Суббота , 5 июля 2025

ЖОО ТҮЛЕКТЕРІ ЖҰМЫССЫЗ ЖҮР – ендігісі 3 жыл мамандық МАЛАЙЫ БОЛАДЫ

 

 

Қаза­қстан­да соңғы 9 жыл­да оқу орын­да­рын бітір­ген түлек­тер­дің ара­сын­дағы жұмыс­сыздар саны 23 мыңға жет­ті, делін­ген ҚР ДСӘДМ бас­пасөз қыз­меті таратқан хабарда.

 

Ведом­ство сай­тын­да жари­я­ланған хабар­да айты­лған­дай, ҚР ДСӘДМ «Жұмыспен қам­ту жөнін­де­гі ақпа­рат­тық-тал­дау орта­лы­ғы» АҚ (әрі қарай – «ЖҚЖ АТО») сарап­шы­ла­ры­ның мәлі­метін­ше, соңғы 9 жыл ішін­де Қаза­қстан­да 2015 жыл­дың 2 тоқ­са­ны­ның қоры­тындысы бой­ын­ша жал­пы жұмыс­сыздар саны­ның 2006 жыл­мен салы­сты­рған­да 625 мың­нан 449 мыңға қысқарған жағым­ды дина­ми­ка­сы байқалады.

Соны­мен қатар сарап­шы­лар жұмыс­сыздар ара­сын­да алғаш рет жұмыс ізде­ушілер үлесінің артып келе жатқа­нын айқын­да­ды. «2006 жыл­дан жал­пы жұмыс­сыздар ішін­де­гі жоға­ры оқу орын­да­ры түлек­терінің үлесі 20,1%-дан (118 мың адам) 2014 жылы 28,2%-ға (124 мың), 2015 жыл­дың екін­ші тоқ­са­нын­да 32,4%-ға ұлғай­ды. Бұл екін­ші тоқ­сан­да еңбек нары­ғы­на мек­теп, кол­ледж, тех­ни­кум мен ЖОО түлек­терінің қосы­луы­мен бай­ла­ны­сты», – деп есеп­тей­ді сарапшылар.

Сарап­шы­лар бірқа­тар қар­жы­лық және сарап­та­ма ұйым­да­ры­ның болжам­да­ры бой­ын­ша Қаза­қстан экс­порт­тай­тын мұнай және өзге де шикі­зат ресур­ста­ры­на баға сол дең­гей­де сақта­ла­тын бол­са, онда жақын ара­лы­қта еңбек нары­ғын­дағы бос орын­дар саны­ның аза­юы мүм­кін екен­ді­гін жобалайды.

Ал жуы­қта ғана ҚР пар­ла­мен­тінің сена­тын­да қабыл­данған «Білім сала­сын­дағы жеке­ле­ген заң актілеріне өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу жөнін­де­гі» заң жоба­сы­ның талап­та­ры бой­ын­ша, жоға­ры оқу орнын грант­пен бітір­ген түлек­тер алған маман­ды­ғы бой­ын­ша үш жыл көле­мін­де жұмыс істе­уі тиіс. Әрине, бұл өте дұрыс талап. Бірақ тек ресми дерек бой­ын­ша 23 мың түлек жұмыс­сыз жүр­ген кез­де, жыл сай­ын грант­пен ЖОО бітіретін мың­даған түлек­ке маман­дық бой­ын­ша жұмысты кім тауып бер­мек?! Ал сол түлек­тер­дің 25 пай­ы­здан аста­мы заң және эко­но­ми­ка маман­да­ры бол­са, қабыл­данған заң­ның тала­бын орын­дау мүм­кін бол­ма­сы айдан анық.

Сырым ДАТОВ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн