Суббота , 5 июля 2025

Желтоқсаншылар әлі күнге «МОРАЛЬДЫҚ ТҮРМЕДЕН» рақымшылық ала алмады

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №44 (315) от 17 декаб­ря 2015 г.

 

Жел­тоқ­сан жаңғырығы

 

Жел­тоқ­сан көтерілісіне келер жылы – отыз жыл. Отыз жыл бұрын қып-қызыл орда­ны бұз­сақ, сол жылы туған­дар да орда бұзар жасқа келіп қал­ды. Қазір Жел­тоқ­сан­ның үнін көтеріп, ұлы­қта­удың орны­на, аузын жауып құлып­та­уды әдет­ке айнал­дыр­дық. Жел­тоқ­сан­ның әлі күн­ге дей­ін өз құқын дау­лай­тын заңы да, ста­ту­сы да, әлем­дік тари­хи мәр­те­бесі де жоқ.

 

Менің­ше, Жел­тоқ­сан­ның өгей күй кешуі – сая­си эли­та­мы­здың таяз­ды­ғы­ның көрінісі. Ал руха­ни­я­ты­мыз – сон­дай сая­сат­тың құлы. Білік­тілі­гі сын көтер­мей­тін тарих­шы­ла­ры­мы­здың бұл «оқиға ма, көтеріліс пе?» деген­нің төңіре­гі­нен аса алмай жүр­ген­ді­гі де сон­ды­қтан. Олар болған оқиға­ның өзі көтеріліс, көтерілістің өзі тари­хи оқиға екен­ді­гін түсіне алмай-ақ қой­ды. Жел­тоқ­сан мәсе­лесі – қорқа­тын іс емес, абы­рой­лы іс. Қорқу­дың өзі адам бой­ы­на демо­кра­ти­я­лық сана қалып­та­сты­руға дәр­мен­сіз білім­сіздік­тен туа­ды. Қоры­қ­пас үшін не істе­уі­міз керек? Және кім­нен қорқамыз?

Бұл мәсе­лені «Қай­сар жүрек» қоғам­дық бір­ле­сті­гі ұйым­да­сты­рған бір жиын­да тарих­шы бір бауы­ры­мыз қазір жел­тоқ­сан­ды ұлы­қта­маудың себебін ұлта­ра­лық қақты­ғы­стың тұта­нып кету қау­пі­мен бай­ла­ны­стыр­ды. Одан әрі уақы­ты жет­кен­де бұл мәсе­ле шешіледі деген­ге сая­ды. Ұлт­жан­ды­лар­дың өзі ширек ғасыр бұрын осы­лай деуші еді, әлі де ояна қоймаппыз.

Тоқ­са­нын­шы жыл­да­ры «темір­ді қызған кезін­де» соға алма­дық. Әлі де ештен кештің жақ­сы бола­рын ескер­сек, дереу қимы­лға көшу керек. Жел­тоқ­сан мәсе­лесін аспан­дат­сақ, отар­шыл­дар­дың ұрпақта­ры тар­па бас сала­тын жабайы адам­дар емес шығар. Олар мәсе­ленің бай­ы­бы­на бір­ден жете ала­тын жағ­дай­да бол­ма­са, оларға арналған жоба­мы­зды әлем­дік азаттық тарихын қай­та оқы­ту­дан бастай­ық. Сөй­тіп, фор­му­ла­ның алға­шқы саты­сы шешіл­се, Жел­тоқ­сан тағ­лы­мын ғылы­ми тұрғы­да түсін­діру­ге көше­міз. Өктем ұлт әділ­дік пен жауы­зды­қтың, шын­дық пен сұм­ды­қтың, бей­біт­шілік пен қасірет­тің ара жігін ажы­ра­та біл­ген­де ғана жүре­гіне түк бітіп, бізді жары­лқап таста­ма­са да, барға тәубә деп, сабы­рға келер еді. Осы­ның өзі қоғам тану­шы­лар мен билік өкіл­дерінің сана­сы­на жет­пей жатқан концепция.

Жел­тоқ­санға мем­ле­кет­тік, халы­қа­ра­лық мәр­те­бенің беріл­ме­уінің өзі – мораль­дық қор­лық. Сон­ды­қтан жел­тоқ­сан­шы­лар елде­гі «мораль­дық түр­ме­ден» әлі күн­ге дей­ін рақым­шы­лық ала алма­ды. Солақай сая­сат халқы­мыз үшін қадір-қаси­еті бол­маған өктем ұлт­тың қас-қабағы­на қарай­мын деп, өз қыран­да­рын сол «қыл­мыс­кер» атанған күй­ін­де пәни­ден ұза­та баста­ды. Кезін­де Қазан төң­керісі соци­а­лиз­мнің басын бері бұр­са, Жел­тоқ­сан оны қай­та­дан әрі бұрған еді.

Жел­тоқ­сан ұйым­да­ры жыл санап көбей­іп келеді. Мұны кей­бір сарап­шы­лар баста­ры бірік­пей­тін шашы­ран­ды­лы­ққа жори­ды. Мұның өзі жел­тоқ­сан­шы­лар­ды кінәла­уы аздай, сарап­шы­ның өзінің де «қал­ты­раған» ішкі сая­сат пен жал­пы қоғам­дық ғылым­дар­дан және фило­со­фи­ядан хаба­ры шама­лы екен­ді­гін көр­се­те­ді. Ұйым­ды көбе­ю­ге мәж­бүр­лей­тін де билік. Жел­тоқ­сан­ды жел­тоқ­сан­шы­лар бөл­шек­те­мей­ді, ықпал­ды топқа тәу­ел­ді еткен сая­си мұқтаж­ды­қтар бөл­шек­тей­ді. Билік тара­пы­нан көңіл жық­пас­ты­қ­пен Жел­тоқ­сан дата­сын­да ғана көр­сетілетін ықы­ла­стың «шапаға­ты» бар­лық арда­гер­ге жет­пе­ген­дік­тен, бір ұйым­ның ғана қалқа­сын­да қал­мас үшін, біра­зы бөлініп, басқа ұйым құрып келеді. Жел­тоқ­сан­ды ұлы­қта­уда мүд­де бірік­кен­мен, мүд­дені шешу жолын­дағы пікір мен идея бірік­пе­се, ұйым тағы да бөлініп, әркім өз бағы­ты­мен жұмыс істейді.

Сая­си ұйым­дар­ды күш­теп бірік­тіру­ге әре­кет­те­нудің өзі – сая­си сау­ат­сыздық. Демо­кра­ти­я­лы қоғам­да ұйым көбей­ген сай­ын, өза­ра бәсе­ке күшей­еді де, халы­қ­шыл иде­я­сы мен іскер­лі­гі жағы­нан мықты­ла­ры жеңіп шыға­ды. Әлсіз­дері не жой­ы­ла­ды, не өзі­нен күшті­ге сон­да ғана топ­та­са­ды. Екін­ші­ден, ұйым көбей­се, Жел­тоқ­сан көбірек наси­хат­та­лып, ел ішін­де беделі артады.

Әр дең­гей­де­гі әкім­нің орын­ба­сар­ла­ры жыл­ма-жыл жел­тоқ­сан­шы­лар­дың еті тірілерін тізім­деп жинап, дөң­ге­лек стол кез­де­су­лерін өткі­зеді. Арда­гер­лер­дің басым бөлі­гі шақы­рыл­май, арман­да қал­са, тарих үшін жан­та­ла­сып жүретін біздің өзі­міз айқай-шумен сол кез­де­су­лер­ге кей­де кіре­міз, кей­де кіре алмай­мыз. Кір­сек, баян­да­маға дай­ын­да­лып кел­ген біз сон­ша­лы­қты сау­ат­сыз­быз ба? Әлде атағы бар ғалым­ды сөй­ле­ту бедел ме? Жыл­да бір тарих­шы­ны шақы­рып, жауыр әңгі­мені қай­та­ла­у­мен уақы­ты­мы­здың көбін зая кетіреді. Әлгілер­де Жел­тоқ­сан­ның халы­қа­ра­лық тари­хи маңы­зын айғақтай­тын тың ұсы­ныс та жоқ.

«Қай­сар жүрек» қоғам­дық бір­ле­сті­гі өткіз­ген дөң­ге­лек стол­да бір тарих­шы бауы­ры­мыз: «Жел­тоқ­сан тура­лы кітап жазып қажеті жоқ», – дей­ді. Оның ойын­ша, мұраға­ты жоқ кітап­тың бәрі дәлелсіз.

Мұрағат Қауіп­сіздік коми­тетінің қолын­да бол­са, оған қара­май азай­ып бара жатқан арда­гер­лер­дің естелік­терін кітап етіп құра­с­ты­руға осын­дай тарих­шы­лар да, билік те қар­сы бол­са, Жел­тоқ­сан тарихы тірі­дей құр­ды­мға кет­пей ме? Жел­тоқ­сан­ды кезін­де Мәс­кеу «қазақ ұлт­шыл­ды­ғы­ның көрінісі» деп, төмен­дет­кісі кел­се, әлгі жиын­да сая­сат­кер Дос Көшім де екін­ші қыры­на мән беріп, мұның бүгін­гі көзқа­рас­та оң баға екен­ді­гін рас­та­ды. Бұл дұрыс.

Ал жел­тоқ­сан­шы­лар­дың көбі Жел­тоқ­сан­ның баға­сын тоқ­са­нын­шы жыл­дар­дағы ала­са­пы­ран­да «анау бер­ген, мынау бер­ген» деуден аспай келеді. Олар­дың нұсқап оты­рған­да­ры алаң­да бол­маған, комис­си­яға неме­се Кон­сти­ту­ци­я­лық сотқа қаты­сып, бол­ма­са басқа да жол­дар­мен сырт­тай топ­шы­лап жүр­ген зия­лы қауым өкіл­дері. Жел­тоқ­сан­ның баға­сын олар­дан бұрын біз, жел­тоқ­сан­шы­лар бер­ген­біз. Жел­тоқ­сан­ның баға­сын біл­ме­сек, алаң­да ұран­да­мас едік. Ал менің отыз жыл бұрын бер­ген бағам төмендегідей:

…Бұл жай оқиға мен көтерілі­стен де асып түсетін, он бес одақ­тас рес­пуб­ли­ка және он алты соци­а­ли­стік мем­ле­кет­тен құра­лып, марк­сизм тілін­де бес қоғам­дық-эко­но­ми­ка­лық фор­ма­ци­я­ның бірі атанған соци­а­ли­стік жүй­е­ге қар­сы жасалған тұңғыш сая­си төң­керіс неме­се бет­бұрыс болған­ды­қтан, оның айтыл­май жүр­ген ғалам­дық тари­хи маңы­зы да осын­да. Басқа соци­а­ли­стік елдер­де­гі көтерілістер эко­но­ми­ка­лық талап­тар­мен ғана шек­тел­ді. Мұн­дай бет­бұры­стың гео­са­я­си жағы­нан тек Қаза­қстан­да болуын түсін­дірей­ік. Жері де, халқы да көп, тарих­та әлем­ді бағын­ды­рған өрке­ни­ет­тің ошағы – Еура­зия десек, Еуро­па, Азия кон­ти­нент­терінің ара­сын дәне­кер­леп, мате­рик­тің қақ орта­сын­да жатқан ең үлкен ұлт­тық құры­лым – осы Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы. Сон­ды­қтан көп ұлт­тың, этно­стар­дың, тіл­дер­дің, қырық құрау дін­дер­дің, еуро­пейд, ази­ат сын­ды нәсіл­дік бел­гілер­дің фор­ма­ция заңы­мен қисын­сыз сәй­кест­іріліп, Бер­муд­тың ұштаға­ны­на айнал­ды­ры­лған тұсы да – осы Кеңе­стер Одағы­ның «кори­до­ры­на» айналған біздің жер еді. Сәй­кес­пей­тін хими­я­лық эле­мент­тер­дің реак­ци­яға түсуі жары­лы­сты жақын­дат­са, Мәс­кеу Пле­ну­мы­ның шеші­мі соны жыл­дам­да­та­тын като­ли­за­торға айнал­ды. Жел­тоқ­сан көтерілісі соци­а­ли­стік жүйе езгісіне жұты­лып бара жатқан бар­лық этно­стар үшін тәу­ел­сіздік­ке бағыт­талған демо­кра­ти­я­лық ықпал­ды оятты.

Әрине, тап­тық езгі күшей­се, соци­а­лизм­ге ұқсас бір фор­ма­ци­я­ның қай­тып ора­луы да мүм­кін. Оралған жағ­дай­да оның да маз­мұ­ны жағы­нан ұлт­тық болуын қалай­мыз. Яғни, иде­а­ли­стер­ді мате­ри­а­ли­стер­дің терісте­уі де ситу­а­ци­ядан туған қоғам­дық құбы­лыс. Сон­ды­қтан «пәл­са­па­лық спи­раль­ды» әлем­дік тар­ты­лыс заңы­ның табиғи сипатта­ма­сы арқы­лы өзі­міз­де жалға­сты­рып, әлем үшін жаңа­шыл зай­ыр­лы қоғам­ның көшін баста­уға да мүм­кін­ді­гі­міз бар. Қоғам­дық теңсіздік адам­дар ара­сын­дағы теңсіздік­тен, адам ара­сын­дағы теңсіздік табиғи теңсіздік­тен бастау ала­ды. Сон­ды­қтан пәнидің өзі – теңсіздік­тер­дің ота­ны болған­ды­қтан, оның даму заң­ды­лы­ғы­на ешбір фор­ма­ция үстем­дік ете алмайды.

Әйт­се де, табиғи ерекшелік­тің айқын сипатта­ма­сы түй­сі­гі­міз­ге ұлт­тық бел­гілер арқы­лы бай­қал­са, ұлт­тық-демо­кра­ти­я­лық бағыт­тағы халы­қа­ра­лық ымы­ра­ны қалып­та­сты­ра­тын жаңа жоба­мен айна­лы­суға мен де кірістім. Егер сая­са­ты­мыз – оры­сқа, эко­но­ми­ка­мыз – қытай­ға, руха­ни­я­ты­мыз – ара­бқа тәу­ел­ді бол­са, сана­мы­зды шек­те­ген руха­ни дәр­мен­сіздік үлкен қауіп-қатер­лер­ге ғана соқты­ра­ты­нын сезі­нетін уақыт жет­ті. Жел­тоқ­сан арда­гері шын арда­гер бол­са, ел мен жер­ді бар­лық ықпал­дан қорға­уы тиіс. Бұл ұзақ әңгіме.

Қазір­дің өзін­де сая­си баға, құқы­қтық мәр­те­бе беретін Жел­тоқ­санға қаты­сты заң­ды айт­паған­да, мем­ле­кет­тік тіл, дін, кеден, көші-қон тура­сын­дағы және басқа да ұлта­ра­лық қаты­на­стар­ды рет­теп, өза­ра тұта­сты­қты сақтай­тын, әле­умет­тік-эко­но­ми­к­лық шека­ра­мы­зды аны­қтай­тын заң­дар­дың толы­ққан­ды дең­гей­де бол­мауы ел тәу­ел­сізді­гін қорға­уға кері әсерін тигі­зеді. Ал Жел­тоқ­сан ста­ту­сы­на қаты­сты заң­ды неден бастай­ты­ны­мы­зды біл­ме­сек, ғалам­тор арқы­лы өткен ғасыр­да тәу­ел­сіздік алған бар­лық мем­ле­кет­тер­дің іс-тәжіри­бесі­нен кере­гі­мізді алып, өз елі­міздің гео­са­я­си ерекшелік­теріне сай ортақ тұжы­рым жасайық.

Көш жүре түзе­леді. Бұл мәсе­лені түбе­гей­лі шешіп, оның тари­хи мәнін аны­қтау үшін және ықпал­ды ста­тус бел­гіле­ту үшін бұры­нғы­дай қоғам­дық комис­си­ядан гөрі, мем­ле­кет­тік комис­сия жасақталға­ны әлдеқай­да тиім­ді. Оның жетек­ші тобы – қоғам­дық ұйым­дар, ал атқа­ру­шы тобы – мем­ле­кет­тік құзыр­лы орын­дар бол­са, жұмыс та жүре бастай­ды. Өйт­кені бұл шара­ны мем­ле­кет қар­жы­лан­дыр­са, тиісті орын­дар­ды өз ісіне есеп беру­ге мәжбүрлейді.

Жел­тоқ­сан­ды бұл дең­гей­де баға­лай алмай­тын ықпал­ды топ­тар үшін баға­ла­удың ең оңай жолы – жел­тоқ­сан­шы­лар­дың өздерін баға­лап, олар­дың әле­умет­тік жағ­дай­ы­на көмек­тесіп, мате­ри­ал­дық мұқтаж­ды­қта­рын шешу­ге атса­лы­су. Мұн­да бас­па­на, жер, тегін емдеу және қар­жы­лай көмек мәсе­ле­лерін шешу басты орын­да тұра­ды. Мен құры­лыс жұмыста­рын­да жүріп, алға­шқы үй кезе­гіне 1982 жылы тұрып, Алма­ты­ның оты­здан артық ғима­ра­тын салуға қаты­сып, отыз жыл деген­де 2012 жылы үй алдым. Ол аздай, маған бір­не­ше дәлел­ді құжат­тар көмек­те­сті. Оның бірі – ұсақ бала-шаға­ны бағып оты­рған жол­да­сым­ның «Алтын алқасы».

Жел­тоқ­сан­шы­лар­ды елге таны­ту арқы­лы дәуір­лік қан­тө­гістер­ді бастан өткізіп, соның түп­кілік­ті нәти­же­сі ретін­де кел­ген тәу­ел­сіздік­тің қадір-қаси­етін ұрпаққа жет­кізіп, пат­ри­от­тық рух­ты ояту үшін, тегін мем­ле­кет­тік ақпа­рат құрал­да­ры, оның ішін­де жеке арна бол­ма­са да, рес­пуб­ли­ка­лық теле­ра­дио арна­ла­ры­нан берілетін тұрақты бағ­дар­ла­ма және тегін газет ашы­луы қажет. Мен жалақы алу­дың орны­на, жолым бар, басқа бар, айы­на бір адам­ның жалақы­сын қал­там­нан шыға­рып және өзге жел­тоқ­сан­шы­лар­дың да ақша­сын қосып, «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» газетін шыға­рып, оны 14 облы­стың зия­лы­ла­ры мен рес­пуб­ли­ка бас­шы­лы­ғы­на тегін үле­стір­ген едім. Басқа газет­тер­дің бір бетін бір­не­ше адам дай­ын­да­са, мен газет­тің бүкіл 12 бетін жалғыз өзім жазып, тех­ни­ка­лық жұмыста­рын да атқар­дым. Өйт­пе­сек, марқұм болған жел­тоқ­сан­шы­ла­ры­мы­з­бен бір­ге Жел­тоқ­сан тарихы да өшіп бара­ды. Ұлт­тық теле­ви­зия арна­сын басқа­руға басқа топ келіп, олар­мен пікір­лес бола алмаға­ным үшін жұмыстан қысқа­рып, үйде еке­уміз бір­дей жұмыс­сыз оты­рға­ны­мы­зға да он бес жыл­дан асып бара­ды. Жұмыс­сыздар қата­ры­на айқау-шумен тір­кел­сек, соңы­ң­нан шырақ алып жүріп, шыға­рып тына­ды. Жеті бала­ның жәр­де­мақы­сы­ның жал­пы құны он екі мың тең­ге. Жұмыс істе­ме­сең, қосалқы жәр­дем ақы бер­мей­ді. Сон­ды­қтан әске­ри комис­са­ри­ат­та «повест­ка» тара­ту­шы болып екі ай жұмыс істеп едім, одан да шыға­рып жібер­ді. Айлық жалақы­сы отыз бес мың тең­ге болатын.

Ақпа­рат құрал­да­ры­на қай­та ора­лай­ын десең, кей­бірі жола­ту­дан қоры­қ­са, кей­бірінің іштар­лы­ғы, кей­бірінің қол­дағы жоба­ны ұрлап, өзің­мен қош айты­са­тын жиен­ді­гі көл­де­нең­деп тұра­ды. Енді бірі өз ұста­ны­мы­на күш­теп бағын­ды­рғы­сы келеді. Қысқа­сы, жел­тоқ­сан­шы­лар­дың әле­умет­тік жағ­дай­ы­на мысал бір менің басым­нан-ақ табы­ла­ды. Қазір менің ден­са­улы­ғым жұмысқа жарам­сыз. Бүгін­де Қалқа­ман ауру­ха­на­сын­да ем алудамын…

Мәсе­ле­ге көш­сек, Жел­тоқ­сан кешені мен тари­хи мұра­жай­ын орна­ла­сты­руға Алма­ты қала­сы­нан жер беруді сұрай­мыз. Қаза­қстан тарихы­ның көп том­ды­ғы­на енгі­зу үшін Жел­тоқ­сан мәсе­лесін қай­та сара­лап жинақтай­тын бол­са, оның ред­кол­ле­гия құра­мы­на бұл мәсе­ле­мен айна­лы­сып жүр­ген біз сияқты жел­тоқ­сан­шы­лар­дың бірі кіруі керек. Және оның ғалам­дық маңы­зын құжат­тан­ды­ру үшін, Қаза­қстан бірқа­тар халы­қа­ра­лық ұйым­дар­ды да пай­да­ланға­ны абзал.

Өтіп жатқан жыл­дар­дың бірін «Жел­тоқ­сан жылы» атан­ды­рып, қала­ла­ры­ның көр­нек­ті жер­леріне «Жел­тоқ­сан көтерілісіне – 30 жыл» деген жазу ілінcе игі. Және бұры­нғы «октябрь­дің» наси­хат­та­луы сияқты ол жазу бар­лық газет­тің маң­дай­ша­сын­да болуы керек. Он алтын­шы жылғы ұлт азаттық көтерілісті шек­те­усіз наси­хат­таған «октябрь» ғұр­лы да өрісі­міз қал­ма­ды. Қазір екі көтерілістің жағ­дайы да сын көтер­мей­ді. Енді Жел­тоқ­сан тарихы­нан сыр шер­тетін сурет­ті аль­бом­дар мен кітап­тар, аудио, бейне тас­па­лар шыға­рып, орта­лық мұра­жай­ға сол кез­де­гі жел­тоқ­сан­шы­лар мен оларға зәбір көр­сет­кен­дер­дің құрал-жаб­ды­қта­рын жина­сты­рып өткі­зе бастаған жөн.

Өткен жылы ақын, саз­гер және Жазу­шы­лар одағы­ның мүше­сі ретін­де елу жас мерей­той­ы­ма арналған шығар­ма­шы­лық кешім­ді Жастар теат­ры­на кең көлем­де қары­зда­нып, халы­ққа тегін өткіздім. Қала­лық Мәде­ни­ет басқар­ма­сы­на көмек сұрап жазған екі ары­зым­ның біріне ғана теле­фон арқы­лы «Көмек­те­се алмай­мыз» деген жау­ап алдым. Афи­ша шыға­руға да шама­сы жет­пе­ген бұл мәсе­лені әкім­нің орын­ба­са­ры­мен кез­де­су­де де айтып едім, әкім­шілік таны­мал адам­дарға ғана көмек­те­сетін­ді­гін айтты.

Жел­тоқ­сан көтеріп жатқан халы­қтық мәсе­ле­ден алшақ жүретін «таны­мал­дар­дың» шошаң­да­уы­на кім мүм­кін­дік бер­ді? Тағы да тәу­ел­сіздік. Кей­бір өнер тұлға­ла­ры кеше­гі Жел­тоқ­сан­да «Нам горь­ко!» деп, газет арқы­лы хат жазып, бізді қор­ла­ды. Бірақ олар­дың жолын­да әрқа­шан да жасыл шам жанып тұрады.

Рес­пуб­ли­ка дең­гей­ін­де­гі ас-жиын­дарға билік тара­пы­нан шақы­ры­лған шығар­ма­шы­лық бір­ле­стік өкіл­деріне арнайы көлік бөлініп, құр­мет­ті қонақ ретін­де кел­се, олар­мен құқы бір­дей Жел­тоқ­сан бір­ле­стік­тері тағы да жетім бала­ның күй­ін кешеді. Рай­ым­бек ауда­нын­дағы Мұқаға­ли той­ы­на баруға билік тара­пы­нан көмек бол­маған соң, өздері бала-шаға­ның аузы­нан жырып ақша жинап, киіз үй, дастар­хан ұйым­да­сты­рып, мал сой­ып, той қонақта­рын күтісті. Мұн­дай шара­да есеп жоқ.

Ресей­дің бұры­нғы аста­на­сы Пет­ро­град «Рево­лю­ция бесі­гі» атанған­да, қаза­қтың бұры­нғы аста­на­сы Алма­ты­ны «Азаттық пен демо­кра­ти­я­ның ошағы» деп неге ата­май­мыз? Алма­ты тура­лы қай­та-қай­та шығып жатқан дәу сурет­ті кітап­тар­дың бір бетін Жел­тоқ­санға қиюға неге қорқа­мыз? Сол кітап­тар­ды әкім­шілік­те­гілер ұял­май, жел­тоқ­сан­шы­ларға сый­лық орны­на беріп құты­ла­ды. Тарих­ты жасы­рған кітап үшін далаға ақша шашып не қажеті бар? Қалаға онсыз да шашы­лып жатқан ақша қай­дан шығып жатыр?

Көп елдің пат­ша­ла­ры тәу­ел­сіздік күрес­кер­лерін қабыл­дап, қоше­мет көр­се­те­ді екен. Ал біз­де­гі спорт пен өнер жұл­ды­зда­ры­ның маң­дай­ы­на ғана жазы­лған мұн­дай мүм­кін­дік азаттық әкел­ген қаһар­ман­дар үшін – құр қиял. Тәу­ел­сіздік бол­ма­са, сол спорт пен өнер жұл­ды­зда­ры­ның еркін көсілуіне кім мүм­кін­дік береді? Мың­даған дол­лар сұрап, халы­қты мен­сін­бей­тін кей­бір өнер жұл­ды­зда­ры­на «Халық әртісі­нен» гөрі, «Бай­лар­дың әртісі» деген атақ лайықты.

Екін­ші дүние соғы­сын­дағы 98 қаза­қстан­дық Кеңес Одағы баты­ры­ның қазір 20-сы да есте қал­ма­са, Жел­тоқ­сан­да сот­талған 99 батыр­дың біра­зы жылы сөз де есті­мей, бақи­лық болып кет­ті. Әнші­ге де, дәрі­гер­ге де, тіп­ті гена­ралға да, ғарыш­кер­ге де бұй­ы­рып жатқан «Халық қаһар­ма­ны» атағы тәу­ел­сіздік жолын­да жасты­ғы­ның жарқы­раған тұсын темір тор­дың ар жағын­да өткіз­ген жүз­ге жуық қаһар­ман­да­ры­мы­зға да көп­тік етпес еді.

Оны қима­сақ, «Жел­тоқ­сан қаһар­ма­ны» деген атақ шыға­рай­ық. Жел­тоқ­сан­ды мара­пат­тай­тын ешкім қал­маған соң, «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» бір­ле­сті­гіне өз ұсы­ны­сым­ды өткізіп, «Жел­тоқ­сан арда­гері» медалінің шығуы­на түрт­кі бол­дым. Оның алға­шқы дана­сын сол бір­ле­стік ел басы­на жолдады.

Енді осы­ның да өте­уі бар шығар. Отыз жыл­дық мере­ке­де Жел­тоқ­сан жина­лы­сы­на қаты­спай­тын қала әкім­дері­нен гөрі, жел­тоқ­сан­шы­лар өмірін­де бір көріп қалуға ынтық болған пат­ша­ның келуін күте­міз. Елдік шараға ел басы­ның қаты­суы – Жел­тоқ­сан­ды баға­ла­удың алға­шқы саты­сы бол­мақ. Ерлі­гі­мізді ғала­мға баға­ла­ту үшін – әуелі өзі­міз баға­ла­у­ы­мыз шарт. Көтерілісті бірін­ші бастап, Тәу­ел­сіздік­ті соңы­нан жари­я­лап жатқа­ны­мыз сияқты, кеш те бол­са, айты­лған мәсе­лені аяқ­сыз қалдырмайық.

Аманға­зы КӘРІПЖАНӘУЛЕТІ,

жел­тоқ­сан­шы, ақын, Қаза­қстан Жастар одағы

сый­лы­ғы­ның лауреаты

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн