Суббота , 12 июля 2025

ӨЗІН-ӨЗІ ӨРТЕУ – әділетсіздікке наразылық

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (308) от 29 октяб­ря 2015 г.

 

Тура­би­лер тұғыры

 

Марат Тоқаш­ба­ев:

«Нұр Отан» пар­ти­я­сы фили­а­лы­ның Тараз­дағы офисі жанын­да өзін-өзі өрте­ген 20 жасар жас өскін Ерлан Бек­ті­ба­ев­тың тағ­ды­ры жаны­мы­зды түр­шік­тір­ді. Адам өзіне-өзі қол көте­ру­ге әбден ашы­нған, тығы­ры­ққа тірел­ген, басқа ама­лы қал­маған жағ­дай­да бара­ды. Сон­ды­қтан ол бала­ны ұстап, қал­та­сы­на есірт­кі салып, қорқы­тқан, бопса­лаған поли­ция қыз­мет­керіне қаты­сты ҚР ҚК «өзін-өзі өлтіру­ге итер­ме­ле­гені үшін» бабы бой­ын­ша іс қозға­лып, жаза­ла­нуы керек.

Өзін-өзі жұрт көзін­ше өртеу – бұл қоға­мға, билік­ке, әділет­сіздік­ке нара­зы­лық. Бұл он екі­де бір гүлі ашыл­маған бозба­ла­ның соңғы жанай­қайы. Өзін ақтап шығуға мүм­кін­ді­гінің жоқты­ғы. Халы­қты бұлай ашын­ды­руға бол­май­ды. Тек­се­ру­шілер «бұл бала псих-ауру екен, нар­ко­ман екен» деген сияқты сыл­та­у­мен жауыр­ды жаба тоқи сал­ма­сын. Құқық қорғау орган­да­ры­ның жеке құра­мы қыл­мыс­кер­лер­ді құры­қта­удың айла-амал­да­рын қара­пай­ым халы­ққа қол­дан­ба­уы керек. Жазы­қ­сыз аза­мат­тарға әлдебір қыл­мысты «іле салу» үдерісі түп­тің түбін­де жақ­сы­лы­ққа соқтыр­май­ды. Поли­цей­лер ара­сын­да тәр­бие жұмыста­ры жүр­гізіліп, аза­мат­тық, әділ­дік, иман­ды­лық ұғым­да­ры жүрек­теріне жет­кізілуі керек. Поли­ция қыз­мет­кер­лерінің имам­мен бол­ма­са да, зия­лы қауым өкіл­дері­мен, жазу­шы­лар­мен кез­де­су­лерін неге өткіз­бес­ке?! Ішкі істер орган­да­ры­ның халық алдын­дағы беделі адам­гер­шілі­гі­мен, әділ­ді­гі­мен ғана көтеріледі. Ведом­ство­лық «отит­ке» ұшы­ра­май, бала­ның жанай­қай­ын ҰҚК, Бас про­ку­ра­ту­ра, ІІМ естісін! Естіп қана қой­май, тиісті шара қолдансын!

 

Айгүл Орын­бек:

«Ақ жол» пар­ти­я­сы Мәсі­мо­втан әле­умет­тік желі жай­лы емес, елі­міз­де­гі жағ­дай­ды бақы­ла­уды неге сұра­май­ды? Дол­лар неге қым­бат, мұнай­дан бөлек сон­ша­ма бай­лы­ғы­мыз бар, солар­дың қар­жы­сы қай­да екенін неге сұра­май­ды, а? Әлде бәрінің қолы­нан келетіні – дүбәрә болып жүр­ген халы­қты анда-мұн­да теп­кілеу ме? Мықты бол­саң­дар, уран­ның ақша­сы қай­да? Қалған 99 эле­мент­тің ақша­сы қай­да? Арен­даға беріліп жатқан жер­лер­дің ақша­сы қай­да – соны сұраң­дар! Май­да-шүй­де дүниені халық өзі шешіп ала­ды. Сен­дер­дің мін­дет­терің, пар­ти­я­лы­қтар, – халы­қтың жағ­дай­ын ойлау.

 

Серік Әбі­кен:

Келім­бе­тов халы­қты тона­мақ. Деваль­ва­ция сай­ын «ұйы­қтап қала­тын» бас бан­кир­дің кесірі­нен халы­қтың ыңыр­шағы айна­ла бастаға­ны­мен шаруа­сы жоқ, енді зей­не­тақы қорын­дағы ел ақша­сын сыпы­рып алмақ. Әр салы­мға бір-бір қаза­қстан­дық ие екенін еле­мей­ді пақы­рың. Сұра­май­ды. Өзі ала­ды, өзі береді. Бұрын «мем­ле­кет деген – халық» деуші едік, енді «мем­ле­кет деген – Келім­бе­тов» боп өзгер­ді. «Мылқа­у­лар елін­де сақау да шешен» деген – осы.

 

Бақыт Жан­ша­е­ва:

«Жер сіл­кінісі тәу­е­кел­ділі­гін әлсіре­ту». Аста­на теле­ар­на­сы­ның жаңа­лы­қта­рын­да сюжет осы­лай ата­ла­ды. Осы сөз тір­кесі­нен не түсі­ну­ге бола­ды? Жер сіл­кінісі тәу­е­кел­ділі­гі деген не?.. Тәу­е­кел­дің жер сіл­кінісіне қан­дай қаты­сы бар? Жер тәу­е­кел­ге барып, сіл­кіне ме? Жер­дің тәу­е­келін кім, қалай әлсірет­пек? Міне, жаңалық?!

 

Аман­гел­ді Керімтаев:

Халық сай­ла­маған соң, әкiм­дер­ден де, сот­тар­дан да «парақор» деген атақ қал­май­ды. Оларға ықпал ететiн тетiк бол­маған соң, жоға­ры­дан тағай­ын­далған­дарға халық: «Текенiң көгi бол­сын, ағы бол­сын – бәрi сасық» деген баяғы көзқа­рас­пен жүре бередi.

 

Арман Сқа­бы­лұ­лы:

«Тәнің мен жаны­ң­нан жаман иіс мүңкіп тұр­са – бес уақыт дәрет алға­ны­ң­нан не пай­да?» Бір әсіредін­шіл іні­шек­тiң жаз­ба­сын оқы­ған соң, осын­дай ойға кел­дім. Алла таға­лам өзі кешір­сін, адам­ның мұн­дай «зом­би» болуы сұм­дық қой! Оның ойын­ша, әр адам­ның өз пікірі бол­мауы керек. Дол­лар көтеріл­се де, қым­бат­шы­лық жай­ла­са да, «ләб­бай тақ­сыр­ла­тып» оты­ра бер­гені­міз жөн. Әсіре­се әйел­дер­дің тіп­ті үнде­у­ге қақы­сы жоқ. Бір­деңе деу үшін оларға отыз екінің ашты­ғын көру керек екен. Сүй­ік­ті жұмысы­нан айы­ры­лға­ны, бала­сы­на тамақ тауып бере алмай оты­рға­ны, күй­е­уінің де жұмыс­сыздар қата­рын­да екені есеп­ке алын­бай­ды. «Бай­ға шық­паған­дар­дың» тіп­ті аузын ашпаған­да­ры дұрыс. Аузын ашқан­да­ры – өмір­ге өкпе­лілер көрі­неді. Осы «зом­би­лер» ертең билік басы­на келе қал­са (құдай­ым оның бетін ары қыл­сын), бүгін­гі­мен жылап көрі­сері­мiз анық. Бір-ақ рет берілетін мынау жалған­да менің де «зом­би» болғым келмейді!

 

Айтқо­жа Фазыл:

Кім­нен әлі ақша алға­мыз жоқ?

А, есі­ме түсті – Пале­сти­на мен Сириядан!!!

Аман бол­са, оларға да «оче­редь» жетер.

(Жапо­ния ресми көмек ретін­де Қаза­қстанға 1,2 мил­ли­ард дол­лар бер­ді деп мәлім­де­ген Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев пен жапон пре­мьері С.Абэмен өткен келіс­сөз­ден кей­ін­гі ойы – Ред).

 

Аңсаған Мұста­фа:

Біздің «идио­л­ок­тор­дың» баста­ры жасай ма, жал­пы? Теле­ди­дар­ды қос­саң, 100 канал тұр сам­сап: оның 80‑і Ресей­дікі – жатып алып, Пут­ин­ді мақтай­ды. Біздің 20 канал­дың 10‑ы да соларға қарап ұли­ды да оты­ра­ды: 10‑ы ғана Қаза­қстан пре­зи­ден­тін мақтай­ды. Сон­да біздің елдің аза­мат­та­ры­ның миы­на «Путин жақ­сы» деген мағлұ­мат құй­ы­ла береді, құй­ы­ла береді. Ал біз кеше Ресей­дің 28 пан­фи­лов­шы­ла­ры деген ерте­гісін түсіру­ге 80 мил­ли­он тең­ге жұм­с­ап­пыз… Қысқар­ты­ң­дар! Канал­дар­ды қысқар­ты­ң­дар! «Ват­ник­тар» шулай­ды деп қоры­қ­саң­дар, орны­на Қырғыз, Өзбек, Укра­ин елдерінің орыс­ша тарай­тын канал­да­рын сатып алып, қосып қоюға бола­ды білдірмей.

(Пікір­лер «Фейс­бук» желісі­нен ірік­теліп алынды)

 

 

 

АнекDAT

Қызым еке­уі­міз так­си тоқта­тып тұрмыз.

– Қона­ев пен Бөген­бай… – дей­мін егде­леу таксист

кісі­ге.

– Бөген­бай­ы­ңыз бұры­нғы Киров па?  Отырыңыз.

Сәл­ден соң қызым:

– Мама, сон­да Бөген­бай ата­ның аты бұрын Киров болған ба?

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн