Суббота , 5 июля 2025

ЖЕРСІЗ ҚАЗАҚЖЕТІМ ҚАЗАҚ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №21 (385) от 1 июня 2017 г.

 

Елдің зары – жер

 


 

Бұры­нғы­сы бұры­нғы ма, жаз шыққа­лы жер мәсе­лесі ушы­ғып кет­ті. Жер­дің мәсе­лесін ушы­қты­рып оты­рған тіп­ті де қара халық емес, ушы­ғу­ды шегіне жет­кізіп оты­рған біздің билік!

 

Аяғы­ң­ды қия бас­саң, алды­ң­нан жер­ді саудаға салған­дар­дың мәсе­лесі шыға келеді. 24 мамыр күні Пав­ло­дар қала­сы­нан Серік­бай Әлі­ба­ев, Аста­на­дан Қай­ыр­лы Омар жол­шы­бай маған соғып, Көк­ше­тау арқы­лы Сол­түстік Қаза­қстан облы­сын­дағы Ақжар ауда­ны­на жол­са­парға шықтық. Ақжар ауда­нын­дағы Бостан­дық ауы­лын­да сол күні ауыл тұрғын­да­ры­ның, яғни шару­а­шы­лық қожа­лы­қта­ры­ның уәкіл­дерінің аудан бас­шы­ла­ры­мен оты­ры­сы өтпек­ші болып бел­гі­лен­ген екен. Күн тәр­тібін­де – жер мәсе­лесі. «Аудан орта­лы­ғы­нан келеді» деген бас­шы­лар­ды кеш­ке дей­ін күтіп-күтіп, кел­ме­ген соң, ауыл­дық әкім­шілік­тің ғима­ра­ты­на жиналған жұрт­шы­лы­қтың көкей­те­сті шағым­да­рын тыңдадық.

Кеңе­стер үкі­меті кезін­де, еге­мен­ді­гі­мізді алғанға дей­ін Бостан­дық ауы­лын­дағы үйлер саны – 560, ал орта мек­теп­те оқи­тын бала­лар саны да сол шама­да болған дей­ді. Көше­лерін­де тас жолы және ауыл­ды қор­шаған қалың орма­ны болып­ты. Ал қазір олай деп айта алмай­сың: 560 үйден қалға­ны 200-дей ғана үй. Көп­те­ген үйлер қира­ты­лып, көңіл­ге үрей үйіріп, қаңқиған қабы­рға­ла­ры ғана тұр. Тап бір соғыс болып өткен­дей. Бір кез­дер­гі ауыл­дың көр­кі – Мәде­ни­ет сарайы да қирап біт­кен. Бүкіл ауыл­ды жылу­мен қам­та­ма­сыз ететін екі қазан­дық бар екен, оны да құр­тып тынып­ты. Көмір­дің баға­сы мен тасы­мал­да­уы ондаған есе­ге көбей­іп, тұрғын­да­ры ауыл­ды айна­ла өскен аға­шты отап тастаған көрі­неді… Қыстың күн­гі боран­дар­да аудан орта­лы­ғы Ақжар мен екі орта­дағы жол жабы­лып қалып, ауру­ха­наға жете алмай, бақи­лық болып кет­кен­дер де бар екен. Жол­ды аршиын десе, жол таза­лай­тын тех­ни­ка аудан орта­лы­ғын­да ғана бар және жанар­май қат, жоқтың қасы дейді.

Бұл ауыл кезін­де бұры­нғы Көк­ше­тау облы­сы­на қараған екен. Көк­ше­тау – Омбы тас жолы­ның бой­ы­нан Дәуіт темір­жол бекеті­нен солға бұры­лған­да, 30 шақы­рым қашы­қты­қта орна­ласқан. Маңай­ы­ның бәрі егістік жер­лер және 7 шақы­рым жер­де Кіші Қарой үлкен көлі бар. «Балы­ғы жылқы жусат­пас, бақа­сы кісі ұйы­қтат­пас» дей­тін­дей, айдын шалқар көл­ді де келім­сек­тер иеленіп алып­ты. Сол көл­дің бел­сіздік­ті емде­у­ге дәрі жаса­лы­на­тын қызыл құр­тын бәлен дол­ларға Қытай­ға сатып, пай­даға шаш-етек­тен батып жат­са керек. Ал ауыл тұрғын­да­ры бол­са, ит мініп, ирек қам­шы­лап, ақша­ның жоқты­ғы­ның тауқы­метін тар­тып отыр.

Бостан­дық ауы­лы­ның жері 23 000 гек­тар да, «Бостан­дық» ЖШС-нің егістік жерінің аумағы 6214 гек­тар, шабын­дық жері 4000 гек­тар­дың ар жақ-бер жағын­да. Еге­мен­дік­ті алғанға дей­ін ауыл­да лимо­над, шұжық жасау, нан-тоқаш пісіретін және тағы басқа тамақ өнім­дерін шыға­ра­тын шағын цех­та­ры ауыл­дың адам­да­ры түгілі, көр­ші Омбы қала­сы­ның тұрғын­да­ры­на дей­ін азық-түлік­пен қам­та­ма­сыз етіп отырыпты.

Ал енді еге­мен­ді­гі­мізді алдық деп, бөр­кі­мізді аспанға атып, шексіз шат­ты­қтан есі­міз ауы­сып жатқан мез­гіл­де, Бостан­дық ауы­лы күй­реп, 560 үйден 200-дей ғана үй қалған екен. Орта мек­теп­те оқи­тын 500-ден астам оқу­шы бала­лар­дың саны күрт кеміп, осы күн­де небәрі 150 ғана оқу­шы мек­теп­ке барады.

3000-нан астам ірі қара малы, 1 мың басқа таяу жылқы­сы, 1 мың бас шошқа фер­ма­сы еге­мен­дік­ті алған­нан кей­ін көп ұза­май жап­пай «жан тап­сы­рып­ты». Мал қора­лар­дың қабы­рға­сы да қал­маған, тып-типыл, жер­мен-жек­сен болған. Ауыл­дың шетін­де орна­ласқан астық қабыл­дау қой­ма­сы­ның да жағ­дайы адам жылар­лық, тона­лып біт­кен. Ауыл­да жұмыс бол­май қалған соң, тұрғын­да­ры «бала­пан – басы­на, тұрым­тай – тұсы­на» деген­дей, тоз-тозда­ры шығып, күн­көріс үшін қала­ларға қаңғы­рып кетіпті.

Жиналған ауыл­дың тұрғын­да­ры біз­ге: «Осы біз­дер­ді, яғни қазақ жерін­де­гі халы­қты құр­ды­мға тіреп қой­ған кісінің атын атай ала­сыздар ма?» – деп сұрақ қой­ды. Сұрақта­ры­ның жау­ап­та­рын өздері де біліп оты­рған жұрт­шы­лы­ққа не дей­ік – иығы­мы­зды қиқаң­дат­тық та қой­дық… Егер құр­дым­ның иегерінің атын ата­сақ, сол күні-ақ ауыл әкі­мінің тағ­ды­ры жаһан­нә­мға кетей­ін деп тұрған соң, қалай оны жаман­ды­ққа итерерсің?

 

Ауыл­дың күй­ре­уіне басты себеп – «нары­қтық эко­но­ми­ка» («әуелі – эко­но­ми­ка, сосын – сая­сат») дегені екенін әлгі ауыл­дағы еңкей­ген қари­ядан еңбек­те­ген балаға дей­ін біліп алып­ты. «Бар­тер деген пәлесі шығып, Омбы­дан жанар­май-жағар­май­ға айыр­ба­ста­уға сов­хоз­дың малы жап­пай сой­ы­лып, Ресей мен Қаза­қстан­ның екі ара­сы қан сасы­ды», – дей­ді Кіші Қарой (Бостан­дық ауы­лы­ның) ауыл­дық окру­гінің әкі­мі Ермек Қай­ы­р­жа­но­втың каби­нетіне жиналған ауылдықтар.

«Сов­хоз­дың малы жап­пай пышаққа ілініп, көк­тем­де егін егу­ге жанар­май бол­май, сеп­кен күн­нің өзін­де егін орағы кезін­де тағы да жанар­май-жағар­май жет­пей, тары­ғуға ұшы­раған кезі­міз­де аспанға өрме­леп шыққан күні­міз­дей болып, Вик­тор Бог­да­нец дегені пай­да бол­ды көк­жи­ек­тен. «Жары­лқай­мын, қай­ыр­шы­лы­қтан құтқа­ра­мын, ауыл­да­ры­ң­ды гүл­де­те­мін!» – деп, әлгі «Богви» деген шару­а­шы­лы­қтың қожай­ы­ны Бог­да­нец 2007–2008 жж. 51 пай­ыз жері­міз­ге ие болып, Мұстар Ары­нға­зин деген қызыл дирек­то­ры 44 пай­ы­здың құры­л­тай­шы­сы бол­ды. Ал нақты жер иесі Бостан­дық ауы­лы­ның тұрғын­да­ры 5 пай­ы­зға «риза» бол­дық. Содан бастал­ды ғой жыной­нағы­мыз! Жал­пы аумағы 23 мың гек­тар жері­мізді кепіл­дік­ке қой­ып, Бог­да­нец дегені «Бостан­дық» ЖШС-нің 12 мил­ли­он салық төле­ме­ген қары­зы­на қара­май, банк­тер­ден мил­ли­ард­тап қары­зға қара­жат ала баста­ды. Ол ақша­лар­дың қай­да кетіп жатқа­нын бір Құдай біледі, еміс-еміс ести­тін­біз «Бура­бай­да шипа­жай, дема­лыс орын­да­рын салып алып­ты» деп.

Басын­да аздаған бидай, жем-шөп алып тұру­шы едік, бара-бара одан да қағы­ла баста­дық. Қан­ша­ма жыл істеп кел­ген қитұрқы­лы­қта­ры үшін түр­ме­ге оты­ра­ры­ның алдын­да 2009 жылы шару­а­шы­лық қожай­ы­ны Бог­да­нец біздің жері­міздің 51 пай­ы­зын қай­дағы бір Вик­тор Галин деген­ге шарт жаса­сып, сый­лап жібер­ді. Ал «Бостан­дық» ЖШС-нің жарғы­сы әлі күн­ге дей­ін өзгер­ген жоқ, сол күй­ін­де тұр. Жал­пы, Ақжар ауда­ны­ның 163 мың гек­тар жері «Богви», яғни Бог­да­нец­тің иелі­гін­де. Ал оның үсті­нен қарай­тын қожай­ын­да­ры – Москва қала­сы­ның экс-мэрі Луж­ков пен оның қаты­ны екені де ешкім­ге де құпия емес. Алды­ңғы жыл­да­ры Ақмо­ла облы­сы­на 80 мың гек­тар жер­дің иесі Кула­гин мыр­за әкім болып тағай­ын­далған күн­нің ертеңіне түр­ме­де оты­рған Бог­да­нец­ті ештеңе бол­маған­дай түр­ме­ден шыға­рып жіберіп, құқық қорғау орын­да­ры оны­мен қимай-қимай, жылап-сықтап қоштасқан еді. Содан бері «шық­па, жаным, шық­па» деп күн көріп келе жатыр едік, «жер асты­нан жік шықты, екі құлағы тік шықты» деген­дей, Көк­ше­та­удың қал­та­лы­сы Ибра­гим Сат­ты­ба­ев дегені шықты: «Бостан­ды­қтың жерін түгел­дей сатып ала­мын» деп. 2016 жылы 5 мамыр­да шыққан пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың Жер кодексіне енгізіл­ген жер сатуға, жері­мізді жалға беруді тоқта­туға жари­я­лаған мора­то­рий­іне қара­май, 31 мамыр күні 6214 гек­тар жері­міздің мүл­кі кепіл­дік­те тұрға­ны­мен тағы жұмысы жоқ, ауыл­ды алды­мен қоғам­дық мүл­кі­нен айы­рған соң, 19 мил­ли­он тең­ге­ге Сат­ты­ба­евқа сот орын­да­у­шы­ла­ры арқы­лы жері­мізді сатып жіберді.

Ал осы кез­де көр­ші Куз­бас ауы­лы­ның «Вос­ход­ский» ЖШС-нің 6000 гек­тар­дай жері 112 мил­ли­он тең­ге­ге саты­лып кет­ті. Сон­да Бостан­дық ауы­лы жерінің 1 гек­та­ры 3166 тең­ге­ге сатыл­са, Куз­бас ауы­лы жерінің әрбір гек­та­ры 18 666 тең­ге­ге саты­лған. Еке­уінің баға­сы­ның айыр­ма­шы­лы­ғын түсініп оты­рған шығар­сыздар? Жаңа­дан пай­да болған басты­ғы­мыз Сат­ты­ба­ев мыр­за: «5 пай­ыз үле­стеріңді тек ауыл­да тұрып жатқан тұрғын­дарға ғана бере­мін, сырт­та жүр­ген пай­шы­ларға түк те жоқ!» – деп, бүй­рек­тен сирақ шыға­рып отыр. Біз: «Онда, жарай­ды, біз саған сатып алған жеріңнің ақша­сын, 19 мил­ли­он тең­гені қай­та­рай­ық, ал сен біз­ге жері­мізді өзі­міз­ге қай­та­рып бер», – десек, «6214 гек­тар жер­ді сатып алған екен­мін, енді оны не үшін сатуға тиісті­мін? Тіп­ті ере­ге­стір­сең­дер, 5 пай­ыз пай­ла­ры­ң­ды да бер­мей­мін!» – дей­ді шіреніп.

Жал­пы, Сат­ты­ба­ев Ибра­гим дегеніңіз осы біздің ауыл­дың тума­сы, ал бірақ ондай ағай­ын­ның бары­нан жоғы жақ­сы еді. Және бір ғажа­бы, жері­міз­ге толық ие бола алмай тұрып, Сат­ты­ба­ев мыр­за егін егіп те таста­ды! Біздің ойы­мыз­ша, бұның да Аста­на­да мықты «кры­ша­сы» болуы тиіс?.. Жоға­ры­да оты­рған жар­ты құдай­лар­мен құдан­да­лы деген­ді де естідік, өтірік болмаса?..

Осы­ның алдын­да жері­міздің кенет­тен пай­да болған «қожай­ын­да­ры­на» 80 пай­ыз үлес­кер­лер болып, арыз жазып, серік­те­стік­тен шығуға шешім қабыл­даған едік. Ал енді қазір­гі таң­да өзі­міздің жер­лері­мізді өздері­міз­ге қалай қай­та­ра­мыз, осы сұрақтың жау­а­бын таба алмай, билік­пен ара­мыз күн сай­ын ушы­ғу­да», – дей­ді Бостан­дық ауы­лы­ның тұрғындары.

 

Біз халық өкіл­дері ретін­де пре­зи­дент өзі тағай­ын­даған халық қыз­мет­шісі – аудан әкі­міне таң атпай бар­сақ, «комис­сия келіп қалып еді, қолым тимей­ді» деп, көмек­шісі арқы­лы жет­кіз­ген дұғай сәле­міне қанағат­тан­бай, «тым бол­ма­са, жүзіңізді көрей­ік, 5 минут уақы­ты­ңы­зды бөліңіз» деп, жалы­нып-жал­пай­ған соң, көңілі түс­се керек, көмек­шісі арқы­лы кез­де­су­ге келісі­мін бер­ді-ау ақы­ры. «Біз» деген­де, мені, мәжілістің экс-депу­та­ты Серік­бай Әлі­ба­ев­ты, Қай­ыр­лы Омар мен «Бостан­дық» ЖШС жер қожа­лы­ғы­ның уәкілі Қай­рат Қали­ев­ті жина­лыс залы­на кір­гізді. Жер­ком­ның басты­ғы Мұрат­бек Мұқа­нов пен аудан әкі­мінің орын­ба­са­ры Жастілек Сызды­қов­пен сұх­бат­та­сып оты­рған кезі­міз­де аяғын ширақ басып, аудан әкі­мі Серік­бай Тура­ли­нов кіріп кел­ді. Аман­дық-саулық сұра­су жоқ, төр­де­гі мін­беріне жай­ға­сып алып, бір­ден біздің қай­дан пай­да болға­ны­мы­зды сұра­ды. Серік­бай Әлі­ба­ев ақсақал­дың: «Осы Қаза­қстан­ның аза­мат­та­ры­мыз» дегеніне қанағат­тан­бай: «Сіз кім­сіз?» деп, маған шүй­лік­ті. «ДАТ» газетінің тіл­шісі­мін» дегенім сол екен: «Мына­ны көр­мей, кім жібер­ген, КНБ, поли­ция не қарап жүр?» деп, кіруі­нен шығуы тез болып, орны­нан атып тұрып, қақ­шаң­дап, шыға­тын есік­ке қарай тұра ұмтыл­ды. «Апыр-ай, ә?!» деп аңта­ры­лып, біз қала бер­дік. Секең мұн­дай­да қалай сөй­ле­мей тұра ала­ды, әкім­нің соңы­нан естір­те: «Мынау түрің­мен, інім, алы­сқа бара­ды екен­сің», – деп, шыға­рып салды…

Бірақ, он минут өтпей жатып, өзінің орын­ба­са­ры Жастілек­ке теле­фон соғып, біздің кетіп қал­мауы­мы­зды өтініп, «түс кезін­де Бостан­дық ауы­лы­нан кел­ген жер қожа­лы­ғы­ның иелері­мен оты­рыс жасап, шай іше­міз» деген сәлем­де­месін жет­кізді. Біздің ешқан­дай асқа да, шай­ға да қара­май­ты­ны­мыз басы­нан бел­гілі еді. Жер­ком­ның басты­ғы­нан «Бостан­дық» ЖШС-нің 6014 гек­тар жері кепіл­дік­те тұрған­ды­қтан, «19 мил­ли­он тең­ге­ге саты­лып кет­кені – Сат­ты­ба­ев Ибра­гим тара­пы­нан нағыз басып алу (само­за­хват). Жер­ді Сат­ты­ба­ев «ием­ден­дім» десе де, осы күн­ге дей­ін жер ЖШС «Бостан­ды­қтың» атын­да юсти­ци­яда кадастр №15–167-038–064 және №15–167-038–065 тір­келіп тұр» екенін өз құлағы­мы­з­бен есті­ген соң, тағы қан­дай әңгі­ме болуы мүм­кін: әкім­шілік­тен шығып, Көк­ше­та­уға қарай ат басын бұрдық.

Ақжар ауда­ны­нан еңсе­міз түсіп, жаны­мыз күй­зеліп келе жат­сақ та, жол­да Кене­са­ры (Жаман­тұз) ауы­лы­на соғып, 70-тен асып кет­кен Аман­гел­ді Ахмет­жан ақсақал­мен кез­де­стік. Айтуы бой­ын­ша, бұл кісінің де 88 гек­тар жері 2008 жылы алдау-арба­у­мен Бог­да­нец­тің қолы­на өтіп кетіп­ті. Бұл жер­лер­ді де кепіл­дік­ке қой­ып, әлгі ала­яқ банк­тер­ден мил­ли­ард­таған қар­жы алып­ты. Бог­да­нец­тен запа шек­кен сол маңай­дағы Октябрь, Шаға­ла­лы, Ескі Жаман­тұз, т.б. ауыл­да­ры­ның тұрғын­да­ры Жоғарғы сот орын­да­ры мен про­ку­рор­ларға шағым­данған­мен, ешқан­дай нәти­же шыға­ра алмап­ты. «Жер де жоқ, жер­дің пайы да жоқ, отыр­мыз сау­сағы­мы­зды мұр­ны­мы­зға тығып… Жер де жоқ деп оты­рға­ны­мыз, естуі­міз бой­ын­ша, Бог­да­нец жер­лері­мізді Тимур Құлы­ба­евқа, ал Құлы­ба­ев басқа біре­улер­ге сатып жібер­ген. Енді осы­ның анық-қаны­ғын қалай білу­ге бола­ды? Пре­зи­дент­тің әкім­шілі­гіне шағым­да­нып едік, «Сіз­дер­дікі жөн, тиісті орын­дарға құжат­та­ры­ңы­зды жіберіп, тек­сер­те­міз» деген тіл­дей қағаз алдық. Ал енді осы істің анық-таны­ғын жақ­сы білетін заң­гері­міз бар, аты-жөні Қозы­ба­ев Аман­гел­ді деген», – деп, ақсақал оның теле­фо­ны­на қоңы­рау шалып, жау­ап бол­маған соң, теле­фо­ны­ның нөмірін біз­ге жазып берді.

Осы жер­де тағы да мынан­дай сұрақ туын­дай­ды. Ақжар ауда­ны­ның бәлен мың гек­тар жері Тимур Құлы­ба­евқа саты­лып, ал ол өз кезе­гін­де басқаға сатып жібер­ген жоқ па екен?.. Біз бұл сұрақтың түп-тамы­рын қаз­ба­лай­тын боламыз.

Қуа­ныш МҰҚТАЙ

ақын, қоғам қайраткері

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн