Суббота , 5 июля 2025

Жер саудаға түспек. АЛ ҚАЗАҚ ҮНСІЗ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №14 (331) от 07 апре­ля 2016 г.

 

Қаз-қал­пын­да

 

Осы­дан бір­не­ше күн бұрын, нақты айт­сақ, 2016 жыл­дың 30 науры­зы күні ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­лерін жеке мен­шік­ке беру мақ­са­тын­да 2016 жыл­дың 1 шіл­десі­нен бастап жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар 1,7 млн гек­тар жер­ді аук­ци­он арқы­лы сауда­лай­ты­ны және оның пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың «100 нақты қадам ұлт­тық жос­па­ры­ның» «Инду­стри­я­лан­ды­ру және эко­но­ми­ка­лық өсім» бағы­тын жүзе­ге асы­ру мақ­са­тын­да жүзе­ге асып жатқан­ды­ғы тура­лы Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стрі Ербо­лат Доса­ев ресми мәлім­де­ме жасады.

 

Содан бері бір­не­ше күн өтсе де, елі­міздің ұлт­шыл аза­мат­та­ры, сая­сат­та­ну­шы­лар бұл мәсе­ле тура­лы тұщым­ды пікір біл­ді­ре қой­ған жоқ.

Мүм­кін, билік­тің елді ескерт­пе­стен, қоғам­ның талқы­сы­на сал­ма­стан, бастап кет­кен сой­қан қада­мы тура­лы аза­мат­тар біл­мей де, біл­се де, көп жерін түсін­бей оты­рған болар.

Ия, аза­мат­та­ры­мы­здың жер­дің иесі болға­ны­на еш қар­сы­лы­ғым жоқ, бірақ көп мәсе­лені түсін­бей оты­рған­ның бірі менмін.

Себебі жер мәсе­лесі бой­ын­ша бір­не­ше негіз­гі сұраққа билік тара­пы­нан жау­ап бол­май отыр. Атап айтқанда:

  1. Аук­ци­онға түсетін ауыл шару­а­шы­лық жер­лерін шетел­дік жеке неме­се заң­ды тұлға­лар сатып ала ала ма?
  2. Аук­ци­он арқы­лы жер сатып алған Қаза­қстан­ның аза­мат­та­ры өздеріне тие­селі жер­лерін шетел­дік жеке және заң­ды тұлға­ларға сата ала ма?

Осы екі мәсе­ле мен үшін аса маңы­зды. Себебі шаруа қожа­лы­қта­ры бүгін­де жалға алып оты­рған жер­лерін сатып алуға қауқар­сыз. Сон­ды­қтан жер­дің көп бөлі­гі ақша­лы шетел­дік­тер­дің қолы­на өтіп кете ме деген қау­пім бар.

Шетел­дік аза­мат­тар неме­се ком­па­ни­я­лар жер­ді қала­у­ын­ша сатып ала ала­тын бол­са, елі­міздің шұрай­лы жер­лерін­де Чай­на-таун­дар мен Ново­рос­си­я­лар пай­да бола ма деп қауіптенемін.

Сон­ды­қтан пре­зи­дент­тің тап­сыр­ма­сы­мен жаса­лып жатқан «100 қадам­ның» соңы қасірет­ке айнал­май ма? 35-қадам­да көр­сетіл­ген­дей, «Ауыл шару­а­шы­лық жер­лерін тиім­ді пай­да­ла­ну мақ­са­ты­мен олар­ды нары­қтық айна­лы­мға енгі­зуді» желеу етіп, жер­дің бәрін сатып жіберіп, қазақ жер­сіз қал­май ма?

Пре­зи­дент­тің тап­сыр­ма­сы­мен Жер кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізіл­мек­ші. Ол өзгерістер­де «ҚАЗАҚСТАННЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРЛЕРІ ШЕТЕЛДІК ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА САТЫЛМАЙДЫ» және «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨЗІНЕ ТИЕСЕЛІ ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН ШЕТЕЛДІК ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА САТУЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ» деген сөз­дер мін­дет­ті түр­де жазы­луы тиіс деп есептеймін.

Бұл мәсе­ле­де Қазақ ұлт­тық кеңесі, жел­тоқ­сан­шы­лар, ұлт­шыл аза­мат­тар, оның ішін­де Мұх­тар Шаха­нов , Бек­бо­лат Тіле­ухан, Бақыт­бек Смағұл, Құр­манға­зы Рах­ме­тов, Мұх­тар Тай­жан, Айдос Сарым, Расул Жұма­лы, тағы басқа да ұлт­шыл аза­мат­тар, қоғам­дық ұйым­дар, тіл, жер, ұлт жана­шыр­ла­ры бел­сен­ділік таны­туы керек. Ал үкі­мет, пар­ла­мент бұл мәсе­ле тура­лы арнайы түсін­ді­ру жұмыста­рын жүр­гізіп, қоғам­дық ұйым­дар мен бел­сен­ділер­дің қаты­суы­мен түр­лі кез­де­су­лер өткі­зуі тиіс.

Жер мәсе­лесі халы­қтық рефе­рен­дум­да шешіл­се де артық бол­май­ды. Себебі мил­ли­он­даған, мың­даған гек­тар жер шетел­дік жеке неме­се заң­ды тұлға­ның қолы­на өтіп кет­се, Қаза­қстан­ның қауіп­сізді­гіне, жерінің тұта­сты­ғы мен тәу­ел­сізді­гіне қауіп төнуі мүмкін.

Жер сату ісі екі-үш адам­ның ойын­дағы­сы­мен шеші­ле сала­тын мәсе­ле емес. Кім-кім­нің де ата­сы­нан мұраға қалған жері жоқ.

Жер тағ­ды­ры – ел тағ­ды­ры, жер тағ­ды­ры – ұлт тағ­ды­ры! Оған жүр­дім-бар­дым, жеке бастың мүд­десі­мен қара­уға болмайды!

Мақ­сат ІЛИЯСҰЛЫ

Abai.kz

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн