­де бір­не­ше мәр­те жазыл­ды. Ал біз сол кезеңнің осын­дай үгіт-наси­ха­ты­ның сана­мы­зға сің­ген сал­да­ры­нан әлі де ары­ла алмай келе­міз. Бұны қазе­кем «Ауру бат­пан­дап кіріп, мысқыл­дай шыға­ды» дейді.

 

Әрине, біз сол кезеңнің соқыр сені­мі­нен ары­лғы­мыз кел­ме­уі­міздің реті де жоқ емес. Өйт­кені бәрі­міздің де әке­лері­міз бен ата­ла­ры­мыз, орыс мем­ле­кеті мен неміс мем­ле­кеті ара­сын­дағы сол қан­ды қырғы­нға қаты­сқа­ны рас. Бірақ сол шаһид марқұм­дар­дың көп­шілі­гі оған амал­сыз баруы­на қан­дай себеп­тер болға­нын жоға­ры­да айт­тық. Иә, олар­дың көп­шілі­гі өздері кім үшін, не үшін ажалға қар­сы бара жатқа­нын ақыл-ой таразыс­ы­на салуға сая­си сана-сезі­мі, сая­си білім-білі­гі жет­пе­ген­дік­тен бар­са, енді бір бөлі­гін өкі­мет зор­лы­қ­пен қой­ша жинап апа­рып сал­ды. Бұл соғы­стың жал­пы қазақ ұлты­на тіке­лей қаты­сы жоқ деп соғы­стан қашқан­дар (дезер­тир­лер) ұзақ жылға сот­тал­ды неме­се атуға бұй­ы­рыл­ды. Қазір сол соғы­ста жасал­ды деп газет­тер жабы­ла жазған ерлік­тер­дің көбі өтірік екені де айтылуда.

Қалай десеңіз де, бұл соғыс тура­лы пікір сонау кеңес зама­нын­да-ақ екі­ге айы­ры­лған-ды. Әне­бір кез­де қазе­кем тілін, ділін, дінін, салт-дәстүрін түгел қал­пы­на кел­тіріп, енді тек Сабыр Рахи­мов деген гене­рал өзбек емес, қазақ екенін дәлел­деу ғана қалған­дай, әлдеқа­шан марқұм болған адам­ның әру­ағын тебірен­ту­мен бол­ды. Әшей­ін­де де «Русия білән Гер­ма­ни­я­ның ұры­шы биз­гә немә­га керәк?» дей­тін өзбек ағай­ын­дар осы­дан кей­ін сен­дер­ге кере­гі осы ма деген­дей, Таш­кент мет­ро­сын­дағы бір бекет­тен де, бір аудан­нан да С.Рахимовтың есі­мін алды да таста­ды. Біз­бен тілі, діні бір көр­ші елдер, Укра­и­на мен Гру­зия, Бал­тық елдері 9 Мамыр күн­гі «Жеңіс тойы» деген­ді мүл­де атап өтпей­ді. Тек біз ғана Ресей­ге, Мәс­ке­у­ге адал, шын жүрек­тен беріл­гені­мізді дәлел­дей­тін әр сәт­ті қалт жібермейміз.

Осы «Жеңіс тойы» деп ата­ла­тын бір ғана мей­рам­сы­мақтың өзі-ақ бүгін­гі жас ұрпақтың сана­сы­на кеше­гі де бүгін­гі Ресей­ге табы­ну­шы­лы­қты, құл­дық ұру­шы­лы­қты сіңіру­ге молы­нан жететінін неге ойла­май­мыз? Осын­дай құл­мі­нез біз Ресей­ден азаттық алдық деп жари­я­лаған 1991 жыл­дан бер­мен туған жастар ара­сын­да да кез­де­сетініне жаның күйеді.

Әр жылы «Ұлы Отан соғы­сы­ның пәлен­бай жыл­ды­ғы» күні Қаза­қстан қала­ла­ры мен ауыл­да­рын­да сары­а­ла қоңы­здың қабы­ғы­нан айны­май­тын тас­па­лар (лен­та­лар) тара­ты­ла­ды. Оны Ресей­дің Қаза­қстан­дағы елшілі­гі тара­та­ды. Бұл – пат­ша­лы Ресей зама­нын­да оры­стар әулие деп атаған Геор­гий деген­нің құр­метіне бекітіл­ген мара­пат айқы­штың (кре­стің) қара және сары түс ара­лас тас­па­сы. Оны тәу­ел­сіздік алған Қаза­қстан­ның қаза­ғы түгілі, о заман­да да бір қазақ кеудесіне тақ­пақ тұр­мақ, қолы­на ұстамаған.

Рас, оры­сқа тиген қазақ қызы­нан туған гене­рал Кор­ни­лов осы орден­ді таста­май тағып жүріп­ті. Құдай ісіне не шара, осы күні өзін «циви­ли­зо­ван­ный» деп білетін көзі ашық кей­бір қазе­кем бұл Геор­гий лен­та­сы Ресей­дің импе­ри­я­лық сая­са­ты­ның жалға­сы екенін түсін­бей, бір­сы­пы­расы кеудесіне, енді біре­улері көлі­гіне тағып желбіретіп жүр. Бұл орден­нің куәлі­гін­де «Ресей­ге көр­сет­кен қыз­меті мен ерлі­гі үшін» деген жазу бар. Оның ең тұңғыш иегері М. Куту­зов еді.

Иә, 1768–1774 жыл­дар­дағы орыс-түрік соғы­сы кезін­де «дүни­е­ге кел­ген» бұл орден­ді пат­ша­лық Ресей де, кеңе­стік Ресей де, бүгін­гі Ресей де өзіне қыз­мет еткен­дер­ге беретін кәде ретін­де пай­да­лан­ды. Енде­ше біз қай Ресей­дің де пиғы­лын­да импе­ри­а­ли­стік, шови­ни­стік жымысқы­лық жатқа­нын аңғар­май­тын­дай күй­ге түс­кені­міз бе? Әйт­пе­се 1945 жылы Жеңіс той­ын той­лап, тост көтеріп жатқан­дар бірі­нен соң бірі «За побе­ду рус­ско­го ору­жия», «За рус­скую армию», «За това­ри­ща Ста­ли­на», «За рус­ский народ» деп күр­кіре­уінің аржағын­да ең ақы­мақ ада­мға да түсінік­ті пиғыл көрініп тұрған жоқ па еді?!

 

Иә, бұл соғы­ста екі жақтан да мил­ли­он­даған бей­күнә пен­де опат бол­ды. Олар­дың ешқай­сысы ана құр­сағы­нан қанқұ­мар, қані­шер боп туған жоқ. Олар адам қанын, адам өлі­гін соғы­сқа келіп көр­ді. Олар қар­сы жақтың ада­мын бірін­ші болып өлтір­ме­се, ол өзін өлтіретінін біл­ген­дік­тен, әуелі амал­сыз өлтіруді үйренді.

Ал киелі де қаси­ет­ті ислам дінін­де жеңіс той­ын той­лау, қан­ды қырғын­ды той­лау, марқұм­дар­дың қаны төгіл­генін той­лау деп есеп­те­леді. Ресей 1812 жылғы фран­цуз­дар­мен болған соғы­сты да Ұлы Отан соғы­сы дей­ді. Оған іші­на­ра қаза­қтар да қаты­сқан. Енде­ше кей­бір желөк­пе, той­құ­мар қазақ оны да «ата-баба­мыз Ота­нын қорғаған соғыс» десе, не беті­мізді айтамыз?

Сонау жыл­да­ры Мәс­ке­удің зор­лы­ғы­мен бей­біт жатқан Ауған­станға барып қан­ша­ма боздақта­ры­мыз қырыл­ды?! Біз одан аман қай­тқан жігіт­тері­мізді «интер­на­ци­о­на­лист жауын­гер» деуді де тоқта­ту керек. Олар Ауған­станға «Отан қорға­уға» барған жоқ. Мәс­ке­удің айдап салуы­мен бар­ды. Бар­май­мын десе, «ота­нын сатқан сатқын» ата­лып түр­ме­ге жабы­лар еді.

Қысқа­сы, өткен ғасыр­дың 1941–1945 жыл­дар ара­лы­ғын­да болған, бей­күнә мил­ли­он­даған адам опат болған соғы­сты біз де, яғни қаза­қтар да, «Ұлы Отан соғы­сы» деп той­ла­у­ы­мыз керек пе, жоқ па деген пікір­лер екі­ге жары­лға­лы біраз бол­ды. Ең абза­лы қаза­қта қашан­нан-ақ бір ғана Отан бар екенін, ол – тек Қазақ елі екенін, «Мәс­кеу – Ота­ны­мы­здың жүре­гі» емес екенін естен шығар­мауы­мыз керек.

 

Мыр­зан КЕНЖЕБАЙ,

ақын, ҚР Мәде­ни­ет қайраткері

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн