Понедельник , 7 июля 2025

ЖЕМҚОРДЫ ТЫЮДЫҢ шек мөлшері белгіленді…

2016 жылы қабыл­дан­бақ­шы «Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл тура­лы» заң жоба­сы­на сай Қаза­қстан мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­леріне құны 19,8 мың тең­ге­ден аспай­тын сим­во­ли­ка­лық сипаттағы сый­лы­қтар алу­ла­ры­на рұқ­сат етіледі, деп хабар­ла­ды агент­тік тілшісі.

«Қыз­мет бабын атқа­ру бары­сын­да лау­а­зым­ды тұлға­лар және мем­ле­кет­тік функ­ци­я­лар­ды атқа­ра­тын басқа да тұлға­лар, оларға теңе­стіріл­ген тұлға­лар, сон­дай-ақ жау­ап­ты мем­ле­кет­тік лау­а­зым алып оты­рған тұлға­ларға аталған бап­тың («Сый­лы­қтар алу­дағы шек­те­улер» заң жоба­сы­ның 22‑б. 1‑т.) 2, 3‑тармақтарында қарас­ты­ры­лған жағ­дай­лар­дан басқа жағ­дай­да сый­лы­қтар алуға тый­ым салы­на­ды», – делін­ген өткен жұма күн­гі «Ақпа­ратқа қол жетім­ділік құқы­ғын кеңей­ту, қоғам­дық бақы­лау фор­ма­ла­ры және ҚР-дағы сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл келе­ше­гі: заң­на­ма­лық баста­ма­лар­ды талқы­лау» тақы­ры­бын­дағы дөң­ге­лек үстел­де тара­ты­лған материалдарда.

Осы тала­пқа сай сим­вол­дық сипаттағы көңіл біл­ді­ру бел­гілерін неме­се хат­та­ма­лық және басқа да ресми шара­лар өткіз­ген­де, құны 10 айлық есеп­тік көр­сет­кіш­ке (АЕК) дей­ін­гі сый­лы­қтар алуға рұқ­сат етіледі.

Аталған тұлға­ның рұқ­са­тын­сыз кел­ген сый­лы­қтар, сон­дай-ақ аталған бап­тың 1‑тармағын бұза оты­рып алы­нған сый­лы­қтар 7 күн­нің ішін­де арнайы мем­ле­кет­тік қорға төле­усіз тап­сы­ры­луы керек. Сый­лы­қтар­дан түсетін қар­жы­ны қор рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ке аударады.

ҚР пар­ла­мен­тінің халы­қа­ра­лық істер, қорға­ныс және қауіп­сіздік жөнін­де­гі коми­тет төраға­сы Мәу­лен Әшім­бев «Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл тура­лы», «Ақпа­ратқа қол жет­кі­зу тура­лы» және «Қоғам­дық бақы­лау тура­лы» заң жоба­ла­рын Қаза­қстан пар­ла­мен­ті биы­лғы жыл соңы­на дей­ін қабыл­дай­ды деді.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн