Понедельник , 7 июля 2025

ЖЖЕ – жолда жеу ережесі

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №02 (273) от 15 янва­ря 2015 г.

 

Қағаз жиегін­де­гі жазба

 

Жақын­да ауы­лға барып қай­тқан­мын. Мен оты­рған көлік иесі көсіл­ген күре жол­да көсіп-көсіп біраз әңгі­ме айт­ты. Сон­да не айт­ты дей­сіз ғой? Қаңтар­дағы Қане­кеңнің пәр­мені­мен 12 жасқа дей­ін­гі бала­ларға жол біт­кен­нің поли­ци­я­сы шұқ­шиып баққа­нын айт­ты. Көлік­те бала­лар­ды арнайы авто­орын­ды­қтар­сыз алып жүру­ге тый­ым сала­тын, жол қозға­лы­сы тура­лы жаңа заң қара­пай­ым халы­қтың төзі­мін бір­жо­ла тауы­сқа­нын жет­кізді (мұн­дағы Қане­ке­міз – Ішкі істер мини­стр­лі­гі әкім­шілік поли­ция коми­теті басқар­ма­сы­ның басты­ғы Қанат Сәду­ақа­со­втың нақ өзі – Қ.Қ.).

Сон­да дей­мін, «Отау иесінің» оры­нын бір-ақ жыл­да баса­тын 12 жасар бала­ны бұлай авто­орын­ды­ққа таңу­дың қай қажеті туды сон­ша? 12 жасар бала­ның өгіз­дей болып өңкиіп, алды­ңғы оры­нға отыр­май­ты­ны – тағы шын­дық. Енді ебе­дей­сіз орын­ды­қ­пен он екі жасар бала­ны көлік­тің артқы орын­да­ры­нан еле­стетіп көріңіз?! Әлде бұл осы сала­дағы атағы сала құлаш шен­ділер­дің кезек­ті бір «Кеңесіп піш­кен тоны­ның» кел­те­ден көрім кес­пірі ме? Бол­ма­са, жол үстін­де­гі үсте­ме шырға­лаңы­мен 192 елдің ішін­де 128-оры­нға табан тіре­ген біздің елдің сүл­ки­ген сиқы­нан құты­лу үшін осы­лай бүй­рек біт­кен­нен сирақ шыға­ру қажет пе еді?!

Осын­дай­да осы­ның алдын­да ғана Алма­ты облы­сы­на қарас­ты Қара­бө­гет ауы­лы­на барған­дағы келеңсіз бір жайт еске түседі. Аудан орта­лы­ғы­нан алпыс шақы­рым қашы­қты­қта жатқан бұл ауыл қара дома­лағы­ның денін тымау титы­қтатқан. Ал осы дім­кәс бала­лар аудан орта­лы­ғы Сарқан­дқа жету үшін жаңа заң тала­бы­на бір кісі­дей бағы­нуы шарт.

Сосын ғой, сосын ешқай­сы ем ізде­мей, үйін­де емде­лу­ге мәж­бүр бола­ты­ны. Көлі­гін кіре­ле­ген халы­қта да еш жазық жоқ. Мәши­несіне ара-тұра бес литр бен­зин­ді артық құй­ған­ның өзін­де әжептәуір шығы­нға батып қала­ты­ны бар.

Оның үстіне сол «қауіп­сіз» орын­ды­қтың ең жама­ны­ның баға­сы он мың тең­генің ар жағы­на барып топ ете түседі. Осы­ған бай­ла­ны­сты бір сұх­ба­тын­дағы сая­сат­кер Мұрат Әбе­но­втың қисын­ды қиса­бы – қыр­дағы қаза­қтың да шотқа қаққан есебі іспет­ті. Ол: «Қаза­қстан­да бар­лы­ғы 4,5 млн авто­көлік тір­кел­ген. Олар­дың ең кемін­де үштен бірі 12 жасқа дей­ін­гі бала­лар­ды алып жүру­ге пай­да­ла­ны­ла­тын бол­са, онда 1,5 мил­ли­он авто­көлік­ке арнайы бала­лар орын­ды­ғын алу шарт. Егер де кемін­де әр орын­дық ең арза­ны 10 мың тең­ге тұра­ты­нын есеп­те­сек, онда кемін­де бір апта­ның ішін­де қаза­қстан­ды­қтар осы өзгерістер­ді іске асы­ру үшін 150 мил­ли­ард тең­ге жұм­са­уы керек. Бұл – отба­сы­лар­дың жос­па­рын­да жоқ шығын», – деген болатын.

Жос­па­рын­да болған-бол­маға­нын қай­дам, қыстың көзі қыра­уда есеп­сіз шығы­н­мен, емде­лу­сіз бала құшақтаған Қара­бө­гет­те­гі­дей қалың ел бұл заңға қар­сы­лық көр­сетіп үлгер­ді. Осы қар­сы­лы­қтың бола­ты­нын күні бұрын болжаған­дай ІІМ-нің басқар­ма басты­ғы: был­тыр сәуір­дің 17-сі күні енгізіл­ген бұл ұсы­ны­стың қазан­ның 20-сын­да бекітіл­генін, осы мерзім ішін­де аза­мат­тар­дың бұл тала­пқа дай­ын­да­луға жет­кілік­ті уақы­ты болға­нын айтқан болатын.

Сон­да қалай? Жылға жық­саң, жар­ты жыл; айға аунат­саң, алты айды қам­ты­ған біл­дей басқар­ма­ның піл­дей басты­ғы айтқан «жет­кілік­ті уақыт­та» жаңа заң тура­лы хабар­ланған бол­са, қалың елдің бұл жай­ын­да бір ауыз сөз есті­ме­уі мүм­кін бе? Тіп­ті кез кел­ген мини­стр­дің аузын­дағы сөзін суы­рып алып, халы­ққа бұрын естір­тетін біздің ауыл­дағы Рай­хан апай­дың мұны біл­мей қалуы – күнә!

Гәп қай­да?

Қалт айт­пай­тын халық айта­ды: бұл жемқор­лық деп! Бақ­сақ, жүдә жөн сөз! Оны атал­мыш мини­стр­лік­тің өздері-ақ дәлел­деп әуі­ре. Өйт­кені жыл бастап қой­дың қыл­пы көрін­гелі көлік­ке оты­руға тиіс бала ата­улы­ны «бесік­ке» таңғы­сы кел­ген осы сала шене­унік­тері енді әуел­гі сөзі­нен бір­жо­ла тай­қып кет­ті. Тай­қы­ға­ны сол – кеше ғана көк жәшік­те ҚР ІІМ поли­ция коми­тетінің төраға­сы Игорь Лепе­ха бұл заң­ның мін­дет­ті тұсы­нан гөрі мін­дет­сіз тұсын көбей­тіп айт­ты. Айта­лық, артқы орын­ды­ққа сіздің еркіңіз­ге салған­да авто­орын­дық алуға мін­дет­тел­мей­сіз. Ол үшін бар болға­ны ірге­де­гі Ресей­дің мың тең­гелік сақтық бауы­на ғана (ремень) сауда жаса­уға тиіссіз!

От, міне, биз­нес! Манағы Әбе­нов айтқан 150 мил­ли­ард тең­ге енді су жаңа мил­ли­он­даған мың­ды­қтар­дың есебі­мен есе­ле­неді келіп. Қазір­дің өзін­де отан­дық авто­орын­дық сата­тын дүкен­дер­дің бәрі айна­ла­сы он күн­дік­те қол­да бар тау­а­рын тау­сып тынған. Баға­сы­ның бұры­нғы­дан көп-көп есе­лен­генін де жасырмаған.

Бұдан соң онсыз да бұта­ла-бұта­ла сық­пы­ты қал­маған бұл заң­ды мұн­дағы елге біраз «төпе­летіп» алып, «халы­қтың қол­да­уын тап­па­ды» деп, іске алғы­сыз етсе де, «қазан­шы­ның» өз еркі. Тіп­ті бұған бола олар­дың қыл­шы­ғы да қисай­май­ды. Қомақты қар­жы қол­да, МАИ қыз­мет­кер­лері жол­да. Жоға­ры­дағы жуан­дар­дың, сірә, несі кетті?!

 

P.S.: Бұрын­да­ры көп бала ерте­кен ана­ны көр­сең, елпек көлі­гің елпең қағып сон­да бұры­ла­тын. Ал қазір ше? Алма­ты­ның өзін­де көп бала жетек­те­ген ана көше­де қалу­да. Енді қазақ дала­сы­ның қай аты­ра­бы­на жаның ашығандай?!

Осын­дай­да осы­дан біраз жыл бұры­нғы бір оқиға жады­ң­да қай­та жаңғы­ра­ды. Қыстың күні аял­да­ма­да көлік күтіп тұрып, бала­сын құтқа­рып, өзі қасқы­рға жем болған ана жай­лы есті­ген бола­тын­быз. Ондағы жалғыз-ақ себеп көлік­тің жоқты­ғы еді. Ал бүгін үйір­лі қасқы­ры ұлы­ған бір қырқа­да бала­лы жұрт­тың бар көлік­ке міну­ге баға­сы кеміп, жол­да қал­са – кім кінәлі?

Ондай­да халық үшін заң да бол­са – көк тиын!

Қозы­бай ҚҰРМАН,

«

 

* ЖЖЕ – Жол­да жүру ережесі

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн