Суббота , 5 июля 2025

ЖЕЛІДЕГІ турабилер НЕ ДЕЙДІ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №1 (365) от 12 янва­ря 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 

Борат­стан

 


 

 

Асыл­хан Мамашұлы:

– Пре­зи­дент­тің мәде­ни­ет сала­сын­дағы сти­пен­ди­я­сы тұр­мысы төмен мәде­ни­ет өкіл­деріне мем­ле­кет тара­пы­нан көмек көр­се­тудің бір жолы ретін­де бел­гі­лен­ген еді әу баста. Әле­умет­тік жәр­дем болған соң да, сти­пен­ди­яға кон­курс жари­я­лан­баған. Кей­ін­нен интел­ли­ген­ци­я­ның көңілін аула­у­ға арналған құралға айна­лып тын­ды-ау! Әйт­пе­се биы­лғы тізім­де жүр­ген Олжас Сүлей­ме­нов, Мыр­за­тай Жол­да­с­бе­ков, Әбіл­фай­ыз Ыды­ры­сов, Төлен Әбдік, Шота Уәли­ха­нов, Ескен­дір Хасанға­ли­ев, Есмұқан Оба­ев сияқты шен-шек­пе­нін уақы­ты­лы алып, дәу­летін жиып үлгер­ген шал-шауқан­дарға сти­пен­дия не керек? Осы­лар­дың Ерлан Рысқа­ли, Ерлан Жүніс, Алмас Темір­бай­лар­мен жаға­ла­сып, мем­ле­кет­тен сти­пен­дия ала­тын реті бар ма? Әлде әле­умет­тік көмек­ке мұқтаж талант­тар аз ба?

 

Аза­мат Хайсин:

– Бүгін дәрі­ха­наға бар­сам, баға­ны шары­қта­тып жіберіп­ті. «Бұла­рың қалай? Зей­не­тақы әлі қолға тиген жоқ қой?!» – десем, сату­шы: «Баға­ны біз қой­май­мыз, дәрі­ха­на иесі қояды», – дейді.

Елдер зей­не­тақы көбей­етін бол­ды деп мәз болып жүр… Зей­не­тақы­ны халы­ққа жаны ашы­ған­нан көтер­мей­ді. Керісін­ше, қым­бат­шы­лы­қ­пен халы­қтың еңсесін басу үшін көте­реді. Зей­не­тақы мен жәр­де­мақы көтеріл­се, баға да көтеріледі… Қитұрқы сая­сат қой.

 

Мұса­бек Досанов:

– Қаза­қта «көк қарға к…не қара­май әули­е­ге қонып­ты» деген бар. Біздің билік қырғыз еліне 100 млн дол­лар көмек, Сири­яға 500 тон­на азық-түлік беріп­ті. Қай­ы­рым­ды­лық жасау абы­рой­лы іс, бірақ айлы­ғы ішіп-жеуіне жет­пей жүр­ген білім және ден­са­улық сала­сы қыз­мет­кер­лерін, бас­па­на­сыз тен­тіреп жүр­ген отба­сы­лар­ды ойлай­тын билік­те пен­де бар ма екен? Әлде ақы­ры талан-тара­жға түсіп жатқан дүние ғой дей ме екен?!

 

• (Пікір­лер «Фейс­бук» желісі­нен алынды)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн