ЖОРНАЛШЫ ЖАПА ШЕКПЕСІН

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №7 (371) от 23 февраля 2017 г.

Қиянат


 

Дүйсенбі күні Алматы қалалық соты «Трибуна» газетінің редакторы Жанболат Мамайды қамауда ұстау жөніндегі бірінші соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. Қоғамға залалы жоқ азаматты тергеу кезінде екі ай бойы қамауда ұстаудың мәні неде? Осы орайдағы саясаткерлер пікірін оқып көріңіздер.

 

Әміржан Қосанов:

– Қазақта «обал» деген сөз бар, Жанболат қазіргі елбасының немерелерімен жасты жігіт, 28 жастағы өсіп келе жатқан патриот! Оның жазған мақалаларында «Ел» деген, «Отан», «Азаттық» және «Әділеттілік» деген ұғымдар ғана бар. Біз жастарымызды осы ұғымдарды сіңіру үшін тәрбиелеуіміз керек. Балаларымызға мектептен бастап, шыншыл бол, әділетшіл бол деп үйретуіміз керек. Жанболат – сол жастарға үлгі болатын нағыз азамат.

Сондықтан, Жанболаттай өрімдей жас жігітті осылай қапасқа қамап қоюы, әрине шектен шыққан әділетсіздік. Біздің сұрап отырғанымыз – қалалық сот Жанболатты абақтыдан босатып, үйқамаққа жіберсін. Оған да да көніп отырмыз, қарт әке-шешесінің қасына барсын. Сот болса, үйінде оған дайындалсын. Құжаттарын әзірлесін. Қалғанын Жанболат сияқты сауатты азамат кінәсіз екенін дәлелдеп береді. Қалай болғанда да, өзінің кәсіби қызметін атқарғаны үшін, журналист жапа шекпеуі керек.

 

Расул Жумалы:

– Соңғы кездері еркін тәуелсіз баспасөзге қысым жасау үдеп бара жатыр. Бұны бәріміз байқап отырымыз. Жанболатқа қатыгез, қатал шара қолданып, оның қамауға алынғаны барлығымыздың төбемізден жай түскендей болды. Жанболатты пікірлес, ойлас, патриот азамат ретінде ғана танимын. Ол жас болса да, тәжіребиесімен, азаматтық ұстанымымен, алдыңғы сапта көрініп жүрген азаматтардың бірі.

Қазір тәуелсіз деп айтуға болатын ақпарат құралдарының бірен-сараңы ғана қалды. «Трибуна» газеті соның қатарындағы, еліміздегі шындықты, ақиқатты бұқараға жеткізіп жүрген басылым еді. Бүгінгі таңда қоғамға әділ сөз жетіпейді, оның орынын жалған ақпарат, өтірік, айдап салу, арандату сияқты мерездер басып жатыр.

Қәзір қалай болғанда да, Жанболаттың қамауға алынуы – бұл қитұрқы жолмен еркін баспасөзді жою, сол арқылы қоғамды мешеу жағдайда ұстап отыру, үрейлендірудің амалы. Бұндаймен келісуге болмайды. Сондықтан мүмкіндігімізше қоғам болып, бұқара болып осындай заңсыздықтарға жол бермеу керек. Жанболаттың журналист ретіндегі жазғанынан өз басым, сараптаушы ретінде бір де бір заңсыз нәрсе көргенім жоқ. Адамдарды шындықты айтқаны үшін бас бостандығынан айыра беретін болсақ, қандай қоғам болғанымыз?

«Трибунаның» жағдайын жақсы білеміз: қарызға батып, тек қана газетті сатылымымен күнін көріп отырған шағын ғана басылым. Бұл еш қисынға кіріп шықпайтын мәселе болып тұр. Әбілязовтан көмек алғанын анықтаған күннің өзінде де, Әбілязов ресми тұлға болды емес пе, банкін заңды түрде басқарды. Ол уақытта Әбілязовқа сен заңсыз әрекеттермен айналысасың деген айыптаулар болған жоқ. Қазір қай банк, қай ірі кәсіпорын демеушілік көмек жасамай жүр? Түрлі мәдени ортлықтарға, қоғамдық бірлестіктерге, спортқа, бұқаралық ақпарат құралдарына көмек көрсетеді ғой. Онда тұрған қандай заңсыздық бар?

Жазып алған –

Азамат ШОРМАНХАНҰЛЫ,

«D»


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн