Суббота , 5 июля 2025

ЖЕР ДАУЫНА ҚАТЫСТЫ Атыраудағы сот төрт күнге жалғасуда

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №2 (366) от 19 янва­ря 2017 г.

 

Көпе-көр­неу қиянат

 


 

Расын­да, бұған дей­ін­гі апел­ля­ци­я­лық көп­те­ген басқа сот оты­ры­ста­ры мұн­дай ұза­ққа созыл­маған. Ары кет­се, бір-екі күн­нің ішін­де алға­шқы инстан­ци­я­ның шеші­мін рас­та­у­мен тамам болатын.

 

Ал Аты­ра­удағы Макс пен Талғат­тың соты бүгін төр­тін­ші күн­ге ұла­сты. Кеше айып­та­лушы­лар мен олар­дың қорға­у­шы­ла­ры жиыр­маға жуық шағым түсір­ді. Сот ол шағым­дар­дың бар­лы­ғын кей­ін қарай­мыз деген желе­умен созба­лақта­тып кел­ді. Аза­мат­тық белен­ділер Макс Боқа­ев пен Талғат Аян «сот әділет­сіз өтіп жатыр» деп санап, сот оты­ры­сы­на онлайн режим­де қаты­су­дан бас тарт­ты, деп хабар­лай­ды «Азаттық». Бұл да билік пен сот тара­пы­нан жаса­лып оты­рған қыса­сты­ққа жау­ап­тың бел­гісі бол­са керек.

Талғат Аян­ның адво­ка­ты Төле­пқа­ли Аяно­втың «Азатты­ққа» мәлім­де­уін­ше, сот басталған­нан бері 20-дан астам өтініш жасалға­ны­мен, олар­дың ешқай­сысы қанағат­тан­ды­рыл­маған. «Біз сот­тың бірін­ші инстан­ци­я­сын­да қабыл­дан­баған өтіні­ш­тері­мізді қай­та ұсын­дық. Халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дың, тәу­ел­сіз сарап­шы­лар қоры­тындыс­ын іске тір­ке­уді сұра­дық. Қабыл­дан­ба­ды», – деп­ті Төле­пқа­ли Аянов «Азатты­ққа».

Кеше түстен кей­ін­гі сот оты­ры­сы­на Аты­ра­удың №157/1 уақыт­ша қамау изо­ля­то­рын­да оты­рған сот­та­лушы­лар онлайн бай­ла­ныс арқы­лы да про­цес­ке қаты­спай қой­ды. Судья­лар қолы­на Боқа­ев пен Аян тура­лы мате­ри­ал жарық көр­ген газет­ті ұстап оты­рған сотқа қаты­су­шы аза­мат­тық бел­сен­ді Әсел Мақ­сот­тан сот залы­нан шығып кетуін талап еткен. Боқа­ев пен Аян осы жағ­дай­ға нара­зы­лық таныт­ты, дей­ді «Азатты­қтың» тілшісі.

«Сот залын­дағы­лар­дың қол­да­уы­мен мені сот залын­да қал­дыр­ды. Ал Макс пен Талғат бұны «адам құқы­ғын көпе-көрі­неу бұзу» деп атап, «Скайп» арқы­лы оты­ры­сқа қаты­су­дан бас тарт­ты», – деді Әсел Мақ­сот­тың өзі «Азатты­ққа».

Еске сала кет­сек, 2016 жылғы 28 қара­ша­да №2 Аты­рау қала­лық қыл­мыстық соты аза­мат­тық бел­сен­ділер Макс Боқа­ев пен Талғат Аян­ды «әле­умет­тік ала­у­ы­здық тудыр­ды», «әдейі жалған ақпа­рат тара­тып», «митинг өткі­зу заң­да­рын бұз­ды» деп айып­тап, әрқай­сысын бес жылға бас бостан­ды­ғы­нан айы­рған еді. Бұған қоса сот олар­ды 560 мың тең­ге айып­пұл мен сарап­та­ма жаса­уға кет­кен 259 мың тең­гені де өндіру­ге мін­дет­те­ген. Сот­та­лушы­лар­дың өздері айып­та­рын мой­ын­даған жоқ. Екі аза­мат­тық бел­сен­ді 2016 жылғы сәуір айын­да Аты­ра­уда үкі­мет­тің жер рефор­ма­сы­на қаты­сты жап­пай халы­қтық толқу өткен кез­де көз­ге түс­кен болатын.

Кеше кеш­кісін бет қат­та­лып, газет бас­па­ха­наға кетер алдын­да сотқа Көк­ше­та­удан арнайы келіп қаты­сқан қоғам қай­рат­кері Марат Жанұ­за­қо­втан сот оты­ры­сы­ның жүрісі жөнін­де ком­мен­та­рий сұраған едік.

«Мен бұл сот­тың бүгін­гі бета­лы­сы­нан сон­дай­лық бір үміт күт­пей­мін, – деді Марат мыр­за. – Дүй­сен­бі күн­гі алға­шқы оты­ры­ста сот­тың баста­ма­сы жақ­сы болған еді: БАҚ өкіл­дерінің жұмысы­на кең мүм­кін­дік беріл­ген-ді. Соның нәти­же­сін­де рес­пуб­ли­ка­лық «КТК» мен «31-арна­дан» сюжет­тер көр­сетіл­ген бола­тын. Шама­сы, кешелі-бүгін сот төраға­сы Тәт­ті Уәли­е­ва жоғарғы жақтан қатаң тап­сыр­ма алған болуы керек, БАҚ өкіл­дерін сот залы­на кір­гіз­бей қойды».

«Ал қорға­у­шы жақтың ой-пікірі мен дәлел­дері қалай қабыл­да­ну­да?» деген сау­а­лы­мы­зға Марат Жанұ­за­қов былай деп жау­ап бер­ді: «Қорға­ну­шы жақ бірін­ші сот­тың үкі­мін быт-шыт ететін­дей дәлел­дер кел­тіріп жатыр. Бірақ сот ол дәлел­дер­ді дауа көр­мей­тін сияқты. Мыса­лы үшін, «50 мың АҚШ дол­ла­ры ора­лып беріл­ді-мыс» деген жей­де­ше Талғатқа тіп­ті де шақ емес. Талғат ірі жігіт, ал жей­де­шенің көле­мі 46–48 мөл­шер­ден аспай­ды. «Ол жей­де­ше Талғат­тың кін­ді­гіне де жет­пей­ді», – деді Талғат­тың әкесі әрі адво­ка­ты Төле­пқа­ли Аян сот бары­сын­да. Ал сот төраға­сы бұл уәж­ді құлағы­на да қысты­рған түрі көрін­беді. Яғни, төраға Макс пен Талғат­ты қайт­кен­де де сот­тау жөнін­де тап­сыр­ма алған сияқты. Бәл­кім, ары кет­кен­де бірер бап­ты жеңіл­детіп, бір-екі жылын қыстар­та­тын шығар. Бірақ сот алқа­сы­ның соңғы екі күн­гі ұста­ны­мы­на қараған­да, жігіт­тер­ді бостан­ды­ққа шыға­ра­тын әлпет сезілмейді».

Соны­мен, Аты­ра­удағы алқа­лық апел­ля­ци­я­лық сот бүгін төр­тін­ші күн жалға­са­ды. Марат Жанұ­за­қо­втың пікіріне қараған­да, оты­рыс жұма күні де жалға­суы мүм­кін. Бірақ ол сот оты­ры­ста­ры­ның бар­лы­ғы көз алдау үшін ғана өтетін сияқты.

Қалай болған­да да, сот­тың соңғы шеші­мін күту­ден басқа амал жоқ. Ал жал­пы сот оты­ры­сы жөнін­де­гі жал­пы есеп­тік жари­я­ла­ным газеті­міздің келесі нөмірін­де шыға­тын болады.

Сырым ДАТОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн