Суббота , 5 июля 2025

ЖОЛДАУДЫ «ЖҰТУ»НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №5 (369) от 9 фев­ра­ля 2017 г.

 

Уақыт уыты

 


Бұл жол­дау бұры­ңғы жол­да­у­лар­дан өзге­рек. Өзге­рек деген­де, «өртеніп бара жатқан» түгі жоқ: мем­ле­кет бас­шы­сы өзінің Қаза­қстан халқы­на жол­да­уын әдет­те­гі­дей теле­ди­дар арқы­лы емес, жаз­ба­ша түр­де, Ақор­да­ның ресми сай­ты арқы­лы жолдады.

 

Тір­лік­тің тауқы­метін сүй­ретіп жүр­ген жұр­тқа өкі­мет­тің қау­лы-қарар, хат-хаба­ры не керек? Қарын тоқ, киім көк бол­са болға­ны да. Ол жол­да­удың теле­ди­дар­дан жол­данға­ны не, газет неме­се интер­нет арқы­лы тараға­ны не – бәрібір ғой. «Көңіл толқы­нын» қосып қой­ып, «Шалқар» радио­сы­нан шер тарқа­та жол­да­са да өз еркі…

Осын­дай­да «Біздің ауыл­дың тезе­гі иісті келеді…» деп мақта­ну­ды жаны сүй­етін бір аға­тай­ым­ның: «Интер­нет­ке ити­тіп қой­ған, құдай-ай!» деп, күй­ін­генін де көр­дік. Сол секіл­ді биыл талай адам теле­ди­дар­ды қоса­рын, не қоспа­сын біл­мей дал болған шығар.

Әдет­те жол­да­удан кей­ін ұжым болып, жол­дау тура­лы ой айты­са­тын, жой­қын-жой­қын пікір­лер­ді көпір­тетін әдет болу­шы еді ғой. Сол кез­де пре­зи­дент­тің жол­да­уды жөңкілт­кен «видео­сын» теле­жә­шік­ке қоса сала­тын. Ал биыл тіп­тен қиын боп жатыр: жаз­ба­ша нұсқа­ны жамы­рай жиы­лған жұр­тқа оқып беріп, ауыз тал­ды­руға тура кел­ді. Жол­да­уды әдет­те меке­ме басты­ғы оқы­май­ды, әрине. Дауы­сы зор біре­у­ге оқы­тқы­за­ды ғой. Сон­да дей­мін де, жол­да­уды оқы­ған адам өзін елба­сы рөлін­де, бақыт­ты адам сезіне ме екен, әлде құр сөзді қар­дай бора­туға мәж­бүр еткен басты­ғын «боқтап» тұра ма екен?..

Айт­пақ­шы, жол­да­удың Арқа­ның қары сияқты «борай­тын» жөні де бар. Биы­лғы жылы теле­жә­шік­тен орын «бұй­ыр­маған соң», ол құжат­тан қадір кетіп, тех­ни­ка­лық есеп­тің күй­ін кешіп қал­ды. Әдет­те «Хабар» мен «Еге­мен­нің» дегенін ғана «құдай сөзі» көретін халық бұл жол­да­уды оқуға кететін алтын уақы­тын аула­ның қарын күре­у­ге жұм­саған­ды жөн санаған сияқты. Содан да болар, бұл жол­дау Дима­штың даңқын дүр­кірет­кен қытай хаба­ры мен «бақы­ты­на жолы­ққан» Баян­ның (Есен­та­е­ва) бая­ны­нан солғын шықты. Сол «солғын­ды­қты» қақай­ту үшін депу­тат­тар дүр­кіреп, ел-жер­ді ара­лап кет­ті. Елба­сы «жол­дап кеп» жібер­ді, «қала­у­лы­лар» жолға аттан­ды: «Соғы­сқа шал­дар ғана атта­на­ды» («В бой идут одни ста­ри­ки») деген ескі кино секілді.

Әйте­уір дәт­ке қуа­ты – бұл жол­да­удың тұта­стай қазақ тілін­де болға­ны. Әдет­те басы мен аяғын­дағы бір қай­ы­ры­мы бол­ма­са, бұры­нғы­ла­ры бұрқы­раған орыс­ша­дан аспай­тын. Жол­да­удағы «қазақ тілінің басым­ды­лы­ғы сақта­ла­ды, қазақ тілінің дамуы­на бұдан әрі де зор көңіл бөлі­неді» деген Назар­ба­ев­тың кезек­ті уәдесі елім деген­нің еңсесін қан­ша­лы­қты көтер­генін кім біл­сін, әйте­уір 70 пай­ы­зын қазақ құраған ел: «Е‑е-е!..» – деп, елең­де­се қал­ды. Өзі­нен сөзі ұзын оры­стың тілі тура­лы сөй­лей-сөй­лей шар­шаған шығар… Оның есесіне пре­зи­дент қазақ тілі­мен қатар, әлем­дік тех­но­ло­ги­я­ның тілі ретін­де ағы­л­шын тілін дамы­ту керекті­гін тіл­ге тиек еткен екен – оны­сы да жөн: отыз ба, елу ме – дамы­ған елдер қата­ры­на кетіп бара­мыз ғой…

Соны­мен не керек, аула­да қар күреп, қора­дан боқ шыға­рып жүр­ген жұрт: «Таза қаза­қ­ша болған жол­да­уың қай­ы­ры бол­сын!» – деп, қауқыл­да­сып қалған сыңайлы…

Соны­мен, жол­дау жария етіл­ді. Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның биы­лғы жол­да­уы эко­но­ми­ка­лық өсім көр­сет­кі­ш­тері­нен баста­лып, әдет­те­гі­дей сену­ге шақы­рған жалын­ды сөз­дер­мен аяқтал­ды. Өзі айт­пақ­шы, Қаза­қстан­ның енді­гі даму бағы­ты «бес басым­дық бой­ын­ша» жүзе­ге асса игі бола­ды екен. Бес басым­ды­қты тәп­ті­ш­теп түсін­діріп жату арты­қтау болар: осы күн­ге дей­ін «Хабар­дан» қарық болып, «Еге­мен­нен» естіп жатқан­да­ры­ңыз – сол ғана шығар онсыз да.

Енді мына қызы­қты қараңыз: бұған дей­ін­гі Барак­тың (Оба­ма) неме­се фрау Анге­ла­ның (Мер­кель) жол­да­уын жұр­ты­на жапы­ра түсін­ді­ру науқа­ны өтіп жатыр деген хабар­ды құлағы­ңыз шалып па еді? Біз­ге, Қаза­қстан­ның аза­ма­ты­на, депу­тат­тар­дың ел ара­лап, жол­да­уды тық­па­лаға­ны­нан келіп-кетер не бар? Сіз­ге соның қажеті бар ма?

Әрине, көп­шілік­тің жау­а­бы бел­гілі: «Жол­дау, жол­дау жұтыл­ды, жолға түсіп, құтыл­ды» деудің керін кел­тіре­рі сөз­сіз. Сол сөзді ести­тінін біле тұра, біздің депу­тат­тар­дың жол­да­уды жұр­тқа жанұ­шы­ра наси­хат­тау үшін жолға шыға­ты­ны несі? Өз ақша­сы­на шық­са – тағы игі. Жоқ, бұлар бюд­жет­тің есебі­нен ісса­парға шыға­ды. Ал енді жол­да­удың желе­уі­мен бюд­жет­тің ақша­сы­на ел ара­лап, жол­да­уды жұр­тқа зор­лы­қ­пен жұтыл­ды­рып, үш-төрт үй бірі­гіп сой­ған соғым­ның етіне ортақ­та­са­тын депу­тат­тар біз­ге «даром» керек пе?

Біз бұл тұрғы­да сая­сат­та­ну­шы Досым Сәт­ба­ев­тың пікіріне қосыламыз:

«Депу­тат­тар­ды күтіп оты­рған халық жоқ. Мұн­дай сапар­лар­дың дені әйте­уір есеп беру үшін ұйым­да­сты­ры­ла­ты­ны тағы бел­гілі. Одан да басқа іспен айна­лыс­сын. Жер дауы кезін­де үнде­ме­ген, лаң­кест­ік орын алған­да, тиісті шешім шыға­ра алмаған, зама­на­уи заң қабыл­дай алмаған олар­дың қалай жұмыс жасап оты­рға­нын ел көріп отыр. Айна­лып кел­ген­де, халық қала­у­лы­сы деген аты бұлар дәл осын­дай күр­делі, өзек­ті мәсе­ле­лер кезін­де көрі­нуі керек. Халық ара­сын­да жүруі керек. Олар­дың ел басы­на күн туған­да ініне тығы­лып қала­тын сая­са­ты ешкім­ге керек емес».

Ия, керек емес…

Айт­пақ­шы, газет­тің тап­сыр­ма­сы­мен осы мақа­ла­ны жаза­мыз деген­ше, пар­ла­мент мәжілісінің сот-заң­на­ма­лық коми­тетінің төраға­сы Нұр­лан Әбді­бе­ков Қараған­ды эко­но­ми­ка­лық уни­вер­си­тетінің сту­дент­тері­мен кез­десіп үлгеріп­ті. Кез­де­су бары­сын­да өзінің елба­сысы қан­дай көре­ген екен­ді­гі­нен өзге, 90-жыл­дар­дағы рэкет­тер мен бан­дит­тер тура­лы әңгі­ме айтқан екен…

Осын­дай­да жуы­қта Жақып Аса­но­втың (елдің бас про­ку­ро­ры) теле­жә­шік­тен төн­ді­ре айтқан сөзі еске түседі: «Маңы­зды мем­ле­кет­тік қыз­мет­пен айна­лы­сып жүр­ген­дей түр жаса­удың не қажеті бар?».

Иә, «не қажеті бар»? Осы «түр жаса­у­шы­лар» Жақып сияқты батыл сөй­леп, ақиқат­ты айта ала­тын жігіт­тер­дің «түбіне жете­ді» деген қауіп те бар…

 

Алтай САҒИДОЛДА,

Аста­на

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн