Вторник , 6 мая 2025

ЖЫЛПОС(Әңгіме)

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №21 (385) от 1 июня 2017 г.

 

Уақыт уыты


 

Мей­рам­ха­наға кір­ген беті сол еді, Қай­дар әлдеқа­шан келіп алған, дәліз­де күтіп тұр екен. Аман-сәлем­нен кей­ін ішке кіруін өтін­ді. Киім ілгі­штің жаны­на барған­да поль­то­сын алып, бәй­ек бол­ды. Осы­дан отыз жыл бұрын бір­ге оқы­ған кур­с­та­сы­ның аяқ асты­нан өзіне осын­ша­ма жік-жапар бола қалға­ны­на Гүл­нұр таң­да­ны­ңқы­рап қал­ды. Күн­діз жұмыста оты­рға­нын­да каби­нетіне теле­фон шалып, кез­десіп сөй­ле­сетін шаруа бар деген соң, осы мей­рам­ха­на­ны өзі ұсынған.

Аста­на­да тұрып жатқа­ны­на оншақты жыл өтсе де, кур­с­та­сы оны бір рет те ізде­ме­ген еді. Енді аяқ асты­нан шарқ ұрып іздеп тауып, зыр жүгір­геніне қараған­да, бір ісі түсіп тұрған бол­са керек. Қай­дар­дың бүгін­гі таң­да аты дар­дай уни­вер­си­тет­те кафед­ра мең­ге­ру­ші екенін біледі. Бірақ Гүл­нұр тым құры­ған­да Білім мини­стр­лі­гі де емес, мүл­де басқа сала­ның депар­та­мен­тін­де қыз­мет атқа­ра­тын адам ғой. Оның өзін­де анау айтар­лы­қтай лау­а­зы­мы да жоқ. «Менен бұған не керек болып қал­ды екен? Сту­дент кезін­де сараң­ды­ғы­мен аты шыққан жігіт еді. Ара­да ширек ғасыр өткен­де қонақ­жай бола қалуы­на жол бол­сын» деп, тап­сы­рыс беріп жатқан сәт­те Гүл­нұр ойлап үлгерді.

Қай­дар ауыз жап­пай сөй­леп отыр. Негіз­гі шару­аға көшу­ге асы­қ­пай­тын секіл­ді. Ішім­дік­ке вис­ки алды­рға­ны­на қараған­да, Гүл­нұрға қат­ты күні түсіп тұрғанға ұқсайды.

– Гүле­ке, ғылы­ми дәре­жең бар. Енді, біз­ге келіп, дәріс бер­мей­сің бе?

База­лық маман­ды­ғың да, ғылы­ми шиф­рің де келіп тұр ғой. Өзің­дей тәжіри­белі маманға кафед­ра­мыз мұқтаж.

– Ой, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті білесің ғой. Тау­сыл­май­тын қағаз… Аз ғана тиын-тебен үшін жүре­мін бе солай сабылып?

– Әй, Гүле­кем-ай! Сту­дент кез­де­гі пунк­ту­ал­ды­ғы­ң­нан арыл­маған­сың. Жар­ты став­ка­мен сағат бөліп қоя­мын. Сабақ кестесін­де аты-жөнің тұра берер. Ал дәріс­ха­наға жас оқы­ту­шы­лар­ды, прак­ти­кант маги­странт­тар­ды жіберіп, жүк­те­меңді біз-ақ орын­дай бере­міз ғой. Есесіне, пед­ста­жың бола­ды, ғылы­ми дәре­желі дипло­мың өлмей­ді ғой, азын-аулық жалақы да бар…

– Азын-аулық жалақы­ң­ды қоя қой­шы, керек десең, жеке төлем кар­та ашты­рып, соны пин-коды­мен қоса өзіңе беріп қояй­ын. Ал ана пед­ста­жың мен үшін маңы­зды екен. Сол үшін келі­су­ге болады.

– Әрине, сен ақшаға мұқтаж жан емессің…

– Құдай­ға шүкір… Бірақ мынау дастар­хан­ның өте­уін біле алмай отырмын…

– Мен саған бұй­ым­тай­ым­ды айтқан жоқпын…

– Сезіп отыр­мын, айта берсеңші!

– Бұй­ым­тай­дың тура­сы былай: сен маған он мың дол­лар қары­зға бере тұр. Мен алты айдан кей­ін қайтарамын.

– Солай де. Ірі сома екен. Берей­ін, бірақ, көңіліңе кел­месін, алды­мен нота­ри­ус арқы­лы рәсім­дей­міз. Сосын банк­те­гі өсім­дік пай­ызы­мен қайтарасың.

– Оған еш қар­сы­лық жоқ, Гүле­ке! Бәрін сен айтқан­дай жасаймын.

– Енде­ше ертең уақы­тын алдын ала хабар­лап, біздің депар­та­мент­ке кел.

 

Ара­да апта өткен соң, Қай­дар­дың факуль­тет дека­ны болып өрле­генін есті­ген­де, әлгі он мың дол­лар­дың не үшін қажет болға­нын Гүл­нұр түсін­ген. «Несі бар, біздің үйде­гі мау­басқа қараған­да ширақ екен» деп, Қай­дарға сүй­сін­ген де қой­ған. Сөзін­де тұра­тын нағыз ер жігіт екен, тура алты айдан кей­ін алған қары­зын Қай­дар еш кедер­гісіз қай­та­рып, алғы­сын айтып, тағы да мей­рам­ха­на­да қонақ етіп қайтты.

Сырт­тай қараған­да, қой аузы­нан шөп алмай­тын­дай момақан көрі­нетін Қай­дар факуль­тет тіз­гінін қолға алған соң, осал жау еме­сті­гін көр­сетіп бақты. Алды­мен білі­мі мен білі­гіне сенетін, амби­ци­я­сы басым доцент, про­фес­сор­лар­ды аула­у­ға кірісті. Олар­дың намыста­рын қор­лап, жын­да­ры­на тию үшін кафед­ра мең­ге­ру­шілі­гі­нен бәрін ала­ста­тып, факуль­тет­те­гі ең біліксіз әрі абы­рой­сыз, ләп­пай­шыл жағым­паз-жарам­сақтар­ды олар­дың орын­да­ры­на алды. Қай­дар­дың айна­ла­сы­на өңшең надан­дар мен біліксіз тобыр­лар топ­та­са бастаға­нын аңғарған соң, дені дұрыс ғалым­дар өздері-ақ ешбір ың-шың­сыз өтіні­ш­терін жазып, уни­вер­си­тет­тен кете баста­ды. Қай­дар­дың күт­кені де сол еді: босаған орын­дар­дың бәрін әй-шай жоқ саудаға салды.

Кафед­ра­дағы бос орын­дар­ды сату­мен ғана шек­тел­ме­ген Қай­дар декан бола салы­сы­мен-ақ «биз­не­стің» бір­не­ше жаңа түрін ашып алды. Бака­лавр­лы­ққа кел­ген талап­кер­лер­ге білім гран­тын сауда­лап бола бер­ген­де, маги­стра­ту­ра мен док­то­ран­ту­раға үміт­кер­лер келеді. Одан кей­ін қысқы және жазғы сес­си­я­лар бар. Біре­улер­ден босап қалған грант­тық орны­на ақы төлеп оқып жүр­ген­дер­ді тық­па­лау үшін де кез кел­ген­нің уысы­на түсе бер­мей­тін ақша деген жары­қтық Қай­дар­дың қал­та­сы­на өзі келіп құйылды…

Емти­хан тап­сы­руға ауыл­дан кел­ген­де, ол қомақты ақша­ны арнайы сай­лап алған еді. Әкесі бір сов­хоз­дың біл­дей бас­шы­сы, жалғыз ұлы­нан несін аясын. Ебін тап та жарат деп, әкесі қой­ны-қоны­шы­мен де шек­тел­мей, ішкиім­нің ышқы­ры­на шей­ін ақшаға тол­ты­рып, молы­нан ұстатқан ғой. Ол сол қар­жы­ны жара­та алды да. Сол тұста елде­гі жалғыз маң­дай алды оқу орны саналған уни­вер­си­тет­те бір жер­лесі аға оқы­ту­шы екен. Соны тауып алды. Ең қым­бат деген мей­рам­ха­на­лар­дың біріне шақы­рып, дастар­хан жай­ды. Жас жігіт­тің осын­ша­ма ептілі­гіне жер­лес аға­сы да қай­ран қал­ды. Оны­мен де тоқта­ма­ды, қомақты қар­жы­ны аға­сы­ның қал­та­сы­на тығып та жіберді.

Аға­сы да қарап қал­ма­ды, жоға­ры-төмен жүгіріп жүріп, емти­хан қабыл­дай­тын марқасқа­лар­дың ара­сы­на кіріп кетіп, Қай­дар­дың бола­шақта алшаң басып жүретін даңғыл жолы­на жасыл шам­ды жағып бер­ді: әлдеқа­шан ғылы­ми дәре­же­ге қол жет­кіз­ген­дік­тен, Қай­дар­дың аспи­ран­ту­раға түсіп, кафед­ра­да қалуы­на ешкім кедер­гі бола алма­ды. Негізі, сол жылы бітір­ген кур­с­та­ста­ры­ның ара­сын­да Қай­дар­ды он орай­тын білім­ді әрі ғылы­мға бей­і­мі бар жастар бар­шы­лық еді…

Совет өкі­меті құлай қой­маған кез­де ғылы­мға кел­ген­дік­тен, оның зерт­теу тақы­ры­бы Алаш көсем­дерін халық жау­ла­ры деп таны­ған, 1986 жылғы Жел­тоқ­сан көтерілісін ұлт­шыл­дық деп айып­таған бағыт­та бол­ды. Солай етіп жазып, дай­ын­дап та жүр­ген. Қорға­уға жақын­дай бер­ген­де, мызғы­мас делініп мадақталған ірі одағы­ның шаңы­рағы опы­ры­лып, орта­сы­на түсті. Есең­гіреп қал­са да, тез есін жиып ала қой­ды. Туа біт­кен пысы­қты­ғы­на басып, бәрін тез түзей қой­ды да, тоқ­са­нын­шы жыл­дың орта­сын­да біл­дей бір ғылым кан­ди­да­ты дәре­же­сін алып шыға кел­ді. Ал жер­лес аға­сы әлдеқа­шан про­рек­тор­лық оры­нға қонжиған…

 

Осы­лай­ша, ескі қоғам­нан жаңаға ауы­сқан өліа­ра кезең­де Қай­дар секіл­ділер­дің бағы жан­ды. Лас жол­мен пай­да табу­дың сан қилы айла-амал­да­рын игер­ді. Соңғы кез­де алған пара­сы­нан арнайы қор есебін­де бір­сы­пы­ра қол­ма-қол ақша­ны сей­фін­де сақтап оты­ра­тын болған. Оны төтен­ше жағ­дай­да ғана қол­да­на­ды. Айта­лық, арнайы орган­дар іс қозғап, тер­ге­у­ге ала бас­та­са, оны сотқа жет­кіз­бей жабу үшін, сейф­те­гі «қор­дан» ақша беру керек болады…

Бір күні рек­тор оны суыт шақырт­ты. Теле­фон шалған көмек­ші жігіт­тің үнін­де әлдебір үрей ме, әйте­уір бір абы­р­жу бар. Екі өкпе­сін қолы­на алып, бас кор­пусқа жет­кен­ше, қабыл­дау бөл­месін­де­гі хат­шы қыз да екі рет қоңы­рау соғып, одан ары дег­бірін қашы­рып жібер­ді. Енті­гіп жет­кені сол еді, қабыл­дау бөл­месінің босаға­сын аттай бере, хат­шы дереу үнсіз ғана рек­тор­дың каби­нетіне нұсқады.

Әдет­те бұлай бол­май­тын. Рек­тор өзі шақыр­тқан күн­нің өзін­де мін­дет­ті түр­де кем деген­де жар­ты сағат бойы қабыл­дау бөл­месін­де күт­тіріп қоя­тын. Айтар сөзін ойлан­сын дей ме, өзі дай­ын­да­лып ойын жинақтай ма, әлде айнаға қарап, шашын тарап, сән­деніп оты­ра ма, ол жағы бей­мәлім. Сосын барып қабыл­дай­тын. Бұл жолы мүл­де басқа­ша. Қай­дар­дың жұды­ры­қтай жүре­гі асау атша тулап, кеудесін тесіп шығар­дай дүр­сіл­деп кетті.

Аман-сәле­мін салқын ғана алған рек­тор «отыр» деп тым қатқыл әрі анық айт­ты. Қар­сы алдын­дағы орын­ды­қта орта жастағы шашы бурыл тар­тқан бір бей­та­ныс еркек отыр.

– Қай­дар, сен шек­тен шығып бара жатыр­сың! – деп, ала көз­бен атып қараған рек­тор­дің сұсты жүзін көр­ген­де, Қай­дар­дың қос жана­ры шара­сы­нан шығып, тіп­ті табақтай бетін жабуға сәл-ақ қал­ды. Әуелі іші мұз­дап кет­ті де, сол ара­лы­қта мес қар­ны ақта­ры­лар­дай, ішкен-жегенін сар еткізіп, бұты­на жіберіп қояр­лы­қтай ыңғай­сыз күй кешті.

– Дека­ны­ңы­зды не істей­сіз – атсаңыз да, шап­саңыз да, менің онда шару­ам жоқ. Маған кере­гі – банк­те­гі неси­ені жауып бер­се – бол­ды. Ал қаты­ным­ды енді оқыт­пай­мын. Док­тор болып, мені ұшпаққа шығар­май-ақ қой­сын! – деп, әлгі бурыл шашты буы­рқа­нып отыр.

– Сіз маған айтқан­да­ры­ңы­зды бастан-аяқ қай­та­лаңыз мына декан­ның көзін­ше! – деп рек­тор бұй­ы­ры­ңқы­рап нығыздалды.

 

Өткен шіл­де айы­ның басын­да Қай­дарға бір әйел кел­ген. Маги­стр­лік дәре­же­сі бар көрі­неді. Енді док­то­ран­ту­раға түсіп, PhD ака­де­ми­я­лық дәре­же­сін алғы­сы келеді екен. Әрине, үш жыл бойы шәкір­тақы ала­тын­дай етіп, білім гран­ты бой­ын­ша түс­сем дей­ді. Қай­дар­дың ала­шақ «став­ка­сын» сұрай кел­ген. Бұй­ым­тай­ы­нан хабар­дар болған соң, Қай­дар ала­тын сома­сын түсін­діріп, оқу бары­сын­дағы емти­хандар­дан бастап, ғылы­ми дәре­желік диплом алғанға дей­ін­гі ара­лы­қтағы бар­лық мәсе­ле­лер­ді мой­ны­на ала­тын­ды­ғы­на кепіл­дік берген.

Құжа­тын тап­сы­руға кел­ген­де, ол әйел Қай­дар айтқан сома­ны қол­ма-қол әкеліп табыст­аған. Сол жолы док­то­рант­тық оры­нға талас өте көп бол­ды. Талап­кер­лер ара­сын­да алды Аме­ри­ка­ның, соңы Сеул­дің уни­вер­си­тет­терін­де маги­стр­лік білім алған­дар да бол­ды. Соған қара­ма­стан, Қай­дар әлгі әйел­ге ең жоғарғы балл алуы­на, жеңіс­ке толы­қтай жетуіне жат­пай-тұр­май қолға­быс жасады.

Әрине, ағы­л­шын тілінің тест сұрақта­ры­ның бар­лық нұсқа­сы­ның кілт­тік жау­а­бын әйел­дің қолы­на табыст­аған. Маман­дық пән­ді өзі қабыл­дай­тын­ды­қтан, оған аса бас қаты­рған жоқ. Өзге талап­кер­лер­дің баға­ла­рын мей­лін­ше төмен­детіп, өзі бәй­ге­ге қосқан «жүй­рі­гінің» мерей­ін үстем етіп қойған.

Емти­хан біт­кен соң да, док­то­ран­ту­раға түс­кен­дер­ге бұй­рық шыға­ры­лған­нан кей­ін де дау­ласқан­дар көп бол­ды. Бірақ Қай­дарға ешбірінің тісі батқан жоқ. Аме­ри­ка уни­вер­си­тетінің түле­гі бір жас жігіт:

– Ағы­л­шын тілін­де аман­да­су­ды да біл­мей­тін адам қалай­ша тест сұрақта­ры­ның бақан­дай 98-іне дұрыс жау­ап бере ала­ды? Өзге сала­ның ада­мы бола тұра, ол әйел маман­ды­қтар пәні­нен неге біз­ден артық балл ала­ды да, біз одан төмен бола қала­мыз? – деп, теп­сініп келген.

– Ағы­л­шын тілі үшін мен жау­ап бер­мей­мін. Оны басқа жер­де, менен өзге адам­дар қабыл­да­ды. Ал маман­ды­ққа кел­сек, бәрі ере­же­ге сай. Баға­ны жалғыз мен қой­ған жоқ­пын. Комис­сия солай шешті. Мен не істей ала­мын? – деп, Қай­дар өзінің бес жыл бойы айтып келе жатқан «дежур­ный» жау­а­бын қайталаған.

 

Рек­торға дәл мұн­дай баса-көк­теп кел­ген шағым­да­ну­шы­ны Қай­дар­дың алғаш рет көруі еді. Рек­тор­дың алдын­да қасқай­ып оты­рған бурыл шашты аза­мат факуль­тет ғалым­да­ры «жол­би­ке» деп атап кет­кен әлгі әйел­дің күй­е­уі болып шықты. Жаз­да ол жол­би­ке Қай­дарға ақша әке­лер­де басын­дағы пәтерін кепіл­ге қой­ып, банк­тен несие алған екен. Оны­сын күй­е­уі­нен жасы­рып жүр­ген. Бірақ ай сай­ы­нғы төле­мақы­ла­рын төле­у­ге кел­ген­де, ақша тап­пай қала­ды. Банк кім­ді аясын? Дереу сотқа жүгініп, пай­ы­здық өсім­дері­мен қоса дау­лап, осын­ша­ма ақша­ны бір апта­ның ішін­де төле­ме­сең­дер, бас­па­на­ны боса­та­сы­ң­дар деген талап қой­ып, сот үкі­мін орын­да­у­шы­лар­ды жібер­ген. Күй­е­уі сол сәт­те ғана әйелінің несие алға­нын біліп, ақша­ны қай­да жұм­саға­нын, кім­ге, не үшін бер­генін тек­тей бастаған­да, оның ұшы Қай­дарға келіп тірел­ген ғой.

– Ал, Қай­дар! Алды­мен, мына кісінің мәсе­лесін шеш! Алға­ны­ң­ды бәрін тез қай­тар! Бәрін рет­те­ген соң, маған кел, енді­гі ісім сені­мен бол­сын! – деп, рек­тор тісін қай­рап шыға­рып салды.

Қай­дар рек­тор­дың каби­неті­нен еса­лаң адам­ша алай-дүлей болып шықты. Әлгі бурыл шашты пәле де қыр соңы­нан қалар емес. Оны алдап-сулап мей­рам­ха­наға алып кел­ді. Жақ­сы­лап тұрып күт­ті. Ішім­дік­ке әуе­стеу аза­мат екен, аямай суар­ды. Кеш­кісін көлі­гіне оты­рғы­зып алып, үйіне жет­кізіп сал­ды. Аула­да тұрып біраз әңгі­ме­лесіп, бір тоқта­мға келді.

– Бауы­рым, маған сен! Міне, мына көлі­гім­ді көріп тұр­сың ғой. Үш жыл­дың алдын­да жет­піс мың дол­ларға сатып алған­мын. Күтіп мініл­ген зат, көр­дің ғой, су жаңа. Ертең хабар­лан­ды­ру бере­мін де сата­мын. Сосын банк­те­гі неси­е­леріңді жаба сала­мын. Ал әйелің док­то­ран­ту­ра­сын оқи бер­сін. Ғылы­ми жетек­ші ретін­де өзім көмек­те­се­мін, қорға­та­мын. Кафед­раға про­фес­сор, тіп­ті мең­ге­ру­ші етіп алуға да шамам жете­ді. Мен тұрған­да ешқа­шан жұмыс­сыз қалмайды.

– Түсін­дім, Қай­де­ке! Ең басты­сы, неси­ені жауып бер­сең бол­ды, қалға­ны бола жатар. Менен бір ағат­тық кет­ті, оны кешір­гей­сің. Тұп-тура рек­торға шауып бар­мауым керек еді…

 

Қай­дар уәдесін­де тұр­ды. Қым­бат көлі­гін сатып, бурыл шашты­ның банк­те­гі неси­есін жап­ты. Енді рек­тор­дың көңілін таба­тын­дай бір­деңе жасау керек. Ат-шапан айы­бын жууға жетер­лік­тей азын-аулақ бір­деңе сейф­те де бар. Бірақ оны аттың жалы, түй­енің қомын­да емес, алды­мен бил­ли­ард ойна­тып, сау­на­ла­тып, қыдыр­тып деген­дей, көңілін әбден көтер­ген соң ғана ұсы­нуы керек.

Қай­дар қолай­лы сәт­ті бағып, ойла­нып жүр­ген­де, аяқ асты­нан күт­пе­ген жағ­дай бол­ды. Әлдебір қар­жы­лық тек­сері­сте бас­шы­ның былы­ғы ашы­лып, ол рек­тор­лы­қтан түсіп қана қой­май, істі болып кет­ті. Ал оның орны­на Қай­дар­мен қатар­лас оқы­ған ежел­гі таны­сы кел­ді деген хабар­ды ести сала, мұр­ты­нан жымиып, бұры­нғы рек­торға дай­ын­даған тар­ту-таралғы­сы жатқан сейф­тің кодын тере бастады…

Қуан­дық ШАМАХАЙҰЛЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн