Суббота , 5 июля 2025

ЖЕЛІДЕГІ ЖАЗБАЛАР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №22 (386) от 8 июня 2017 г.

 

 

 

АнекDAT

 

Қой­шы­бай­ұ­лы БАЙДІЛДӘ:

Пан­теон­нан өздерің орын алып, біз­ге пәтер бер­сең­дер де бола­ды, Аба­ев мырза!

• Аbai.kz

 

 

 

«СЕКСПО» БАСТАЛДЫ

 

 

Қонақтар кеп қал­ды, «секспо» басталға­лы жатыр. Достар, шетел­дің алдын­да мар­ка­мы­зды түсіріп алмай­ық, қонақтар­ды дұры­стап қар­сы алай­ық. Кім жемқор, кім шошқа – бәрін біле­міз, әңгі­мені үш айдан кей­ін жалға­сты­рар­мыз. Ал қазір қонақтар­ды улап алмай, дала­да қал­дыр­май, әде­мі жер­лері­мізді көр­се­тей­ік, тона­май, ҚАЗАҚ деген кере­мет екен деп кет­сін. Бәрі­міз ат салы­сай­ық! Жарай ма?

Аңсаған МҰСТАФА

 

 

 

 

МҮМКІНДІК

 

Мүм­кін­дік­ті мүлт жібер­ген адам Құдай­ға рен­жи алмай­ды. Құдай оған мүм­кін­дік бер­ді – пай­да­лан­баған өзі кінәлі. Ол Құдай­ға «мүм­кін­дік бер­медің» деп айта ала­ды. Ондай адам­дар өмірінің соңы­на дей­ін сол мүм­кін­дік­ті күтіп өте­ді. Бүгін­гі шетел аза­ма­ты­нан 40 000 тең­ге алған так­си жүр­гі­зу­шісі, Құдай бер­ген мүм­кін­дік­ті мүлт жібер­меді. Құдай сол мажар тури­сті так­сист­ке арнайы алып кел­ді, яғни Құдай­дың так­сист жігіт­ке бер­ген ризы­ғы сол еді. Жігіт – шетел­дік­ті алда­ма­ды. Ол Құдай бер­ген мүм­кін­дік­ті пайдаланды.

Жігіт – өз баға­сын ұсын­ды. Шетел­дік аза­мат оған келіс­пей, басқа так­си­ге оты­ра салуы­на болар еді. Так­сист тури­ст­ты мәж­бүр­ле­ген жоқ. Сон­ды­қтан ебін тапқан так­си­ст­тің пысы­қты­ғы­на риза болған­нан басқа еш таға­тын мін таппайсың.

Құдай тағы да сон­дай қал­та­лы тури­стер­ді Қазақ еліне әкеліп, қара­пай­ым қазақ ұлқы­зда­ры бай­ып қалуы­на себеп болғай! Аумин!

 

Самат НҰРТАЗА

 

Шынайы мұсыл­манға ПОНТЕОН КЕРЕК ПЕ?

 

Үкі­мет бекіт­кен ПОН­Теонға жер­ле­нетін шене­унік­тер­дің лау­а­зым­дық тіз­бесіне қараған­да, бір­дебір шынайы мұсыл­ман мәй­іті ол жер­ге жола­тыл­май­тын тәрізді. Бір жағы­нан бұл дұрыс та.

 

Өйт­кені лау­а­зы­мы­на қарай ол жер­ден буд­дист те, хри­сти­ан да, ате­ист те орын алмақ. Тіз­бе бой­ын­ша, ол жер­де негізі­нен ислам­ды құбы­жық қып көр­се­тетін­дер, меке­месін­де намаз оқуға рұқ­сат етпей­тін­дер, өздерін ислам құн­ды­лы­қта­ры­нан жоға­ры әрі тәкап­пар ұстай­тын­дар, әділ­дік­ке жақ­тас­пай­тын­дар, діні­міз­ге қар­сы заң шыға­ра­тын­дар, мем­ле­кет­тік тіл­ді мен­сін­бей­тін­дер, әділет­сіз жаза тағай­ын­даған сот­тар, тек мұсыл­ман болға­ны үшін ғана адам­дар­ды қор­лай­тын­дар, парақор­лар мен жағым­паз­дар жата­тын тәрізді. Бір­тебір­те әлем­де­гі Құран ең аз оқы­ла­тын, мүм­кін, мүл­де оқыл­май­тын мола сол болып жүрмесін?!

Сон­ды­қтан шынайы мұсыл­ман­ның ПОН­Теон­да шаруа­сы жоқ!

Марат ТОҚАШБАЕВ

 

 

АнекDAT

 

Қызық. Ашар­шы­лық құр­бан­да­ры­на – құр қара тас, ал «тоқ­шы­лық құр­бан­да­ры­на» – пантеон.

Kosai AUELHAN­ның ФБпарақшасынан

 

 

ПАРА МЕН ЖАЛА

 

Бір мил­ли­он дол­лар пара алған Ни босап шыға­ды да, 45 000 тең­гені сөм­кесіне қорқы­ты­пүр­кітіп салған Марал Қадыр 7 жылға сот­та­ла­ды. Марал жетім қыз, жесір келін­шек, жалғы­з­ба­сты ана бола­тын. Оның кінәсіз екенін бүкіл әріп­те­стері, облыс жұрт­шы­лы­ғы, ақсақал­дар алқа­сы айтып, сот­тан ара­ша сұраған.

Ал әріп­тесінің қай­тқан ана­сы­на ұжым болып жинап бер­ген батаға деген ақша­ны пара ретін­де тір­кеу еш адам­гер­шілік­ке жат­пай­ды ғой! Қырық бес мың тең­ге үшін жеті жылға сот­тап, мүл­кін кәм­пес­ке­леу, өмір бойы мемқыз­мет­ке жолат­пау – бұл енді цирк. Сот үкі­мін есті­ген­де, Кас­пий күңірен­ді. Ал, жыр­ты­лы­ң­дар! «Алға, Қаза­қстан, алға, Нұрсұлтан!».

Оңғар ҚАБДЕНОВ

 

 

КЕННЕДИДІ БІЛЕМІЗ БЕ?


Бүгін Кен­не­ди­ге 100 жыл…

Жазып оты­рған себебім – ол кісі маған жақын болып шықты… Бірін­ші­ден, көр­ші­міз болған екен. Тұп­ту­ра бір ғасыр бұрын біз тұрып жатқан Бруклайн деген қала­шы­қта туған, таяқ тастам жер­де­гі көр­ші мек­теп­те оқы­ған. Аға­штан салы­нған екі қабат үйі әлі сол қал­пын­да, қазір шағын музей­ге айналған.

Екін­ші­ден, уни­вер­си­тет­тес­піз. Гар­вард­та оқы­ған. Қазір Гар­вард­тың Үкі­мет мек­тебі Кен­не­дидің атында.

 

***

Аме­ри­ка­лы­қтар­дың Кен­не­ди­ге деген маxаб­ба­ты ерекше. Қат­ты жақ­сы көреді. Бар­жоғы 2 жыл 10 ай ел басқарған Аме­ри­ка­ның ең жас пре­зи­ден­ті сон­ша­ма не істеп үлгер­ген деген сұрақ еріксіз тууы мүмкін.

Бірін­ші­ден, бірқа­тар рефор­ма­лар­ды қолға алып, салы­қты күрт түсіріп, эко­но­ми­ка қаза­ны­ның отын лап еткіз­ген. Эйзенxау­эр­дің кезін­де 2%ды місе тұтқан ІЖӨ өсі­мін 5,5%ға бірақ шыға­ра­ды. Инфля­ци­я­ны 1%дан асырмайды.

Екін­ші­ден, «Қырғиқа­бақ соғы­сын» оры­стіл­ді ақпа­рат­тық кеңістік «Кариб дағ­да­ры­сы», ал аме­ри­ка­лы­қтар – «Куба зымы­ран дағ­да­ры­сы» деп атай­тын аса шие­леніс­кен, адам­заттың тағ­ды­ры тара­зы­ға тар­ты­лған тұста Кен­не­ди кеңдік әрі көре­ген­дік танытады.

Жал­пы ядро­лық қару жары­сы түбін­де жақ­сы­лы­ққа апар­май­ты­нын, ада­мға да, қор­шаған ортаға да пай­да­сыз, бос әуре­шілік екенін түсін­ген Кен­не­ди әріп­тесі Хру­щев­пен келіс­сөз жүр­гізіп, 1963 жылы тамы­зда «Ядро­лық қару сынағын шек­теу тура­лы» келісім­шар­тқа (The Partial Nuclear Test Ban Treaty) қол қояды. Осы уақыт­тан бастап, ядро­лық қару­ды жер үстін­де, су астын­да неме­се ауа­да жаруға тый­ым салы­на­ды, сынақ тек жар астын­да жүр­гізіледі деп келісіледі.

Халы­қа­ра­лық сая­сат­та «қара дүр­сін күш» (hard power) емес, «жай­лы күштің» (soft power) жеңіп шыға­ты­нын ұға­ды. Бей­біт­шілік кор­пу­сын (Peace Corps) құрып, Аме­ри­ка­ның шетел­дік абы­рой­ы­на қара­пай­ым xалы­қты жұмыл­ды­рған. Күні бүгін­ге дей­ін 220 мың­нан аса аме­ри­ка­лық 140 елде әртүр­лі мәсе­ле­лер­ді шешу­ге қыз­мет еткен.

Үшін­ші­ден, көр­шің кедей бол­са, тыны­штық бол­ма­сын біл­ген Кен­не­ди Латын Аме­ри­ка­сы елдері­мен эко­но­ми­ка­лық бай­ла­ны­сты күшей­ту үшін «Про­гресс аль­ян­сы» жоба­сы­ның баста­ма­шы­сы бола­ды. Жылы­на 1,4 млрд дол­лар көмек беріп тұрады.

Төр­тін­ші­ден, «адам құқы­ғын қорға­уды ардың ісі» деп атап, тар­шы­лық көріп кел­ген қара нәсіл­ділер­ге біраз кең­шілік береді. Қара­лар­дың ғана емес, әйел­дер­дің де құқы­ғын қорғай­ды. Әйел­дер­дің еңбе­кақы­дағы теңсізді­гін заң жүзін­де жояды.

Бесін­ші­ден, жеке жетістік­теріне кел­сек, Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­сқа қаты­сып, АҚШ Теңіз күш­терінің батыр­лық үшін берілетін ең жоға­ры даңқы­на ие бола­ды. Аме­ри­ка­ның шығар­ма­шы­лық еңбе­гі үшін Пулт­цер сый­лы­ғын жеңіп алған жалғыз президенті.

Жастай қай­тқан соң, жұрт жадын­да жарқын жүзі­мен, тар­тым­ды кел­беті­мен қалған. Оған қоса, Айға адам аттан­ды­ра­мын деп, xалы­қтың наза­рын «Қырғи қабақ соғыс» төн­дір­ген үрей­ге емес, жұл­ды­здарға ауда­рып, үміт сый­лаған бас­шы болған. Сон­ды­қтан Кен­не­ди – жастық жалын­ның, үкілі үміт­тің сим­во­лы іспет­тес. Жоға­ры­да жазы­лған жетістік­теріне қоса, xалы­қтың шынайы маxаб­ба­ты­на ие болуы­ның сыры осы болар деп ойлаймын.

Үш жылға жет­пей­тін уақыт пре­зи­дент бол­са да, АҚШтың ең таны­мал үш пре­зи­ден­тінің қата­ры­нан орын алуы – әлем­нің пре­зи­дент­тік инсти­тут­ты­ғын­дағы айры­қ­ша құбы­лыс. Жал­пы, ел бас­шы­ла­ры рито­ри­ка­сын «мем­ле­кет xалы­ққа жағ­дай жасай­ды» деген тезис­ке бай­лай­ды. Солай қол­дау таба­ды. Осы уақы­тқа дей­ін АҚШ тариxын­да Кен­не­ди сияқты xалы­қтың 70% мақұл­да­уы­на ие болған пре­зи­дент бол­маған екен.

 

***

Кен­не­дидің 100 жыл­ды­ғы­нан бөлек, бүгін Аме­ри­ка­да Еске алу күні (The Memorial Day). Әргі­бер­гі заман­да АҚШ туы астын­да қаза тапқан ұлқы­здар­дың әру­ақта­ры­на тағ­зым етеді.

Бүгін­гі дема­лы­сты пай­да­ла­нып, ұйқы­ны қан­ды­рып, Джон Кен­не­дидің кіта­пxа­на­сы мен музей­іне бар­дық. 1963 жылы Кен­не­ди қастан­ды­қтан қаза болған соң, елжұрт жылу жинап, бұл орта­лы­қты 16 жыл­да әрең аяқтаған екен.

Бүгін үлкен той, xалық ығы­жы­ғы… Сыр­тқы есік­ке «Мың ада­мға жететін торт бере­міз» деп жазып қой­ып­ты. Музей экс­по­зи­ци­я­сы­мен асы­қ­пай таны­сып шықтық, 17 минут­тық деректі фильм көр­дік. Содан кіре­берісі көре­рмен­мен «желім­дел­ген» залға бас сұғып, сығы­лы­сып алды­ңғы жағы­на өңмең­дедік. Бостон­ның әкі­мі сөй­леп тұр. Саx­наға жақын жер­де шөк­кен түй­е­дей торт жатыр.

Ғай­ып­тан тай­ып, әлгі алып торт салы­нған арба біздің алды­мы­зға келіп тұра қал­са бола ма! Құдай берем десе, бере сала­ды екен: ең алға­шқы тілі­мі біз­ге бұйырды.

Шыңғыс МҰҚАН 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн