Суббота , 5 июля 2025

ЖЕЗДЕМЕ тұрмысқа шыққаным ДҰРЫС ПА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №9 (373) от 8 мар­та 2017 г.

 

«Әйел боп туған – тағдырым…»


 

Сәле­мет­сіз­дер ме, құр­мет­ті оқыр­ман­дар, құр­бы­лар, әпке­лер! Әңгі­мем­ді неден баста­рым­ды да біл­мей отыр­мын. Бірақ ақыл-кеңе­стеріңіз қажет.

 

Өзі­міз үйде 6 ағайындымыз.Ауылда тұра­мыз, өзім қала­да оқи­мын, жасым 22-де. Мен­де­гі мәсе­ле тұр­мысқа шығу боп тұр. Өзім­нің сүй­ген жігіті­ме тұр­мысқа шық­сам деп арман­да­у­шы едім, бірақ жағ­дай басқаша.

Менің туған әпкем тұр­мысқа шыққан еді, жез­дем де, оның үй-іші де тама­ша адам­дар. Әпкем босанған­нан кей­ін аяқ асты­нан қай­тыс болып кет­ті, қызы аман қал­ды. Неден қай­тыс болға­нын түсіне алмай қой­дық, ден­са­улы­ғын­да еш кінәрат жоқ еді, дәрі­гер­лер­дің салғырт­ты­ғы­нан деп ойладық.

Әпкем­нің қызын кіш­кен­тай­ы­нан құда­шам еке­уміз қара­дық, қазір кіш­кен­тай бала­пан 1 жастан асты. Ол мені «мама» дей­ді, маған үйреніп қалған. Енді­гі мәсе­ле – жез­дем­нің ата-ана­сы маған келіп, жез­де­ме тұр­мысқа шыққа­ным­ды сұрап жүр. «Кіш­кен­тай қызға ана керек, жез­деңе тұр­мысқа шық» дей­ді. Жез­дем де менің жау­а­бым­ды күтіп жүр.

Бірақ мен жез­дем­ді құр­мет­тей­мін, ағам­дай көре­мін. Ұят сияқты, оның үстіне ауыл­дағы­лар не ойлай­ды, мен бұрын­нан жез­дем­мен жүреді екен десе ше? Жез­дем­дер қала­да бақу­ат­ты тұра­ды. Не істерім­ді біл­мей жүр­мін, ойым шашы­раңқы. Ол кісі­ге тұр­мысқа шық­пай­мын деп, үзіл­ді-кесіл­ді келісі­мім­ді бер­ме­сем, қызын аяй­мын – басқа әйел­ге үйрене алар ма екен? Бір жағы­нан әпкем­нін күй­е­уіне қалай тұр­мысқа шыға­мын? Осын­дағы үлкен әпке-жең­ге­лер, түсіністік­пен қарап, ақыл қосы­ңы­здар­шы! Өтініш, артық әңгі­ме керек емес.

Alashainasy.kz


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн