Понедельник , 7 июля 2025

Журналистер қоғамдық ҚОЗҒАЛЫС ҚҰРАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №07 (278) от 19 фев­ра­ля 2015 г.

 

Мәлім­де­ме

 

Сей­сен­бі күні Алма­ты­да бір топ тәу­ел­сіз БАҚ-тар жетек­шілері бас­пасөз мәс­ли­ха­тын өткізіп, арнайы тап­сы­ры­спен заң­сыз жабы­лып жатқан басы­лым­дар­ды (Adam bol, «Рес­пуб­ли­ка», «Прав­ди­вая газе­та», «Прав­да Казах­ста­на» және т.б.) қорғау мақ­са­тын­да Жал­пы­қа­за­қстан­дық қозға­лыс құра­тын­ды­қта­рын мәлім­деді. Біз төмен­де жаңа­дан ашы­ла­тын қозға­лыс құры­л­тай­шы­ла­ры ҚР Жоғарғы соты­ның төраға­сы Қай­рат Мәми мыр­за­ға жол­даған мәлім­де­мені жария етіп отыр­мыз. Олар бұл мәлім­де­мені ЖС төраға­сы арқы­лы Қаза­қстан­ның сая­си бас­шы­лы­ғы­на жол­дай­тын­да­рын айтты.

 

Құр­мет­ті Қай­рат Әбдіразақұлы!

ҚР сот жүй­есі құры­лы­мын­да қалып­тасқан ақпа­рат­тан­ды­ру тәр­тібі бой­ын­ша Алма­ты қала­лық сот орын­да­ры Жоғарғы сот бас­шы­лы­ғын жүй­елі түр­де және дер кезін­де хабар­дар етіп отыр­са керек. Сон­ды­қтан да Сіз «Адам бол» жур­на­лы­ның нақақ жала­мен жабы­луы­на бай­ла­ны­сты жағ­дай­лар­дан толық мағлұ­мат алған болар­сыз. Бұған дей­ін өткен неше дүр­кін сот оты­ры­ста­рын­да қай­та­ланған адам сен­гісіз заң­сызды­қтар мен әділет­сіздік­тер бізді күй­ін­дір­ді. Талай сұм­ды­қты көр­ген едік, мынау олар­дан асып кет­пе­се, кем түспеді.Соттағы шек­тен шығу­шы­лы­қтар, сорақы­лы­қтар қашанғы жалға­са бер­мек?! Біз бұл жағ­дай­ды жер­гілік­ті сот орын­да­ры­ның беті­мен кету­шілі­гі және сот жүр­гі­зу ісінің жоғарғы өкілет­тік орган­дар­дың бақы­ла­у­ы­нан тыс қалған­ды­ғы неме­се ол жақтан арнайы тап­сы­рыс беріл­ген­ді­гі деп есеп­те­у­ге мәж­бүр­міз. Жалаға душар болған жур­налға қаты­сты сот шешім­дерін және сот­тар бары­сын­да орын алған заң­сызды­қтар­ды сана­ма­лап, қай­та­лап жату­ды артық деп санай­мыз. Сіздің оған көз жет­кі­зуіңіз­ге мүм­кін­ді­гіңіз бар. Біздің әріп­тесі­міз Гүл­жан Ерға­ли­е­ва­ның ең ақы­рғы шараға – аштық жари­я­ла­у­ға дей­ін барға­нын Сіз жақ­сы білесіз. Егер жур­нал­ды қуғын­дау тоқта­тыл­ма­са, онда біздің де сон­дай әре­кет­ке бара­тын­ды­ғы­мы­зды алдын ала мәлімдейміз.

«Адам бол» жур­на­лы­на қаты­сты екі бір­дей сот про­цесі бары­сын­да редак­ция және оның қорға­у­шы­сы тара­пы­нан жасалған бір­де-бір өтініш неме­се шыға­ры­лған шешім­дер­ге бай­ла­ны­сты шағым­дар қол­дау тап­па­ды. Айдос Сады­қо­втың жур­нал­да жари­я­ланған сұх­ба­ты­на орай «соғы­сты наси­хат­тау фак­тісі» маман-сарап­шы­лар тара­пы­нан да, қоғам­дық пікір тұрғы­сы­нан да, тіп­ті осы істің жүру бары­сын бақы­ла­у­ға алған халы­қа­ра­лық құқы­ққорға­у­шы­лық ұйым­дар тара­пы­нан да сот шеші­мі­мен жур­нал­ды жабуға ешбір заң­ды желеу бола алмай­ты­ны атал­ды. Тіп­ті бұл заң­сызды­қты ЕҚЫҰ да өз есебін­де атап өтіп, Қаза­қстан­да бас­пасөз бостан­ды­ғы­на қысым жаса­лу әдетінің үдей түс­кенін жария түр­де мәлім етті.

Сол сияқты жур­нал редак­ци­я­сы­нан «мораль­дық шығын» талап еткен Әмі­ре мол­да­ның шағы­мы­на қаты­сты сот шеші­мі де басы­лым­ды жабуға мүд­делі топ­тар­дың әле­умет­тік тап­сы­ры­сы сал­да­ры­нан туған жағ­дай деп санай­мыз. Бұл істі одан ары ушы­қтыр­май, «бей­біт жол­мен» шешу­ге Әмі­ре мол­да тара­пы­нан келісім бола тұра, жағ­дай­ды тек қана сот­тың ара­ла­суы­мен және жур­нал редак­ци­я­сын «жаза­лау» жолы­мен ғана соңы­на дей­ін жет­кізу­ге ынта­зар сыр­тқы күш­тер болға­нын Сіздің наза­ры­ңы­зға салғы­мыз келеді. Яғни, «Адам бол» жур­на­лы­на қаты­сты екі бір­дей сот ісіне астыр­тын баста­ма­шы­лық еткен және сот оты­ры­ста­ры бары­сын­да сот­тар­дың іс-қимы­лын «қажет­ті арнаға» бұра біл­ген мүд­делі сая­си топ болған. Оның бар­лы­ғы бұған дей­ін редак­ция тара­пы­нан Сіздің аты­ңы­зға жол­данған қаты­нас хат­та­рын­да айты­лған және олар­ды қай­та­лап жату­дың қажет­тілі­гі шамалы.

Сот орын­да­рын­да белең алған осын­дай өрес­кел жағ­дай­лар­ды атай келе, біз Сіз­ден Қаза­қстан­дағы сот жүр­гі­зу ісіне жіті бас­шы­лық және қатаң бақы­лау жасай­тын жоғарғы өкілет­ті лау­а­зым иесі ретін­де «Адам бол» жур­на­лы­на қаты­сты ақпан­ның 26-сы күні Алма­ты қала­лық сотын­да өтетін шағым­да­ну соты­на тіке­лей бақы­лау жаса­уы­ңы­зды өті­не­міз. Сіз­ден сұра­ла­тын мәсе­ле – төмен­гі сот буы­ны­ның ісіне ара­ла­су тұрғы­сын­да емес, сол сот­та жур­нал редак­ци­я­сы тара­пы­нан айты­ла­тын уәж­дер­дің қабыл­да­нуы­на, олар­дың сот үдерісі бары­сын­да тың­да­луы­на және оларға әділет­ті баға берілуіне бай­ла­ны­сты болып оты­рға­нын ескерт­кі­міз келеді.

Егер Алма­ты қала­лық соты­ның шағым­да­ну алқа­сы қарай­тын сот нәти­же­сін­де жур­нал­дың ақыр соңы жабы­луы­на жол беріл­се, қаза­қстан­дық қауым және халы­қа­ра­лық құқы­ққорға­у­шы ұйым­дар оны елде­гі демо­кра­ти­я­лық үрдіс­ке жасалған ауыр соққы ретін­де қабыл­дай­ды. Мұн­дай шешім елі­міз­де­гі сөз бостан­ды­ғы­ның барған сай­ын шек­те­лу үстін­де екен­ді­гін дәлел­дей­тін айқын мысал болып табы­ла­ды. Бұл – дамы­ған 30 елдің қата­ры­на кіру­ге мүд­делі Қаза­қстан мем­ле­кеті үшін орны тол­май­тын кезек­ті бір кемістік бола­ры, пре­зи­дент Н.Назарбаевты демо­кра­ти­яға емес, дик­та­ту­раға бүй­ре­гі бұра­тын тұлға түрін­де таны­та­ры хақ.

«Адам бол» жур­на­лы­на жасалған қасақа­на қыса­сты­қтан кей­ін, біз Сіз арқы­лы Қаза­қстан бас­шы­лы­ғы­на, оның сая­си жетек­шілі­гіне мына­ны мәлімдейміз:

  1. Сот ісіне, сот­тар­дың тәу­ел­сізді­гіне қол сұға­тын сыр­тқы күш­тер­дің бел­сен­ділі­гі белең алуы­на бай­ла­ны­сты және тәу­ел­сіз БАҚ-на қаты­сты сая­си істер­де сот­тар­дың «сая­си тап­сы­рыс орын­да­у­шы» органға айна­лып бара жатқа­нын еске­ре оты­рып, біз – Қаза­қстан­да «тірі қалған» сана­у­лы БАҚ‑ы бас­шы­лы­ғы мен редак­тор­ла­ры бұдан былай сая­си күрес, әділет­тілік жолын­да бірі­гу қажет­ті­гіне көз жет­кіздік. Осы­ған орай Қаза­қстан­дағы сөз бостан­ды­ғы қозға­лы­сын құру­ды бастаймыз;
  2. Бұл қозға­лы­стың қыз­метін біз тәу­ел­сіз БАҚ‑ы төңіре­гін­де ғана емес, сөз бостан­ды­ғын қорғау жолын­дағы бүкілқа­за­қстан­дық қозға­лыс дәре­же­сіне көте­ру­ге бар мүм­кін­шілік­тері­міз бен күш-жігері­мізді жұмылдырамыз;
  3. Жуық мерзім­дер ара­сын­да өтетін кезек­тен тыс пре­зи­дент­тік сай­лау науқа­ны мүм­кін­дік­терін барын­ша пай­да­ла­нып, біз бұл баста­ма­мы­зды демо­кра­тия мен сөз бостан­ды­ғы қажет­тілі­гінің ұра­ны­на айнал­ды­рып, пре­зи­дент­тік­тен үміт­кер­лер бағ­дар­ла­ма­сы­на енгізу­ге, үгіт-наси­хат шара­ла­рын жүр­гізу­ге негіз етеміз;
  4. Біздің құры­л­тай­шы­лы­ғы­мы­з­бен құры­ла­тын қозға­лы­сты қол­дау және оның мақ­сат-мүд­де­лерін жал­пы елге наси­хат­тау жұмыста­ры­на сот әділет­сізді­гін бастан кешір­ген бар­ша жұрт­ты жұмыл­ды­ру­ды мақ­сат тұтамыз.

Біздің осы баста­ма­мыз Сіз арқы­лы елдің сая­си бас­шы­лы­ғы­на жете­ді деген үміт­те­міз және осы мүд­де­мізді жария ету мақ­са­тын­да өткізіл­ген бас­пасөз мәс­ли­ха­ты­ның мін­берін пай­да­ла­нып, елде жаңа аза­мат­тық қозға­лыс құру үрдісі басталға­нын мәлімдейміз.

Бәрі­міз – бірі­міз үшін, бірі­міз – бәрі­міз үшін!

Қол қою­шы­лар – тәу­ел­сіз ақпа­рат құрал­да­ры­ның басшылары:

Рыс­бек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ

Ермұрат БАПИ

Окса­на МАКУШИНА

Жары­лқап ҚАЛЫБАЙ

Жан­бо­лат МАМАЙ

Андрей СВИРИДОВ

Роз­ла­на ТАУКИНА

Рама­зан ЕСІРГЕПОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн