Пятница , 4 июля 2025

«ЖЕЛТОҚСАН АҚИҚАТЫ» ЖАҢАРДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №7 (371) от 23 фев­ра­ля 2017 г.

Апта апты­ғы

 

Соңғы жаңа­лық


 

Өткен жылы Қаза­қстан Тәу­ел­сізді­гінің 25 жыл­ды­ғы жоға­ры дең­гей­де ата­лып өтті. Бұл мере­ке Тәу­ел­сіздік­ке тіке­лей себеп болған, 1986 жылғы Жел­тоқ­сан көтерілісінің 30 жыл­ды­ғы­мен сәй­кес кел­ді. Алай­да, Жел­тоқ­сан көтерілісінің 30-жыл­ды­ғы Тәу­ел­сіздік мере­кесінің көлең­кесін­де қалып қой­ға­ны рас. Әрине, осы­ған дей­ін Жел­тоқ­сан көтерілісін Тәу­ел­сіздік баста­уы, тамы­ры деп мой­ын­дау сөз жүзін­де айты­лып кел­се де, іс жүзін­де Жел­тоқ­сан мен Тәу­ел­сіздік ара­сын бай­ла­ны­сты­ру, бір-біріне себеп-сал­дар ретін­де қарас­ты­ру болған емес. Нәти­же­сін­де, халы­қтың жады­нан Жел­тоқ­сан көтерілісі ұмы­ты­ла бастаған­дай бол­ды да.

 

Жағ­дай­дың осы­лай қалып­та­суы­на жел­тоқ­сан­шы­лар­дың өздері де ықпал еткенін де жасы­руға бол­май­ды. Олар жел­тоқ­сан иде­я­сы төңіре­гін­де бәрі бір ұйы­мға бірі­гіп, өз талап­та­рын жұды­ры­қтай жұмы­ла қоя біл­ген­де – жағ­дай мүл­дем өзге­ше болуы да мүм­кін еді.

Өкініш­ке қарай, алға­шын­да бір ұйы­мға бірік­кен жел­тоқ­сан­шы­лар, кей­ін­нен өз ара­ла­рын­да іріт­кі түсіп, бір­тін­деп бөлек-бөлек ұйым­дарға шашы­рай баста­ды. Қазір ондай ондаған ұйым­дар тір­кел­ген. Әрқай­сысы­ның артын­да қан­ша адам бар екені, нақты мақ­сат­та­ры қан­дай екені де аны­қтал­маған, саны бар сапа­сы жоқ жағ­дай­да жүріп жатыр.

Осы ұйым­дар­дың ішін­де ең бедел­дісі – «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» Рес­пуб­ли­ка­лық Пат­ри­от­тық Қоғам­дық Бір­ле­сті­гі сана­ла­ды. Бірақ, ол ұйым да 2011 жыл­дар­дан бастап өза­ра дау-дамай­ға жол беріп, екі-үш жылын сот­та­су­мен, бір-бірін қара­ла­у­мен, отта­су­лар­мен уақыт­та­рын тек­ке кетіріп алды. Бұл олар­дың қоғам­дық ұйым ретін­де қай­та тір­ке­луіне кедер­гі бол­ды. Сон­ды­қтан, іс жүзін­де жел­тоқ­сан­шы­лар осы ара­лы­қта, яғни, 5 жыл көле­мін­де қоғам өмірі­нен бір­ша­ма тысқа­ры қалып, ұмы­ты­ла баста­ды. Мұн­дағы «бір­ша­ма» деп оты­рға­ным, олар ара­кідік өздерінің тұр­мыстық және басқа жағ­дай­ла­ры­мен әкім­шілік­тер­ді «маза­лап» оты­рға­ны бол­ма­са, осы кезең­де рес­пуб­ли­ка­лық ұйым ретін­де беделі­нен ажы­раға­ны − шын­дық. Осы жағ­дай­да 2016 жылы сәуір айын­да «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» ұйы­мы өз бас­шы­лы­ғы­на жаңа адам­ды алып кел­ді. Оны өз жина­лы­сын­да бекітіп, жаңа сай­ланған бас­шы Болат Құрым­ба­ев көп ұза­май ұйым­ды Әділет мини­стр­лі­гі­нен тір­ке­уден өткізу­ге қол жет­кі­зеді. Содан бері «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» өздерінің құры­лым­дық басқа­ру жүй­есін жетіл­діру­мен шын мәнісін­де айна­лы­са баста­ды. Алды­мен ұйым мүше­лері­нен тәр­тіп талап етіл­ді, кім көрін­ген­нің жете­гін­де кетіп, Жел­тоқ­сан аты­на кір кел­ті­ру фак­тілері қатаң бақы­ла­у­ға алын­ды. Нәти­же­сін­де, жел­тоқ­сан­шы­лар да ұйы­мға қай­та топ­та­сып, бола­шақ бағ­да­рын айқын­да­уға көшті.

Тәу­ел­сіздік қар­саңын­да жел­тоқ­сан­шы­лар пат­ри­от­тық тәр­бие ісіне бел­сене ара­ла­сып, өздері де ұйым ретін­де бір ізге түсе баста­ды. Бірақ, қоғам­дық ұйым­дар­дың ере­же­сі бой­ын­ша, жаңа сай­ланған бас­шы­ны кон­фе­рен­ция бекітуі тиіс. Сол себеп­ті, 18 ақпан­да өткен «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» ұйы­мы­ның кезек­ті 3‑ші кон­фе­рен­ци­я­сы төраға етіп Болат Құрым­ба­ев­ты бекіт­ті. Енді­гі кезек­те, жел­тоқ­сан­шы­лар рес­пуб­ли­ка­ның түк­пір-түк­пірін­де еле­усіз ғана жүріп жатқан, 1986 жылы Алма­ты­дағы алаң­да өз ерік­тері­мен жина­лып, қазақ ұлты аты­нан ұлт­тық намысты қорға­уға тіке­лей қаты­сқан өжет те қай­сар ұл-қызда­рын ізде­стіріп, жер­гілік­ті жер­лер­де фили­ал­да­рын көбей­тіп, бір ту асты­на бірі­гуді мақ­сат ете­ді. Сол кез­де, және бірі­гу бары­сын­да − Жел­тоқ­сан иде­я­сы Тәу­ел­сіздік­пен және Тәу­ел­сіздік иде­я­сы­мен біре­гей­лене бастай­ды деп санай­ды. Кон­фе­рен­ция осы мәсе­лені алға қойды.

Соны­мен қатар, жел­тоқ­сан­шы­лар ел тұта­сты­ғы мен демо­кра­тия мәсе­лесін­де халы­қтың мұра­тын алға қояды. Сол себеп­ті, қазір­гі қоғам­дық талқы­да тұрған, жер­ге қаты­сы бар өзгер­ту­де­гі «26 бап­ты» қол­да­май­ды. Оған біра­уы­здан қар­сы екен­ді­гін кон­фе­рен­ци­яда ашық айт­ты. Ал, тіл мәсе­лесін­де − мем­ле­кет­тік тіл­дің ста­ту­сын қорға­уға әзір. Сон­ды­қтан, осы екі мәсе­ле бой­ын­ша кон­фе­рен­ция шеші­мін халық наза­ры­на ұсынады:


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн