Суббота , 5 июля 2025

ЖУРНАЛИСТ ҚАУЫМЫНА СЫЙЛЫҚ ЖАУҒАН КҮН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №25 (389) от 29 июня 2017 г.

 

Құт­ты­қтай­мыз!


 

Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы 2017 жылғы лау­ре­ат­тарға сый­лы­қтар тап­сыр­ды. Рәсім­ге қаты­су­шы­лар нақақ жала­мен түр­ме­де оты­рған өздерінің төраға­ла­ры Сей­тқа­зы Мата­евқа әле­умет­тік желі арқы­лы сәлем жолдады.

 

«Биыл бай­қа­уға 80 жұмыс келіп түсті, олар­ды арнайы құры­лған комис­сия сарап­тан өткізді. Одақ тара­пы­нан лау­ре­ат­тар­ды аны­қтау жұмысы­на ешқан­дай ара­ла­су бол­ма­ды», – деді дүй­сен­бі күні Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның мін­детін у. а. Тама­ра Кале­е­ва. Бұл рет­те ол Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның төраға­сы Сей­тқа­зы Мата­ев­тың жоқты­ғы­на қара­май, 100-ден астам адам одаққа мүшелік­ке кір­генін атап өтті.

«Сей­тқа­зы Мата­ев­тың уақыт­ша жоқты­ғы­на қара­май, Жур­на­ли­стер одағы жұмысын жалға­сты­ру­да және біз­ге осы одақтың қоғам­дық кәсі­би ұйым ретін­де бұры­нғы­сын­ша, жур­на­ли­стер­дің сені­міне ие болып, қол­дау тауып оты­рға­ны қуан­та­ды. Соңғы 5 айда әр жастағы және әр өңір­де­гі 105 адам Жур­на­ли­стер одағы­на кір­ді. Ол редак­ци­я­лар­дың да және жеке­ле­ген тұлға­лар­дың да баста­ма­сы бол­ды. Жыл басы­нан бері 19 адам «Қаза­қстан­ның құр­мет­ті жур­на­ли­сті» атағын алды және біз бүгін осы атақты тағы 16 жур­на­лист­ке беріп отыр­мыз», – деді Т. Калеева.

Сал­та­нат­ты құт­ты­қтау рәсі­мі­нен кей­ін Құр­мет гра­мо­та­ла­ры­мен мара­пат­талған Жур­на­ли­стер одағы­ның лау­ре­ат­та­ры, жур­на­ли­стер және шараға қаты­су­шы­лар Сей­тқа­зы мен Әсет Мата­ев­тар және Жан­бо­лат Мамай­ды кәсі­би мере­кесі­мен құт­ты­қтап, олар үшін бей­неқұт­ты­қтау жолдады.

Сол сияқты «Қоғам­дық атақтар мен мара­пат­тар жөнін­де­гі рес­пуб­ли­ка­лық кеңес» бір топ жур­на­ли­стер­ге «Қаза­қстан жур­на­ли­сти­ка­сы­ның қай­рат­кері» деген атақ бер­ді. Олар­дың ішін­де жур­на­ли­сти­ка ақсақал­да­ры Сапа­бек Әсіп, Ғаб­бас Қабы­шұ­лы, Уақап Қыдыр­ханұ­лы, Мама­ди­яр Жақып, Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы, Марат Тоқаш­ба­ев, Жұма­бек Кен­жа­лин, тәжіри­белі редак­тор­лар Самат Ибы­рай­ы­мұ­лы, Ермұрат Бапи, Нұр­тө­ре Жүсіп, Шәм­ші Пат­те­ев, Қазы­бек Иса және басқа­лар бар.

Ал осы төл мере­ке күні ҚР пре­зи­ден­тінің сый­лы­қта­ры­на ие болған жур­на­ли­стер ара­сын­да «Орта­лық Қаза­қстан» (Қараған­ды) газетінің бас редак­то­ры Маға­у­ия Сем­бай­ды бөле-жара ата­уға бола­ды. Сол сияқты ел пре­зи­ден­тінің Алғыс хатын алған таны­мал теле­жор­нал­шы Жай­на Слам­бек­тің «Аста­на» арна­сын­дағы «Біздің уақыт» бағ­дар­ла­ма­сы қалың жұрт­шы­лы­қтың ауыз тол­ты­ра айта­тын дүни­есіне айналды.

Кәсі­би мере­ке құт­ты бол­сын, әріптестер!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

 

 

 

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНЫНА СИЯ ТАМЫП КЕТКЕН

 


 

Біздің жур­на­ли­сти­ка­да жам­поз көп. Алдым­дағы атан­дай аға­ла­рым мен кей­ін­гі жас перілер­дің ара­сын­да айтып өлетін адам жай­ы­лып жат­па­са да – біраз бар. Бұл өзі қаза­ққа жақын маман­дық екені рас. Сөз­ге тоқтай­тын халы­қтың сөз киесіне табын­ба­уы мүм­кін емес. Содан болар, қазір жур­на­лист маман­ды­ғы­на қызы­қ­пай­тын­дар аз. БАҚ-та істей­тін­дер­ді былай қой­ған­да, осы «Фейс­бук­те» кір­пік ілмей оты­ра­тын­дар­дың өзі сөзді көл­де­неңі­нен де, тігі­нен де тіліп түседі. Соған қараған­да, жур­на­ли­сти­ка біздің қаны­мы­зда бар. Қаза­қтың қаны­на сия тамып кет­кен болар, сірә!

 

Жөн! Бірақ біз­де жыл­тыр сөз көп. Жат­тан­ды тір­кестер­ден құлақ тұна­ды. Нешетүр­лі гир­лянд­тар мен мишу­ра­лар іліп жазғанға жаны­мыз құмар. Құлаққа лап­ша іліп дағ­ды­ланға­ны­мы­здан болар. Бір тәуір жур­на­лист досым айт­пақ­шы, «жазған­да­ры­мы­здан пате­ти­ка періп тұра­ды». Иә, мұн­дай жур­на­ли­сти­ка­ның өмірі ұзақ деп айту қиын. Мұн­дай жур­на­ли­сти­ка­да бола­шақ жоқ. Ол бір күні өледі. Қазір­гі қазақ жур­на­ли­сти­ка­сы­ның пай­да­лы іс-әре­кет коэф­фи­ци­ен­ті ноль­ге тең. Менің­ше, жур­на­ли­сти­ка­ның басты екі мін­деті бар. Бірін­шісі – жұрт­шы­лы­ққа шынайы ақпа­рат беру. Екін­шісі – адам­дар­ды ойла­у­ға үйре­ту. Екі мін­дет­ті де орын­дай алып жүр­міз бе? Айта алмаймын.

Қайт­сек қазақ жур­на­ли­сти­ка­сын құтқа­рып қала­мыз? Оған әр жур­на­лист үлес қосуы керек.

Қалай? Жур­на­ли­сти­каға кел­дің екен, сенің бой­ы­ң­да төрт нәр­се мін­дет­ті түр­де болуы шарт. Олар – жазу дары­ны, білім, бай­қам­паз­дық және аза­мат­тық пози­ция. Ал біздің бас­пасөзді сақтап қалуға осы төрт қаси­ет жетіп арты­ла­ды деп ойлап отыр­мын. Басқа­сын қос­сам, был­жы­ра­тып алармын.

Әзір­ше қолы­на қалам ұстаған қаза­қтың бәрін құт­ты­қта­удан басқа қай­ыр жоқ. Құдай кәсіп­теріңіз­ге маз­мұн мен мән бергей!

Шар­хан ҚАЗЫҒҰЛ

 

 

 

КӘСІП ПЕН НӘСІП

 


 

Асы­лы, жур­на­лист пен жеке тұлға­ның ара­сын­дағы көз­ге көрін­бей­тін айыр­ма­шы­лы­қты жұр­тқа түсін­ді­ру өте қиын екен. Мәсе­лен, жур­на­ли­сти­ка – кәсіп. Жур­на­лист – кәсіп иесі. Аза­мат есебін­де – жеке тұлға.

 

Ал біз­де жур­на­ли­ст­тің жазған-сызға­ны­на қарап, оны адам ретін­де де тап солай баға­лап қарай­ды. Жаман мате­ри­ал – жаман адам, сын мақа­ла – оңбаған, көре алмай­тын, іші тар адам, жақ­сы мате­ри­ал – жақ­сы адам, мадақта­ма мате­ри­ал – жағым­паз, т.т. солай кете береді.

Енді осын­дай түсінік­ке жур­на­ли­сти­ка­ның жазы­лған-жазыл­маған ере­же-қағи­да­ла­рын, кәсі­би жур­на­ли­сти­ка­ның талап­та­рын және кәсіп пен жеке тұлға­ның ара­сын­дағы айыр­ма­шы­лы­қтар­ды түсін­діріп көр. Оның үстіне жур­на­ли­сти­ка мен жеке тұлға­лы­ғын мидай ара­ла­сты­рып жібер­ген әріп­те­стер бар. Кәсібін пиар­дың құра­лы, қыз­мет­тің жолы, өзін өткі­зудің ама­лы­на айнал­ды­рған­дар да бар. Содан жұрт жур­на­ли­ст­тің кәсі­би жұмысы қай­сы, жеке адам есеп­ті өзінің көзқа­рас, ұста­ны­мы қай­сы – ажы­ра­та алмайды.

Өмір­жан ӘБДІҚАЛЫҚ

 

 

 

 

Бұл екі арада

 

БИЛІКТІҢ ҚЫЛ БҰРАУЫ бұры­нғы­дан да қыса түсті

 


 

Мау­сым­ның 28‑і күні Қаза­қстан­да Бай­ла­ныс және ақпа­рат қыз­мет­кер­лері күнін атап өтті. Ал осы күн­нің қар­саңын­да пар­ла­мент­те таны­сты­ры­лған БАҚ тура­лы заң жоба­сы кей жур­на­ли­стер­дің ашуы­на тиді.

 

Ақпа­рат және ком­му­ни­ка­ция мини­стрі Дәу­рен Аба­ев таны­сты­рған БАҚ мәсе­ле­леріне қаты­сты заң жоба­сы жур­на­ли­стер­ді тара­ты­ла­тын ақпа­рат­тың шынай­ы­лы­ғын сау­ал­дар жол­дау арқы­лы тек­се­ру­ге және жеке өмірі, отба­сы, банк және басқа да құпи­я­ла­ры тура­лы ақпа­рат­ты БАҚ-та жари­я­лау үшін мақа­ла­лар­да аты-жөні аталған тұлға­лар­дың келісі­мін алуға мін­дет­те­уді ұсынады.

Министр Аба­ев­тың пікірін­ше, адам­ның дер­бес деректері, жеке өміріне қаты­сты мәлі­мет­тер «тек оның келісі­мі­мен жари­я­ла­нуы тиіс» және бұл – «қалып­ты прак­ти­ка». Бірақ құпия деген­нің не екенін кім және қалай аны­қтай­ты­ны, қан­дай деректер құпия деп жари­я­ла­нуы мүм­кін екені қазір­гі уақыт­та әзір­ше түсініксіз.

– Егер біз бұл мәсе­лені алып тас­та­сақ, жұрт­тың бәрі жапа­тар­мағай банк­тер­де­гі есеп­шот нөмір­лерін сұрай бастай­ды, ал бұл онша дұрыс бол­май­тын сияқты, сон­ды­қтан бұл мәсе­ле­ге қаты­сты үлкен про­бле­ма жоқ, аза­мат ондай деректерін жари­я­лай ала­ды, менің­ше, бұл жер­де оның келісі­мі керек. Біз әлем­дік тәжіри­бені зерт­теп, ұзақ ойлан­дық. Әлем­дік тәжіри­бе аза­мат­тар­дың жеке бас мәлі­мет­терін жари­я­ла­у­ға олар­дың келісі­мі қажет екенін көр­сетіп отыр, – деді Дәу­рен Абаев.

Депу­тат­тар алдын­да заң жоба­сын таны­сты­ру кезін­де министр Аба­евқа сұрақ қою мүм­кін­ді­гін кей жур­на­ли­стер ғана пай­да­лан­ды. «Жеке басқа қаты­сты кез кел­ген ақпа­рат­ты тара­туға келісім сұрау жур­на­ли­стік зерт­те­улер­ді құр­ды­мға жібе­реді» деп мәлім­деп, Ratel.kz сай­ты тіл­шісі Болат Әбілқа­сы­мов ғана нара­зы­лық білдірді.

– Біз бәрін тама­ша түсі­не­міз, сіз «Құқық қорғау орган­да­ры­на жол­даң­дар» дей­сіз. Қаза­қстан­ды­қтар­дың офшор­лық есеп­шот­та­ры­на қаты­сты жан­жал шыққан кез­де қай мем­ле­кет­тік орган тек­се­ру баста­ды, әлгі іс бой­ын­ша тер­геу жүр­гізіл­ді ме? Жүр­гізіл­ген жоқ. Ал ондай кез­де не істеу керек?

Сіз­дер бізді шек­тей бересіз­дер, ел үшін өмір­лік маңы­зы бар дүни­е­лер­ді тек­се­рей­ік десек, шек­тей­сіз­дер, әлдебір кор­руп­ци­яға қар­сы әлдебір мате­ри­ал­дар­ды жари­я­ла­уды шек­тей­сіз­дер, – дей­ді Болат Әбілқасымов.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн