Суббота , 5 июля 2025

Жығылғанға – ЖҰДЫРЫҚ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (401) от 12 октяб­ря 2017 г.

 

«Жаңғы­ру жыры»

 


 

Осы­дан бір­не­ше жыл бұрын көзі тірісін­де жазу­шы Герольд Бель­гер аға­мыз былай деп­ті: «Что такое Казах­стан? Девя­тое место в мире по пло­ща­ди. А насе­ле­ние – каких-то 17 мил­ли­о­нов. Сред­ний мега­по­лис. При таком богат­стве гово­рить об эко­но­ми­че­ском кри­зи­се в неза­ви­си­мой стране – глу­пость. Это нон­сенс. Это смеш­но. О каком эко­но­ми­че­ском кри­зи­се может быть речь? Зна­чит, кри­зис в голо­вах пра­ви­те­лей. Духов­ной кри­зис, куль­тур­ный кри­зис, какой угод­но, но толь­ко не эко­но­ми­че­ский. Его в Казах­стане быть не долж­но. А меж­ду про­чим, бед­ству­ют боль­ше все­го имен­но каза­хи. Вез­де руко­во­дят каза­хи, доми­ни­ру­ют вез­де каза­хи, но и вни­зу бед­ству­ют каза­хи. Вез­де жут­кое воров­ство. Те, кто навер­ху, вору­ют без огляд­ки. А вни­зу народ с раб­ской пси­хо­ло­ги­ей. Тәу­ба-тәу­ба, шүкір-шүкір, біз­де тыны­штық. Мы живы, сего­дня суще­ству­ем, и хва­ла небе­сам. Вот это и доко­на­ет казахов».

 

Бұдан кей­ін не айтуға бола­ды? 26 жыл­дан бері ұйғыр­дың лаг­ма­ны­на ұқсап кет­кен билік­тің ерте­гісіне қара­пай­ым халы­қтың нара­зы­лы­ғы қара қазан­дай. Әле­умет­тік желілер­де билік­ке нара­зы топ­тың саны күрт артқан және олар сық­пыр­тып жанай­қай­ын жазып жатыр. Бақыт­жан Сағын­та­ев бастаған үкі­мет­тің қолы­нан түк кел­ме­ген соң, орын­да­рын неге босат­пай­ды дей­ді көп­шілік. 26 жыл­дан бері халы­қты жұмыспен қам­та­мас­сыз ететін эко­но­ми­ка­лық тетік­тер қарас­ты­рыл­маған, елі­міз­де дені дұрыс жұмыс істей­тін бір­де-бір завод не фаб­ри­ка салы­нған жоқ. Халы­ққа өз күніңді өзің көр деген­нен әрі аспа­ды. Мини­стр­лер БАҚ-тар­да кеуде соғып, айқай­лаған­да­ры­мен, қалың бұқа­ра халы­қтың орта­сы­на келіп, жер­гілік­ті жер­лер­де­гі жағ­дай­ды өз көз­дері­мен көр­мей­ді әрі көр­гісі келмейді.

Яғни, елдің әле­умет­тік-тұр­мыстық дең­гей­інің қан­дай екені­нен бей­ха­бар. 26 жыл­дан бері пар­ла­мент депу­тат­та­ры неме­се сена­то­ры шалғай­дағы ауыл­дарға барып, тым бол­ма­са «әй, тірі­місің­дер?» деп сұра­маған. Біздің рес­пуб­ли­ка­мы­здың Маңғы­ста­удың бір ауы­лы­на «бәлен­бай» бір депу­тат неме­се көп мақтай­тын ассам­блея мүше­лері келіп кетіп­ті деген­ді есті­ге­міз жоқ! Олар әрі кет­се, аудан орта­лы­ғы­на келіп, мәде­ни­ет үйіне арнайы жиналған тұрақты көре­рмен­дер­ге жолы­ғып, ән-күй­ін тың­дап, етін жеп, қымы­зын ішіп, «бәрі өте жақ­сы» деп кекірене сөй­леп, тай­ып тұрады.

Жуыр­да пар­ла­мент депу­та­ты, гене­рал-май­ор Абай Тас­бо­ла­тов аға­мы­зды көріп қалып: «Асса­ла­у­маға­лай­кум, Әбе­ке, қалы­ңыз қалай? – десем, ол кісі: «Елба­сы­ның арқа­сын­да», – деп жау­ап бер­ді. Қазір­гі заман­ның гене­ра­лы, баяғы заман­ның баты­ры, ары­стан­дай айбат­ты, жол­ба­ры­стай қай­рат­ты бол­мас па еді?! Ащы бол­са да шын­дық, біз оларға қараған­да жал­тақ­пыз, көп оры­ста­нып кет­тік. Жал­пы, бодан­ды­қта көп болған ел жал­тақ, тай­ғақ, көн­гіш бола­ты­нын ита­льян­дық ғұла­ма Ник­ко­ло Макиа­вел­ли айтып кет­кен. Біздің ара­мы­зда ондай­лар толып жүр. Ұлан-ғай­ыр Қаза­қстан­ның ішін­де атқа­ры­лып жатқан бол­ма­шы істер­дің бәрін (тауық күр­ке салып бер­се де) пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың аты­мен бай­ла­ны­сты­рып жата­ды. Бұл пре­зи­дент­ті мақтау емес, қай­та оның атақ-абы­рой­ы­на нұқ­сан кел­ті­ру деп түсін­ген абзал.

Пар­ла­мент­тің экс-депу­та­ты Камал Бұр­ха­нов мыр­за: «Біз­де бір жыл­да жоға­ры оқу орын­да­ры­нан халы­қа­ра­лық қаты­на­стар факуль­тетін бітір­ген 5000 түлек диплом алып шыға­ды. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі ең көп деген­де 10 түлек­тер­ді жұмысқа ала ала­ды. Ал қалған 4990 түлек­тері­міз қай­да барып жатқа­ны бір Аллаға аян», – деді. Бұған пар­ла­мент депу­та­ты Меру­ерт Қаз­бе­ко­ва­ның «У нас без отка­та ниче­го не реша­ет­ся» деген сөзін қосыңыз.

 

Қаңы­рап қалған ауыл­дар­дан тым-тырақай көшіп кету­шілер­дің бір-бірі­мен ағай­ын­дық, туы­стық арақа­ты­на­ста­ры бырт-бырт үзілу­де. Ауыл­дар­дан жүз­деп, мың­дап жел қуа­лаған қаң­бақтай, басы ауған жаққа қаңғы­рып, әсіре­се жастар қала­ларға келіп оры­ста­нып жатқа­ны­мен ешкім­нің шаруа­сы жоқ. Пар­ла­мент депу­та­ты В. Бож­ко­ның сол қазақ жаста­ры­ның қала­ларға келуіне үзіл­ді-кесіл­ді қар­сы екенін айтып қал­ды, соған әле­умет­тік желілер­де қар­сы пікір­лер қар­ша бора­ды. Осы­лай туған халқы­ның мұң-мұқта­жын түсін­бей­тін, ана тілін ұқпай­тын­дар­ды депу­тат қылып сай­лай­тын әлем­де­гі жалғыз ел – біздің Қазақстан.

Қазақ халқы­на тән асыл киелі де қаси­ет­ті ұғым-түсінік­тен жұр­дай бол­дық. Әйт­пе­се біздің елде ғана әке ұлы­мен, шеше қызы­мен орыс­ша сөй­ле­сетіні ешкім­ге жасы­рын емес, керісін­ше, соны мәр­те­бе санай­ды. Иіліп сәлем сала­тын келін тап­пай­сың. Баяғы­дай «үлкен­ге құр­мет, кіші­ге ізет» деген ұғым­дар дала­да қал­ды. Сәбиді бөлей­тін бесік­тер мал қора­да ілініп тұр, таны­сын не таны­ма­сын, үйіне кел­ген ада­мға «нан ауыз ти» дей­тін келін­дер мен қыз-келін­шек­тер жоқтың қасы. «Әлди-әлди, бөпе­шім» деудің орны­на «баю-баю» дей­тін бол­ды. Ата­сы­ның тері сің­ген омы­ра­уын иіс­кеп жатып ұйы­қтап кететін неме­ре қал­ма­ды. Оның үстіне ауыл мек­теп­тері бірі­нен соң бірі жабы­лу­да. Өйт­кені ауыл халқы жапа-тар­мағай қалаға кету етек алған. Ауыл­да жұмыс істе­ген­мен, жалақы көр­ме­гелі қай заман.

Теле­ар­на­дан нешетүр­лі ток-шоулар­да қай­дағы-жай­дағы отба­сы­лық кикіл­жің­дер­ді наси­хат­тай­тын бол­ды. Сай­қы­ма­зақ әртістер Тұр­сын­бек Қаба­тов пен Нұр­лан Қоян­ба­ев­тар­ды шыға­рып қояды. Олар аузы­на кел­генін айтқа­ны­на пары­қ­сыз көре­рмен екі езуі құлағын­да күліп оты­рға­ны. Одан қала бер­ді «Айта бер­сін», «Жұл­ды­здар жарқы­рай­ды» деген бағ­дар­ла­ма­ла­рын көр­сең, ұят­тан жары­лып өлесің. Баян Есен­та­е­ва, Жанар Дұға­ло­ва, Қай­рат Нұр­тас, Төреға­ли Төрәлінің не жегенін, не кигенін айтып ұял­та­ды. Осы­лай бара беретін бол­са, қазақ халқы өзін-өзі теле­ар­на арқы­лы-ақ әлем кар­та­сы­нан жой­ып тынады.

Биыл Қараған­ды облы­сын су басқан­да да, Ақтө­бе облы­сын­дағы ақбө­кен­дер, Оңтүстік Қаза­қстан облы­сын­да бел­гісіз ауру­дан мал­дар, Жам­был облы­сын­да сиыр­лар жап­пай қыры­лған­да да, жер­гілік­ті әкім-қара­лар қара­пай­ым халы­қты айып­та­ды. «Жығы­лғанға – жұды­рық» демек­ші, оның үстіне тең­генің құн­сызда­нуы­мен қоса, жанар­май­дың қым­бат­та­уы бұқа­ра­ның қабы­рға­сын қай­ы­сты­рып барады.

Жұма­мұрат Шәмші,

тарих ғылым­да­ры­ның кандидаты

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн