Суббота , 5 июля 2025

ЖЕР ҮШІН СОТТАЛҒАНДАР«экстремистер» тізіміне енгізілді

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №5 (369) от 9 фев­ра­ля 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 


 

Аты­ра­уда «Жер мәсе­лесіне» қаты­сты митинг өткіз­гені үшін сот­талған бел­сен­ділер Макс Боқа­ев пен Талғат Аян тер­ро­ризм мен экс­тре­мизмді қар­жы­лан­ды­ра­тын тізім­ге енгізіл­ген. Ал қазір олар­дың қай түр­ме­де оты­рға­ны бел­гісіз, деп хабар­лай­ды «Азаттық».

 

Тер­ро­ризм мен экс­тре­мизмді қар­жы­лан­ды­ра­тын ұйым­дар мен адам­дар­дың тізі­мі Қаза­қстан­ның Қар­жы мини­стр­лі­гінің қар­жы­лық бақы­лау сай­тын­да жари­я­ланған. Ол тізім­ге елде экс­тре­мизм мен тер­ро­ризм бой­ын­ша сот­талған адам­дар енген.

Қазір Макс Боқа­ев пен Талғат Аян­ның қай түр­ме­де оты­рға­ны бел­гісіз. Макс Боқа­ев­тың туы­ста­ры­ның айтуын­ша, оны баты­стан оңтүстік арқы­лы Пет­ро­пав­лов­скі­де­гі ЕС-164/3 абақты­сы­на жібермек.

Бұл екі ара­да кеше «Аста­на кон­церт» залын­да қала әкім­ді­гінің «Бел­сен­ді аза­мат» шара­сы кезін­де аза­мат­тық бел­сен­ді Раи­са Бей­сем­ба­е­ва аты­ра­улық бел­сен­ділер Макс Боқа­ев пен Талғат Аян­ды және сот­талған дис­си­дент Арон Ата­бек­ті боса­ту­ды талап етіп, акция өткізді. Қолы­на А4 фор­ма­тын­дағы қағазға Боқа­ев, Аян, Ата­бек­ті боса­ту­ды және пси­хи­атр­лық ауру­ха­наға жатқы­зы­лған бел­сен­ді Ната­лья Ула­сик­ті боса­ту­ды талап ететінін айтты.

Azattyq.org

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн