Суббота , 5 июля 2025

ӨЗІ ҚОРҒАУСЫЗ АДАМ басқаның құқығын қалай қорғайды?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №8 (372) от 2 мар­та 2017 г.

Адво­кат­тар ара­ша сұрайды

 


 

Газет редак­ци­я­сы­на Рес­пуб­ли­ка­лық адво­кат­тар алқа­сы­ның пре­зи­ди­у­мы Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­зи­ден­ті Н.Ә.Назарбаевтың аты­на жол­даған Ашық хат­тың көшір­месі келіп түсті. Онда хат иелері былай дей­ді: «Үне­мі өзін-өзі қорға­уды қажет ететін адам басқа­ның құқы­ғын қалай қорға­мақ?.. Сіздің «100 нақты қадам» жос­па­ры­ңы­зда жари­я­ланған сот алқа­сы мен сот­тық бақы­ла­уды дамы­ту тура­лы иде­я­ла­ры­ңы­зға қара­ма­стан, Сіздің сая­си ерік-жігеріңіз құқық қол­да­ну жүй­есін­де орындалмайды…».

Иә, Рес­пуб­ли­ка­лық адво­кат­тар алқа­сы ел пре­зи­ден­тінің сот рефор­ма­сы­на тіке­лей қаты­сты үлкен кіна­рат­тар­ды атаған екен. Төмен­де сол Ашық хат­тың толық нұсқа­сын жари­я­лап отырмыз.

 

Құр­мет­ті Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы! Сіз­ге адво­кат­тық қоғам­да­стық аты­нан жүгі­ну­ге мәж­бүр болып отырмыз.

Біз­ге – кәсі­би қорға­у­шы­лар ретін­де – сот­тар­да адам­ның негіз­гі құқы­қта­ры мен әділ­дік прин­циптері және сот­ты­лық заң­ды­лы­ғын бұзу фак­тілерінің жиі кез­де­суі алаң­да­у­шы­лық туғызады.

2017 жыл­дың 31 қаңтар­дағы «Қаза­қстан­ның үшін­ші жаңғы­руы: жаһан­дық бәсе­ке­ге қабілет­тілік» атты жол­да­уы­ңы­зда Сіз құқық үстем­ді­гіне және бар­ша­ның заң алдын­да теңді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге бағыт­талған рефор­ма­лар, жеке мен­шік құқы­ғын қорға­уды күшей­ту­ге қаты­сты бүкіл заң­на­ма реви­зи­я­сын жүр­гі­зуді басым бағыт ретін­де белгіледіңіз.

Адво­кат ретін­де біз кез кел­ген оң өзгерістер­ді теже­у­ге тыры­са­тын құқық қол­да­ну прак­ти­ка­сын түбе­гей­лі қай­та қарау маңы­зды деп санаймыз.

Өкініш­ке орай, алқа­би­лер соты, тарап­тар­дың тең құқы­лы­ғы және жары­спа­лы­ғы, кінәсіздік пре­зумп­ци­я­сы, сотқа дей­ін­гі тер­ге­удің заң­ды­лы­ғын сот­тың бақы­ла­уы инсти­тут­та­ры елі­міздің сот төрелі­гін­де тиісін­ше дами алма­ды. Оларға деген сенім­ді тек қана про­цесс қаты­су­шы­ла­ры ғана емес, соны­мен қатар сот төрелі­гін іске асы­ру­шы­лар да жоғал­тып алған. Заң­ды­лық қыл­мыстық қуда­лау орган­да­ры мен сот­тар ара­сын­дағы бей­ре­сми келісім­дер және фор­маль­ды­лы­қ­пен алма­сты­ры­лып келеді.

Адво­ка­ту­ра тұрақты түр­де өзінің тәу­ел­сізді­гін жоғал­ту қау­пінің астын­да. Адво­кат­тар­дың құқы­қтық демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет­тер­де жал­пы қабыл­данған құрал­дар мен тәсіл­дер арқы­лы өзінің кәсі­би боры­шын толы­ққан­ды орын­да­уға мүм­кін­дік­тері жоқ.

Әлбет­те, еркін және тәу­ел­сіз адво­ка­ту­ра­сыз шынайы сот төрелі­гін іске асы­руға бол­май­ды. Адво­ка­ту­ра аза­мат­тық қоғам­ның эле­мен­ті бола тұра, сот төрелі­гін жүзе­ге асы­руға ықпал ете­ді, адам құқы­қта­рын қорға­уды қам­та­ма­сыз ету­де аса маңы­зды буын теті­гі болып табы­ла­ды. Алай­да қан­дай қорғау тура­лы сөз қозға­уға бола­ды, егер де адво­кат­тар тіп­ті тиісті қыз­метінің кепіл­дік­тері­нен айы­ры­лған болса.

Үне­мі өзін-өзі қорға­уды қажет ететін адам басқа­ның құқы­ғын қалай қорға­мақ? Осын­дай жағ­дай­лар­да жап­пай түр­де жеке мен­шік­тің қол­сұғыл­мау­шы­лық құқы­ғы бұзы­ла­ды және эко­но­ми­ка­лық еркін­дік­тің шека­ра­сы едәуір кішірейеді.

Сіздің «100 нақты қадам» жос­па­ры­ңы­зда жари­я­ланған сот алқа­сы мен сот­тық бақы­ла­уды дамы­ту тура­лы иде­я­ла­ры­ңы­зға қара­ма­стан, Сіздің сая­си ерік-жігеріңіз құқық қол­да­ну жүй­есін­де орын­дал­май­ды. Заң­на­ма осы бөлі­гін­де тек деко­ра­тив­тік өзгерістер­ге ұшы­ра­ды, олар оны жақ­сарт­пай, тіп­ті бұрын қол­да­ны­ста болған құқы­қтық нор­ма­мен салы­сты­рған­да, жағ­дай­ды нашар­ла­та түсті.

Жоғарғы сот және Бас про­ку­ра­ту­ра басқар­ма­сы­ның айту­ла­ры­на қара­ма­стан, ақта­лу үкім­дерінің пай­ы­зы адек­ват­ты түр­де өспе­уде, ал қыл­мыстық про­цесс әлі айып­ты сипатта келуде.

Сіздің жол­да­маңы­з­бен тағы бір рет қыл­мыстық және әкім­шілік заң­на­ма­ны ізгі­лен­ді­ру, кәсіп­кер­лік сала­сын­дағы құқық бұзу­шы­лық үшін санк­ци­я­лар­ды азай­ту, қоғам­дық қауіп­тілі­гі төмен дәре­желі құрам­ды эко­но­ми­ка­лық қыл­мыстар­ды одан әрі қыл­мыстық сипаттан ары­л­ту мақ­сат етіп қой­ыл­ды. Адво­ка­ту­ра жібер­ген заң­на­ма­ны өзгер­ту тура­лы ұсы­ны­стар елен­бей­тініне сіздің наза­ры­ңы­зды ауда­ру қажет деп санай­мыз. Нәти­же­сін­де бір­не­ше жыл­дан кей­ін жаңа рефор­ма­ны жүзе­ге асы­ру қажет­тілі­гі туындайды.

Адво­кат­тар қауым­да­сты­ғы соңғы адво­кат­тарға қысым жасау әре­кетіне және шек­те­улер­ге, осы­мен Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­сы­мен кепіл­ден­ген іргелі құқы­қта­ры мен адам бостан­ды­ғы, әсіре­се білік­ті құқы­қтық көмек­ке деген құқы­ғы­на алаң­да­у­шы­лы­ғын білдіреді.

Біз мұн­дай әре­кет ҚР Жоғарғы соты­ның жақын­да жари­я­ланған «Сот­тар­дың қыл­мысқа қаты­сты­лық пен қыл­мыстық құқық бұзу­шы­лы­ққа дем беру­шілік үшін жау­ап­ты­лық тура­лы заң­на­ма­ны қол­да­нуы­ның кей­бір мәсе­ле­лері тура­лы» нор­ма­тив­тік қаулы­сын­да бар деп санай­мыз. Онда адво­кат­тар өздерінің қорға­лушы­ла­ры­на сыбай­лас ретін­де қыл­мыстық жау­а­пқа тар­ты­лу шар­тта­ры қарастырылады.

 

Соны­мен қатар Жоғарғы сот қаулы­сы сот прак­ти­ка­сы­ның ең өзек­ті мәсе­ле­леріне, сот­пен көп­теп талқы­ла­на­тын және құқық қол­да­ну сұрақта­ры туын­дай­тын және сот тәжіри­бесін­сіз түсін­ді­ру мүм­кін емес істер­ге арналады.

Біз­ге, адво­кат­тар ретін­де, адво­кат­тар­дың қыл­мыс­кер­лер­ді жасы­рған неме­се құқық бұзу­шы­лық жаса­уда сыбай­ла­стық түрін­де­гі қыл­мыстық істер­дің саны аз екені бел­гілі. Кез кел­ген жағ­дай­да іс-әре­кет­тер­дің осы түрі үшін адво­кат­тар­ды жау­а­пқа тар­ту фак­тілері, мыса­лы, құқық қорғау орган­да­ры­ның қыз­мет­кер­леріне қараған­да, көп емес.

Егер де адво­кат­тар қыл­мыс­кер­лер­ге сыбай­лас болға­ны үшін жал­пы тәр­тіп­пен жау­а­пқа тар­ты­ла­тын бол­са, нор­ма­тив­тік қаулы­да бұл ере­же­лер­ді қай­та қай­та­ла­удың не қажеті бар?

Осы­ған бай­ла­ны­сты келесі­дей сұрақ туын­дай­ды, нелік­тен Нор­ма­тив­тік қаулы­да кәсі­би қорға­у­шы­ларға көп көңіл бөлін­ген? Оның негізіне қай сот тәжіри­бесінің мас­сивін жал­пы­лау жат­ты? Мүм­кін, жарам­сыз адво­кат­тарға қаты­сты жасан­ды қыл­мыстық істер­ді фаб­ри­кат­тау үшін алғы шарт ретін­де жаса­лын­ды ма?

Жуыр­да Жоғарғы сот пен ІІМ бірік­кен бұй­ры­ғы­мен адво­кат­тар­дың сот­та ұялы бай­ла­ныс теле­фон­да­ры мен ком­пью­тер­лер­ді қол­да­нуы­на тый­ым салын­ды. Біздің қазір­гі сан­дық тех­но­ло­ги­я­лар ғасы­рын­да адво­кат­тық қауым­да­сты­қ­пен мұн­дай шешім адво­кат­тар мен оларға тап­сы­ры­лған аза­мат­тар­дың құқы­қта­рын заң­сыз және ең басты­сы – мән­сіз шек­теу деп баға­ла­на­ды. Бұл шек­теу мем­ле­кет­ке ешқан­дай пай­да әкел­ген жоқ, сот жүй­есінің жұмысын жақ­сар­тқан жоқ, тиім­ділі­гінін арт­ты­рған жоқ. Аза­мат­тық қоғам­ның сот құзы­ры­на деген жағым­сызды­ғы­нан басқа ештеңе бер­меді. Айта кететін жағ­дай – мұн­дай заң­сыз шек­те­улер ресми түр­де қау­лы қабыл­данған уақы­тқа дей­ін де құры­лып, қыз­мет етті. Бұй­рық автор­ла­ры­ның осы тәсіл арқы­лы тер­ро­ри­стік қауіп­пен күре­су қажет­тілі­гі­нен туын­даған дегені кем деген­де ойдан шығарылған.

Сіздің жол­да­уы­ңы­здың бірін­ші басым­ды­лы­ғы эко­но­ми­ка мен қоғам­ды жыл­дам тех­но­ло­ги­я­лық модер­ни­за­ци­я­лау. Ол өз ішін­де ком­му­ни­ка­ци­я­лар­ды дамы­ту, жаңа тех­но­ло­ги­я­ларға оңай қол жет­кі­зуді қарас­ты­ра­ды. Бар­лық мем­ле­кет­тік орган­дар бұл сұрақты ерекше бақы­ла­уда ұста­у­ла­ры керек. Ал адво­кат­тар бол­са, тіп­ті өткен ғасы­рға емес, ХІХ ғасы­рға ығы­сты­ры­лып тастал­ды, өйт­кені сот пен мем­ле­кет­тік орган­дарға барған кез­де олар­дың қол­да­рын­да бар­лық қол жетім­ді тех­но­ло­ги­я­лар­дың іші­нен тек қағаз бен қалам ғана қала­ды. Бұл ведом­ство­лық тый­ым­ның заңға қай­шы келетіні ешкім­ді толғандырмайды.

Сіз сот жүй­есіне деген сенім­ділік дең­гей­ін арт­ты­ру қажет деген мін­дет қой­ды­ңыз. Осы бір күр­делі мақ­сатқа адво­кат­тар­дың кепіл­дерін және құқы­қта­рын шек­теу жолы­мен емес (яғни, кем­шілік­тер­ді бар­лы­ғы­нан көп сына­у­шы адам­дар­ды), кез кел­ген заң­сыз іс-әре­кет пен сот актілері жоққа шыға­ры­ла­тын жүй­ені қалып­та­сты­ру, шешім­дер мен үкім­дер шыға­рар кез­де заң­ның бұл­жыт­пай орын­да­луы арқы­лы жету­ге бола­ты­ны­на сенімдіміз.

Біз сот жүй­есін аза­мат­тарға қаты­сты адам­гер­шілік­ке және адал­ды­ққа шақы­рып кел­дік және әлі күн­ге шей­ін шақы­ру­да­мыз, яғни өз кезе­гін­де адво­кат­тарға да қаты­сты салы­нған заң­сыз шек­те­улер алы­нып таста­луы тиіс.

 

Адво­ка­ту­ра дең­гейі про­ку­ра­ту­ра дең­гей­і­нен төмен емес, кем деген­де бір дең­гей­де болуы тиіс, сол себеп­ті біз осы баста­ма­мен кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма­лар аясын­да, кей­бір елдер­де бекітіл­ген­дей, адво­ка­ту­ра­ны Кон­сти­ту­ци­яда бекіту сұра­ны­мы­м­ен кел­дік. Бұл, Сіздің жол­да­уы­ңы­зда айты­лған­дай, бар­лы­ғы­ның заң алдын­дағы шынайы теңді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге мүм­кін­дік беретін еді. Соны­мен қатар біз халы­қа­ра­лық қағи­да­лар­мен қабыл­данған, әділет­тілік пен адам құқы­қта­рын қам­та­ма­сыз ету жөнін­де­гі бірқа­тар кон­сти­ту­ци­я­лық ұсы­ны­стар­ды алға тарттық.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 40-бабы бой­ын­ша Пре­зи­дент халық пен мем­ле­кет­тік билік, Кон­сти­ту­ция табан­ды­лы­ғы­ның, адам мен аза­мат­тың құқы­ғы мен еркін­ді­гінің бел­гісі және гаран­ты болып табы­ла­ды. Рес­пуб­ли­ка Пре­зи­ден­ті мем­ле­кет­тік билік­тің бар­лық тар­мақта­ры­ның бірік­кен қыз­мет көр­се­туін және билік орган­да­ры­ның халық алдын­дағы жау­ап­кер­шілі­гін қам­та­ма­сыз етеді.

 

Көр­сетіл­ген кон­сти­ту­ци­я­лық ере­же­лер­ді іске асы­ру мақсатында

СІЗДЕН:

 

• Рес­пуб­ли­ка­лық адво­кат­тар кол­ле­ги­я­сы­ның Пре­зи­дент Әкім­шілі­гіне жол­данған Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­сы­на өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» Заңы­ның жоба­сы­на ұсы­ны­ста­рын қолдауды;

• мем­ле­кет­тік орган­дарға адво­кат­тар­дан түс­кен заң шыға­ру мен құқық қорғау тура­лы ұсы­ны­ста­рын мін­дет­ті түр­де қарас­ты­ру мен еске­руді тап­сы­ру­ды, адво­ка­ту­ра­мен аза­мат­тар құқы­қта­ры мен бостан­ды­ғы­на қаты­сты негіз­гі жоба­лар мен шешім­дер­ді талқылауды;

Жоғарғы сот, Бас про­ку­ра­ту­ра және Ішкі істер мини­стр­лі­гі алдын­да адво­кат­тар құқы­қта­рын шек­те­уді жою тап­сыр­ма­сын қою, соның ішін­де мына жолдармен:

• Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Жоғарғы соты­ның «Сот­тар­дың қыл­мысқа қаты­сты­лық пен қыл­мыстық құқық бұзу­шы­лы­ққа дем беру­шілік үшін жау­ап­ты­лық тура­лы заң­на­ма­ны қол­да­нуы­ның кей­бір мәсе­ле­лері тура­лы» Нор­ма­тив­тік қаулы­сы­ның 5 пунк­тін алып тастауды;

• адво­кат­тар сот және мем­ле­кет­тік орган­дар ғима­рат­та­ры­на кіру кезін­де­гі тек­се­ру ере­же­лерін және қорға­у­шы­лар­дың теле­фон­да­ры, ноут­бук­тері және басқа да тех­ни­ка­лық құрал­да­рын алып қою тура­лы бар­лық ере­же­лер­ді алып таста­уды СҰРАЙМЫЗ.

 

Рес­пуб­ли­ка­лық адво­кат­тар алқасының

пре­зи­ди­у­мы аты­нан – Әну­ар ТҮГЕЛ,

Рес­пуб­ли­ка­лық адво­кат­тар алқа­сы­ның төрағасы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн