Понедельник , 7 июля 2025

ЖЕТІМДЕРДІ шетқақпай ЕТКЕН КІМ?

 

2014 жылы мем­ле­кет­тік орган­дар 4 мың­нан астам жетім бала­ны тұрғын үй кезе­гіне тұрғы­з­баған, деп хабар­ла­ды Қаза­қстан­ның Бас про­ку­ра­ту­ра­сы. «Бала­лар­дың бала­лар үйлерін­де тәр­би­е­ле­нуі аяқталған соң, олар­ды тұрғын үймен қам­та­ма­сыз ету мәсе­лесі неғұр­лым өзек­ті болып қалып отыр. Білім және ғылым мини­стр­лі­гінің мәлі­мет­теріне сәй­кес, рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша осы санат­тағы 14 мың­нан астам бала тұрғын үйге зәру. Тек­серістер бары­сын­да әртүр­лі себеп­тер­мен 4 мың­нан астам бала тұрғын үй алуға кезек­ке қой­ыл­маған», – делін­ген Бас про­ку­ра­ту­ра­ның дүй­сен­бі тара­ты­лған ақпа­рат­тық парақшасында.

Қадаға­лау ведом­ст­во­сы­ның ақпа­рын­ша, Ақтө­бе облы­сын­да 360 мұқтаж бала­ның 156-сы тұрғын үй алуға кезек­ке қой­ыл­маған. Осын­дай фак­тілер Аста­на­да, Қараған­ды, Қызы­лор­да, Пав­ло­дар және Алма­ты облы­ста­рын­да да орын алған.

Хабар­да көр­сетіл­ген­дей, тек­серіс қоры­тындысы бой­ын­ша, бар­лы­ғы 2600-ден астам жетім бала­лар мен ата-ана­сы­ның қамқо­рын­сыз қалған бала­лар­дың құқы­қта­ры қорғал­ды, 364 лау­а­зым­ды тұлға әртүр­лі жау­ап­кер­шілік­ке тар­тыл­ды, 10 адам сот­тал­ды. Про­ку­рор­лық ықпал ету шара­ла­ры бой­ын­ша 16 млн. тең­ге­ден астам сомаға жетім­дер­ге кел­тіріл­ген шығын­ның орны тол­ты­рыл­ды және ақша­лай қара­жат төленді.

ҚР Бас про­ку­ра­ту­ра­сы­ның мәлі­меті бой­ын­ша, елі­міз­де 30 мың­нан астам жетім бала­лар және ата-ана­сы­ның қамқо­рын­сыз қалған бала­лар бар, олар­дың үштен бірі бала­лар үйлерін­де тәрбиеленуде.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн