ӨЗІ БОЛҒАН ҚЫЗ… әпкесін танымай кетті…

Екі мінез

 

  • Жуырда «Кеш You» тобының бұрынғы әншісі, сәнгер Айдана Меденова «FM», «Indigo» топтарының продюсері Әлішер Нұржановқа тұрмысқа шықты.

Не керек, әншінің тойына әншейінгі әдетімен, әуелгі «дәстүрімен» қазақ эстрадасының біраз жұлдыздары құттықтай келген. Олардың ішінде Әли Оқапов, Жания Джуринская, Бақытжан Желдербаев, Сейфуллин Жолбарыс сынды әріптестерінің орыны бөлектей көрінеді.

Ең қызығы – Айдана ұзатуға да, үйлену тойына да өзінің бұрынғы продюсері Баян Есентаеваны шақырмаған. Тіпті әлеуметтік желіні қолданушылар тарапынан Баян-сұлуға: «неге шақырмады?», ал Айдана қалыңдыққа: «неге шақырмадың?» деген сұрақтар түйдек-түйдек жаууда.

Оған Баян Есентаева: «Маған шақыру билеті екінші біреу арқылы жіберіліпті… Айдана тіпті маған «смс» жазуға да уақыт таппаған екен…» – деп, ренішін білдірген екен. Несі бар, орынды өкпе: өнердің өріне сүйреп әкелген адамың тойына шақыруын алып, өзі келуге жарамаса, өкпелемей көр! Бұл ретте Баянның мінез көрсетуі дұп-дұрыс: «Өзі болған қыз төркінін танымас» дейді қазақ…

Дегенмен, желідегі жазғыштардың «Әнші қызына бақ тілесе нетті?!» деп, сөгеттік білдіруі де жөн сияқты. Бірақ бұған Баян-сұлу емес, жас күйеу Әлішердің өзі бірінші кезекте кінәлі болса керек.

Себеп?

Себеп сол – Әлішердей супер-күйеу үшін Баян-ханым – бәсекелес: екеуі де продюсер, екеуінің шәкірттері – сахнада бақталас.

Басқа гәпті кім айтады?

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн