Вторник , 26 августа 2025

Желтоқсанда сотталған ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №46 (363) от 15 декаб­ря 2016 г.

Жел­тоқ­сан-1986: ерлік – елге мұра


Аса­но­ва Ләз­зат Алты­най­қы­зы – Жел­тоқ­сан көтерілісінің құр­ба­ны. 1985 жылы Алма­ты­да П. Чай­ков­ский атын­дағы музы­ка­лық учи­ли­ще­ге оқуға түс­кен. Алма­ты­да 1986 ж. 17–18 жел­тоқ­сан­да болған қазақ жаста­ры­ның отар­шыл­дық және әмір­шіл­дік жүй­е­ге қар­сы азаттық көтерілісіне бел­сене қаты­сқан. Ол Алма­ты­дағы Жаңа алаңға алға­шқы ере­уіл­шілер қата­рын­да «Қаза­қтар! Кіріп­тар­лық құл­ды­қта өмір сүр­гені­міз жете­ді! Біз елі­міздің тәу­ел­сізді­гін жеңіп алған кез­де ғана азат бола ала­мыз!» деген ұран­мен шықты. (Қаза тапты).

Мұха­меджа­но­ва Сәби­ра Есім­бекқы­зы – Жел­тоқ­сан көтерілісінің құр­ба­ны. 1985 жылы Шығыс Қаза­қстан облы­сы Тар­баға­тай ауда­ны Ақмек­теп ауы­лы­ның «Ленин жолы» сегіз жыл­дық мек­тебін үздік бітіреді. Сол жылы облыс орта­лы­ғы Өске­мен қала­сын­дағы педа­го­ги­ка­лық учи­ли­ще­ге оқуға түседі. 1986 жылғы 17–18 жел­тоқ­сан­да Алма­ты қала­сын­да болған қазақ жаста­ры­ның отар­шыл­дық және әмір­шіл­дік жүй­е­ге қар­сы көтерілісін қуат­тап, 22 жел­тоқ­сан­да Өске­мен қала­сын­да бір­ге оқи­тын сту­дент жастар­мен бір­ге нара­зы­лы­ққа шыға­ды. Сту­дент қыздар­дың бұл әре­кет­тері ұлт­шыл­дық деп баға­ла­нып, пар­тия, кеңес, ком­со­мол, мем­ле­кет­тік қауіп­сіздік, құқық қорғау орын­да­ры тара­пы­нан тер­геу, олар­дан жау­ап алу баста­ла­ды. Нәти­же­сін­де орын­сыз қор­лау мен жала жабуға шыдай алмаған Сәби­ра Мұха­меджа­но­ва «Бар­лы­ғын ұйым­да­сты­рған мен!» деп мәлім­деп, жатақ­ха­на­ның бесін­ші қаба­ты­нан секіріп, мерт бола­ды. Сөй­тіп ол Жел­тоқ­сан құр­ба­ны баты­ры­на айнал­ды (Сәби­ра тура­лы толы­ғы­рақ «Ерте сөн­ген жұл­дыз» мақа­ла­сы­нан оқыңыздар).

Сәби­то­ва Жан­сая Әлкей­қы­зы – Алма­ты­дағы №19 жұмыс­шы жастар орта мек­тебінің оқы­ту­шы­сы, 5 жылға сотталды.

Салы­қо­ва Нағи­ма Асқарқы­зы – Алма­ты бас киім­дер фаб­ри­ка­сы­ның бух­гал­тері, 3 жыл.

Еспен­бе­то­ва Қан­шай­ым Мұхатқы­зы – «Пор­шень» зауы­ты­ның токарі, 3 жыл 6 ай.

Мах­ме­то­ва Айт­күл Әбдірах­манқы­зы – №1 бас­па­ха­на­ның жұмыс­шы­сы, 2 жыл.

Әбілқай­ы­ро­ва Гүл­нар Бер­діқо­жақы­зы – бас киім­дер фаб­ри­ка­сы­ның тігін­шісі, 3 жыл.

Пани­но­ва Гүл­ви­ра Төле­бай­қы­зы – бас киім­дер фаб­ри­ка­сы­ның тігін­шісі, 2 жыл.

Шама­е­ва Гали­мат Әбенқы­зы – бас киім­дер фаб­ри­ка­сы­ның тігін­шісі, 2 жыл.

Лепе­сба­е­ва Гүл­нар Сабы­рға­лиқы­зы – бас киім­дер фаб­ри­ка­сы­ның тігін­шісі, 2 жыл.

Рақым­жа­но­ва Гүл­ми­ра Әкім­жанқы­зы – бас киім­дер фаб­ри­ка­сы­ның тігін­шісі, 2 жыл.

Иман­ба­е­ва Қай­ы­п­хан Сұл­танқы­зы – «Пор­шень» зауы­ты­ның токарі, 3 жыл.

Рама­за­но­ва Ғалия Фай­зул­лақы­зы – тігін­ші-мотор­шы, 1 жыл (еңбек­пен түзеу жазасы).

Мер­ге­но­ва Бақ­ша – мүге­дек­ті­гіне бай­ла­ны­сты жұмыс істе­ме­ген, 3 жыл.

Әли­е­ва Рау­шан – Қараған­ды мем­ле­кет­тік уни­вер­си­тетінің сту­ден­ті, 1 жыл.

Еркін­бе­ко­ва Әлия Төре­ханқы­зы – Қараған­ды меди­ци­на инсти­ту­ты­ның сту­ден­ті, 1 жыл 6 ай.

Доса­но­ва Жанат Әбдірах­манқы­зы – Қараған­ды меди­ци­на инсти­ту­ты­ның сту­ден­ті, 1 жыл 6 ай.

Муси­на Гүл­ден Қана­фи­яқы­зы – Қараған­ды меди­ци­на инсти­ту­ты­ның сту­ден­ті, 1 жыл 6 ай.

Сәр­сен­бе­ко­ва Раи­са Мыр­за­бекқы­зы – бух­гал­тер-реви­зор, 2 жыл.

Кәрі­мға­зи­на Гүл­жан Ғазизқы­зы – коопе­ра­тив тех­ни­ку­мы­ның сту­ден­ті, 1 жыл.

Сере­ке­но­ва Анар Жеміс­ханқы­зы – Заң тех­ни­ку­мы­ның сту­ден­ті, 1 жыл 6 ай.

Айт­жа­но­ва Жанат Нәу­кенқы­зы – пед­ин­сти­тут­тың сту­ден­ті, 1 жыл 6 ай.

Шыны­құ­ло­ва Ләй­лә Бекенқы­зы – пед­ин­сти­тут­тың сту­ден­ті, 1 жыл еңбек­пен түзеу жазасы.

Шоқа­е­ва Ғалия Құдыс­қы­зы – жатақ­ха­на вах­тері, 2 жыл.

Муси­на Мән­шүк Жанатқы­зы – Заң тех­ни­ку­мы­ның сту­ден­ті, 1 жыл 6 ай қара жұмысқа жіберілген.

Бұдан бөлек 200-ге жуық қыз-келін­шек (Асым­бе­ко­ва Рысты Мұр­зай­қы­зы, Еле­усі­но­ва Зәу­ре Чкалқы­зы, Қады­ро­ва Гүл­зи­на Дүй­се­ханқы­зы, Әбі­ше­ва Бибі­за­да Есетқы­зы, Исманғу­жи­но­ва Зей­наш Мады­ханқы­зы, Сей­іто­ва Лау­ра Қожмұ­ханқы­зы, Ішлі­ко­ва Бағ­да­гүл Ансыз­бай­қы­зы, Досын­бе­ко­ва Гүл­жа­ми, Кубе­е­ва Гүл­наз Асқар­бекқы­зы, Мұр­за­та­е­ва Ғалия Қасы­мқы­зы, Медет­ба­е­ва Рай­гүл Сабыр­данқы­зы, Али­ақ­па­ро­ва Жай­нат Қасы­мқы­зы, Мұқа­но­ва Рай­хан Қимұқанқы­зы, Той­та­е­ва Гүл­ми­ра Әбдікәрі­мқы­зы…) ауру­ха­наға түс­кен (бар­лы­ғы – 73).

Әрине, сот­талған қыз-келін­шек­тер тізі­мі толық емес. Өкініш­ке орай, Қаза­қстан­да Жел­тоқ­сан аты­мен тір­кел­ген онға жуық қоғам­дық ұйым­ның бір­де-бірін­де сот­талған қыз-келін­шек­тер­дің толық тізі­мі жоқ.

«

БЕЛГІСІЗ ҚАЙСАР ҚЫЗ

тура­лы бір дерек табылды

Осы бір сурет­ті көр­ген сай­ын «Бұл батыр қыз қазір бар ма екен?» деген ой маза­лай­тын. Міне, Жел­тоқ­сан көтерілісіне 30 жыл толып жат­са да, көп­те­ген сурет­те­гі батыр­ла­ры­мы­здың есім­дері әлі бел­гілі болған жоқ. Мыса­лы, мына сурет­ті қараңыз­шы. Қазір жел­тоқ­сан­шы­лар тура­лы жазы­лған кітап­тар бар­шы­лық, бірақ соның бірін­де осы сурет­те­гі қай­сар қыз тура­лы бір ауыз сөз жоқ. Жақын­да «Фейс­бук» әле­умет­тік желісінің бетін­де осы сурет тағы да жарияланды.

Мен бұл сурет­ті көре сала «Сурет­те­гі қыз тура­лы бір дерек бар ма екен?» деп, әдетім­ше ойла­нып қалдым.

– Бұл – мен! – деді сол кез­де Анар Рахым­жа­но­ва есім­ді келіншек.

«Фейс­бук» желісін­де­гілер сұрақты жауды­ра жөнел­ді. Кей­бірі сен­бей­тін­дерін біл­дір­ді. «Сурет­те­гі қыздың өзім екен­ді­гін мен ешкім­ге дәлел­де­у­ге тыры­спай­мын» деді ол.

Көп сау­ал­дарға жау­ап бер­меді. «Қысым көр­дім, кесірім құр­бы­ма тиді» деді маған. Әлі күн­ге дей­ін неге өзі тура­лы айт­паға­нын сұра­дым. «Қас­ке­лең­де тер­ге­уде бол­дым, құжат­тар әлі сақта­у­лы шығар. Алдым­нан, қырым­нан сурет­ке түсір­ді, ұрған жоқ. Қазір Алма­ты­да тұра­мын» деді.

Сурет­ке тала­су­шы­лар да табы­лар. Әзір­ге біл­генім – осы. Қалға­нын жур­на­ли­стер өздері зерт­тей жатар.

Бір кез­де­гі азат рух­та­ры жаны­шталған­ды­қтан, 30 жыл тіс жар­май кел­ген қара­пай­ым қаһар­ман­да­ры­мы­зды танып-біліп жүр­гені­міз дұрыс шығар. Осы­дан отыз жыл бұрын олар қаза­қта намыс барын, қазақ деген ел бар екенін дүние жүзіне паш етті. Импе­ри­я­ның құла­у­ын тез­дет­ті. Жел­тоқ­сан көтерілісі баба­лар арман­даған Тәу­ел­сіздік жолын­дағы ірілі-ұсақты 400 көтерілістің бірі еді. Сон­ды­қтан да жұм­бақ жан­дар есі­мін біліп, олар­дың ерлі­гін жари­я­лай жүрей­ік. Тари­хи күн­нің отыз жыл­ды­ғы жақын­дап қал­ды. Осы күні жұм­бақ жан­ның есі­мін халқы біліп, құр­мет көр­сетіп, төс­бел­гі алып жат­са, көңіл­ге жұба­ныш қой. Тәу­ел­сізді­гі­міз баян­ды болсын!

Н.Мұқанова

Abai.kz

Редак­ци­ядан: Әске­ри-кур­сант­тар ұстап әкетіп бара жатқан қыздың желі­де жари­я­ланған суретіне қаты­сты «талас» туған соң, «бұл – мен­мін» деген Анар Рахым­жа­но­ваға хабарластым.

– Иә, бұл – мен едім. – деді Анар ханым. – Бірақ әле­умет­тік желі­де «бұл – мен­мін» деп, басқа­лар талас туды­рған соң, сурет­те­гі қыздың өзім екенін дәлел­де­у­ге тыры­спа­дым. Бәл­кім, біре­улер бұл сурет­ті өзіне ұқсатқан шығар. Сол күн­дері Алма­ты алаңын­да не бол­ма­ды: соққы­ға жығы­лған, қан­сы­рап жатқан, шашы­нан сүй­ретіл­ген қыздар көп бол­ды. Әлдекім осы сурет арқы­лы өзін «таны­ған» болар. Бірақ, үсті­ме киген паль­том мен сол күн­нен бір күн бұрын ауы­лға – Катонқа­рағай­ға дұры­ста­лып бару үшін шашы­ма салы­нған «хими­ядан» өзім­ді анық таны­дым. Деген­мен, «Жел­тоқ­сан көтерілісінің» бір сим­во­лы­на айналған осы сурет қаза­қтың қай­сар қызда­ры­ның ортақ бей­несі болып жүре бер­сін! Менің бұған тала­сым жоқ.

– Анар ханым, сіз Жел­тоқ­санға қаты­су­шы ретін­де жаза­ға тар­тыл­ды­ңыз ба?

– Жоқ. Кур­сант­тар мені ішін­де өңкей қыздар оты­рған бір «ПАЗ» авто­бу­сы­на әкеліп қама­ды. Кім екенін әлі күн­ге дей­ін есі­ме түсі­ре алмай жүр­мін, бір қаза­қтың зия­лы­сы, орта жастан асқан аза­ма­ты біз­ге ара­ша түсті.

– Ал қазір «жел­тоқ­сан­шы» ретін­де тір­ке­у­ге тұрып, пәтер алып деген­дей – жеңіл­дік­терін пай­да­лан­ды­ңыз ба?

– Жоқ. Осы­ны қапер­ге алмап­пын. Мен Жел­тоқ­сан алаңын­да көр­ген қор­лы­ғым­ды елдің басы­на бір­дей түс­кен нәу­бет деп ойлай­мын. Оның ақы­сын ешкім­нен, ешқа­шан сұраған емеспін.

–…

– Басты­сы – аман болай­ық! Бұй­ыр­тқан Тәу­ел­сізді­гі­міз елдің несі­бесіне айналсын!

Осын­дай қысқа қай­ы­рым диа­логпен әңгі­ме­міз түгесіл­ді. Бірақ Анар ханым­ның: «Бұл сурет қаза­қтың қай­сар қызда­ры­ның ортақ бей­несі болып жүре бер­сін» деген сөзі көкей­ім­де қалып қойды…

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн