Суббота , 5 июля 2025

ӨЗІҢ ДИУАНАСЫҢКІМГЕ ПІР БОЛАСЫҢ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №19 (383) от 19 мая 2017 г.

 

Тура­би­лер тұғыры


 

Тесік шұлы­қ­пен жүр­геніне қара­май, біздікілер жұр­тқа жомарт көрін­гісі келеді-ақ.

Ішкі бюд­жет­ті жаба­мыз, инфрақұры­лым­ды дамы­та­мыз, жаңа жұмыс орнын аша­мыз, әле­умет­тік жағ­дайы нашар тұрғын­дарға қол­дау көр­се­те­міз деген мақ­сат­пен биыл Азия даму бан­кі­нен 1 млрд дол­лар қарыз алып оты­рға­ны­мы­з­бен шару­а­мыз жоқ, ал Қырғыз­станға паңқып 100 млн дол­лар әле­умет­тік көмек жасаймыз.

Елі­міз­де 65 мың мүге­дек бала­пан­да­ры­мыз бар, соның көбісі көмек­ке зәру. Ал анау сәнқой бикеш «Сири­я­лық бала­ларға көмек» атты шара ұйым­да­сты­ру­да… Бұл баста­маға «бар­лық сәби бір ғой» деп, кеңдік таны­та­лық, жарай­ды, ал енді келесі ақпарға миым жет­пей қойды…

Отан­дық банк­тер билік­тен қол жай­ып көмек сұрап отыр, ал отан­дық эко­но­ми­каға жау­ап­ты пысы­қай­лар 250 млн дол­лар зей­не­тақы қорын­дағы қар­жы­мы­зды әзер­бай­жан­дық құр­ды­мға батқан жеке мен­шік банк­ты қорға­уға салып жіберіпті…

Осы­лар­дың есі дұрыс па өзі? Әлде махи­на­ци­я­ның бір түрі ме? Ақша қайт­па­са, не істей­ді? Өтірік пе, рас па – бір Аллаға аян. Депу­тат Өксік­ба­ев: «Я думаю, что менедж­мент фон­да, кото­рый рас­пре­де­лял эти сред­ства, навер­ня­ка не все рис­ки учел, воз­мож­но, надо было более деталь­но и углуб­лен­но изу­чить. Какие пара­мет­ры уче­та бра­лись, я сей­час не могу ска­зать, пото­му что я эти­ми циф­ра­ми не вла­дею. Конеч­но, здесь если каки­ми-то стра­хо­воч­ны­ми вопро­са­ми они не задей­ство­ва­ны, тогда эти день­ги про­па­ли. Есте­ствен­но, это будет пря­мой ущерб наше­му фон­ду, а это поте­ря и удар по кар­ма­нам наших вклад­чи­ков», – деп жеңіл-жел­пі күшен­ген сыңай танытты.

Мұн­дай сая­си-эко­но­ми­ка­лық мәлім­де­ме­лер­ді депу­тат мыр­за өзді­гі­нен жасай­ды деген­ге күмәнім бар. «Егер зей­не­тақы қорын­дағы қар­жы қам­сыздан­ды­рыл­ма­са, бұл ақша­ны жоғал­ды дей беріңіз» деген Өксік­ба­ев­тың өксіп-өксіп айтқан сөзі­нен соң, эко­но­ми­каға жау­ап­ты­лар даб­ыл қағуы керек еді ғой. Неге үнде­мей жатыр?

«Өзің диу­а­на­сың, кім­ге пір бола­сың» деген сөз біз­ге айты­лған ғой…

Дина ЕЛГЕЗЕК

 

 

 

«Тәйт» дей­тін

КЕЗ КЕЛДІ!

«Жерім!» деген­дер жазы­қ­сыз абақты­ға қама­ла­тын, ата­ме­кеніне асы­ғып, кеден­нен өткен орал­ман әйел­ді әуелі тонап, кей­ін сот­тап, 40 мың дол­ла­рын мем­ле­кет есебіне өндіріп алу жөнін­де үкім шыға­ры­ла­тын заман­да кім­нен әділ­дік күт­кен­дей­сің? Адам­шы­лы­қтың басы­нан аттаған сол ашкөз, жемқор жүй­ені құру­шы билік­тен бе? Жоқ!.. Енді кімнен?!

 

Халы­қтан ірге ажы­ра­тып, алын­бас қамал соғып алған билік саны әскері­нен көп күштік құры­лы­мын сай­ла­тып, құқы­ғын талап етіп қалар деп қорқы­тып, үрей себу­де, сұрқы­л­тай­ла­рын сай­ра­тып, өтірік­пен сана­ны ула­уда. Теле­ди­дар­ды қосып қал­саң, күн­де бір рефор­ма, жаңа заң ойлап тапқан біреу бір­деңені «түсін­діріп» отырады.

Халы­қтың қал­та­сы көте­ре ме, титы­қтап, бір­жо­ла қай­ыр­шы­лы­ққа ұшы­рай ма – үкі­мет­ке бәрібір, алдағы уақыт­та сұй­ы­ты­лған газ баға­сын қым­бат­та­ту­ды, яғни еркін баға кеңісті­гіне жібе­руді ойла­сты­рып қой­ған екен. Сон­дағы уәжі – ішкі нары­қтағы қазір­гі баға газ сата­тын биз­не­смен­дер­ге тиім­сіз, сыр­тқа – Ресей­ге, Тәжік­станға тасуға ынта­лы. Сөй­тіп, өзі­міз­де тап­шы­лық туын­дай­ды. Шешудің жолы – жоға­ры­да айтқандай…

Не деу­ге болады?

Газ – жер қой­на­уы­нан шығып жатқан халық қазы­на­сы (шын мәнін­де). Ал біз­де қазы­на иесінің құқы­ғын арты­на қыстыр­май, сату­шы­лар мүд­десін көз­дей­ді (іс жүзін­де)! Бәл­кім, жадап-жүде­ген жал­пы бұқа­ра­ның фонын­да жалақы­ла­рын мил­ли­он тең­ге­ге дей­ін көтер­ген депу­тат­тарға сұрау салар­мыз: Бұл қалай? Батыс өңірінің авто­көлік­тері жап­пай сұй­ы­ты­лған газға өткен кез­де, тағы да той­ым­сыз, қомағай көмей­лер жұты­нып, түп­сіз ара­нын ашқа­ны – неден? Олар жау­ап бере алмай­ды, әрине. «Жал­мауы­зға да жан керек!»

Бір ойға бекі­несің: Не қал­ды? Бұл билік­ті кеті­ру ғана қалды!

…Тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жыл­да­рын­да әр қаза­қтың көңілін­де «Бұл – ата-баба­дан мирасқа қалған менің жерім, оның асты-үстін­де­гі қазы­на­сы да менікі!» деген сенім бол­ды ғой. Ол кез­де өзі сай­лаған билік­ті де «менікі» деп санай­тын. Түбі әр қаза­қтың құқы­ғы ескерілетіне зәре­дей шүбә болған жоқ еді. Жоғарғы Кеңе­сті тара­тып, тізе­ге басып оты­рып, жаңа Кон­сти­ту­ция қабыл­датқан пре­зи­дент Қаза­қстан­ның Кувейт­тен өткен бай елге айна­ла­ты­нын айтып, соған жет­кізу­ге уәде беріп жатты…

Сол сенім қашан ақыр-тақыр күй­реді? Жаңаө­зен мұнай­шы­ла­ры қырғы­нға ұшы­раған­да, бей­біт халы­ққа оқ атқы­зған­дар­дың ұста­ны­мы айқын­дал­ды. Жер­дің кен-қазы­на­ла­ры – әркім­дікі, кім­нің күші бар, ықпа­лы бар, соған тиесілі бол­мақ керек деген сая­сат тамыр жай­ып, ұлт алдын­дағы жау­ап­сыздық бас жібін үзіп, бой бер­мей кет­кеніне көз жет­ті. Мына қоғам­да жер­дің қазы­на­сы­нан үлес алмақ түгілі, сол қазы­на­ны маң­дай­дың ащы тері­мен игер­ген еңбе­гіңнің ақы­сын талап ету­ге бол­май­ды екен.

Бәрібір күн тәр­тібі­нен түс­пей­тін сау­ал­дар бар. Оны біреу қала­са да, қала­ма­са да, маңы­зын жой­май­тын, оқтын-оқтын өзгеріс­ке ұшы­рап тұрған Кон­сти­ту­ция бүгін­гілер­дің ырқы­мен қалай жазыл­са да, қай­та көтері­ле беретін мәсе­ле­лер бар. Ертең ұйқы­сы қанып, оянған халық сұрайды:

«Ау, қазақ неге өз жеріне ие бол­май­ды? Кувейт­ті қоя тұрай­ық, басқа­сын айт­пай­ық, Иран мен Түрік­мен­стан ғұр­лы неге өз газы мен мұнай­ы­ның игілі­гін көр­мей­ді? Елдің тір­шілік ету көз­дерінің бәрін тары­л­тып, тай­раң­даған топ неге бәрін басып қал­ды? Неге Қытай­ға беріл­ді? «Банк­тер­ден ақша алуға халы­қты ешкім зор­лаған жоқ, алға­нын үсте­месі­мен қай­тар­сын!» деп, зәрін шашқан пре­зи­дент екі жүз мил­ли­ард дол­ларға жақын­даған сыр­тқы қарыз тура­лы неге түсінік­те­ме бермейді?»…

Отан­нан биік ұғым табу қиын. Отан дегені­міздің өзі – жер. (Оны да сатып жібе­ре жаздадық-ау!).

Отан­ның иесі – қазақ. Қазақ газын, мұнай­ын, электр қуа­тын арзан пай­да­ла­нуға құқы­лы. Ата­сы ақша­дан өлсе де, бүгін­гі той­ып секір­ген­дер­ді той­та­ра­тын, «тәйт!» дей­тін уақыт кел­ді ғой. Сон­ды­қтан енді­гі әңгі­ме – бел­гілі топ­тар­дың ен бай­лы­қты қай­та бөлі­суі емес, сол бай­лы­қтың шын иесін аны­қтап, өзіне қай­та­ру бол­са керек-ті. Әйт­пе­се олар халы­қтың бар екенін мой­ын­да­май­тын жағ­дай­ға жетті.

Болат ЖЕТЕКБАЙ

 

 

 

ОЙ, ШЕШЕҢДІ

Ішер­ге асы, киер­ге киі­мі, басын­да бас­па­на­сы, алдын­да малы жоқ бір кедей қазақ өзен­нен балық аулап, талға­жау етпек болған­да, қар­мағы­на алтын балық ілініп­ті. Оры­стың алтын балы­ғы ғой: өзін босат­са, үш тіле­гін орын­дай­ты­нын орыс тілін­де айтып­ты. Сөйт­се әлгі қазақ:

– Ой, шешеңді бәлен қылай­ын, неге қаза­қ­ша сөй­ле­мей­сің сен! – деп, балы­қты ұрып-ұрып өлтіріп тастапты.

…Біздің көп қазақ қазір осын­дай «ауыл-үйдің ара­сын­дағы көже намысты» ұлт­тық намыс деп түсі­неді. Өкінішті!

Айгүл БОЛАТХАНҚЫЗЫ

 

 

 

«БАТЫРЛАР»

Кеш­кі шәй­мен бай­қа­у­сызда орта­сы­нан көріп қал­дым: ауған соғы­сы­ның сам­саған арда­гері отыр екен мемар­на­да. Бір­де-біре­уі «Біздің соғыс окку­па­ция бол­ды, жазы­қ­сыз төгіл­ген ауған бала­сы­ның қаны үшін себеп­кер бол­сам, кешу сұрай­мын» деп айта алма­ды. Нағыз батыр­лық сол болар еді мен үшін.

Айт­пақ­шы, бұл батыр­лар­дың бір­де-біре­уін бес жыл бұры­нғы Жаңаө­зен қырғы­нын­да, был­ты­рғы жер дауын­да байқамадым…

Қасым АМАНЖОЛ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн