Суббота , 5 июля 2025

Желтоқсандықтар ЖЕРДІ БЕРМЕЙДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №6 (370) от 16 фев­ра­ля 2017 г.

 

Пре­зи­дент­тің назарына


 

Құр­мет­ті Нұр­сұл­тан Әбішұлы!

ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 26-бабы­на өзгер­ту енгізу­ге бай­ла­ны­сты жел­тоқ­сан­ды­қтар өзінің алаң­да­у­шы­лы­ғын біл­діреді. Өйт­кені сенат спи­кері Қасым­жо­март Тоқа­ев­тың мына сөзі БІЗДІ түсініксіздік­ке тап қалды.

«…В пред­ло­жен­ных Гла­вой госу­дар­ства поправ­ках к Кон­сти­ту­ции содер­жит­ся еще одно прин­ци­пи­аль­ное ново­вве­де­ние: пра­во част­ной соб­ствен­но­сти на любое закон­но при­об­ре­тен­ное иму­ще­ство пред­ла­га­ет­ся рас­про­стра­нить на каж­до­го чело­ве­ка, нахо­дя­ще­го­ся на тер­ри­то­рии нашей рес­пуб­ли­ки, неза­ви­си­мо от того, к граж­дан­ству какой стра­ны он при­над­ле­жит или же явля­ет­ся лицом без граж­дан­ства. Дан­ное поло­же­ние – это резуль­тат поло­жи­тель­ной эво­лю­ции наше­го обще­ства, кото­рое при­зна­ет свою при­над­леж­ность к гло­баль­но­му сооб­ще­ству циви­ли­зо­ван­ных стран».

Эко­но­ми­ка­лық жағы­нан қараған­да бәрі дұрыс сияқты. Бірақ оның сая­си жағын – Қаза­қстан­ның алып екі импе­ри­я­лар­дың орта­сын­да оты­рға­нын, сенат спи­кері ұмы­тып кет­кен сияқты.

Кезін­де Алаш қай­рат­кер­лерінің бір бөлі­гі – оты­ры­қ­шыл­ды­қты, ал екін­шілері – көшпен­ділік­ті жақтап, екі­ге бөлін­ген. Оның Әли­хан Бөкей­ха­нов бастаған жағы: оты­ры­қ­шы­лық дұрыс – өрке­ни­ет, бірақ ондағы жер беру нор­ма­сы қаза­қты жер­ден айы­рып тына­ды деп, әзір­ше көшпен­ді бола тұруы­мы­зды құп­тап, елге дұрыс жол сіл­те­ген еді. Ол ХХ ғасыр­дың басын­да өз нәти­же­сін бер­ген де болатын.

Бірақ боль­ше­вик­тер мұны қастан­ды­қ­пен бұзып, жар­ты халқы­мы­зды қырға­ны өз алды­на, оңтүстік пен сол­түстік аймақта қаза­қты құнар­лы жер­лер­ден айы­рып тын­ды. Осы­ның зардаб­ын әлі көру­де­міз… Біздің­ше, жер­ді ашық саудаға салу (26-бап) әлі ерте. Аза­мат­тық қоғам әлі жетіліп, толы­сып үлгер­ген жоқ. Ең алды­мен билік басын­да оты­рған Қ.Тоқаев бастаған аза­мат­тар түсін­бей­тін сияқты…

Осы жер­де Алаш аза­мат­та­ры­ның мына сөз­дерін Өзіңіздің есіңіз­ге сала кет­кі­міз келіп отыр.

• «Ала­шқа аты шыққан адам­дар! Көсем­дік­теріңді адас­пай түзу істең­дер! Сен­дер адас­саң­дар – арт­та­ры­ң­нан Алаш ада­са­ды; арт­та­ры­ң­нан ерген­дер­дің обал-сау­а­бы­на сіз­дер қаласыздар»

(Ахмет Бай­тұр­сы­нұ­лы).

• «Әр ұрпақ өзіне арты­лған жүк­ті жетер жеріне апа­рып тастаға­ны дұрыс, әйт­пе­ген­де бола­шақ ұрпағы­мы­зға аса көп жүк қал­ды­рып кете­міз. Кей­ін­гі ұрпақ не алғыс, не қарғыс беретін алды­мы­зда зор шар­ттар бар»

(Әли­хан Бөкейханов).

 

Құр­мет­ті Елбасы!

«1986 жылғы Жел­тоқ­сан оқиға­ла­ры қазақ жаста­ры­ның сана-сезі­мінің қан­ша­лы­қты өскен­ді­гін көр­сет­ті. Олар жүз жылға жуық уақыт бойы халы­қты казар­ма­лық тәр­тіп­те ұстап кел­ген тота­ли­тар­лық жүй­енің алдын­да бірін­ші болып, айыл­да­рын жиған жоқ. Жастар бұдан әрі кез кел­ген ұлтқа тән мақта­ныш сезі­мін қор­ла­у­ға жол бер­мей­тінін өз халқы­ның аты­нан ашық мәлім­деді», – деп Өзіңіз баға бер­ген – желтоқсандықтар.

 

К.ОТАРБАЕВ,

«Жел­тоқ­сан» Республикалық-отаншылдық

қозға­лы­сы­ның төрағасы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн