Суббота , 5 июля 2025

ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАЙЛЫ ЖЫР(Мысал)

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №36 (400) от 05 октяб­ря 2017 г.

Ойдан-қыр­дан

Уақыт уыты

 


 

Абд­рах­ман АСЫЛБЕК,

ақын, Қаза­қстан­ның

еңбек сіңір­ген қайраткері

 

Бей­нетқор мен зей­нетқор жолықты,

Ойла­рын ортаға салып қорытты.

 

Бей­нетқор айтты:

«Өзге­лер­ден өте біз,

Күн-түні еңбек етеміз.

Сон­да да бай­ы­май­мыз неге біз?

Бас­шы­ларға үміт артып,

Алды­на бара қал­сақ жете біз,

Ашы­қтан-ашық пара сұрайды,

Ауы­зда­рын ашып, дара сұрайды.

Өзі­ме көз қыры­ң­ды салғын десек те,

Балам­ды оқуға алғын десек те,

Аша қой­ып аңқасын,

Тоса қояды қалтасын.

Сөй­те тұра өздері,

Кереғар келіп сөздері,

«Жемқор­лы­ққа жол жоқ, – дейді, –

Оны жояр жөн жоқ», – дейді.

Жемқор­лы­қты жою мекемесіне,

Оның дәл шекесіне

Осы­лай деп іліп қояды,

Оны қалай­ша біліп қояды?».

 

Зей­нетқор айтты:

«Заман дей­міз,

Өзгеріп бара жатыр адам дейміз,

Өмір­ден өткен небір қоғам дейміз.

Заман қоғам­нан тұрады,

Қоғам адам­нан тұрады,

Қара жер бәрінің тұрағы.

Алла жібер­се бір апат тосыннан,

Адам­дар қалай құты­ла­ды осыдан?

Ең ар жағы зей­нет­кер біздерді,

Артын­да жоқ деп іздері,

Жеп қой­ып жемқор­лар қорымызды,

Қай­на­тып жүр емес пе сорымызды?

Сон­ды­қтан әлгі меке­менің шекесіне

Былай деп жаз дедік төтесінен:

«Жемқор­лы­ққа емес жол жоқ,

Жемқор­лы­ққа еш ем жоқ».

 

Бей­нетқор айтты:

«Тәу­ел­сіздік­ке мол шама,

Ширек ғасыр бол­са да,

Жемқор­лар­дың қал­та­ла­ры тол­са да,

Той­ым­сыз иттей тоймайды,

Жемқор­лы­қты қоймайды.

Олар: «Жемқор­лы­ққа жол жоқ», – дейді,

Ал мен бол­сам: «Жемқор­лы­ққа ем жоқ», – деймін.

Өйт­кені жемқор­лық нағыз обыр деймін,

Оны неге түсін­бей­ді тобыр деймін.

Обыр деген РАК емес пе?

Соңғы сәт­тік сынақ емес пе?

Обыр­мен ауы­рған адам өледі,

Тағ­дыр­дың жазға­ны­на көнеді.

Өйт­кені оған ем де болмайды,

Бақ­сы-бал­гер­лік дем де қонбайды.

Соңғы сағат­та­рын санап жатып,

Аспанға қарап жатып,

Жылай да, күл­мей де қалады,

Көзі қалай жұмы­лға­нын біл­мей де қалады».

 

Төре­ші айтты:

«Мұның себебін:

Тір­лік­тің біл­сең түп­кі дерегін,

Ол Алла жаратқан адам ғой,

Ада­мға жалғы­здық жаман ғой.

Бар­лық адам жиылып,

Құра­ты­ны қоғам ғой.

Бір ғана адам емес,

Қоғам өлсе, тәмам ғой.

Ақыр­за­ман ғой.

Қоғам жемқор­лы­қ­пен

ауы­рған екен,

Ауруы жазыл­май­тын ауыр­дан екен.

Қоғам осы­дан шіриді,

Шіриді де құриды.

Өлетінін біл­се де, олар өлетін емес,

Қазір­ше тіз­гінін беретін емес».

 

Жемқор­лар дейді:

«Не дей­ік?

«Тағ­дыр­дың жазға­ны­на көнейік.

Ақы­ры өле­міз, жей берейік,

Әке­ле бер дей берейік.

Ешкім қақ­пай­ды бетімізден,

Парақор­мыз шетімізден.

Тың­да­май ата-ана­мы­зды да,

Жемқор­лы­ққа баулыдық

бала­мы­зды да.

Жемқор­лық жау­лап алған

қала­мы­зды да,

Шалғай­дағы ауыл дала­мы­зды да,

Бар­лық ақыл-сана­мы­зды да.

Бәрібір жемқор­лы­қ­пен өлеміз,

Бірақ, неге тек­ке көнеміз?

Уақыт­ша өлмеудің,

Тағ­ды­рға көнбеудің

Жолын қам­да­сты­рып бағамыз,

Бір айла­сын табамыз.

Бір айла­сын табамыз.

Көп­шілік болып талқылап,

Біра­уы­здан мақұлдап,

Өзі­міз­ге қам­да­сты­рып аламыз.

Жемқор­лы­қты заң­да­сты­рып алайық.

Пара алсақ, ала берейік,

Қал­та­мы­зға сала берейік.

Бірақ тапқан «олжа­дан»,

Олжа­лы дорбадан

Қоға­мға салық төлейік,

Олжаға сай анық төлейік».

Төре­ші айт­ты шешімін,

Салы­қтың нақты кесімін:

Жүз мың алсаң – отыз мыңын,

Мил­ли­он алсаң – үш жүз мыңын,

Заман­ның есеп­тей оты­рып нарығын,

Бес жүз мил­ли­он­ның жарымын.

Мил­ли­ард алсаң – мүр­дем кетсін,

Ойлан­ба­стан бір­ден кетсін».

 

***

Айтар бол­сақ дұрысын,

Жемқор­лы­қтар құрысын.

Бірақ шетел­ге қашып кетпесін,

Ақша­сын басып кетпесін.

Өлсе, осын­да өлсін,

Сүй­е­гін осын­да көмсін,

Иелі­гі де осын­да болсын,

Игілі­гін көп­шілік көрсін.

Сон­да жемқор­лық заң­ды болмақ,

Тір­лі­гі «мәң­гі» болмақ.

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн